Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет7/22
Дата05.02.2017
өлшемі1,84 Mb.
#3429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
жеңсігі басылған біреуде бар болса, 
хабарын  білсем,  пұлын  телеб  алар  едім  (Сонда. 1913, №8, 
185-б.).
Кескі,  майыр,  жеңсік  сөздері  қазіргі  жазба  əдебиетте 
қолданылмай,  ұмыт  қалып  келе  жатқан  сөздер  деуге  бола-
ды. Кескі сөзі қазіргі қолданылып жүрген үкім дегенмен си-
нонимдес, бірақ екеуінің айырмашылығы да жоқ емес. Бұл 
екі  сөз  екі  дəуір  тіршілігіне  байланысты.  Кескі – көне  за-
ман төрелігіне байланысты болса, үкім жаңа заманның заң, 

97
құқық органдарының ісімен байланысты. Мағыналық жағы-
нан үкім сөзі айыптап та, арашалап та қабылданған шешім 
болса, кескі – айыптап қабылданған шешім. Бұл – қазақтың 
төл сөзінен жасалған шешім, қазақтың төл сөзінен жасалған 
етене лексема. Кес деген етістік түбірге зат есім тудыратын 
-ік  жұрнағы  жалғанып,  оның  үстіне  қатыстық  сын  тудыра-
тын  жұрнағы үстеліп барып жасалған. Кейде ол соңғы  
жұрнағынсыз да қолданыла береді. Мұндай сұмдыққа қазақ 
айтқан  жол  жоқ.  Кесігінде  айтпапты, – деді...  Жаңағыдан 
əрі  жазылған  жоқ. «Пəлен  етем»  деп  кесікті  байлауын  да 
айтпады (М. Əуезов. Абай жолы, 1-т., 25-26-бб.).
Көркемсөз шебері, тіл білімпазы, нəзік талғамды М.Əуе-
зов кескі (кесік) сөзін кəдеге жаратып, құбылтып қолданған. 
Бұл сөзді тек атау күйінде терминдік мəнде ғана емес, одан 
сын есім де туғызып, жаңа тіркес құрамында да жұмсаған.
Майыр сөзі о баста араб тілінен енгенімен де кейін əдеби 
тілден  орын  алған,  ұста,  шебер,  өнерлі  мағыналарында 
қолданылып  жүреді.  Бір  өкініштісі,  осылардың  бірде-бірі 
«Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігіне»  енбей  қалған.  Жеңсік 
сөзі  де  сирек  қолданылатын  сөздің  бірі.  Құмарлық,  сүйген 
іс  мағынасында  қазіргі  жазба  əдебиетте  де  кездесіп  қалып 
отырады. Бір қызығы, бұл сөз жазба əдебиет, баспасөз тілін-
де  қолданылуының  арқасында  жаңа  тіркестер  құрамында 
қолданылып, тіркесімділігі арта түсті. Сол сияқты көне тіл 
элементтерін қайта жаңғырту тенденциясы да байқалады.
Қазіргі жазба əдеби тілде кездеспейтін немесе басқа фор-
мада  жұмсалатын  сөздердің  «Айқап»  тілінде  қолданылуы 
да  жиі  ұшырасып  отырады.  Оның  белгілі  бір  негізі  де  жоқ 
емес.  Жалпы  «Айқап»  журналы  тіл  туралы  жарияланған 
кейбір  мақалаларында  болсын,  практикалық  ісінде  болсын 
түркі  тілдерінің  бір-біріне  сөздік  құрамы,  грамматикалық 
құрылысы  жағынан  да  алшақтап  кетпей,  қайта  жақындата 
түсу  бағытында  болады.  Бұл  бағыт  журналдың  орфограм-
масынан да анық байқалады. Көптеген қосымшаның қажет 
деген жерде қатаң, кейде ұяң нұсқалары жазылмай, тек со-

98
нор (ұяң) дыбыстан басталатын түрлерінің қолданылуы осы-
ны көрсетеді: қарттар емес – қартлар я қартдар, халыққа 
емес – халығғе;  бастырушы  емес – басдырушы,  облыста 
емес – облусда,  білікті  емес – біліклі  т.б.  Басқаша  сөзбен 
айтқанда, «Айқап»  журналы  сөздің  жазылуында  ортаға-
сырлық  түркі  əдеби  тілі  дəстүрлерін  сақтауға  тырысқан. 
Бұл  жеке  лексемалардың  қолдануынан  да  байқалады.  Бір-
неше  мысалдар:  Мен  бұл  сөздерді  дуспандықменен  жа-
зыб  отырғаным  жоқ,  замандастарымның  анасыздығына 
көңілім ренжігеннен жазыб отырмын («Айқап», 1914, №22, 
205-б.).  Һəркешінде  татар  қарындастарымыздың  көздері 
ашылуб,  файда-зарардың  арасын  айырарлық  адамдардың 
жетісуб дін, дүния оқуының керегін түсінген кісілері көбейі 
бастады (Сонда. 1913, №9, 194-б.). Сондай закон біздің Рус-
сияда да тузулуб жатыр (Сонда. 1912, №2, 198-б.). Біздің 
қазақ Руссияға табиғ болғаннан бері, бұрыннан да Оралдың 
тауынан  күншығысқа  қарай  Қытай  границиясына  шейін 
жайылған, мал асырауымен күн көріб, көшіб жүрген халық 
еді (Сонда. 1912, №2, 42-б.).
Аң сөзі осы түбір жалғасында көне жазба нұсқаларының 
көбінда-ақ  ой-өріс,  білім,  ақыл  мағыналарында  жұмсалған. 
Мысалы:  Махмұд  Қашқари  сөздігінде  ол  сөз  түсіну,  білу, 
ортаазиялық тəфсір, Сейф Сараи шығармасында, «Қосырау 
мен Шырын» тілінде, Абу-Хаянның грамматикасында, «Құ-
тадғу  білік»  дастанында  Əбілғазы  мен  Қыдырғали  Жала-
йыри еңбектерінде т.с. бірде ақыл-ой, бірде білім, ес, бірде 
еске  түсіру,  ойлану,  ақыл  қорыту,  пайымдау  мағынасында 
қолданылған.  Атау  тұлғасында  жəне  -сыз  (аңсыз)  қосым-
шасы  жалғанған  аң  сөзі  қазақ  баспасөзінде 1920 жылдарға 
дейін  қолданылып  келді.  «Һəм  миллиондаған  халықты 
əсіресе  шет  ұлттарды  қалайша  караңғылықпен  аңсыз 
надандық да өз файдаларын білмес дей меңіреу, керектерін 
сұрай  алмастай  мылқау  етіб  ұстау  қамында  болыб  со-
нымен  ғана  шұғылданады» («Мұғалім», 1919, №2, 25-б.). 
Кейінгі кезеңдерде сөздің мұндай түбір тұлғалары (ақыл, ой-
өріс, білім мағыналарында) қолданылудан біртіндеп шығып 

99
қалды.  Қазіргі  əдеби  тілімізде  бұл  сөздің  аңдау,  аңғару 
сияқты  тұлғалары  байқау,  пайымдау,  абайлау,  сезу,  түсіну 
мағынасында  қолданылады.  Қазіргі  қырғыз  тілінде  ғана  аң 
сөзі ақыл-ой, сана мағынасында түбір күйінде сақталған.
Қарындас  сөзінің  «Айқап»  қолданған  мағынасы  да  өз-
геше.  Көне  жазба  ескерткіштерде  бұл  сөз  қазіргі  қазақ 
тіліндегідей өзінен жас жағынан кіші əйел туыс қана емес, 
жалпы туыс – оған аға да, іні де, ана да, қарындас та, сіңлі 
де  кіреді. «Айқап»  бұл  сөзді  кеңірек  мағынада  қолданған. 
Бұлай  қолдану  жалғыз  «Айқап»  тілінде  ғана  емес,  бұл 
кезеңдерде  шыққан  басқа  да  жазба  əдебиет  тілінде  ұшы-
расады.
Табиг,  тапуғ  сөзінің  мағынасы  А.А.  Семеновтың  көрсе-
туінше,  тек  қызмет  ету  (служить,  услуга)  ғана  емес,  оның 
терминдік  те  мəні  болған.  Юсуб  Баласағунның  «Құтадғу 
білігінен» бастап, кейінгі дəуірлерге жататын жазбалардың 
көбінен  бұл  сөз  кездесіп  отырады.  Соның  қай-қайсысында 
да  бұл  сөз  қызмет  ету,  қызмет  көрсету  дегеннен  гөрі 
жалбарыншы  болу,  табыну,  бас  иіп,  тағзым  ету  сияқты 
мағыналарында қолданылады. Табиғ (тапуғ) сөзінің тұрақ-
танған белгілі терминдік мəні жайында А.А. Семенов мына-
дай мəлімет келтіреді.
«Парсы  тарихшылары  Мирхонд  мен  оның  немересі 
Хондемирдің  еңбектерінде  Тимурид  Султан  Хусейн  мыр-
за  Дешті  қыпшақтың  ханы  Абулхайыр  ханға  барғанда 
табиғ  (тапух)  жасағаны  көрсетіледі.  Улуғхан  алдында  бас 
киімін алып, қолымен құлағын ұстап, еңкейіп келіп тағзым 
етеді.  Бұл  сөз  осы  дəуірде  белгілі  бір  тұрмыстық  ұғымды 
білдіретін  дараланған  термин  болған.  Сондықтан  оның 
беретін  мағынасы  қызмет  ету,  қызмет  көрсету  емес,  толық 
бағынышты,  қарауында  болу,  бағынышты  қызмет,  қол 
астында болу сияқты»
40
.
40
 
Семенов А.А. Уйгурское «табук» (тапук) и его историко-бытовая параллель 
в языке узбеков XV в. // Белек С.Е. Малову. Сб. статей. Фрунзе, 1946. С. 55-56.

100
Бұл  сөздің  осы  мағынасына  қазақ  тіліндегі  онымен 
түбірлес  табыну  сөзі  жақын.  Бұнда  да  қызмет  ету  емес, 
соған берілу, сол жолда құлдық ету, құлшылық ету, жанын 
пида қылу дегенді меңзейді.
Б.  Майлиннің  «Шұғаның  белгісіндегі»  Шұғаның  мына 
бір  сөзі  де  осымен  мағыналық  жағынан  төркіндес  екенін 
көрсетеді.  «Басқан  ізіңді  тауаб  етеді  дегейсің,  Əбіштің 
етегінен  ұстағанмын».  Ал«Айқап»  тілінде  табиғ  сөзі  бұл 
мағыналарында  емес,  жаңа  мағынасында  жеке  адамның 
емес,  бүкіл  бір  елдің  екінші  мемлекет  қол  астында  бағы-
нышты ел мағынасында қолданылғанын көреміз.
«Айқап»  журналы  жаңа  сөз  жасаудың  морфологиялық 
жолына  үлкен  мəн  бергендігі  байқалады.  Бұрыннан  сөз 
жасау  практикасында  қолданылып  келген  төл  жəне  кірме 
жұрнақтардың  жаңа  сөз  тудырып,  сөзге  жалғану  өрісі 
кеңейе түскенін көреміз. Яғни «Айқап» журналы беттерінде 
жұрнақ арқылы жасалып, алғаш қолданылған жаңа сөздер-
дің көбі-ақ əдеби тілімізден берік орын алды. Ал кейбіреу-
лері сол кезең шеңберінен шықпай қалды. «Айқап» тілінде 
жаңа сөз тудыруда -шы, -ші жұрнағының қызметі арта түсті. 
Бұрын жазба тілде қолданылмаған -шы, -ші арқылы жасал-
ған  туынды  сөздерді  «Айқап»  бетінен  көптеп  кездестіруге 
болады.  Мысалы:  бұл  үш  тобшыны  тобшылап  қарағанда 
бастабғы  екі  тобшы  (фікірі)  бірыңғай  болса  да,  Əлжанов 
тобшысы  оған  қарағанда  басқарақ  көрінеді («Айқап», 
1911, №7, 4-б.). Оқушылар мұның турасында һешбір дыбыс 
шығармай,  жəй  тыңшы  болыб  не  дұрыс,  не  бұрыс  демей 
жүріб жатыр (Сонда, 5-б.). Бұл мысалдағы топшы, тыңшы 
сөздері  жазба  əдеби  тілге  орнығып  қала  алмады.  Топшы 
сөзі  пікір,  жоба  мағынасында  қолданылған,  қазақ  тілінде 
осы  сөзден  туған  топшылау  етістігі  жұмсалады,  бірақ 
қалыптасып қалған əрі терминдік мəні бар араб тілінен кел-
ген пікір (фікір) сөзінің орнын толық баса алмады. Тыңшы 
сөзінің осы мысалда берілгендей, тыңдаушы мағынасында 
тұрақтай алмауының басты себебі – оның екінші жағымсыз 

101
мағынада  (жасырын  бақылаушы,  аңдушы)  əдеби  тілде 
қолданылуы  деп  білеміз.  Ерте  кезден  бастап  күні  бүгінге 
дейін қолданылып жүрген тыңдаушы мағынасында тыңшы 
сөзі  арқылы  беру  тенденциясы, XX ғасырдың  басындағы 
жазба əдебиет тілінен байқалады. Мысалы, С. Торайғыров-
тың  «Кім  жазықты?»  романы  мына  жолдармен  ашылады: 
«Бір  сөзім  бар  шалдуар.  Болмаса  да  тыңшысы.  Бұл  күнде 
жоқ соң туар, Романмен сыншысы». Бұл жердегі тыңшы сөзі 
кейбір  зерттеушілердің  көрсетулеріндей,  сыншы  сөзіне  тек 
ұйқастыру үшін алынып отыр деп қарауға болмайды. Ұйқас 
қажеттігі  де  бар  шығар,  дегенмен  бұл  сөздің  қолданылуы-
мен  «Айқап»  бетіндегі  қара  сөзде  кездесетін  тыңшыны 
салыстыра қарау қажет.
«Айқап»  бетінде  -шы, -ші  жұрнағы  арқылы  байырғы 
сөздерден  жаңа  сөз  иə  жаңа  мағына  жасалып  отырады. 
Мыс.:  Бұл – төренің  арызшы  халықдан  жылдамырақ  құты-
луға  істеген  ісі  екенін  қайдан  білсун («Айқап», 1913, №8, 
175-б.).  Ел  арасындағы  егушілерге  ектірмеу  жарамайды 
(Сонда. №3, 60-б.) Ерлерден музыка ойнаушы көбейді (Сон-
да. 1915, №3, 40-б.).
Арызшы  сөзі  бұл  жерде  бұрыннан  қолданылып  кел-
ген  арыз,  арызқой  сөзінің  мағынасынан  мүлде  бөлек.  Ол 
тек  арыз  беруші,  арыз  иесі  дегенді  білдіреді.  Яғни  тіркес 
арқылы  жүрген  ұғымның  орнына  -шы  жұрнағы  жалғанған 
бір-ақ сөз қолданылған. Егуші сөзі де бұл кезең үшін жаңа 
сөз,  ол  медициналық  термин  мəнінде  жұмсалған.  Музы-
ка  ойнаушылар  тіркесі  орыс  тіліндегі  музыкант  сөзінің  ор-
нына  қолданылған.  Бірақ  бұл  тұлғада  жұмсалуының  өзі  де 
тұрақты  емес.  Бірақ  музыкаға  құмар  ойнаушы  болып  жал-
пы  мағынасы  сақталып,  бірде  музыкашы  болып,  орыс  тілі 
арқылы  енген  сөзге  -шы  жұрнағы  жалғанып  қолданылады. 
Музыкашылар һəр уақыт жиналыб, өздері мəжіліс жамиғад 
жасаб  сөйлесіб,  кем-кетігі  болса  толтырыб,  үйренісіб  тұ-
рушы  еді...  Музыкаға  құмар  ойнаушылар  да  көбейіп  өрши 
береді («Айқап», №3, 40-б.).

102
«Айқап»  журналының  тілінде  -шы, -ші  жұрнағы  байыр-
ғы  сөздерге  жалғанып  қана  қолданбайды.  Сонымен  бірге 
басқа  тілден  ауысқан  кірме  сөздерге,  əсіресе  сол  кезеңде 
орыс тілі арқылы келген сөздерге де жалғанып жұмсалады. 
Мысалы:  Эсперант-тошылардың  қазір  Русияда  да  жиы-
лыстары,  курслары  бар («Айқап», 1913, №9, 200-б.).  Рус-
ларда  газеташылардың  мынадайлары  бар  (Сонда. 1912, 
№9, 200-б.). Қант, нефт, керосин, темір, қаңылтыр сауда-
герлері  хатты  олар  ғана  екес,  монуфактурашылар  (аршын 
бұйымшылары) дың өзара бірігулері һəркімге белгілі (Сон-
да. 1912, №13, 289-б.).  Бұл  жол  себеблі  фабрикшілеріміз 
шетден  арзан  нəрсе  келер  деб  қорқынышы  болмаған  соң 
нашар нəрселерін қымбат баһаға сатады (Сонда. 1912, №13. 
289-б.).
Бұл  мысалдардан  -шы,-ші  жұрнағы  «Айқап»  беттерінде 
орыс  тіліндегі  кейбір  қосымшалардың  (-нт, -ист, -чик, 
-щик  т.б.)  баламасы  ретінде  жұмсала  бастағанын  көреміз. 
Кейде  осының  өзі  əрдайым  тұрақты  бола  бермейді.  Бірде 
ол  тұрпайы  қазақшаланып  (қараңыз:  аршын  бұйымшалар), 
бірде орыс тіліндегі күйінде беріледі. Бірақ түбінде Мəскеу 
фабрикантлары алар шығар, неге десеңіз олардың сөзі тың-
дамдырақ болса керек («Айқап», 1912, №10, 229-б.). Бұның 
өзі  «Айқап»  журналының  сөз  жұмсаудағы  алуан  түрлі 
ізденісін,  соның  ішінде  тиімді  жолын  қарастырғанын 
көрсетеді.  Əдеби  тілдің  дамуындағы  бұл  принцип  кейінгі 
жылдардағы  баспасөз  тілінде  де  дами  түсті.  -Шы, -ші 
қосымшасының  мұндай  қызметі  қазақтың  алғашқы 
баспасөз  тілінде  де  кездеседі.  Мысалы, «Дала  уəлаятының 
газеті»  беттеріндегі  редакциядан  деген  мағынада  газет 
шығаратындардан  дегенмен  бірге  газетшілерден  соң  қол-
данылып  отырады. «Айқап»  журналында  бұл  мағына 
басқармадан деген сөзімен беріледі.
«Айқап»  бетінде  -шы, -ші  жұрнағынан  басқа  да  қосым-
шалардың жаңа сөз жасауда жиі пайдаланылып отырғанын 
көреміз.  Олар,  негізінен  мыналар:  -шы  (ше),  бірнеше  мы-
салды келтірсек те жеткілікті. Жер жанарту үшун жазылған 

103
кітабу ағайрионға жақын өкей диқаншылық хақында шыға-
рылған  майда-майда  кітабшаларды  барлығын  біріктіріп, 
үлкен  һəм  тəртібді  қылыб  жазыб,  кем  жерлер  болса,  басқа 
жақдан  толықтыруб  басылса,  қазақ  үшун  көб  қолай  болар 
еді («Айқап», 1912, №10, 236-б.).  Сол  сияқты  еркіншілік, 
көшпелілік,  мəденилік,  бəдуилік,  солдатлық,  мұғалімдік  де-
гендерде  анық  көрінетіндей,  бұл  қосымшалар  алуан  түрлі 
мағыналық  реңкте  жұмсалған. -Ша  жұрнағы  кішірейткіш 
мағына  беріп  тұр,  оны  аңғарта  түсу  мақсатымен  «Айқап» 
ол  жұрнақ  жалғанған  сөздің  алдына  майда-майда  деген 
анықтауышты қолданған. -Шылық, -шілік қосымшасы əдет-
тегі  кəсіпті  мамандықты  білдірумен  қатар  (диқаншылық, 
көпшілік)  дерексіз  абстракті,  жинақтық  ұғымды  да  көрсе-
туге бейім дегені байқалады. Сол сияқты -лық, -лік қосым-
шасы қатыстық мағынамен қатар жинақтық, дерексіз ұғым-
ды қоса көрсетуге бейімделген.
«Айқап»  тілінде  кездесетін  өнімді  жұрнақтардың  бірі – 
есім  сөздерден  етістік  тудыратын  -ла, -ле, -да, -де, -та, 
-те  қосымшасы.  Ол  жұрт  оқиды,  өнерленеді,  тірі  болады 
(«Айқап», 1912, 113-б.).  Бұл  сауалға  кесуб  болады  (Сонда. 
1911, №10, 7-б.). Сатуға жұмсарлық жерлер Торғай, Ақмола 
облусларында  һəм  Тобыл  губернасында  бес  жүз  мың  де-
сетинелеб  есебтеледі  (Сонда. 1913, №4-5, 73-б.).  Жалпы, 
осы  жұрнақтар  арқылы  жаңа  сөз  жасау  процесі – өте  көне 
құбылыс.  Көне  жазба  мұраларымызда  қазіргі  əдеби  тілде 
қолданылмайтын туынды сөздер көптеп ұшырасады: атлат – 
атқа  отырғыз  (Тоньюкук),  елге  – (елде) – ел  құру,  одақ 
құру (Күлтегін), сүле – əскермен жорыққа аттанып соғысу, 
қаганла – хан болу (Күлтегін, Тоньюкук) т.б.
Өнер сөзінен туған етістік кейінгі кездегі баспасөз тіліне 
қабылданбай  қалды.  Сол  тəрізді  десятина  сөзінің  тілге 
енбей  қалуымен  байланысты  десятинелеп  етістігі  де  тұ-
рақты орын ала алмады. Жоспарлап етістігі «Айқап» тілінде 
болжау,  топшылау  мағынасында  қолданылса,  кейінгі  кез-

104
де  ол  сөз  істелетін  істі  алдын  ала  жүйелі  түрде  жобалау 
мағынасында қалыптасты.
«Айқап» тілінде сөз жасау процесіңде осындай байырғы 
қосымшалармен  бірге  араб,  иран  тілдерінен  ауысқан  фор-
маларды  қолдануда  жиі  кездесіп  отырады.  Мысалы,  Өлең 
айтушы  əнпаз  адамдарды  жұртқа  есерсоқ  деб  көрсетпей, 
есті деб қадірлі етуб көрсетуге тырысыңдар («Айқап», №13, 
294-б.).  Қуанушы  едік:  бізден  де  Писарев,  Белинский,  До-
бролюбовтар  шығуб,  жолдан  тайған  жазымпаздардың  қа-
ламын түзеб тұрады ғой деб (Сонда. 1914, №2, 24-б.). Осы 
аталған бес түрлі кеңес хақында жазылған қарарнаме уезд-
ный  начальникнің  қолына  табсырылды  (Сонда. 1912, №2, 
41-б.). Жақын жерде натариус тұрса, оған баруб наториаль-
ный өсиетнама жаздырған артық (Сонда. 1913, №6, 212-б.). 
Осы  күнге  сахара  низам – нəмесі  өзгерілуге  лайық  ба? 
(Сонда. 1913, №10, 222-223-бб.).  Қазақ  мектеблерінде 
шəкірт балаларға марқұмның ғұмыр нəмəсі оқылыб, халыққа 
қадірі  қымбаты  қандай  екендігі  түсіндірілді  (Сонда. 1915, 
№2, 17-б.).  Кираатхананың  жоқдығын  жазыбды  (Сонда. 
1914, №24, 140-б.).
Осы мысалдардың өзінен-ақ «Айқап» тілінде -паз, -нəме, 
-хана тұлғаларының сөз тудырғыштық қызметі біршама кең 
болғандығын  байқаймыз.  Əнпаз,  жағымпаз  сөздері  қазіргі 
əнші,  ақын,  жазушы,  көркемсөз  шебері  дегендердің  орны-
на  қолданылған.  Əрине,  кейінгі  жылдары  бұл  сөздер  осы 
мағынасында жазба əдеби тілде қалыптасып, тұрақты орын 
ала  алмады.  Жазымпаз  деген  сөз  қазіргі  жазба  тілде  жазу-
шы  емес,  көп  жазушы,  жылдам  деген  ұғымды  білдіреді. 
Бірақ  -паз  қосымшасы  қазіргі  баспасөз  тілінде  жаңа  сөз 
жасауға  мүлдем  қатыспайды  деуге  болмайды.  Газет-
журнал  беттерінде  осы  арқылы  туған  жаңа  терминдерде 
қолданылып  отырады.  Футболдан  «А»  класының  екінші 
тобындағы жеңімпаздардың ақтық ойындары əр тур сайын 
шиеленісе түсуде (СҚ. 1967, 29 қазан). Бұл жерде жеңімпаз 

105
сөзі  тек  победитель  мағынасында  емес,  сонымен  бірге 
оның  терминдік  мəнін  де  сақтап  тұр.  Қарарнəме,  өсиет-
нəме,  ғұмырнəме  сөздеріндегі  -нəме  тұлғасы  түп  төркінін-
дегідей  жазылған,  жазба  түрдегі  деген  мағынаны  «Айқап» 
тіліндегі қолданыстада сақтап тұр. Яғни бұл сөздер жазыл-
ған  қарар,  жазылған  өсиет,  жазылған  заңдар  (уложение), 
жазылған  өмірбаян  деген  мағынада  қолданылған.  Осы 
мəнде  бұл  қосымшаларды  қолдану  тəжірибесі  қазақтың 
алғашқы  мерзімді  баспасөз  тілінде  де  болған.  Жетісу 
облысының почта бастығы мəлім қылады. Мəлімнəме (ТУГ. 
1876, 27 наурыз).  Жария  бұйрықнəме,  яғни  циркуляр  дала 
уəлаятын  билеп  тұрушы  (ТУГ. 1888, 1 қаңтар).  Түркістан 
генерал-губернаторының бұйрықнəмесі (ТУГ. 1870, 30 қара-
ша).  Бірақ  бұлай  қолдану  əрқашан  жүйелі  түрде  сақтала 
бермейді.  Циркуляр,  яғни  жария  бұйрыққа  (ТУГ. 1888, 19 
ақпан).
«Айқап»  тіліндегі  –  ханə  арқылы  сөз  тудыру  процесі 
одан  əріректегі  жазба  тілде,  баспасөз  беттерінде  кездесіп 
отырады.  Мысалы, «Дала  уəлаятының  газетінде»  баспаха-
на  деген  сөз  редакция  мағынасында  қолданылған.  Баспа-
ханадағы  хат («Дала  уəлаятының  газеті», 1889, 21 шілде), 
Ақмола  облысы  газетінің  баспаханасына  (Сонда. 1890, 5 
қаңтар). «Дала уəлаятының газетінде» кейде редакция сөзіде 
кездеседі. Құрметлу «Дала уəлаятының редакция газетінің» 
мекемесіне  мағлұм  етіб,  көп  пайдасына  жазамын  (Сонда. 
1900, 20 ақпан).
«Айқапта»  қолданылған  қираатхана – оқу  үйі,  оқу  залы 
мағынасын  білдіреді.  Өйткені  қираат – араб  тілінде  оқу, 
XX  ғасырдың  бас  кезіңдегі  жазба  əдебиеттер  тілінде  бұл 
сөз  осы  мағынасында  қолданылады:  мектептерге  арналған 
оқу кітаптары мен хрестоматиялар қираат кітабы деп атал-
ды.  Ол  оқухане, «Айқаптың»  өзі  түсіндіруі  бойынша  түркі 
əдебиеттерін  оқудың  үйірмесі  (кружок  по  изучению  тюрк-
ско-татарской литературы). Жазба əдеби тілге «Айқап» қол-
данған науқасхана (больница) енбей, осы үлгімен жасалған 
аурухана сөзі қалыптасты.

106
«Айқап»  тілінде  жаңа  сөз  жасаудың  басқа  түрлерін  де 
байқай  аламыз.  Ол  сөзді  қосарлап,  біріктіріп  қолдану  не-
месе  бір  мағынаны  білдіру  үшін  атаулық  тіркестер  құрау. 
Қай миллəтді қарасақ даһəр біріске ынтымақ қылуб газет-
журналларын көбдігін көреміз («Айқап», 1913, №6, 127-б.). 
Енді бұрынғы замандағы һəм осы күнгі ақылды, ойлы кісілер 
дүния  жайынан  өздері  сынау-тəжірибе  етуменен  табқан 
халыкға файдалы болиан ойларын, фікірлерін һəм кім білб 
файдалансун  күнелту  жолын  түзесін  деб  кітаб  жазуб  май-
данға  шығарған  (Сонда. 1913, №8,171-б.).  Үшінші  тілегім 
журналға  қоя  туруб,  русша  білімі  бар  жігіттеріміз  хүкімет-
дің  жер  алу,  мектеб,  медресе,  оқу,  оқыту  секілді  уағайры 
тіршілігімізге керег дінизам-бұйрықдарын қазақша аударыб, 
«Айқапқа» жазуб тұрсалар екен («Айқап», 1913, №6, 125-б.). 
Заң – закон күннен-күнге жанарыб басқаланыб барады (Сон-
да. 1913, №10, 225-б.).  Болмаса  тағы  қандай  жол-жоспар 
бар,  тасламай  ортаға  салу  керек  (Сонда. 1911, №7, 5-б.). 
Дүнияда  тұруға  бірінші  тірек  болған  промышленность 
қысқасы  қай  жұртдың  баспасөзі  болса  да,  оның  шығару-
шысы  сол  жұртдың  ортасында  бірдей  барлығында  бір 
көзменен  қараб,  жақсылықты  бəріне  бірдей  іздемекші 
һəрелдің  заң  шаруасына  қарай  (Сонда. 1914, №1, 8-б.). 
Мал өсіретін адамдарды қызықтыру үшін жер министірі ол 
жерлерді  арендаға  бергенди  тұрақға  салмай  береді,  əрине, 
байлар  кедейлерге  қарағанда  алдарақ  жүрсе  керек  (Сон-
да. 1913, №4, 73-74-бб.). Бұл неше түрлі от кеме, от арба 
жақсыдан  іздегеннен  табылған  (Сонда. 1912, №11, 254-б.). 
Европаның зор қалаларының көшелерінде осы электрик ар-
балар  адамдарды  алып  жүреді.  Мұны  трамвай  деп  атайды 
(Сонда. 1912, №6, 135-б.).  Мысалы,  газет-журнал,  сынау-
тəжірибе,  мектеп-медресе,  низам-бұйрық,  заң-закон,  жол-
жоспар  сияқты  қос  сөздер  бұдан  бұрынғы  жазбаларда 
кездеспейді.  Мүмкін,  бұлардың  кейбіреуі  сөйлеу  тілде 
жүйесіз  қолданылған  да  шығар.  Бірақ  «Айқап»  оларды  са-
налы түрде өз беттерінде қолданды. Бұлардың біразы газет-

107
журнал,  кейінгі  баспасөз  тілінде  орнығып  қалса,  кейбіреуі 
жазба  əдеби  тілден  шығып  қалды.  Медресе,  низам,  закон 
сөздерінің əдеби тілден орын ала алмай, бір кездегі архаизм-
дер болып қалуына байланысты бұйрық, жоспар сөздерінің 
кейінгі  кездерде  мағынасы  өзгеріп,  сараланып  тұрақталуы 
нəтижесінде мектеп-медресе, низам-бұйрық, заң-закон, жол-
жоспар қос сөздері осы күйінде жазба тілге сіңісіп кетті дей 
қоюға  болмайды.  Дегенмен  «Айқаптың»  бұл  тенденциясы, 
яғни  көптеген  ұғымдарын  атаулық  тіркестер  арқылы  беру, 
терминдік  мағынадағы  тіркестер  жасау,  кейінгі  кездердегі 
мерзімді  баспасөз  тілінде  ілгері  қарай  дами  түсті.  Тіркес 
құрамындағы  кейбір  сөздердің  арасы  жақындасып,  бірігіп 
кетті.  Сөйтіп,  олардың  біразы  жаңа  сөз  жасаудың  тағы  бір 
түріне,  сөздерді  біріктіріп  қолдануға  мүмкіндік  туғызды. 
Мысалы, баспа сөзі, өнер кəсібі дегендер, міне, сондай эво-
люцияны басынан кешірді. «Айқап» тілінде бұлар біріккен 
сөз емес, изафест үлгісімен құралған атаулық (яғни бір ғана 
заттық  мағынаны  білдіретін)  тұрақты  тіркестер.  Кейінгі 
кездердегі  мерзімді  баспасөз  тілінде  бұл  тіркестер  баспа-
сөз, өнеркəсіп тұлғасына өзгеріп, біріккен сөз болып кетті. 
Протест  сөзінің  мағыналық  ерекшеліктерін  толық  қам-
ту  мақсатында  қатты  қағаз  деген  тіркес  алынған.  Бірақ 
бұл  тіркестің  терминдік  мəні  сол  болғандықтан,  тіркеске 
түскен  екі  сөздің  мағыналық  үйлесімділігі  мен  олардың 
беретін  мағыналары  толық  ескерілмегендіктен,  тіркес  бұл 
тұлғасымен  жазба  əдеби  тілге  сіңбей  қалды.  Қатты  қағаз 
деген  тіркес  өзінің  тура  мағынасында  (қағаздың  өз  сапа-
сы)  қолданылатындықтан,  протесті  толық  бейнелеп  бере 
алмады. 
Ал жер министрі үлгідегі тіркес кейінгі кезеңдерде кең 
өріс  алды.  Жаңа  атаулардың  келуімен  байланысты  осы 
үлгіде терминдік мағынада көптеген жаңа тіркес туды: қара 
металлургия министрлігі, оқу-ағарту министрлігі т.с. 
Отарба,  откеме,  электрарба  тіркестері  орыс  тіліндегі 
поезд, пароход, трамвай терминдерін беру үшін қолданыл-

108
ған.  Бұлардың  кейбіреуі  бұдан  бұрынғы  жазбаларда  да 
ұшырасады.  Бірақ  оларда  да  бірыңғай  емес,  əр  тұлғада 
кездеседі.  Орыс  газеттерінде: «Ташкентке  темір  арба  жү-
руге  қайсыбір  жол  жақсы  болар» (ТУГ. 1876, 17 маусым) 
деп жазылыпты. Орынбордан Түркістан жағынан жүретұғын 
отарбасын шақырыпты (ТУГ. 1818, 17 сəуір).
Ең алдымен қазақ тілінде поезд деген ұғымды беру үшін 
отарба сөзі қолданылады. Кейін осының үлгісімен откеме
ал «Айқап» бетінде электрик, арба сөздері туды. Бұлардың 
кейбіреулері 1920 жылдардағы мерзімді баспасөз тілінде де 
жиі қолданылып отырды, бірақ бұлар соңғы кездегі мерзімді 
баспасөз  тілінде,  сондай-ақ  жалпы  жазба  əдеби  тіліне  ен-
бей  қалды.  Кейін  орыс  тіліне  енген  сөздердің  өзін  алу  үл-
гісі  де  болды  (поезд,  пароход,  трамвай). «Айқап»  тілінде 
атаулық  тіркестер  орыс  тілінде  бір  ұғымды  заттың  атын 
білдіретін  жеке  сөздің  я  біріккен  сөздің  орнына  алынды. 
Бұндай  принцип  кейінгі  кезеңдердегі  мерзімді  баспасөзде 
кеңінен  пайдаланыла  бастады.  Соның  нəтижесінде  қазіргі 
жазба əдеби тіліміздің қажетін өтеп, көптеген жаңа атаулық 
терминологиялық тіркеспен біріккен сөздер пайда болды.
XX ғасырдың бас кезіндегі мерзімді баспасөз беттерінде 
ауызекі  сөйлеу  тілінің  (диалектизмдер)  элементтері  де  кез-
десіп  отырды.  Сөйлеу  тілі  элементтерінің  сипаты  күрделі 
болып  келеді.  Бірде  жазба  тілде  қолданыста  болатын  сөз 
қайталаулар  немесе  тек  ауызекі  сөйлескенде  кездесетін 
қыстырма  сөздер  болса,  бірде  сөйлем  құрамы  өзгеріп 
келеді. Бұл кездегі мерзімді баспасөз тек қазақ тілінің ішкі 
мүмкіндіктерін  сарқа  пайдаланумен  ғана  шектеліп  қойған 
жоқ,  сонымен  бірге  жаңа  ұғымды  бейнелеуде  бөтен  тілден 
сөз  алу  процесінде  мықтап  дамытты.  Бұдан  əрине,  сол 
кездегі  газет-журналдар  қабылдаған  шетел  сөздерінің  бəрі 
сол күйінде толық қабылданып, жазба əдеби тілге бүтіндей 
сіңісіп  кетті  деген  қорытынды  тумайды.  Əңгіме  жалпы 
бағыт,  баспасөздің  ұстаған  тенденциясы  жайында  болып 
отыр.  Жəне  бұл  процесс  ертеден  бері  болып  келе  жатқан 

109
тілдік құбылыс екенін де ұмытуға болмайды. Əдетте, қазақ 
тіліне  ауысқан  сөздерді  үш  топқа  бөледі.  Олар  моңғол 
тілдерінен  ауысқан  сөздер,  араб-иран  тілдерінен  ауысқан 
сөздер жəне орыс тілінен не орыс тілі арқылы келген сөздер. 
Қазақ  тіліндегі  бұл  үш  топқа  жататын  кірме  сөздердің 
əрқайсысына тəн өзіндік ерекшеліктері, сипаты бар. Моңғол 
тілдерінен  енген  деп  жүрген  тілдік  элементтер,  негізінен, 
тікелей қарым-қатынастың нəтижесінде сөйлеу тілі арқылы 
ауысқан  немесе  түркі,  моңғол  тілдеріне  ортақ,  немесе 
моңғол  тілінен  моңғол  тіліне  ауысқан  сөздер.  Олар XX ға-
сырға  дейін  тілімізге  біржола  сіңісіп,  төл  сөзіміз  болып 
кетті,  болмаса  жазба  тілімізге  енбей,  сөйлеу  тілден  ұшты-
күйлі  шығып  қалды.  Ал  XІX, XX ғасырларда  моңғол  тілі 
қазақ тіліне əсер ете қоймады. Сондықтан бұл кезеңде қазақ 
тіліне  моңғол  тілінен  енген  сөз  жоқ  деуге  болады.  Оның 
əртүрлі өзіндік себептері бар. 
Моңғол, қалмақ халықтары мен қазақ халқының əртүрлі 
қарым-қатынасы  бұрынғыдай  болмады.  Қазақстанның  Ре-
сейге  қосылуымен  байланысты  екі  арадағы  жаугершілік, 
шапқыншылық  тоқтады.  Моңғол,  қалмақ  тілдері  қазақ 
тіліне  қарағанда,  саяси-əлеуметтік,  ғылым  мен  мəдениет, 
экономикалық  ұғымдарды  білдіру  жағынан  ілгері  да-
мып,  ықпал  етерліктей  дəрежеде  емес  еді.  Сондықтан 
бұрынғы дəуірлерде еніп, қазақ тілінің байырғы сөзі болып 
кеткендерін  есептемегенде, XІX  жəне XX ғасырлардағы 
қазақтың  мерзімді  баспасөз  тілінде  моңғол  тілінен  енген 
сөздер  жоқ  деуге  болады.  Жалпы,  моңғол  тілінен  енген 
сөздерді  біздің  тілшілеріміз  жиірек  сөз  етіп,  осы  пікірді 
тұрақтандыра бастаған түрі бар. Ал біздіңше, бұл түбегейлі 
зерттеліп, əбден көз жеткізілген пиғыл емес. Əңгіме болып 
отырған сөздер моңғолдың да, қазақтың да əлі халық болып 
қалыптаспаған кезеңіне тəн. Олай болса, бұларды бір тілден 
екінші  тілге  ауысқан  элементтер  деп  дəлелдеудің  өзі  əбес. 
Сондықтан  бұларды  екі  тілге  де  ортақ  сөздер  деп  қараған 
жөн. Зерттеу жұмыстарын осы бағытта жүргізген дұрыс.

110
Ал  араб,  иран  тілдерінің  ықпалы  бұдан  мүлде  өзгеше. 
Бұл халықтармен қазақ халқының арасында тікелей қарым-
қатынас  болған  жоқ.  Əрине,  қазақ  халқының  құрамындағы 
кейбір  рулардың  ерте  замандарда  бұл  халықтармен  бай-
ланысы  болғанмен,  кейінгі  кезеңде,  тіпті  ортағасырлық 
дəуірде,  қазақтың  халық  болып  қалыптасқан  кезеңінен 
бері  қарай,  тікелей  қарым-қатынастың  болмағаны  айқын. 
Араб, иран тілдерінің қазақ тіліне тигізген əсері тікелей сөз 
алу емес, ол екі түрлі жағдайда көрініс беріп жатты: бірі – 
қазақ  халқы  жеке  жұрт  болып  бөлінбей  тұрған  кездегі 
тигізген  əсер-ықпалдың  қалдығы  немесе  орта  ғасырдағы 
түркі  əдеби  тілінің  əсерлері,  екіншісі – кейінгі  кезеңдерде 
көбіне  дін,  діни  оқумен  байланысты  көрші  отырған  түркі 
халықтарының  (мысалы,  өзбек,  татар  т.б.)  тілдері  арқылы 
енген  сөздер.  Араб,  иран  тілінің  көптеген  сөзі  қазақ  тіліне 
сіңісіп,  байырғы  сөздер  қатарына  қосылды.  Енді  бір 
сыдырғысы  тек  ескіше  оқығандардың  сөйлеуінде,  жаз-
ба  тілде  ғана  қолданылып  отырды.  Бұл  екі  жағдайда  да 
кірме  сөздер  бірде  өздерінің  о  бастағы  мағынасында  ғана 
жұмсалса, енді бірде жаңа мағына я мағыналық леп үстеліп 
отырды. Мысалы, кітап о баста тек діни кітаптар болса, кейін 
мазмұнына  байланысты  болмай,  жалпы  кітап  атаулының 
жинақтық  атауына  айналды.  Ол  бірден  қалыптасып  кеткен 
жоқ, бірте-бірте жиі қолданыс нəтижесінде сіңді.
XІX  ғасырдың  аяғы  мен XX ғасырдың  басындағы  жаз-
ба  материалдарға  назар  аударсақ,  діни  емес  немесе  орыс 
тілінде  жазылған  кітаптар,  кейде  оқулықтар,  біраз  уақыт 
кнеге  деп  аталып  келгенін  байқаймыз.  Сол  сияқты  дəулет 
сөзімен  қазақ  тілінде  мемлекет,  мемлекеттік  деген  түркі 
мағынасының бірі қалыптаспай қалып қояды. Міне, XX ға-
сырдың  бас  кезіндегі  мерзімді  баспасөз  тіліндегі  араб, 
иран  тілдерінен  енген  сөздер  дегенде,  дəл  осы  кезде  бұл 
халықтардың  тілінен  тікелей  ауысқан  лексемалар  айтыл-
майды. Сол сияқты тілімізге енген жалпы араб, парсы сөздері 
де  əңгіме  етілмейді.  Өйткені  олардың  көбі-ақ  бұл  кезеңде 

111
сіңісіп,  белгілі  функционалды  қызмет  атқарып,  жаттығын 
жойып кеткен.
Демек, XX ғасырдың  бас  кезіндегі  мерзімдік  баспасөз 
тіліндегі араб, иран тілдерінен енген сөздер дегенде, бұдан 
бұрын кейбір жазба деректерде қолданылмаған, əдеби тілге 
сіңбей  қалып  қойған,  бірақ  осы  кезеңдегі  газет-журнал-
дар ол сияқты тілдік элементтерді керегіне жаратып, əдеби 
тілге  енгізуге  тырысқанын  айтамыз.  Сондай  кірме  сөздер 
мен  тұлғалардың  көбі  осы  кезеңдегі  мерзімді  баспасөз  тілі 
шеңберінде  қалып  қойса,  кейбірі  əдеби  тілге  еніп,  кейінгі 
жылдардағы баспасөз тілінде де қолданыс тапты.
Араб-парсыдан  енген  кірме  сөздер  «Қазақ» (2.02.1913 –
ІХ.1918)  газетінде  де  əр  қырынан  қолданысқа  түскен.  Ай-
наласы  бес  жылдың  ішінде  бұл  газеттің 265 саны  жарық 
көрген  екен.  Қазақ  халқының  рухани  өмірінде  өзгеше  ірі 
құбылыс  есебінде  тарихта  қалған  бұл  газеттің  тілі,  қолда-
ныстағы  қызметі  тіпті  зор  болды.  Əсіресе,  қазақ  тілінің  өз 
мүмкіншілігін іске қосуда мұның рөлі айрықша болды. Со-
нымен бірге мұнда кірме сөздердің де қолданысқа енгізіліп 
отыратынын байқауға болады. Бұлардың өзін екі топқа бөліп 
қарастыру  керек:  а)  қазақ  тіліне  араб-парсы  тілінен  келген 
кірме сөздер; ə) орыс тілінен жəне орыс тілі арқылы енген 
шет  тілі  сөздері. «Қазақ»  газетінен  орын  алған  араб-парсы 
сөздерінің өзін екі топқа жіктеп қарау керек сияқты: 1. Қазақ 
тілінің  фонетикалық  жүйесін  бойына  сіңіріп,  өзімізде  еніп 
кіріккен  араб-парсы  сөздері.  Олар:  ереже,  əскер,  қызмет, 
əкім,  уəкіл,  патша,  құдай  т.т. 2. Фонетикалық  өзгеріске 
онша берілмей, дербестігін сақтап қалуға тырысқан мақтаб 
(мектеб), китаб (кітап), сыныф (сынып, класс) тəрізді қол-
даныстар. 
Келе-келе  бұларда  қазақ  тілінің  заңдылықтарына  бағы-
нып, өздік қазынамызға айналды. Біз бұдан термин сөздер-
дің қолданыстағы қалыптасу өрісін анықтаймыз. 
«Айқап»  бетінде  араб,  иран  тілдерінен  ауысқан  ондай 
кірме  сөздер  тақырыбы  жағынан  əр  алуан  болып  келеді. 

112
Саяси-əлеуметтік өмірге байланысты мизам, жамиғат, куə, 
мүдде,  мұрат,  мақсұт,  арыз,  қарар  сияқты  сөздер,  оқу-
ағарту,  медицина  саласында  күнделікті  өмірге  байланысты 
мəслихат, табиб, кираат, нисап, майдан, маһир, тəржіме 
тəрізді сөздер қолданылған. Жоғарыдағы мысалдардан анық 
көрінетініндей,  бұл  сияқты  сөздер  «Айқап»  бетінде  алғаш 
жұмсалып отырған жоқ, тек «Айқап» журналы оларды жаңа 
мағынада, мағыналық реңкте қолданған.
Əрине, «Айқап» бетінде ұшырасатын араб, иран тілдері-
нен  ауысқан  сөздердің  саны,  қолданылу  шеңбері  берілген 
мысалдармен  ғана  шектелмейді.  Біз  соның  ішінде  басты-
бастылары-ау дегендерін ғана алдық. Осы мысалдың өзінен 
кірме  сөздердің  қолданылу  қажеттілігі  мен  аясы  бірдей 
емес екендігін көре аламыз.
«Айқап»  тілінде  миллəт  пен  ұлт  сөздері  жанаса  қолда-
нылған....  Осындай  ұлт  ғамы  үшін  ашылған  оқуханаға 
ақша  күшіменен  һəмтіл  күшінен  жəрдем  беруін  халықпен 
жүз  салыб  өтінді («Айқап», 1914, №5, 1-б.).  Бұл  екі  сөздің 
жарыса  қолданылуы 1920 жылдардағы  мерзімді  баспасөз 
тілінде де кездесіп отырады. Бірақ кейінгі жылдарда жазба 
əдеби тілінде осының ұлт сыңары толық орнықты. Ондай па-
раллель сөздердің саны «Айқапта» да, «Қазақ» газетінде де 
жетерлік. Сауал – сұрау, тамам болмаса – бетпесе, кнеге– 
кітап, жұрт – ұлт т.т.
Рəсім  атауы  тілімізге  екі  түрлі  мағынасында  енген  бе 
деп  шамалаймыз:  сурет – сызылған  жоспар,  жоба  жəне 
ереже,  дəстүр,  салт. «Айқап»  журналы  бұл  сөзді  алғашқы 
мағынасында  қолданған.  Бірақ  қазақ  тілінде  соңғы  мағы-
насы  біршама  тұрақтаған,  сондықтан  мысалдағыдай  рəсім 
сөзінің «Айқап» қолданған сурет мағынасы кейін қолданыс 
таба  алмады.  Жанаблары,  мұхтарам,  мархаба  сөздерінің 
қолдануында кейбір ерекшелік те жоқ емес. Жанаба – ұлы, 
құдіретті,  ұлы  мəртебелі  тақсыр;  мұхтарам – қадірлі, 
құрметті;  мархаба – хош  келдіңіз,  жақсы  ниет  білдіру 
сияқты  мағыналарда  қолданылатын  араб  сөзі. «Айқапта» 

113
жанабалары  сөзі  бұл  кездегі  жəне  бұдан  бұрынғы  уақыт-
тағы  ресми  қағаздар,  хаттар,  құжаттар  тілінде  кездесіп, 
хазіретлері  сөзінің  баламасы  ретінде  қолданылған.  Бұлай 
қолдануда  бір  жағынан  араб,  иран  тілдерінің  ықпалы  бол-
са, екінші жағынан орыс тілінің де əсері жоқ емес. Өйткені 
бұл сөздер ұлы мəртебелі деген мағынада орыс тілінде жиі 
қолданылып келген его превосходительство сияқтылардың 
баламасы  ретіңде  жұмсалып  тұр.  Тазбер  сөзінің  негізгі 
мағыналары  басқарма,  кеңес,  бұйрық,  құрылыс,  жоспар, 
шара.  Бұл  сөз 1920 жылдардағы  мерзімді  баспасөз  тілінде 
де жұмсалған. Мағлым сөзі өкіл, махым сөздері сияқты осы 
тұлғасында да, мəлім тұлғасында да əрдайым тілден мықтап 
орын  алды.  Дəулет  сөзінің  қазақ  тілінде  дүние,  мүлік, 
байлық  мағынасы  бар  да, «Айқап»  қолданған  мемлекет, 
мемлекеттік, дəулет думасы мағынасы енбей қалды.
Қазіргі  көптеген  түркі  тілінде  соңғы  мағынасы  да  бар 
(«Айқаптың»  дəулет  сөзін  мемлекет  мағынасында  қол-
дануы басқа түркі тілдерінің əсері болуы керек). Бірақ бұл 
қолдану  «Айқап»  тілінде  жүйелі  емес,  өйткені  кейде  оның 
орнына орысша нұсқасы да жұмсалды.
Министерство юстиции (қазылық уəзірі) – Министрлер 
кеңесіне  Государственный  думаның  қарауына  кіргізу  үшін 
Ташкендски судебный округде һəм Ақмола, Сəмипалат об-
лусларында мировой судьелар һəм сол жерлердегі окружной 
содларда  товарищ  прокурорларын  көбейту  хахында  про-
ект  кіргізібді («Айқап», 1913, №2, 40-б.).  Бұл  сөйлемдерде 
тек орыс тілінен енген сөздер ғана емес (мысалы, Государ-
ственный), сонымен бірге сол сөздердің қазақ тілінде жана-
са  бермейтін  орыс  тіліндегі  түр-тұлғалары,  тіпті  тіркестік 
үлгілері  қолданылған:  -ной, -ный, -ств  тұлғалы  есімдер 
(Министерство  юстиции).  Тіркес  орыс  тіліндегі  күйінде 
алына  салынған,  болмаса  қазақта  анықтауыш  (юстиции) 
анықталатын  сөзінен  (министерство)  кейін  еш  уақытта 
тұрмайды.  Əрине,  бұлардың  ішінде  сөйлесу  тілінде  миро-
вой судья сияқты қалыптасып кеткендері де бар.

114
Жоғарыдағы  мысалда  хұқы – право,  ерік,  матбуғат – 
жария  органдары,  баспасөз  (негізгі  мағынасы  басылып 
шыққан)  ғали-тахсил – ұлы  жиын,  көп  білім,  рухани  азық, 
сахифе – кітаптың  беті,  парағы  мағыналарында  жұмсал-
ған.  Бұлардың  кейбіреулері  (мысалы,  хұқық)  кейінгі  жыл-
дардағы баспасөз тілдерінде де қолданылып отырады.
«Айқап» журналында бұл сөздің қолданылуындағы тағы 
бір  ерекшелік – олардың  стильдік  қызмет  атқаруымен  бай-
ланысты  деп  қараған  жөн.  Жоғарыда  ол  сөздердің  біз 
көрсеткен  баламалар  мен  мағыналары  «Айқап»  қолданған 
сөйлемдерде толық эквивалент бола бермейді, кейбір экви-
валент  болған  күннің  өзінде  де  «Айқап»  қолданған  кірме 
сөздердің  біразы,  белгілі  мағыналық  реңк,  стильдік  бояу 
беріп  тұрады. «Айқап»  беттерінде  (жоғарыдағы  мысалда 
мағлұм – мəлім емес, халал – адал емес) түпкі түр-тұлғасын 
сақтай қолданылған. Шөңке біреуден біреу тағлым алуб ба-
лаларын  оқыта  басдар («Айқап». 1912, №14, 306-307-бб.). 
Ғарзамызға  муфик  май  айында  жер  өлшеушілер  шығуб, 
жерімізді өлшеб планның алды (Сонда. 1912, №12, 274-б.). 
Қай  халық  түсініб  ғамал  етеді,  қай  халық  түсінбей  зарар 
етеді (Сонда. 1913, №11, 245-б.). Мысалдағы тағлым, ғарза, 
ғамал  сөздері  сөйлеу  тілінде  осы  мағыналарында  тəлім, 
арыз, амал тұлғаларында қолданылады.
«Айқап»  тілінде  жұмсалған  осындай  кірме  сөздер  қол-
данылу шеңбері жағынан да біркелкі емес. Кейбірі бұрынғы 
жазба  мұраларда,  тіпті  əдеби  тілде  қолданылып  келген 
болса,  енді  бір  сыдырғысы  алғаш  «Айқап»  бетінде  қолда-
нылған  деуге  болады.  Мағлым,  махрым  т.с.  жəне  хаслап, 
жанабылары,  мұхтарам  т.с.  Сол  сияқты  бұл  кірме  сөздер-
дің тек «Айқап» шеңберінен аса алмай, осы аяда ғана қалып 
қойғандары  бар  (жанаблары,  мұхтарам,  хаслаб,  дəулет, 
тахсил  т.б.),  кейінгі  жылдардағы  мерзімді  баспасөз  тілінде 
де  қолданыс  тапқандары  бар  (миллəт,  тазбер,  хұқы  т.б.), 
бірақ  бұлар  да  жазба  əдеби  тілге  сіңбей  қалды.  Енді  бір-
сыдырғы  сөздер  жазба  əдеби  тілден  түпкілікті  орын  теуіп, 

115
жаттығын  жойып,  байырғы  сөздеріміздің  қатарын  тол-
тырды.  Рəсім – ресми,  сауал,  мағұлым,  өкіл,  халал,  адал, 
мақұрым  сияқтылар  дəл  сондай  сөздер.  Бұлардың  арасын-
да  қолданыла  келе  кейін  өзінің  терминдік  өрісін  тауып, 
тұрақтанған рəсім сияқты сөздер де бар.
XX  ғасырдың  бас  кезіндегі  мерзімді  баспасөз  тілінде 
күнделікті қолданылып отырған кірме сөздердің ең үлкен бір 
тобы – орыс тілінен тікелей енген я орыс тілі арқылы кірген 
шет  тілдер  сөздері.  Орыс  пен  қазақ  (түркі)  халықтарының 
арасындағы байланыс, қарым-қатынас, сондай-ақ сөз ауысу 
процесі  сонау  ерте  замандардан  басталатыны  анық.  Ол 
мəселе  көптеген  жазба  деректер  негізінде  дəлелденіп  те 
отыр.  Ал XX ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақтың  публицис-
тика  тілінде  күнделікті  қолданылып  отырған  орыс  тілінен 
кірген сөздердің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ерекшелік, ең 
алдымен, сөз ауысу процесінің өзгешелігінде, орыс тілінен 
қазақ  тіліне  сөз  ауысу  процесі,  моңғол  тілдерінің,  сондай-
ақ  араб,  иран  тілдерінің  əсер-ықпалынан  мүлде  басқаша. 
Орыс  тілінің  көптеген  сөзі,  бір  жағынан,  тікелей  қарым-
қатынастардың  нəтижесінде  ауызекі  сөйлеу  тілі  арқылы 
үнемі еніп жатса, екінші жағынан, жазба тілі де көптеп қол-
данылып  отырды.  Өйткені  қазақ  жұртшылығына  сол  кезде 
еніп отырған саяси-əлеуметтік, мəдени, ғылым мен техника 
салаларындағы  жаңалықтардың  көбі-ақ  орыс  қауымының 
тікелей  тигізіп  отырған  əсерінің  нəтижесі  еді.Тіпті  кітап 
бастырып  шығару  ісі,  мерзімді  баспасөздің  жарыққа  шы-
ғып,  одан  əрі  дами  түсуі,  халық  ағарту  ісінің  жаңа  фор-
малары,  орыс  қауымының  ықпалынан  жəне  тəуелділіктен 
келіп туған жаңалықтар еді. Сонымен бірге бұл тілдік про-
цеске мықтап əсер еткен жағдайдың бірі – қазақ елінің Ре-
сей  қол  астында,  басқаша  айтсақ,  боданында  болуында. 
Көрші  отырған  екі  елдің  қайсысының  мəдениеті,  ғылымы, 
қоғамдық прогресі алда, көш ілгері жəне жоғары дəрежеде 
болса, сол халықтың тілі екіншісіне əсер етпей тұрмайтыны 
тарихтан мəлім.

116
Осындай  көптеген  сыртқы  жағдайлардың  нəтижесінде 
моңғол  жəне  араб,  иран  тілдерінің  ықпалы  уақыт  өткен 
сайын əлсіреп, білінбей бара жатса, яғни ол кезеңдік тілдік 
құбылыс  болып  қалса,  орыс  тілінің  əсері  күннен-күнге 
өрістеп,  дамып  отырған  тілдік  құбылыс  екенін  жасыра  ал-
маймыз.  Тілдегі  о  бастағы  стихиялы  түрдегі  бұл  процесті 
қазақ  халқынан  шыққан  оқыған  азаматтардың  көбі-ақ  ай-
қын  сезінгені  байқалады.  Соның  нəтижесінде  «Айқапта» 
жарияланған  мақала  авторлары  орыс  сөздерін  именбей, 
батыл  қолданып  отырған.  Ал  «Қазақ»  газетінде  мұны 
барынша саралап, қажетіне қарай пайдаланған.
«Айқапта»  қолданылған  орыс  тілінен  енген  я  орыс  тілі 
арқылы  келген  интернационалдық  лексиканың  мағыналық 
шеңбері,  тақырыбы  араб,  иран  тілдерінен  енген  сөздерден 
əлдеқайда  көп.  Ол  сөздердің  көбі  саяси-əлеуметтік  өмірге, 
мəдениетке, оқу-ағарту ісіне, экономика салаларына, ғылым 
мен  техникаға  т.б.  байланысты  атаулар  болып  келеді.  Оны 
мына  төмендегі  азғана  мысалдар  да  көрсете  алады: 1914 
жылы  қазақ  халқы  қала  салыб  крестьян  қалыбына  кірген 
соң,  бұрын  солдат  қызметін  атқарудан  бостан  жүрген  бұл 
халық салдат хызыметіне шақырылса керек еді, лəкин басха 
кімлер арасында бір проект түзелб тұр («Айқап», 1912, №7, 
164-б.).  Баршаңызға  мағлым  3  июнь  каноны  бойынша  жеті 
облыс қазақ жұрты дəулет думасына өкіл сайлау хұхындан 
мақұрымы  қалғаны  (Сонда. 1912, 260-б.).  Халқын  байыту, 
қазыналық  даходы  артдыру,  құралақша  көбейту,  халқын 
оқулы  қылу  жолыда...  һəшнəрседен  қорықбады  шарша-
мады  (Сонда. 1913, №9, 190-б.).  Ол  приговорды  хакімдер 
нығайту  бақшада  жинала  бастаған  еді  (Сонда, 1912, №10, 
193-б.).  Студенттеріміздің  қалыбы  мұнанда  нашар  (Сонда. 
1912, №11, 241-б.). Не үшін десеңіз, науқасының көбін «ми-
кроб» дейтұғын жанлар һəртүрлі құртлар файда қылатұғын 
осы күнде тəжірибеменен анық білінген нəрсе (Сонда. №8, 
177-б.).  Ішкі  іс  министрі  Н.А.  Маклаков  хузырына  титу-
лярный  советник  Тураевкіріб  Ақмола  обулысының  Пет-

117
ропавл  уезной  начальнигі  Оссовский  үстінен  парахор  алым 
алады  деб  ғарза  берді  (Сонда. 1913, №6, 135-б.).  Осы 
азғана  мысалдардың  өзінен  экономикалық,  шаруашылық 
жағдайларына  байланысты  крестьян,  базар,  тауар,  до-
ход,  мануфактура,  план,  землемер  сияқты  сөздер;  саяси-
əлеуметтік  өмірге  байланысты  салдат,  съезд,  проект,  при-
говор  т.б.;  əкімшілік,  ел  басқару  ісіне  байланысты  облыс, 
член, уездный, комиссие, министр, советник, начальник т.б., 
оқу-ағарту  құралдары,  ғылым  мен  техника,  мəдениет 
істеріне байланысты студент, школ, микраскоб, доктор, му-
зыка,  газет,  журнал,  электр  сияқты  алуан  түрлі  сөздердің 
«Айқап» беттерінде қолданыс тапқанын көре аламыз. Бұдан, 
əрине, осы сияқты сөздердің барлығы да алғаш рет «Айқап» 
тілінде қолданылған екен деген ұғым тумасқа керек. Съезд, 
ояз, оязный, облыс, базар, начальник, статья сияқты сөздер 
бұрынғы дəуірлерде де я жазба тілде, көркем əдебиет тілінде 
я сөйлеу тілінде қолданылып келді. «Айқап» журналы осын-
дай сөздерді өз беттерінше қолдана отырып, сонымен қатар 
олардың  қатарын  жаңа  сөздермен  толықтыра  түсті,  кейде 
қолданылып  жүрген  орыс  тілінің  сөздеріне  жаңа  мағына  я 
мағыналық  реңк  үстеп  отырды.  Мысалы,  съезд,  резолюция 
сөздері «Айқап» тілінде үлкен жиналыс, қаулы мағынасында 
ғана қолданылмаған, сонымен бірге оның ресми іс екенін де 
аңғартады.  Осы  берілген  сөйлемдегі  бұл  сөздер  білдіретін 
атаулардың  орындалу  формасы  да,  яғни  алдын  ала  келісім 
бойынша мерзімді уақытында белгілі күн тəртібі бар жина-
лыс жəне соның жүйелі түрдегі жазылып алынған қаулысы. 
Приговор  сөзі  өзінің  негізгі  мағынасы  үкім  дегеннен  гөрі 
келісімшарт,  жасалған  қаулы  мағынасын  білдіріп  тұр.  Сол 
сияқты  статья,  председатель,  комиссия,  доход  сөздерінің 
де сөйлеу тіліндегі қолданылысынан гөрі тұрақтылық, ресми 
мəні сезіледі. Председатель жиынды басқарушы, ол сөз кей-
де төрағасы сөзімен де беріліп жүрді. Доход жалпы түсім, 
пайда  емес,  мемлекеттің  тұрақты  қоры  мағынасында 
жұмсалып тұр. Сонымен бірге орыс тілінің əсері сөз алмасу 

118
процесімен  ғана  шектелмейді.  Бұрын  жəне  «Айқап»  тілін-
де,  одан  кейінгі  жазба  əдеби  тілімізде  жиі  қолданылынып 
келген  өкіл,  сайлау,  жоба,  қаулы,  қарар,  оқулық,  оқушы, 
үйірме,  қоғам  сияқты  сөздер  орыс  тілінің  тікелей  əсерінен 
туған  жаңа  терминдер,  я  жаңа  мағыналар.  Сонымен  қатар 
жеке  сөздер  тіркесімділігінің  арта  түсуі  де  бұл  процеспен 
байланысты.  Мысалы,  сайлау  сөзі XX ғасырдан  бұрын  да 
бар:  Болыс  сайлау,  оның  үстіне  председатель  сайлау,  член 
болып сайлану, проверенный сайлау, депутаттыққа сайлау 
сияқты  толып  жатқан  жаңа  сөз  тіркестерінің  арасында  бір 
жағынан  бұрынғы  бар  синтаксистік  үлгі  (модель  нығайып 
қалыптаса түссе), екінші жағынан жаңа үлгілер де туа баста-
ды. Сөйтіп, бұл сөздің мағынасы, мағыналық реңкі солардың 
нəтижесінде  кеңейе  түсті.  Бұл – грамматикаға  байланысты 
жеке қаралатын мəселелер.
Орыс  тілінен  енген  сөздердің  фонетика-грамматикалық 
тұлғасы біркелкі болып келе бермейді. Кейбір орыс сөздері 
қазақтың  сөйлеу  тіліндегі  түр-тұлғасында,  яғни  түпнұсқа 
қалпынан  біршама  фонетикалық  өзгешелікте  қолданылған. 
Салдат, тауар, камесие, ыстатие, доктор сияқты сөздердің 
түр-тұлғасынан  айырмашылығы  қазақыланғандығы  айқын 
көрініп тұр. Орыс тілінде екпін түспейтін о дыбысы айтылу-
ында а болып, не түсіп қалып (доктор), у, и, я дыбыстары в 
болып, жуан дыбыстылардың жанындағы к жуан нұсқасы қ 
дыбысына өзгеріп кеткен. Сол сияқты сөз басындағы -ст ды-
быс тіркесінің алдына естілуіндей ы қысаңы қосылған. Енді 
бірде  эсперантошылар,  монуфактуршылар,  фабрикшілер, 
завод,  крестьян,  проект,  студент,  председатель,  земле-
мер  т.б.  тəрізді  түбір  тұлғалары  сақталып,  қазақ  тілінің 
қосымшалары  жалғанып  та  отырады  (Мұндай  жағдайды 
«Қазақ» газеті материалдарынан да байқаймыз).
Қосымша  арқылы  сөз  тудыру  процесінде  осындай  мы-
салдар  көрсетілді.  Кейде  орыс  тіліндегі  түбір  тұлғасы  ғана 
емес,  туынды  түрі  қосымшалы  формасы  да  сол  күйінде 
алынғанын көреміз. Оған жоғарыдағы туземный школ, лес-

119
ничий доверенной, уездный, шаһар, временный, комесие, ти-
тулярный советник, уездный начальник сияқты сөздер мен 
сөз тіркестері дəлел бола алады.
«Айқап»  тілінде  -ский  сияқты  кірме  қосымша  тіпті  қа-
зақ  сөздеріне,  əсіресе,  фамилияны  (аты-жөнін)  білдіру 
үшін  қолданылған  сөздерге  де  жалғанады: Байбактинский, 
Найманский  т.б.  Бұл  тəрізді  сөздер  «Дала  уəлаяты»  мен 
«Түркістан  уəлаяты  газеттерінің»  тілінде  де  жиі  кездеседі. 
«Айқап»  тілінде  бір  қосымша  сөздер  қазақ  сөздерімен  де 
тіркесе береді. Сонда, бірде орыс тіліндегі синтаксистік үлгі 
сол  күйінде  бұлжытпай  алынса,  бірде  сыңары  аударылып 
беріледі.  Бұл  жолы  айтайын  дегенім  «заманың  түлкі  бол-
са,  сен  тазы  бол»  дегендей  заманымызда  болған  судебный 
істерден көргендерім еді («Айқап». 1913, №6, 118-б.). Глав-
ный управляющий земледелия һəм земле устройства Минис-
трлер  Советінде  Омскіде,  сельскохозяйственный  инсти-
тут хақында кеңес кіргізібді (Сонда. 1913, №8, 186-б.).
Кейде  қазақ  тіліне  сіңісіп  кіріп  кеткен  сөздер  (мысалы, 
ояз,  болыс)  түпнұсқасына  жақындатылып,  сөйлем  тілдегі 
түр-тұлғасы  өзгертіліп  те  қолданылған:  Ояз – уезд,  бо-
лыс – волыс,  волост,  волосной  т.б.  Бұл  бұл  ма,  тіпті  қазақ 
тілі  синтаксистік  құрылысына  жат  тіркестер  де  бар.  Мы-
салы,  былтырғы  жыл  бұлардың  ауылының  үстіне  произво-
дитель  работ  көб  уақыт  жатуб  жер  алуға  проект  жасаб, 
артынан  жиырма  алты  үйлердің  жерлерін  тегіс  алмақшы 
болуб,  ауыл  иесі  ақсақалдарға  қағазға  қол  қойғызыңдар 
деб  еді («Айқап». 1913, №8, 167- б.).  Мысалдағы  произво-
дитель работ жəне жоғарыда кездескендей министерства 
юстиции  тəрізді  конструкциялардың  құрылымы,  ондағы 
сөздердің  орын  тəртібі  (анықтауыш-анықталушы)  қазақ 
тілі үшін жат үлгі. Бірақ мұндайлар «Айқап» тілінде көп те 
емес.  Осыларды  жинақтай  келгенде,  мынадай  қорытынды 
шығаруға болады. Жаңа ұғым, жаңа атауды бейнелеуде орыс 
сөздерін «Айқап» батыл қолданып отырды. Сондай-ақ олар-
ды түбір қалпында ғана қолданбай, төл қосымшалар, үстеу 

120
арқылы  жаңа  мағына,  жаңа  сөз  жасаудың  бір  көзі  ретінде 
пайдалана  білді.  Бұрыннан  енген  сөйлеу  тілде  бар  кірме 
сөздерді сол ауызекі тілдегі тұлғасында жазуға бейімделсе, 
жаңа  кіріп  жатқан  орыс  сөздерін  жазуда  белгілі  бір  прин-
цип  ұстады  деп  айта  қою  қиын.  Оны  жоғарыда  көрсеткен 
сөздердің түр-тұлғалары байқата алады. Дегенмен, көптеген 
жағдайда  орыс  тіліндегі  түбір  тұлғасы  алынып  отырды. 
Кірме  сөздерді  бірыңғай  жазу  принципі  кейінгі  жылдарда 
да бірден бірізге, жүйеге түсе қойған жоқ. Сөйтсе де оларды 
жүйелеуде,  қалыптастырып,  тұрақтандыруда  «Айқаптың» 
қызметі зор болды. Орыс тілінен жəне осы тіл арқылы өзге 
тілдерден  енген  интертерминдер  туралы,  жоғарыда  əңгіме 
еткеніміздей, «Қазақ» газеті де өте қызық мəліметтер береді. 
Өзінің  əу  бастағы  қазақ  тілін  барынша  таза  ұстау  деген 
бағыт-бағдарына қарамастан «Қазақ» газетін шығарушылар 
(А. Байтұрсынұлы, т.б.) да русизмдер мен интернационалдық 
терминдерден  іргесін  аулақ  сала  алмаған.  Мəселен,  осы 
газеттің 1914 ж. 78-інші санындағы «Теміржол һəм Европа 
соғысы» деп аталған мақалада қолданылған 881 сөздің 50-і 
русизмдер  екен.  Сонда  «Қазақ»  газетінің  қолданысында 
қазақ  тілінің  дыбысталу  жүйесіне  қабылдап  енгендері,  қа-
былдамай  сол  өзіндік  қалпын  сақтап  келгендері  де  бар. 
Яғни  өзге  тілдік  элементтерді  қолдануда  əу  бастан-ақ 
екі  түрлі  ұстаным  болғандығы  байқалады.  Бұл  əрине  тіл 
қолданыстың  əуелгі  кезеңінде  кездесе  беретін  құбылыс. 
Тілдің  осы  бір  аралық  кезеңдегі  болмысын  дəл  аңғарған 
Ахаңдар  (Байтұрсынұлы)  кейде  интертерминдердің  қазақ-
ша-орысшасын  қатар  қолданып  та  отырған.  Мысалы, 
оқыған  дəрігерлер  арасында  не  ауру  екенін  айыра  алмай-
тын докторлар толып жатыр («Қазақ», 1913, №27). Сөйтіп 
оқырман  таңдауына  мүмкіндік  жасалып  отырады.  Жал-
пы, «Қазақ»  газетінің  тіліміздің  терминдену  сапасы  мен 
сөзжасам  процесіндегі  жаңалықтары  ұшан-теңіз.  Бұл  газет 
сол кездегі басқа басылымдардың қай-қайсысынан болса да 
сауаттылық  жағынан  əлдеқайда  жоғары  деңгейде.  Əсіресе 

121
қазақ  тілінің  негізгі  байлығын,  ішкі  өз  мүмкіншілігін  іске 
жаратуда  теңдесі  жоқ  үлгілер  туғызған.  Сонымен  бірге 
өзіндік  қорымыздың  көзін  ашуы  əлденеше  ғылыми  түйін 
жасауға мүмкіндік береді. Бұл арнайы зерттеуді керек ететін 
тақырып  болғандықтан,  біз  бұл  жолғы  əңгімемізді  осымен 
шектей тұрамыз.
Қорыта  айтқанда,  бұл  үшінші  тараудың  арқалаған  жүгі 
едəуір.  Олай  болатыны,  мұндағы  біздің  көздеген  мақсаты-
мызға  байланысты.  Барлай  келгенде,  термин  сөздердің  өзі-
нен-өзі  оп-оңай  жасала  салмайтыны  мəлім  болып  отыр. 
Оның  өмірде  орын  алған,  соған  негіз  болған  əлденеше 
көздері анықталды.
Терминдік  лексиканың  құрамын  толықтырған  ең  бай 
арнаның  бірі  ретінде  араб-парсы  сөздеріне  иек  артамыз. 
Қазақ тілінің сөздік құрамын байыта түскен бұларды біз ең 
көне  қабат  есебінде  қарастырамыз.  Қарап  отырсақ,  руха-
ни  өміріміздің  қай  саласында  қажетімізді  өтеп,  қатар  тұра 
қалатын арабизмдердің мүлде кіріккені соншама, қазір олар-
ды өзге тілдік элемент деп те ойланып жатпаймыз. Мəселен, 
адам,  қоғам,  ғылым,  білім,  ілім,  мектеп,  тəрбие,  тəлім, 
оқу,  өнер,  мəдениет  т.т.  санай  берсең  ұшы-қиырына  жету 
қиын  сөздерді  əу  баста  өзге  тілден  енген  деп  кім  ойлайды. 
Бұлар – қазақ тілінің заңдылығын түгелімен бойына сіңіріп, 
өзіміздің  төл  сөздер  қатарына  атам  заманнан  айналған 
байлығымыз.
Қазақ  терминологиясын  қалыптастыруда  айрықша  орны 
бар екінші бір көз – ол орыс жəне сол тіл арқылы келіп жет-
кен  интернационалдық  терминдер.  Соңғы 50-60 жылда 
бұлардың қатарының көбейгені соншама, қазіргі қолданыс-
тағы  сөз  байлығымыздың  кем  дегенде 70-80 процентін 
қамтиды  екен.  Бұл,  бір  қарағанда,  тіл  байытудың  өнімді 
жолы  боп  көрінгенмен,  екінші  жағынан,  ұлттың  тіл  тыны-
сын  тарылта  бастаған,  сондықтан  да  саналы  түрде  саралап 
қолдануды  қажет  ететін  лексикалық  қорға  айналып  бара-
ды.  Бұларды  зерттеу  нəтижесінде  келген  бір  түйін  мынау. 

Қазақ тілінде терминжасам мəселесіне мүлде жаңаша қарау 
қажеттігі  даусыз.  Əсіресе,  терминжасам  принциптерін 
мүлде қайта қарап, оны ана тіліміздің өз табиғатынан туын-
дайтын  қағида,  шарттармен  бекіте  түсуіміз  керек.  Соған 
сəйкес қазақ тілінің емле ережесін қайта сүзіп, орфография-
лық сөздікті жаңадан түзу қажет деп білеміз.
Термин  сөздердің  бір  көзі  ретінде  алғашқы  газет,  жур-
налдардың  да  берер  материалдары  жетерлік.  Бұл  ретте,  біз 
алдымен  «Дала  уəлаяты  газеті»  мен  «Түркістан  уəлаяты 
газетін»  ауызға  алдық.  Ал  қазақ  сөзінің  нағыз  терминдік 
қызметте  жұмсалуы  «Айқап»  журналы  мен  «Қазақ»  газеті-
нен  бастау  алатын  тəрізді.  Сонымен  бірге  бұл  тарауда 
моңғол тілдері мен түркі тілдеріне ортақ байлық туралы да 
сөз  болады.  Мұның  əрқайсысы  өз  алдына  бөлек  түбегейлі 
зерттеуді қажет ететін қазына деп ойлаймыз.

123

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет