Серуенге дайындық
|
Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу. (мәдени-гигиеналық дағдылар)
|
Серуен
|
Адамның жүру және секіру қимылдарын бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Мақсат-міндеттер. Балалардың назарын адамның жүру, секіру қимылдарының ерекшеліктеріне аудару; жүруде адам аяқтарын кезек көтеріп, қадам басып жатқанын, секіруде екі аяқтармен бірге секіретінін байқату; қимылды жаттығулардан жағымды әсер алуға тәрбиелеу.
- Кел, балақай, қатарға,
Біз шығамыз сапарға.
Сап түзеп, алға жүріп,
Көңілді шапалақ соғып.
- Алақай! Алақай!
- Балалар, біз қазір қандай қимылдар жасадық?
Педагог сұрақ қойған сайын қимыл үлгісін көрсетіп жатады.
- Жарайсыңдар: бірінші рет біз жүрдік, екінші рет біз секірдік.
- Біз бір аяқпен секірдік пе?
- Біз екі аяқпен секірдік. Жарайсыңдар!
- Олай болса, жүріп те секірейікші.
Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды сұхбатхананы тазалауға шақыру. (еңбек дағдылары)
Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге, тазалыққа баулу; жағымды эмоцияларды дамыту.
"Біз көңілді баламыз" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)
Балаларды белгілі жаттығуларға еліктей білуге машықтандыру, жаттығулардан жағымды әсер алуға ынталандыру.
- Біз көңілді балалармыз,
Қатар-қатармен тұрамыз,
Көтереміз иықты,
Бақылаймыз жан-жақты.
Жүріп-жүріп асықпай,
Тез өсеміз, алақай!
"Өз орныңды тап" қимылды ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттер: балаларды сапға (түзу сызық, жіп бойына) сигнал бойынша тізілуге, сигнал бойынша жан-жаққа шашырап жүгіруге дағдыландыру; зейінді болуға, шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |