Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет3/24
Дата15.11.2023
өлшемі42,8 Kb.
#123723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Y5ZymIACR1Sdfi9fzYasVGUCxotNhs2n8tkAFWjo

Саусақ жаттығуы .
Бас бармақтай балақай, (бас бармақты ұстап)
Қайда болдың?
Мынау үлкен ініммен (сұқ саусағын ашады)
Орманда болдым бүгін мен.
Ал мына бір ініммен (ортаңғы саусағын ашады)
Ас пісірдім бүгін мен.
Одан кейінгі ініммен (аты жоқ саусағын ашады)
Ботқа жедім мен енді.
Ал мына ініммен (шынашағын ашады)
Айттым ән мен өлеңді. (танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті)

Үстел үсті ойыны.
"Мозаика".
Мақсат-міндеттері. Балаларға берілген суреттің бөлігін табуды және орнына орналастыруды үйрету. Тапқырлыққа, жылдам ойлануға тәрбиелеу.
"Қаладағы жыл мезгілдері" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттері. Балалардың ұғымындағы жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту; жыл мезгілдері туралы сипаттамалық әңгімелер құрастыру кезінде келісімді сөйлеуді дамыту; бақылау, көрнекі зейін, еске сақтау қабілетін дамыту; туған қаланың табиғатына қызығушылықты тәрбиелеу.
Барысы.
Лото түріндегі ойын, бала белгілі бір маусым бейнеленген суретті қолына алады және сол жыл мезгілін сипаттап береді. Суреттерді таңдау кезінде педагог маусым туралы әңгіме құрастыруды ұсынады және тапсырманы күрделендіре алады. (танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, қарым-қатынас іс-әрекеті)

"Заттарды пазл ішіне орналастыру" үстел үсті ойыны.
Мақсат-міндеттері. Балалардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін дамыту.
"Шымшықтың балапандары мен мысық" қимыл-қозғалыс ойыны.
Мақсат-міндеттері. Балаларды белгі бойынша алаңда жүгіруге дағдыландыру; шапшаңдық пен ептілікті дамыту, табандылыққа тәрбиелеу.
Балалар "торғайлардың" рөлін сомдайды, санамақ арқылы "мысықты" таңдайды.
"Торғайлар" алаңның бір шетінде, орындыққа шығып отырады. "Мысық" екінші жақта ұйықтаған болып отырады.
"Торғайлар" белгі бойынша алаңға жүгіріп шығып, қанаттарын жан-жаққа жайып жүгіреді. Мысық оянып кетеді, "мияу-мияу" деп керіліп-созылып алады, шымшықтың балапандарын қуа жөнеледі. Олар үйдің төбесіне немесе ұяларына, өз орындарына бару керек. Мысық шымшықтың балапандарын өз үйіне алып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет