Терминологиясы мен де қызығушылық танытты



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата19.11.2023
өлшемі375,21 Kb.
#124886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қорытынды
Түркітанушы, лингвист, ақын, педагог және 
аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының түр-
кологиядағы орны мен ролі ерекше маңызға 
ие. Байтұрсынұлы тіл мен білімге деген көз-
қарасының арқасында қазақ ағартушылығына 
жаңаша үдеріс әкелді. Байтұрсынұлы қазақ 
терминологиясының негізін қалаған, алғашқы 
қазақ оқулықтарын дайындаған, қазақ емлесін 
түзген тілші болып өз ғасырында тілтанушы-
ғалым ретінде өшпестей із қалдырды. 1920 
жылдан бастап, А. Байтұрсынұлы ғылыми-
педогогикалық жұмыспен айналысты, 
Тіл құралы
атты қазақ грамматикасын жазды. Үш кітаптан 
тұратын бұл еңбегінде қазақ тіл білімінің қа-
зіргі кезде қолданыста жүрген көптеген тер-
миндерін сол дәуірде қалыптастырып үлгерді. 


Ахмет Байтұрсынұлының түркологиядағы орны және Түркияда «Ахметтану»
119
Бастауыш, баяндауыш, шылау, зат есім, етістік 
терминдерді; ана тілі, жабық мәсіліс, ашық 
хат сияқты номинацияланған қолданыстарды 
дүниеге келтірді. Әдебиет, мәдениет, тарихқа 
байланысты жазғандары мен «Қазақ» газетін 
шығарудағы еңбегі қазақ халқының мәдени 
өмі ріндегі баға жетпес рухани байлық. Ах-
мет Байтұрсынұлы араб графикасына негіз-
делген қазақ алфавитін түзіп-түрлендірді. Ол 
түрлендірген алфавитті белгілі түрколог По-
ливанов ұлы жаңалықтардың қатарынан көрді. 
Яковлев, Менгес, Комри сияқты шетелдік 
ғалымдар «Байтұрсынұлы алфавитінің» жетілген 
алфавит екенін мойындады. 
Ахметтанудың ғылыми тұжырымдалуы – 
1919-шы жылдан бастап келе жатқаны белгілі, 
мұндай іргелі зерттеу Түркияда да жалғасын 
таппақ. Осы зерттеу нысанын 6 тақырыптық 
мазмұнда жіктей аламыз:
Өмірі мен шығармашылығы
31% 
Байтұрсынұлыдан аударма 
15% 
Өлеңдері 
12% 
Педагогикалық қызметі 
12% 
Лингвистикалық еңбектері
12% 
Алаш ордадағы қызметі (ролі) 9% 
Емле 
6%
Ауыз әдебиеті 
3%
Диаграммалық проценттік үлес бойынша 
көрінісі:
Осы диаграммада көрініп тұрғандай, 
Ахмет Байтұрсынұлы туралы Түркияда ең көп 
зерттелгені өмірі мен шығармашылығы болып 
табылады. Байтұрсынұлының шығармаларының 
ішінде түрік тіліне ең көп аударылғаны – өлеңдері. 
«Жаңа Мектеп» журналындағы педагогика және 
тіл біліміне қатысты мақалалары мен Абай 
Құнанбайұлы туралы бір мақаласы түрік тілінде 
ғылыми айналымға енген. Бірақ тіл біліміне 
қатысты «Тіл құрал», «Оку құралы», «Тіл 
жұмсар» сияқты аса құнды еңбектері осы күнге 
дейін аударылған жоқ. Болашақта Ахаңның 
бүкіл еңбектері түрік тіліне аударылып, Түркия 
Республикасында Ахметтану ғылымы одан әрі 
дами түседі деген үміттеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет