Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


(қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті)



бет21/24
Дата15.11.2023
өлшемі42,8 Kb.
#123723
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
(қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті)


Театрландырылған қойылым.
"Шалқан" ертегісі.
Мақсат-міндеттері. Әйгілі ертегінің мазмұнын балалардың естеріне түсіру, еске сақтау, ой-қиял, эмоциялық, пантомимикалық, қатынастық қабілеттерін дамыту.
Құралдар.
"Шалқан" ертегісіне қатысатын кейіпкерлердің киімдері, маскалары, шалқанның нақпішіні.
Шарты.
Педагог балаларға "Шалқан" ертегісінің мазмұнын қайталатады.
Балалар өз қалаулары бойынша кейіпкерлерді таңдайды, өз костюмдерін киіп, орындарына барады.
Авторды балалардың арасынан ұсынуға болады.
Қойылым соңында педагог кейіпкерлерді сомдаған балаларды жеке қатарға шығарады, олардың қайсы, кімнің рөлін атқарғанын көрермендерге таныстырып жатады. Артист балалар көрермендерге иіліп құрмет көрсетеді, қошемет пен мақтауларға ие болады.
Қойылым соңында педагог балалардан шығарманың осылай аяқталғанына не себеп болғанын анықтайды, кейіпкерлердің әрекеттеріне талдау жасатады.
(қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті)

Балалармен жеке жұмыс

Күз мезгіліне тән ерекшеліктер туралы әңгімелесу. Бала тілін жаттықтыру. Әртүрлі өлеңдер мен тақпақтарды айтқызу.
Рамазан Тышқанбаев "Жаңбыр".
Бұлттар,
Тұрмай ауа бер,
Жаңбыр бол да,
Жауа бер.

Жазыққа бар,


Тауға бар.
Бақшаға бар,
Бауға бар.
Белес-белес белге бар,
Сусап жатқан шөлге бар.

Әр тамшыңды үлессін,


Шалғын қаулап
Гүл өссін!
(қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті)

Дидактикалық ойын.
«Не артық?»
Әр баланың алдына жемістер мен көгөністер араласқан суреттер беріледі. Артығын тауып, атауын дауыстап айтуды ұсынады. Жемістер мен көгөністерді ажыратады. Мысалы, алма, анар, лимон, орамжапырақ. Мұнда, орамжапырақ артық. Орамжапырақ көгөніс, қалғаны жемістер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет