Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


"Жіпті шардың түсіне қарай ірікте" дидактикалық ойыны



бет4/14
Дата10.03.2023
өлшемі27,75 Kb.
#72905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
aAvrHqMMbMeAV1hji5RcmgeYYFrbXQxgcacrxvpI

"Жіпті шардың түсіне қарай ірікте" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттер: балалардың түстерді ажырата отырып, көру қабілетінің артуына және көз қарашығының демалу жаттығуларын жасатуға арналған ортаңғы топтағы түстерді бекітуге пайдаланылады.

"Құстар" сөздік ойыны.
Дидактикалық міндеті: балаларды сөзі мен әрекетін сәйкестендіре білуге жаттықтыру; балалардың тілін белсендіруді жалғастыру. Ойын ережесі: құс болып жүрген балалар өз әрекетін тақпақтың сөздерімен сәйкестендіруі керек. Құстар өз қалауымен басқа құстарды таңдай алады. Ойын әрекеті: құстардың қозғалысын келтіру: жаңа құстарды таңдау; құстарды бейнелейтін бас киімдерді қолдану.

Білім беру ұйымының кестесі
бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене шынықтыру
"Үш аяқты тұлпарым (велосипед)".
Мақсат-міндеттер. Балалардың сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілетін қалыптастыру; отырған күйінде екі аяқтың арасынан допты домалатып, орнынан тұрып, қуып жетуге үйрету; қойылған заттардың арасынан "жылан" жүріспен жүруге жаттықтыру.

Дене шынықтыру
"Велосипедтер зырылдайды".
Мақсат-міндеттер. Балалардың сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілеттерін жетілдіру; көлденең қойылған нысанаға затты лақтыруды үйрету; балаларды зерек болуға және бір-біріне қажетіне қарай көмек беруге үйрету.

Музыка
"Кір жуу машинасы".
Мақсат-міндеттер. Балаларды тұрмыста қолданылатын заттар туралы жаңа әнді тыңдап, оның сипатын ажырата білуге үйрету; әннің сөздік мағынасына ерекше мән беру қабілетін қалыптастыру; әнді дұрыс айтуға және ырғақтық қимылдарды үйлесімді жасауға дағдыландыру; музыкалық аспапта ойнау қабілетін шыңдау; әнді тыңдау кезінде зейіні мен есте сақтау қабілетін және музыкалық шығармашылығын дамыту.

Дене шынықтыру
"Велоипед теуіп көрдіңдер ме?"
Мақсат-міндеттер. Балаларда екі аяқтың арасынан допды домалатып, орнынан тұрып қуып жету жаттығуын және қойылған заттар арасынан "кірпі" секілді төрт тағандап жүру техникаларын бекіту; гимнастикалық шеңбердің арасынан өту іскерліктерін дамыту.

Қазақ тілі
"Тұрмыстық техника" . Қауіпсіздік сақтау.
Мақсат-міндеттер. Тұрмыстық техниканың түрлері туралы, тұрмыстық техниканың мақсаты туралы білімді бекіту, оларды мақсатына қарай ажыратуды үйрету: үтікпен киім үтіктейді, шаңсорғыш шаң жинайды, кір жуу машинасымен кір жуылады және тағы басқа. Электр құрылғылары және қауіпсіздік ережелерін бекіту. Артикуляциялық аппаратын, сөйлеуін, қазақ тіліндегі сөздерді есту арқылы қабылдау қабілетін және есту зейінін дамыту, монологтық сөйлеу негіздерін, ойлау қабілетін дамыту; жағымды көңіл күйін білдіре алуы. Тұрмыстық техниканы қолдану кезінде ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

2- таңғы ас

Балаларға тамақ ішер алдында қолды жуу, тамақтану кезінде дұрыс отыруларын қадағалау, ескерту жасау; орындыққа сүйенбей, шынтақты дұрыс қойып отыруларын қатаң қадағалау; тамақ ішер алдында балалардың бір-біріне астың дәмді болуын тілеп; тамақтан соң алғыс айту. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет