Ахмет Байтұрсынұлының түркологиядағы орны және Түркияда «Ахметтану»
115
көлемді еңбегі 1926 жылы шыққан— «Әдебиет
танытқыш». Ғалым әдебиет тарихына, теориясы
мен сынына,
методологиясына тұңғыш рет тия-
нақты анықтама беріп,
қазақ әдебиеттану ғы-
лымының жүйесін жасады (Имаханбетова 2010:
194). Сондай-ақ Байтұрсынұлы қазақ тіліне
А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Ф. Вольтер,
С.Я. Надсон өлеңдерін аударды.
Саналы және қысқа өмірінде құнды еңбек тер
қалдырған Ахмет Байтұрсынұлының түрколо гия
ғылымындағы алатын орны аса зор.
Түркия Республикасында «Ахметтану»
ғылымы
Ахметтанудың ғылыми тұжырымдалуы –
1919-шы жылдан бастап келе жатыр. А.Н. Са -
мойловичтің 1919-шы жылы жазған «Бай-
тұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы» деген ғылыми
мақаласы кейін 1930-шы жылы Мәскеудің
«Литературная энциклопедия» атты жинағының
1-томына енген. 1924-ші жылы Е.Д. Поливанов
«Қазақ-қырғыздың жаңа (Байтұрсынов) орфо-
графиясы», 1928-ші жылы Н.Ф. Яковлев «Әліпби
құрылымының математикалық жүйесі» туралы
ғылыми мақалалар жазды (Имаханбетова 2010:
103-104). Бұл ғалымдар
Ахметтанудың негізін
салушылар болып табылады.
Ахмет Байтұрсынұлыны Түркия түркітану
ғылымы да жақсы біледі. Оның өмірі, қазақ
халқы мен қазақ тілі үшін сіңірген еңбегі Түр-
кияда әртүрлі нысан мен тақырыптағы диссер-
тацияларға, кітаптар мен мақалаларға арқау
болды. Түркиядағы Байтұрсынұлы зерттеулерін
ғылыми могография
мен диссертациялық
еңбектер, мақалалар мен баяндамалар деп жіктеп
қарауға болады.
Төменде көрсетілген еңбектердің толық биб-
лиографиясы түрік тілінде, ал тақырыптары қазақ
тілінде беріліп отыр. Түркияда А.Байтұрсынұлы
туралы зерттеулерге қарайтын болсақ;
Достарыңызбен бөлісу: