Терминологиясы мен де қызығушылық танытты


Место Ахмета Байтурсынова в тюркологии



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата19.11.2023
өлшемі375,21 Kb.
#124886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Место Ахмета Байтурсынова в тюркологии
и «ахметоведение» в Турции
В начале XX в. Ахмет Байтурсынов олицетворял казахскую сущность в области образования, 
сконцентрировав в себе всю многогранную работу по преодолению трудностей в сфере 
просвещения и образовательной системы. Играл важную роль в реконструкции и адаптации 
системы образования к новым реалиям, писал книги, научные статьи и составил азбуку для тех, 
кто не умел читать и писать. Внес неоценимый вклад в составлении научных терминологий по 
грамматике казахского языка, став основоположником казахской лингвистической науки. 
А. Байтурсынов, во время участия в конгрессе тюркологов, состоявщегося в Баку в 1926 
году, выступил по проблемам казахской графики, орфографии и в особенности заинтересовал 
присутствующих новым арабографическим казахским алфавитом. Создание нового письма, 
путем изменения арабского алфавита в соответствии с фонетическими особенностями казахского 
языка, считается великой заслугой, которую он оказал казахскому языку и тюркологии в целом.
Алфавит Ахмета Байтурсынова начали использовать в 1912 году, а через год стал основным 
письмом в медресе и казахско-русских школах, а с 1929 казахский алфавит стал записываться 
латиницей. Забытый сегодня арабографический алфавит А. Байтурсынова, до сих пор исполь-
зуется казахами в Восточном Туркестане.
Исследования творчества Ахмета Байтурсынова в тюркологии были начаты в 1919 годах. 
Первые исследования проводились русскими учеными, но особо значимые исследования были 
представлены в Казахстане, и была создана отдельная научная дисциплина.
Важные научные исследования имеются и в Турции. В статье сделана попытка изложить 
основные направления исследования творчества А. Байтурсынова, которые проводятся 
турецкмими учеными.
Ключевые слова: 
Ахмет Байтурсынов, тюркология, ахметоведение, Алаш Орда.
Кіріспе
Бар ғұмырын өз халқына шын құштарлықпен 
қызмет ету жолына бағыштаған, бақыты мен 
қуанышын сол еңбектен тапқан табиғаты бөлек 
жандар болады. Ахмет Байтұрсынұлы сондай 
адамдар қатарындағы ғибраты мол тұлға. Ахмет 
Байтұрсынұлы қазақ мәдениеті мен ғылымына 
қалтқысыз қызмет еткен, таланты мен тағдыры, 
жан дауасын тек сол мақсаттан тапқан адам. 
Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым 
1872 жылы Торғайдың Ақкөл жағасындағы 
Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. 1884 
жылы ауыл мектебін, 1891 жылы Торғайдағы 
орыс-қырғыз училищесін, 1895 жылы Орын-
бордағы мұғалімдер мектебін бітіріп, өз бетінше 
көп білім жиған. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, 
Қостанай, Торғай уездерінің мектептері мен 
учи лищелерінде мұғалім болады. 1909 жылы 
пат ша өкіметінің шет ұлттарға қарсы әрекетіне 
көз қарасын білдіргені үшін Семей абақтысына 
жабылады. Мұнда ол 1910 жылдың басына 
дейін қамауда болады. 1910-1913 жылдары ағар-
тушы қатаң бақылауға алынады. 1913-1917 жыл-
дары әйгілі «Қазақ» газетінің редакторы қыз-
метін атқарады. Осы шақта ағартушы ұлттық 
Алаш қозғалысын жандандыруға атсалысады. 
Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезі 
мен Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жал-
пы қазақ съезінің ұйымдастыру және өткізу 
жұмысына белсене араласады. 1917 жылы 14 
жел тоқсанда Орынборда Алаш партиясының 
Торғай облыстық комитеті ашылып, қайраткер 
төраға орынбасары болып сайланады. 1920 
жылы басында «Ұшқын» газетінің, кейіннен 
аты «Еңбек туы» боп өзгерген осы басылымның 
алқа мүшесі болды. Осы жылы желтоқсанда 
Әлихан, Смағұл, Жүсіпбек, Хайретдиндермен 
бірге «Қазақстан» мемлекеттік баспасының са-
рап шылар алқасына енді (Тұрғараева 2015). 
1921-1922 жылдары Қазақ халыққа білім бе-
ру институтында ұстаздық етеді. 1922-1925 
жылдары ХАК Ғылым комиссиясын бас қа ра-
ды. 1926-1929 жылдары Ташкенттегі Қазақ пе-
дагогика институтында, Алматыдағы Қазақ мем-
лекеттік педагогика институтында қызмет атқа-
рады. Ағартушы қайраткер ғалым, жаңа отандық 
ғылымның көшбасшысы ретінде қалыптасты. 
Филологиялық ғылымдағы қызметі саяси-қо-
ғамдық қайраткерлігімен біртұтасып кеткен. 


Ахмет Байтұрсынұлының түркологиядағы орны және Түркияда «Ахметтану»
113
1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген 
«Қырық мысал», 1911 жылы жарияланған 
«Маса» жинақтары халықты оятуға себепші 
болды. Ғалымның «Оқу құрал» (1912), «Тіл 
құрал» (1914), «Әліпби» (1924), «Әдебиет 
танытқыш» (1926), «Баяншы» (1926) еңбектері 
қазақ ұлттық филология ғылымының негізін 
қалады. Ол 1926 жылы Бакуде өткен Түріктану 
съезіне қатысты. Саяси себеппен 1929 жылы 
тұтқындалып, жер аударылды. 1937 жылдың 8 
октябрінде екінші рет ұсталып, 1938 жылы нақақ 
атылды (Сыздықова 1990: 4-18). 
Шағын мақаламызда Ахмет Байтұрсын-
ұлы ның түркітанудағы орны мен ролі және 
Түркиядағы «Ахметтану» зерттеулері қолға 
алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет