Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


(қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті)



бет20/24
Дата15.11.2023
өлшемі42,8 Kb.
#123723
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Y5ZymIACR1Sdfi9fzYasVGUCxotNhs2n8tkAFWjo

(қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті)

Дамытушы ойын.
"Қайда болғанымызды айтпаймыз, көргенімізді көрсетіп қайтамыз".
Мақсат-міндеттері. Балалардың ойлау, елестету қабілеттерін, логикасын, тапқырлығын дамыту.
Шарты.
1-нұсқа.
Педагог жұмбақтарды қимыл арқылы көрсетеді, балалар көрсетілген затты, жан-жануарды, құбылысты көрсетеді.
2-нұсқа.
Белсенді балалар ортаға шығып, қимылдарды кезегімен көрсетеді.
3-нұсқа.
Шеңберде немесе тізбекте отырған (тұрған) әрбір бала кезек бойынша қимылдарды көрсетеді. Барлық балалар ойланып, жұмбақты шешуге тырысады.
(қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті)


Сюжетті-рөлдік ойын.
"Балабақша".
Мақсат-міндеттері. Балалардың балабақшаның қызметі жөніндегі, осы мекеме мамандарының негізгі қызметі жайындағы жалпы ұғымдарын тиянақтау, пысықтау; жеке тұлғасының қабілеттерін, нәтижелі қарым-қатынастарды құру қабілеттерін дамыту.
Құралдар.
Балабақшада жұмыс істейтін мамандардың құралдары: мейірбике, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, аспаз, аула тазалаушы.
Шарты.
Балалар балабақша қызметкерлерін өздері тағайындайды. Мамандардың рөлін ойнайтын балалар өздеріне қажетті құралдарды таңдап алады, белгілі бұрышқа жинайды.
Тәрбиеленушілер мен мамандардың рөліндегі балалар қайсы, қайда барып, не істейтінін өзара ақылдасып, жоспарлайды.
Педагог диалогтар мен қатынастардың нығаюына ықпал жасайды: қосымша сұрақтар қояды, қандай әрекеттерді жасап жатқаны немесе нені жасайтынын анықтап, балалардың алмасуын бағыттап жатады.
(қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті)

Дамытушы жаттығу.
"Қанша затты көрсең, сондай санды көрсет".
Мақсат-міндеттері. Балалардың әркелкі орналасқан заттарды көзбен қарап, санап алу қабілетін арттыру, жиын санын карточка арқылы көрсетуге ынталандыру; қабылдау, зейін қабілеттерін, ой шапшаңдығын дамыту.
Құралдар.
Түрлі заттардың топтамалары кез келген жиындарда салынған көрнекілік карточкалары; үлестірмелі сандар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет