№ 1-кесте
сөйлем жүйесі
сөз жүйесі
буын жүйесі
дыбыс жүйесі
үндестік жүйесі
жуан жіңішке
езулік еріндік
А. Байтұрсынұлы пайдаланған
бірегей терминдер
№ 2-кесте
Дыбыс жүйесі, сөз жүйесі, сөйлем жүйесі. Бастауыш
мектепте балаларға тіл таныту үш тарау болып бөлінеді:
1) дыбыс жүйесі мен түрлері. 2) сөз жүйесі мен түрлері;
3) сөйлем жүйесі мен түрлері.
Түбіршік тіл, жалғамалы тіл, қопармалы тіл. …Дүние-
дегі жұрттың тілі негізінде үшке бөлінеді: 1) түбіршік тіл;
2) жалғамалы тіл. 3) қопармалы тіл.
Сөйлем. Жоғарыдағы жазылған екі сөйлеуден көрінеді –
бір сөйлеудің ішінде бірнеше сөйлем болатындығы.
Буын. Бір сөздің ішінде бірнеше буын болады.
43
Жарты дауысты дыбыс. Дағдыландыру: төмендегі сөз-
дердің ішіндегі жарты дауысты дыбыстардың таңбаларын
айыру.
Сөйлеу. Дағдыландыру: төменде жазылған сөйлеулердің
əрқайсының ішінде неше сөйлемнен барын айыртып, бала-
ларды дағдыландыру.
Ымыралы дыбыс. Дағдыландыру: төмендегі сөздердің
ішіндегі ымыралы дыбыстардың таңбаларын айыру.
Косалқы сөз. Қосалқы сөз дегеніміз – өз алдына мағы-
насы кем, басқа сөздің маңайында тұрғанда ғана мағына
шығатын сөз.
Демеу. Сөз артынан жалғанатын демеулер алдындағы
сөзден сызықшасыз бөлек жазылады.
Түбіршік тіл. Түбіршік тіл түпкі қалпынан өзгерілмей
жұмсалады, мəселен: қытай, жапон тілдері.
Жалғамалы тіл. Жалғамалы тіл сөздің аяғына жалғау
қосылып өзгерілетін тіл, түрік-финн (пиын) тілдері.
Қопармалы тіл. Қопармалы тіл сөз түбірімен қопары-
лып, өзгерілетін тіл, мəселен: орыс тілі, араб тілі.
Сызықша.Төмендегі сөздерді буынға бөліңдер, буындар
арасына сызықша қойыңдар.
Қарып. Төмендегі сөздердің буындарында неше қарыптан
бар екенін айыру.
Дауысты. Төмендегі сөздерді буынға бөліп, буын ішіндегі
дауысты таңбалардың астын сызып көрсетіңдер.
Дауыссыз. Төмендегі сөздерді буынға бөліп, буын ішіндегі
дауыссыз таңбалардың астын сызып көрсетіңдер.
Жарты дауысты дыбыс. Төмендегі сөздердің ішіндегі
жарты дауысты дыбыстардың таңбаларын айырту.
Қатаң дыбыс. Төмендегі сөздердің ішіндегі қатаң
дыбыстардың таңбаларын айырту.
Ұяң. Төмендегі сөздердің ішіндегі ұяң дыбыстардың таң-
баларының астын сызып көрсетіңдер.
44
Ымыралы дыбыс. Төмендегі сөздердің ішіндегі ымыралы
дыбыстардың таңбаларын айырту.
Ымырасыз дыбыс. Төмендегі сөздердің ішіндегі ымыра-
сыз дыбыстардың таңбаларын айырту.
Қосымша. Қосымшалар дегеніміз – сөз емес, сөзге жал-
ғанатын буындар.
Демеу. Сөз артынан жалғанатын демеулер алдындағы
сөзден сызықшасыз бөлек жазылады, ондай демеулер түбір
сөз бен жалғаудың арасында айтылатын болғанда, түбір
сөзге сызықшамен жалғанып, жалғаумен бірге жазылады.
Үндестік заңы. Үндестік заңына келмейтін «гер», «дікі»,
«паз» сықылды жұрнақтар түбір сөзге қосылып жазылады.
Түбір сөз. Төмендегі түбір сөздерге «м» жұрнағын
жалғатып, туынды сөз еткізу.
Туынды сөз. Төмендегі сөздерге «ынды» жұрнағын жал-
ғатып, туынды сөз істету.
Зат есім. Осындай нəрсенің өзін атайтын сөздерді зат
есім дейміз.
Сын есім. Осындай нəрселердің сынын көрсететін сөздер
сын есім деп аталады.
Сан есім. Міне, осы сияқты неше? қанша? деген сұрауға
жауап болатын жəне нəрсенің санын көрсететін сөздерді
сан есім дейміз.
Есімдік. Төмендегі сөздердің ішіндегі есімдік сөздерді
ажырату.
Етістік. Төмендегі сөздерді көшіріп, етістік сөздердің
астын сызып көрсетіңдер.
Үстеу. Осындай сөз үстіне қосылып, сөздің мағынасын
толықтыратын сөздерді үстеу дейміз.
Демеу сөз. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп, ішіндегі де-
меу сөздердің астын сызып көрсетіңдер.
Біз бұл жерде ұлы ұстаздың термин жасам тəжірибесін
анықтай түсетін кейбір өзіндік үлгілерін ғана көрсеттік.
45
Осының өзінен-ақ тіл табиғатын терең түсініп, оны қажетіне
қарап саралап қолдана білетін жанның шеберлігін тануға
болады.
Əсіресе, байырғы сөздеріміздің бойындағы терминде-
нуге бейім қасиеттерін дəл танып, сарамандықпен жұмсай
білуде, теңдесі жоқ өнеге жасайды. Көп жылдар бойы таса-
да қалып, тұмшаланып келген бұл үлгіні енді терминжасам
принципінде еркін қолдануға болады. Қазіргі қазақ тілінің
терминдену, əдебилену сапасын қалыптастыруда бұл – тап-
тырмайтын үлгі деп білеміз.
Сонымен, біз бұл тарауда термин мəселесінің жалпы
тіл білімі мен түркология əлеміндегі зерттелу жайын бар-
лай отырып, термин сөздердің не екені, бұл жөнінде Еуро-
па тіл білімпаздары мен түркологтар едəуір еңбек еткені,
оған қойылар шарттар туралы сөз қозғадық. Ол – қоғам да-
муына орай жасалып, қалыптасатын жəне əдеби тіліміздің
күретамыры – ғылым тілінің дамуына септік жасайтын ар-
найы лексика. Атап айтсақ, термин баспасөздің, білімнің,
ғылымның, яғни жазудың пайда болуына байланысты
қанаттанады екен. Алайда ол өз-өзінен келіп сол баспасөздің,
ғылымның, білімнің құралына айнала қоймайды. Оның осы
салаларда еркін өмір сүруі үшін белгілі дəрежеде жасалу,
қалыптасу, даму сатыларынан өтуі керек.
Осы ретте қазақ тіл білімінің тарихында теңдесі жоқ үлгі
қалдырған ғажап лингвист, тамаша ақын, көсемсөздің көр-
некті өкілі, керемет мысалшы Ахмет Байтұрсынұлының
есімін ерекше ілтифатпен атаймыз. Қазақ сөзінің ғылыми
мəністік қауқарының күшеюі, байырғы лексикамыздың тер-
миндік сипатының кеңеюі алдымен А. Байтұрсынұлының
қызметіне байланысты. Ол жасаған тіл білімі терминоло-
гиялық лексикасымен əдебиеттану ғылымының терминдері
күні бүгінге дейін рухани мұқтаждығымызды өтеп отыр.
Бүгінгі үздіксіз өрістеп отырған терминологиялық процес-
те бұл əлі күнге теңдесі жоқ үлгі болып есептеледі. Əңгіме
осы үрдістің əлі жеткілікті дəрежеде тұтынылмай отыруын-
да. Бұдан былайғы жердегі мақсат осы А. Байтұрсынұлы-
ның үлгісін жаңа заман талабын ескере отырып, саналы
түрде тиімді пайдалану болса керек.
Сонда термин дегеніміз – ғылым мен техниканың сан са-
ласында пайда болып, қолданылатын арнайы лексика. Оған
қойылатын басты талап: дəлдік, қысқалық, жүйелілік, бір
мағыналылық. Олар құрылымы жағынан, негізінен, тілдік
жəне тілдік емес болып екіге бөлінеді. Тілдік терминдерге
түбір, туынды түбір, күрделі, қысқарған тіркесті терминдер
жатады. Ал тілдік емес деп отырғанымыз – неше алуан таңба,
белгі, графикалық символдар, математикалық, физикалық,
химиялық формулалар жəне цифрлар.
47
ІІ ТАРАУ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТЕРМИН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
а) Қазақ тілінде термин қалыптастыру – бүгінгі күн
талабы.
ə) Қазақ тілінде термин қалыптастырудағы Мемтер-
минкомның рөлі.
б) Терминологиялық сөздіктер жəне олардың термин
қалыптастырудағы орны.
в) Терминология жұмысының жандануы.
Ғылым мен техниканың сала-саласына орай өрбіген,
əрқилы мəні бар ұғымдарды пішіндеу əдеби тілдің ар-
найы саласы – терминологиялық лексикамыздың жасалып,
қалыптасуына жол ашты.
Жалпы, əдеби тіл дегеніміздің ауқымы кең, шеңбері
үлкен дүние ғой. Оны ғылыми əдебиетте тілдің дамыған
кезеңінің белгісі деп таниды. Ал дамыған кезеңге тəн
əдеби тілдің қасиетін танытатын басты арналарының
бірі – терминологиялық лексика екенінде дау жоқ. Яғни
терминдік жүйесі айқындалған жəне ғылыми ой-пікірлер-
мен техникалық тағылымды танытарлық сөз байлығы мол
тіл, ол болашағы мол, нағыз дамыған əдеби тілдер қатарына
жатса керек.
Осыған қарағанда, əдеби тіл қоғам өміріндегі өзгерістерге
орай өріс алып, дамып, соның мəдени санадағы айнасына
айналып отыратынға ұқсайды. Ал қоғам өміріндегі мұндай
өзгерістер əрдайым бірқалыпты бола алмайды. Белгілі бір
дəуірде эволюциялық дамудан революциялық сапаға ауы-
сып, ал кейбір кезеңде, керісінше, қалыпты күйге көшіп оты-
рады. Тілде пəлендей революциялық түбірлі өзгерістер бола
қоймағанмен, ол қоғамдық құбылыстардың бəрін қамтып,
соған лайық ұғым, түсініктерді сөз түрінде таңбалап береді.
Барлық өзгеріс, өрістер тілде көрініс бермей тұрмайды. Ал
48
тілде болып жататын əлгіндей құбылыстар, бір қарағанда,
еріктен тыс өз бетінше өрбіп жататын сияқты. Шындығында,
тілде ішкі табиғи жүйеден тыс ешнəрсе жасалмайды. Бəрі
тіл дамуының ғасырлар бойы қалыптасқан заңдылығына
орай болады. Осы процеске бір уақ зер сала қарасақ, тілдің
лексикалық қабаты алуан-алуан кезеңді бастан өткізген екен.
Əр кез өзінің талап-тілегіне орай байырғы сөздерін қайта
екшеп, қайсыбіріне қосымша мағыналық жүк артып, сөз
жасаудың түрлі амалдарын қарастырып, көрші елден де сөз
алып т.т. əрекет еткен. Сонда тілдің лексикалық қабатының
бір алуаны жанданып, екіншілері көмескіленіп, неше алу-
ан құбылып, сұрыпталып, уақыт тезінен өтіп отырғанын
байқаймыз.
Солардың ішінен терминологиялық лексиканы ерекше
атауға болады. Терминдік даралық сипат алған сөздер мен
сөз тіркестері, бейнелеп айтқанда, тарихи кезеңдер мөріндей
боп таңбаланған тілдік фактілер. Бұл да қоғам дамуының
заңдылығына сəйкес туған лексика. Тілдің бұл қабатының
дамуында өзіндік ерекшелік бар. Осыған жататын сөздік
құрамға енген қолданыста активтілік танытып жүрген тер-
мин сөздердің бəрі дерлік саналы əрекет нəтижесі деп
айтуға болады. Белгілі дауылды кезеңнің алғашқы сəтінен
бастап-ақ, барлық аймақта (əсіресе Қазақстан сияқты елде)
сауаттылық ұраны көтеріліп, оқу-өнер, ғылым-білімге та-
лап күшейді. Нəтижесінде қазақтың көптеген байырғы
сөздерінің мағынасы кеңейіп, жаңаша өріс алды. Тіпті, керек
десеңіз, өнімділік нышанын таныта бермейтін кейбір жалғау,
жұрнақтардың өзі жанданып, жаңаша қызметке көшіп, сөз
жасаудың актив түріне айналып кеткені бар (Бұл жөнінде
еңбектің кейінгі бөлімінде толығырақ əңгіме болады).
Байырғы лексикамыздың жаңа өмірге лайықты жаңаша
сипат алуына қоса, тіліміздің кірме сөздер қорының жа-
салғанын да байқаймыз. Яғни бұрын тіршілік ету дағдымыз-
да болмаған, ғылым мен техникаға байланысты ұғымдарды
білдіруде жалпыға ортақ халықаралық терминдер мен атау-
49
лық мəндегі орыс сөздерін пайдалану қазақ əдеби тілінің
арналы бұлақтарының бірі болып табылған. Ал тіл қоғамға,
қоғам мүшелерінің бəріне бірдей қызмет ететін болғандық-
тан, сол қоғам мүшелерінің өзі бұл процесті үнемі қадағалап,
тілді бөгде сөздерден қызғана қорғаштап, жаңаларын сұ-
рыптап, қолданыс мұқтаждығына орай икемдеп отыра-
тыны да бар. Сөз болып отырған лексикалық қабаттың
уақытында əдеби нормаға сай қалыптаса қоюы оңай болған
жоқ. Неше алуан талас-тартыс нысанына айналып, сан алуан
сарапқа түскені мəлім. Мұның бəрі – тіл дамуының белгілі
кезеңдеріне тəн заңды құбылыстар.
Сол бір тарихи кезеңдер шеңберінде тіл дамуына əсер
еткен мəселелерді саралап, ғылыми тұрғыдан талдап ал-
май тұрып, терминология жайлы жүйелі сөз қозғау қиын.
Сондықтан термин жасау мен оны қалыптастыру ісінде
айтарлықтай із қалдырған сəттерді, кейбір деректерді сөз ете
кетуге тура келеді.
Бұл ретте, қазақ терминологиясы түгілі, бүкіл ұлттық
мəдениетіміздің қаулап қанат жаюына ықпал жасаған
шаралардың 20–30-жылдарда тіпті белең алғанын айту ла-
зым. Неге десеңіз, сауат ашудың жарқын бір беттері осы
кезеңге орайлас келеді. Жер-жерде сауат ашу мектептері,
театр, газет, журналдар ашылып, баспаханалар жұмыс істей
бастады. Соның нəтижесінде бұрын қағазға түскен өз сөзін
сирек көретін қазақ қауымы енді жазу-сызуға өзі тікелей
араласып, белсенді іске көше бастады. Байырғы қазақ сөзі-
нің қоғамдағы қызметі кеңейіп, ол баспасөздің, радионың,
көркем əдебиет пен түрлі шаруашылық, саяси кітаптар тіліне
айналды. Оның осылайша қызмет аясы кеңеюмен бірге,
лексикалық байлығымыздың қолданыстағы пішіні өзгере
бастады. Қайсыбір сөздер арнайы қолданыстағы болмысына
орай нақтыланып, терминдік сапаға көшті. Сөйтіп, тіліміздің
əдебилену дəрежесі айқындала түсті. Бірақ мұның бəрі,
жоғарыда сөз болғанындай, адамдардың саналы əрекетінің
нəтижесі. Сонымен отандық ғылымның содан бергі өткен
50
жолын бір сəтке көзге елестетсек, терминологияға бай-
ланысты қыруар жұмыс істелген екен. Екі тілді қаншама
сөздіктер жарық көріп, қалың жұртшылықтың игілігіне ай-
налды. Қаншама сөздер терминдік мəнде қайта жаңғырып,
əдеби тіл қорына келіп қосылды.
Бұл тұста, ең алдымен, есте тұтатын жайт мынау: əдеби
тіл дегенімізді тек көркем əдебиетке теліп, соған ғана
қатысты деп қарау аз. Қоғам өмірінде атқарып отырған
қызметіне қарап, біз оны кең мағынада түсінуіміз керек.
Оның жалпы сипатын айқындайтын бірнеше белгілері
бар. Біздің түсінігімізше, əдеби тіл, ең алдымен, қоғамға,
қоғам мүшелеріне қызмет ететін қарым-қатынас құралы,
жалпы жұртшылыққа өмірдің алуан-алуан сырларынан,
оқиғаларынан, құбылыстарынан кең мағлұмат беретін ха-
бар тілі, халқымыздың ғасырдан-ғасырға ұласып, сақталып
келе жатқан сөз байлығының қоймасы, мəдени мұрамызды
жинақтаушы қазына, тыңдаушы мен оқушысын өлшеусіз
əсерлендіріп, нəр беретін сан-салалы қызметі бар, стильдік
тармақтары қанат жайған теңдесі жоқ əлеуметтік құрал.
Стиль дегенде, солардың ішінде бүгінгі дəуірде ерек-
ше бой түзеп, қатпарлана дамып келе жатқан саласының
бірі – ғылыми стиль, яғни ғылым тілін айрықша қарау ке-
рек. Ғылыми-техникалық прогреске орай туып, өміріміздің
алға бастар өзекті проблемасына айналған ғылымның бұл
саласында анықталғанынан гөрі анықталуға, зерттелгенінен
гөрі зерттелуге тиісті жайлары көбірек. Өйткені қазіргі
қазақ тілінің бай лексикалық қорының, шамалап айтқанда,
үштен екісін термин сөздер жүйесі құрайды екен. Бұл –
ана тіліміздің даму тарихында бүгінгі заман болмысына
лайықты, соның небір ірілі-уақты белгі-нышандарын біл-
діре аларлық сөз жасампаздық құбылыс жүріп жатыр деген
сөз. Ендеше, үздіксіз жүріп жатқан бұл процестің ғылым
үшін маңызын ашып, зерттеудің қажет екені даусыз. Ал əрбір
ұлт тіліне еніп, ғылыми стиль тармақтарының өрістеуіне,
қоғамдық-саяси лексикасының қалыптасуына тікелей жол
51
ашқан халықаралық лексиканың, интернационалдық сөз-
дердің есебіне жету, қазір тіпті де оңай шаруа емес.
Ұлт тілдерінде терминдер жүйесінің қалыптасуына
үкімет тарапынан едəуір қамқорлық жасалғаны мəлім. Əрбір
сөз, əрбір терминнің қызметі айқындалып, олардың өмірдегі
өрісі анықталды. Ғылым мен техниканың, оқу-ағарту ісі
мен шаруашылықтың, көркем əдебиет пен жалпы мəдениет
салаларының өрістеуіне лайықты қарапайым халық тілі мен
халықаралық лексиканың тығыны ағытылып, түйдек-түйдек,
лек-легімен қолданысқа түскен сөздер шеруі басталды. Бір
қарағанда, айтуға ғана жеңіл осы процеске көз жүгіртсек,
ұлттық мəдениетті өркендету тіпті де жеңіл болмағанын
байқаймыз. Шынында, көп іс жаңадан, əліппеден бастала-
ды. Сол қолға алынған сансыз шаруаның бəрінде терминді
аттап өтіп, терминсіз іс тындыру мүмкін емес еді. Сонау
20–30-жылдардың өзінде-ақ алфавит, орфография, термино-
логия мəселелерінің бірінші кезекте əңгіме етілуі тегіннен-
тегін емес.
20-жылдардан басталған ғылыми-техникалық термин
жасау ісі күні бүгінге дейін толастаған жоқ. Жылдар
өткен сайын жазуымыз сараланып, əдеби тіліміз əрленіп,
терминологиялық лексикамыз толыса, тұрақтана түсуде. Əр
кезеңнің өз мөрі, өз міндеті бар. Сол жылдарда Қазақстан
ғалымдарының, оның ішінде, терминологтердің айналысқан
мəселелері қандай еді? Бірінші, жаппай ана тіліміздің бай
сөздік қорын пайдаланып, термин жасау болса, екіншіден,
қоғамдық-саяси терминдер жүйесін қазақ тіліне аударумен
айналысты. Бір ұғымды танытатын бірнеше термин сөздер
қатарласа қолданылып, тіліміздің дəлдігі мен икемділігіне
сəл де болса кедергі келтірген кезі де болды. Тіпті орыс тілі
арқылы тілге еніп, сіңісіп жатқан халықаралық терминдердің
өзін қалайда қазақша аударуға əрекеттенген солақай
сақшылықтың да (пуризм) болғаны белгілі. Мұның үстіне
байырғы қазақ сөздерін терминдік мəнде қолдануда да неше
алуан қызық жайлар орын алып жатты. Мысалы, кіндік,
52
орталық немесе топ тəрізді толып жатқан сөздер осыған
дəлел.
Жалпы, ғылыми тұрғыдан түбегейлі зерттеліп, дəйекті
бағасы берілмеген бұл кезеңнің мəселесі өте күрделі. Та-
лай талас-тартыстың куəсі болған тіліміздің терминдену
сапасында қилы-қилы əрекеттер болды. Бағзы біреулер ана
тілін барынша таза ұстау бағытында (А. Байтұрсынұлы т.б.)
болса, енді біреулер, «тіліміз кедей, сондықтан оны шет тілі
сөздерімен байыта түсуіміз керек» деген пиғыл жетегінде
болды. Бұл екі бағыттың алғашқысы 30-жылдардың 2-жар-
тысына дейін бел алып келді де, содан былай қарай тілімізді
интернационалдандыру бағыты күшейе бастады.
20–30-жылдары мұндай жағдай тек Қазақстанда ғана
емес, сонымен бірге басқа ұлт республикаларында да, оның
ішінде түркі тілдес елдер тарихында да орын алған жай еді.
Сондықтан тіл мəселесіндегі бұл процеске саналы түрде
араласып, нақты жəне түбегейлі түрде күн тəртібіне қою
керек болды. Тіпті кейбір ғалымдар келтірген деректерге
қарағанда, қазақ тілі, оның ішінде ғылым тілі Қазақ АССР-ы
құрылған сол 1920 жылдан бастап-ақ қолға алынған. Бұл
іске алғашында Қазақ АССР Оқу халық комиссариаты
жанындағы Академиялық Орталық (АК центр) басшылық
жасайды. Академиялық Орталық өз ішінен ғылыми-əдеби
кеңес құрып, терминология жұмысын соған жүктейді. Қазақ
АССР Оқу халық комиссариатының 1921–23 жылдардағы
қызметі туралы есебінде мынадай жолдар бар:
«Қазақ ғылыми-əдеби кеңесі өткен жылдарда қазақ тілі-
нің дəл ғылыми терминологиясын (курсив автордікі – Ө.А.)
жасаумен айналысты, оны жергілікті қазақ баспасөз орын-
дарында жариялап отыру арқылы жалпы жұрттың міндетті
түрде қолдануын қадағалап тұрды»
23
.
Осы шағын құжаттың мəнін С.Бəйішев: «…біздің кеңес
жұртшылығымыздың қазақ даласында Кеңес өкіметі
23
Қазақ ССР-інің Орталық мемлекеттік мұрағаты. 81-қ., 1-т., 56-іс.
53
орнасымен-ақ қазақ əдеби-ғылым тілін жасау ісімен айна-
лысқанын айқын көрсетеді»
24
, – деп атап айтады.
Қазақ терминологиясының мəселесі ең алғаш рет 1924
жылы Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынборда өткен
ғылыми қызметкерлердің І съезінде кеңінен сөз болған
екен. Мұнда болған салихалы əңгімелер термин жасау
ісіндегі кейбір принципті мəселелерді күн тəртібіне қойып,
пікір түйіндеуге мүмкіндік берген сияқты. Сөйтіп, қазақ
қауымы алдағы конференцияларға біршама дайындалғанға
ұқсайды. 1926 жылы Баку қаласында болған түркологтердің
Бүкілодақтық І съезі тікелей осы мəселелерді қарады. Мұнда
арнайы жасалған бес баяндаманың бесеуінде де алфавит, ор-
фография жəне терминология мəселелері арнайы сөз болды.
1930 жылы Мəскеу қаласында халық ағарту ісін арнайы
қараған партияның бүкілодақтық мəжілісінде де КСРО
халықтары тілінде термин жасаудың ғылыми принциптері
қарастырылды.
Қазақ терминологиясына қатысты деректерді қарап
отырсақ, Қазақстанда терминология мəселесіне 1925–1935
жылдар аралығында Қазақ ССР Оқу халық комиссариа-
ты жанындағы Əдістемелік бюро жəне осы кезде құрылған
Терминология комиссиясы жетекшілік жасап келіпті.
1931 жылы басылып шыққан «Атаулар сөздігі» – сол жыл-
дар жемісі.
Осы тұста ғылыми-техникалық прогрестің түбегейлі да-
муына тікелей қатысы бар жəне қазақ терминологиясының
да дамуына əсері мол болған академик Е.А.Чаплыгин (1879–
1942) мен Д.С. Лоттенің еңбегін ерекше атауға міндеттіміз.
1933 жылы осы ғалымдар ұсынысы бойынша КСРО
Ғылым академиясында Ғылыми-техникалық терминология
комитеті (КНТТ) ұйымдасқан болатын. Бұл комитет тер-
минология мəселесімен шұғылданушы барлық мекеме-
24
Бəйішев С. Қазақ тілінің терминологиясын жасаудың негізгі принциптері
мен міндеттері // Терминология сөздігі. Алматы, 1949. 1-кітап.
54
ге жəрдем етуге тиіс еді. Сол міндетін күні кешеге дейін
атқарып келді. Бір қызығы – бұл шаралардың бірде-бірінен
Қазақстан ғалымдарының да қалыс қалмағандығы. Олардың
да қарап жатпағандығын дəлелдейтін жоғарыдағы деректерге
қоса мынаны айта кетуге болады. Дəл осы 1933 жылы Қазақ
Автономиялы Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің
508 санды қаулысымен Мемлекеттік терминология комис-
сиясы (Мемтерминком) құрылған. Оның тұңғыш төрағасы
Қ. Жұбанов, мүшелері Б.К. Асфандияров, Г.К. Бірімжа-
нов т.б. болған.
Алғашқы ұйымдасқан күннен бастап бұл комиссия қазақ
тілінің терминологиялық жүйесін жасау, қалыптастыру
жұмыстарымен айналысты. Сол мақсатпен 1935 жылы
мəдени сала қайраткерлерінің Бүкілқазақстандық І съезі
ашылар қарсаңында Мемлекеттік терминология комиссия-
сы Бюллетенінің төрт саны жарық көрді. Бюллетеньнің
бұл сандарында алдағы зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар
сілтейтін материалдар жарық көрді. Əсіресе қазақ тілі
терминдері мен орфографиясы жөніндегі жоба, сондай-
ақ Қ. Жұбановтың термин сөздің ерекшелігі жəне жасалу
принциптері жайында мақалалар жарияланды. Сол кез-
де қазақ тіліне келіп еніп жатқан терминдердің дұрыс ды-
бысталуы мен қалыптасуына Қ.Жұбанов ұсынған «ф», «х»
əріптерінің, əрине, пайдасы болды. Өйткені ол кездегі бағыт
орыс тілінен алынған сөздерді бұзбай айтып, жазу бола-
тын. Шынында, физика, философия, флора, химия тəрізді
терминдерінің бұдан бұрынғы жазылу, айтылу кейпі пизика,
пиласопия, плора, кимия түрінде еді. Əлгі əріптердің біздің
алфавитіміздің құрамына енгізілуінің нəтижесінде біз кірме
терминдерді шапшаң игере бастадық. Сөйтіп, бұл термин-
дер қазақ тілінің сөз қабылдау заңдылығына мойынсұнбай,
тілдегі десант сияқты қолданысқа ене бастады. Бұл біздің
тіл процесіндегі сорымыз не бағымыз болғанын кейінгі
кезең болмысы анық көрсетіп отыр. Əр нəрсенің өз кезеңіне
лайықты бағасы берілгені жөн десек, біз бұл əрекеттердің
дұрыстық жағын да айта кетуіміз керек.
55
Бюллетеньнің 1-санында терминология мен орфографияға
қатысты бірнеше материал басылған. Олардың қайсыбірінің
қазақша-орысша нұсқасы қатар беріледі де, қайсыбіреуі
ана тілінде ғана жарияланған. Біздіңше, мұның мынадай
себептері болған тəрізді. Біріншіден, саяси мəні ерекше
сауаттылық əлемінде жасалып жатқан мұндай шаралардың
деңгейін бүкілодақтық дəрежеге көтеру болса, екіншіден,
айтулы ғұламалардың, партия-кеңес қызметкерлерінің жəне
оқу-ағарту ісіндегі мамандардың мағлұматының кеңеюіне
жол ашу. Қалайда, сол кезеңнің өресінен қарағанда, ма-
териалдардың осындай тəртіппен берілуі өзін-өзі ақтады
деп білеміз. Мəселен, осы алғашқы санының өзінде «Қазақ
əдебиет тілінің терминдері туралы», «Термины казахского
литературного языка» деген атпен мақала екі тілде берілсе,
«К пересмотру казахской орфографии» мақаласы орысша
жарияланған. Бұл аталған дүниелердің авторы – Қ. Жұбанов.
Ал «Теріс жазуға емле себепші болмасын» (К. Бегалинұлы),
«Қосар ма, дара ма?» (Жұбанұлы Құдайберген) жəне «Қазақ
тілінің емлесі мен əліппесіне кіргізілетін өзгерістердің
жобасы» дейтін материалдар қазақша басылыпты.
2-санында «Терминдердің спецификасы жөнінде»
(«О специфике слов-терминов»), «Қазақ тілі орфографиясы
мен алфавитіндегі өзгерістер жөнінде жоба» («Проект из-
менений орфографии и алфавита казахского языка») сияқты
орыс тіліндегі мақалалар, сондай-ақ қазақ тілінде жазылған
«Математика терминдері жөнінде», «Физика терминдері
жайынан» тəрізді мақалалар басылған.
3-санында өткен 2-санда жарияланған «О специфике
слов-терминов» деген мақаланың қазақшасын беріпті. Соған
қоса дүнген тілі орфографиясы жөнінде Цунвазаның жо-
басы басылған.
Бюллетеньнің соңғы 4-санындағы материалдар тек қана
қазақша. Олар мыналар: «Қазақ тілінің емлесін өзгерту
жайы» (Қ. Жұбанов), «Емле, əліппені өзгерту, дұрыстау
жөніндегі Жоба» (Аманжолұлы Сəрсен), «Əріп, емле, тер-
56
мин мəселелеріндегі негізгі таяныш-тірегіміз не болуы
жөн?» (Басымұлы Қажым), «Терминдер туралы».
Сонда бюллетеньнің төрт санында небары 17 ғылыми
мақала жарияланған екен. Термин мəселесін тікелей сөз
ететін мақала соның жеті-сегізі. Басқалары терминді ор-
фография мен алфавитке байланысты əңгіме етеді. Алай-
да сөзіміздің басында ескерткеніміздей, осы мақалалардың
өзінде-ақ көптеген мəселелердің басы ашылып, жазуымыз-
да жүйе бола бастады. Көптеген термин сөздерді ретке кел-
тіріп, оны қолдану, қабылдау, тіпті жасау принциптері ай-
қындала түскені мəлім.
Мемлекеттік терминология комиссиясының бұл басылы-
мында тағы бір көңіл қоюға тұрарлық мəселе бар. Ол мынау:
оның əрбір санында комиссияда қаралған, талқыланған тер-
мин сөздер тізімі жарияланып отырған. Бұл мəселенің дер
кезінде шешім тауып, қабылдануына септігін тигізген шара
деп білеміз.
Бюллетеньнің алғашқы санының өзінде алдымен қазақ
əдеби тілінің терминологиясын жан-жақты əңгімелеп, оның
жасалу, қалыптасу, даму жəне қолданылу өрісі жайында
нақты мағлұмат нұсқау беріп алған соң, «Социал-экономик
пəндердің терминдері» мен «Математика терминдерінің
орысша-қазақша сөздігі» берілгені осыны ұйымдастырушы
адамдардың білігін танытқандай. Ал екінші санда «Физика
терминдері» мен «Ботаника терминдері», үшіншісінде «Ма-
тематика терминдерінің жалғасын», төртіншісінде «Физика
терминдерінің жалғасын» жариялап үлгеріпті. Сонда, байқап
қарасақ, сол кездің өзінде-ақ біздің ғылыми мекемелер мен
маман адамдар кезеңнің тілек-талабына сай ел мұқтажын
өтейтін мəселелерді əлеумет талқысына дер кезінде салып,
көпшілік назарын уақтылы аудара білген екен. Ендігі мақсат
осы Бюллетеньде жарияланған мақалалардың ғылыми мəнін
саралап, ондағы көтерілген мəселелердің салмағын таразыға
салу болса керек. Мұнсыз біздің жалпы əдеби тіліміздің,
оның ішінде өте бай терминологиялық лексикамыздың жа-
салу, қалыптасу, даму жолын анықтай алмаймыз.
57
Қ. Жұбанов «Қазақ əдебиет тілінің терминдері жайында»
деп атаған мақаласында сол кезеңнің саяси-əлеуметтік бол-
мысына бойлап, тіл мəселесіндегі неше алуан құбылыстарға
тоқтайды. Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы жылдарда
ұлттық мəдениетіміздің айқын бір көрінісі – сауат ашу са-
ласында əрқилы талас-тартыс, айтыстардың болғаны мəлім.
Айтыстың дені интертерминдерге қатысты туындап жатты.
Шынында, бұл тіпті де оңай мəселе емес еді. Неге десеңіз,
ол кезде айқайлатып айтылмағанмен, əрбір іс-əрекеттен оры-
стандыру саясатының салдарын көруге болатын. Осының
түп негізін ерте байқаған көреген Ахаң (А. Байтұрсынұлы)
қазақ тілінің заңды даму жолын алдымен өзі танып-біліп, со-
сын ел-жұртына білдіргісі келгентін.
Сөйтіп, ол тілде болатын өзгеріс, өріс, нетүрлі
құбылыстың бəрі тек ішкі заңдылыққа орай өрбуі тиіс де-
ген түйінге келеді. Əсіресе, ол қазақ тілінің ғылым мен білім
əжетіне жарарлық қазынасын сарапқа салып, теңдесі жоқ
терминдік жүйені жасап, қалыптастырады. Сөйтіп, ол өзінің
тілге деген оң көзқарасынан таймай, ұлт мəдениетінің хан
тəңіріндей болып, өз ұлтына, өз тіліне деген ұлы махабба-
тын сөндірмеген күйі дүниеден өтті. Тілдегі, əсіресе термин
жасамдағы ол ұстанған бағыттың басты шарты əуелі ана
тілінің бар байлығын іске жарату болатын, шеттен келген
қандай сөз, қандай аталым болса да, оның тіл заңдылығын
қабылдап, кіріге келуі қадағаланатын.
30-жылдардың екінші жартысында осы басты байламға
күрделі өзгерістер енгізілді. Ол, əсіресе, орыс тілінен жəне сол
тіл арқылы келген интернационалдық терминдерге қатысты
болды. Онда өз тіліміздің емес, əлгі кірме терминдердің
өзгертілмей айтылуы мен жазылуы қатты қадағаланды.
Сөйтіп ана тіліміздің табиғи болмысынан тыс, жат заңдылық
күштеп енгізілді. Термин жасау принциптерінің алғашқы
жобасын жасаған проф. Қ. Жұбанов екені рас. Алайда осы
принципті түзу барысында профессор өз еркінен тыс қатаң
тапсырма торына түсіп қалған сияқты. Өйткені қазақ тілі
58
заңдылықтарын бір білсе, осы адам дейтін ғұламаның өзге
тілдік кірмелерді бұлжытпай алайық деуі ақылға қонбайды.
Осының салдарынан қазір тілімізде өзгелік сөздер тым
көбейіп кетті.
Бұл тілдің даму жүйесіне, сауат ашу ісіне жасалған
қиянат еді. Əйтсе де Мемлекеттік терминология комиссиясы
өзі құрылған алғашқы күннен бастап осы тектес ең күрделі
мəселелермен айналысып, əдеби тілдің нəрлене, қалыптаса
түсуіне көп септігін тигізіп келеді.
Қазақ тілі терминологиясының ғылыми принциптері ай-
қындалып алған соң, бұл жөніндегі барлық практикалық
жұмыс, яғни қазақ тіліндегі əрқилы ғылым салалары бойын-
ша термин жасап, қалыптастыру ісі белгілі бір жүйеге
түсіріліп, бір орталыққа бағындырыла жүргізілетін болды.
Ақыры орыс тілінен алынатын терминдерді өзгертпейтін
болсақ, онда əрине ф, х, я, э, ц, ч əріптерін алфавитімізге
енгізу қажет. Сөйтіп, осы əріптерді орыс графикасы-
на негізделген қазақ əліппесінің құрамына енгізу арқылы
қаншама терминдердің айтылуы мен жазылуы бір ізге
түсті. Бір кезде неше алуан қиындықтар туғызған мұндай
терминдердің қалыптасқаны, тіпті сіңісіп кеткені соншалық,
кейде оларды бөтен тілдік элемент депте қарамайтын
жағдайға жеттік.
Əлгі принцип бойынша, революция, пролетариат, те-
ория, совет, социализм тəрізді көптеген халықаралық тер-
миндер орыс тіліндегі түрін жоғалтпай, сол қалпында алына-
тын болды деп масаттандық. Ал -ский, -ный-ға біткен сөздер
ешқандай қосымшасыз (абсолют шама, буржуаз идеология
деген сияқты – Ө.А.) қысқарған түрде енді, мұнымен бірге
сөзжасам дағдымызда оң үлгілер де болғанын көреміз.
Бесжылдық жоспар қабылдау мен ұжымдастыруға орай
жəне орыс тілінің игі əсерінің арқасында конфискелеу,
колхоздастыру, комбайншы, тракторшы, екпінді, ауат-
ком, жоспар, жоспарлау, социалды жарыс, жеке меншік,
есепші, бесжылдық тəрізді сан алуан терминдер жасалып,
қолданысқа енді.
59
Автодорога, авиасани тəрізді күрделі терминдердің
алғашқы бөлігі сол күйінде қалып, екінші сыңары ауда-
рылып берілді (автожол, авиашана). Мұның дұрыс үлгі
болғанын əдеби тіліміздің кейінгі кезеңдегі даму тарихы
дəлелдеп шықты. Ендеше, Мемтерминкомның ең алғашқы
құрамының да ұлттық мəдениетіміздің, оның ішінде жазу
мəдениетіміздің даму, қалыптасу барысына өз үлестерін
қосқанын атап айту лазым.
Мемтерминкомның жаңа құрамы да (1939 жылы
маусымның 23-і Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің
кезекті Қаулысы) бекітілген болатын. Өз жұмысын негізінен
тоқтатпағанымен, соғыс жылдарында бұрынғыдай қарқын
ала алмағаны белгілі. Əйтсе де əскери əрекет пен соғыс
қимылдарын дəлме-дəл сипаттап бере алатын термин сөздер
жүйесі назарда болған. Өйткені майдандағы жауынгерлер
əрекетін, олар қолданатын қару-жарақ, соғыс техникасын
күнделікті баспасөзде, көркем əдебиетте нақты баяндау
үшін сөздердің терминдік дəлдігі талап етіледі. Міне,
сондықтан 1942 жылы С. Аманжолов редакциясымен шық-
қан «Орысша-қазақша əскери сөздікті» (құрастырғандар:
Ғ. Мұсабаев, Ю. Цунвазо, К. Адайханов) ғана өз кезеңінің
мұқтажын өтеген мүлік болды деп айта аламыз.
1945 жылдың 8 ақпанында Қазақ ССР Халық Комис-
сарлар Кеңесінің 54-қаулысына сəйкес Мемтерминком
құрамы қайта қаралып, бекітілді. Бұл шешім бойынша ко-
миссия үкімет үйінің жанына көшті де, əуелі төрағасы
І.О. Омаров, кейіннен Т.Т. Тəжібаев болды. Ғалым хатшысы
М.Б. Балақаев еді. Құрамы 23 адамды қамтитын. Бұл жаңа
құрамы өз жұмысын «Соғыс зардабынан əлсіреген еліміздің
экономикасы мен шаруашылығын қалыптастыру» кезіндегі
бүкілхалықтық іспен қабат жүргізуіне тура келді.
Ол кезде өміріміздегі аса маңызды шаруаның бірі –
В.И. Ленин шығармаларын ұлт тілдеріне аудару мəселесі
болып саналды. 1946 жылы Қазақстан Коммунистік пар-
тиясының Орталық Комитеті көсем еңбектерін ана тілімізге
60
аудару туралы арнайы қаулы алды. Мемтерминком бұл
істен тыс қалған жоқ. Ленин шығармаларын қазақ тіліне
аударуға байланысты қоғамдық-саяси терминологияны көп-
шіліктің талқысына салып, Мемтерминком мəжілісінде
заңдастыру барысында қыруар жұмыс істелді.
Мемтерминком бұл кездегі жұмысы мен алғашқы құрам
жұмысы арасында елеулі ерекшеліктер бар екені байқалады.
Мəселен, 40-жылдардың екінші жартысында бекітілген
терминдер мен 1935 жылы қабылданған терминдерді салыс-
тырып көрелік. Бұл жылдары қабылданған терминдердің
көбі фонетикалық өзгерістерге ұшырамай, сол қалпында
алынғаны байқалады. Ал 20-жылдарда басқа тілден ауысқан
терминдер мен сөздер социалис қоғам, буржуаз идеология,
абсолют шама тəрізді жасалып, қысқартылып, қосымшасыз
ұсынылып жататын.
30-жылдардағы терминдер жүйесінде -ды, -ді, -лы, -лі,
-ты, -ті қосымшаларының активтенуі байқалады. Мыса-
лы, Социалды Қазақстан, индустриялды ел, 40-жылдар
тəжірибесінде изофеттік конструкциялар белең ала бастайды
(автосуат блогы, товар айналымы т.т.).
Ал 50-жылдардан былай қарай -лық қосымшасы активте-
не бастайды. Неге десеңіз, көптеген термин сөздер осы -лық
жалғауы жалғану арқылы жасалып қалыптасты. Тіпті ана
тіліміздегі төл сөздерді былай қойғанда, бұл жалғау кірме
сөздердің өзіне де жалғанып, тілдің жанды элементіне айна-
лып кетті десе де болғандай.
Мемлекеттік терминология комиссиясы Ұлы Отан соғы-
сынан кейінгі жылдарда күнделікті өміріміздегі қол-
даныс қажетін өтейтін терминдермен тікелей айналысты.
Оның ішінде əлеуметтік экономика, лингвистика, тарих,
заң ғылымы, медицина, зоология, тау-кен істері, метал-
лургия ғылымдарының əрқилы қолданылып, практика-
да қиындық туғызып жүрген бір қыдыру терминдерін
қарап, жүйеге түсіріп, бекітіп берді. Осы үлкен тірліктің
бас-аяғы жинақталып, 1948, 1950 жылдары екі томдық
61
орысша-қазақша терминология сөздігі жарық көрді. Бұл
біздің жазуымыздың жөнделе түсуіне себі тиген, сауаты-
мызды бір саты ілгерілеткен үлкен жұмыстың бірі болды.
Сөздіктің ғылыми тұрғыдан алғанда да сауатты шығуы, бір
жағынан, сөздік шығару ісінен хабары мол Н.Т. Сауранбаев,
С.Б. Бəйішев тəрізді мамандардың араласуына тікелей бай-
ланысты деп білеміз.
40-жылдары саябыр тартқан терминология жұмысы
50-жылдар ішінде едəуір жанданды. Əрбір ғылым саласы
бойынша термин қалыптастыру туралы мамандар пікір тара-
тып, баспасөз тікелей араласты. Екі тілді терминологиялық
сөздіктердің түр-түрі шыға бастады. Осы шаруаның бəріне
мұрындық болған, ең алдымен, Мемтерминком болса, со-
нымен бірге, 1956 жылы Тіл білімі жəне əдебиет институты-
ның құрамында терминология бөлімінің ашылуы да мəсе-
ленің жүйелі түрде жүргізілуіне септігін тигізді. Білікті
мамандар газет, журнал беттерінде мəселе көтеріп, терми-
нологияның өзекті проблемаларын қозғады. Осының бəрі,
айналып келгенде, тіл саясатындағы терминдік лексиканың
мəнін айқындап, оған жұртшылық назарын аударды.
Мемлекеттік терминология комиссиясының жұмысын
қызу қарқынға көшірген шаралардың бірі Қазақ Кеңес
энциклопедиясының жарыққа шығуы болды. Міне, осы
бүкілхалықтық іске дайындық үстінде ғылым мен тех-
никаның барлық саласында күнделікті өтеуге жұмсалатын
термин сөздерді саралап, сұрыптап шығуға тура келді.
Мерзімді баспасөз, радио, телевидение, түрлі оқу құралдары
мен оқулықтар, тіпті шаруашылық, өндіріс, ғылыми
тақырыптарға арналған көркем туындылар тіліндегі термин-
дер жайы түгел сарапқа түсіп, талғам таразысына тартыл-
ды. Бұл істің бəрінің басы-қасында терминком мүшелері,
тілшілер, мамандар болды.
60-жылдарда басталып, 70–80-жылдарда қауырт дамыған
бұл жұмыс қазақ тілі терминологиялық лексикасының да-
мып, қалыптасуына, сан алуан ұғымдардың заңды түрде
62
терминдік сипатқа көшуіне, сөйтіп, тіліміздің ғылыми-
техникалық қолданыс өресін биіктете түсуіне көмектесті.
Ғылым салаларына сəйкес сөзтізбелері жасалып, көпшілік
талқысына ұсынылды. Əрбір термин талқы тезінен өтті.
Жалпы, сөз біткеннің, оның ішінде термин атаулының
өріс алар, қанат жаяр жері, ең алдымен, мерзімді баспасөз,
яғни өмірдің сан түрлі саласынан сан алуан мəлімет жи-
нап, материал беретін журналистердей термин құмар ма-
ман жоқ. Олардың қаламына іліккен екі сөздің бірі термин
болуға ыңғайланып тұрады. Осының өзінде қоғам дамуының
ыңғайына қарай пайда болған заңдылықтар бар сияқты.
Нақты іспен тура сөз талап етіліп отырған бүгінгі заманда,
сол деңгейден табылар кез келген ұтымды, терең түсінікті,
табиғат, қоғам құбылыстарын дəл білдіре алатын тек
терминдік мəнге көшкен сөздер деп білеміз. Міне, сондықтан
көп мағыналы байырғы сөздердің қайсыбір мағынасы да-
раланып, ғылыми терминдік сипатқа көшуі заңды. Осыған
қарағанда, кез келген тілдің сөздік құрамындағы байырғы
сөздер үйірі термин жасаудың негізгі көздерінің бірі болып
саналады. Сөйтіп, -лық жалғауын керек етіп тұрған жердің
қайсыбірінде изафеттік тұлғаны ұсыну орынды болды деп
ойлаймыз, бұрынғы азаматтық соғыс, отандық соғыс деген
тіркестерден гөрі, азамат соғысы, Отан соғысы дегеннің
терминдік пішіні əлдеқайда жүйелі. Немесе жазуымызда
жиі кездесетін эпоха, период, век, момент тəрізді сөздер
мен периодический закон, периодическая печать сияқты
терминдік тіркестерге назар аударалық. Бұлар күні кешеге
дейін əркімнің өз қалауынша əрқилы қолданылып, жазылып
келді. Осындай сөздердің терминдік тақылетін айқындауда
кейде Терминком мүшелерінің ұсыныстарының да пайда-
сы мол екенін байқаймыз. Мысалы, заман (эпоха), ғасыр
(век), дəуір (период), мезет (момент), мезгілдік заң (перио-
дический закон), мезгілдік баспасөз (периодическая печать)
сөздері мен тіркестерінің дəл осылайша терминдік мəнге
көшіп тұрақтануына себепкер адамның бірі қарт журналист
Құрманбек Сағындықов болған еді.
63
Термин жасаудың осындай қалыптасқан, өнімді де
ұғымды тəсілдерімен қабат, сөзжасамның жағымсыз амалы-
на айналып бара жатқан жайлары да кездеседі. Терминком
мəжілістерінде мəселенің осындай жақтарына да қатты на-
зар аударылып келеді. Мысалы, қазақ тілінің сөз жасам та-
рихында -лық жұрнағының алатын орны ерекше. Бұл жұрнақ
арқылы жасалып, заттың атаулық мəнге ие болған сөздердің
саны мол. Тілде қалыптасқан осы амал, сөз жоқ, термин
жасам ісінде пайдасын тигізді. Алайда, өкінішке қарай,
-лық жұрнағы арқылы жасалған сөздерге баспасөз беті лық
толды. Жұрт бұдан мезі бола бастады. Тіпті реті келсін,
келмесін тықпалана берген соң, жұрнақ жұғымы кете баста-
ды. Сол себепті Мемтерминком мүшелері мен мамандардың
осы жұрнақ арқылы сөз жасау мəселесін тағы қарап, ретке
келтіргені өте дұрыс болды.
Алпыс жылдан астам уақыт ішінде Мемлекеттік термино-
логия комиссиясының құрамы əлденеше рет жаңартылып,
қайта құрылып отырды. Терминком мəжілістерінің хат-
тамаларын қарап отырсақ, барлық уақытта да қазақ тілі
терминдерін жасау, қалыптастыру ісіне Қ. Сағындықов,
І. Кеңесбаев, М. Балақаев, С. Бəйішев, Б. Бірімжанов, Қ. Шəрі-
пов, Ə. Қарақұлов, Р. Бөкейханов, Ə. Сатыбалдиев, І. Жарыл-
ғапов, Ə. Қайдаров, Ж. Смағұлов, А. Əбдірахманов т.б. ға-
лымдардың белсене араласқаны байқалады.
Мемтерминком бекітілген терминдерді үш кітапша етіп
жұртшылыққа ұсынды. Ол тез тарап, өте сирек дүниеге ай-
налып кетті. Осы дəстүр жалғастырыла бермекші.
Мемтерминкомның 1976 жылы бекітілген жаңа құрамы
70-жылдардың екінші жартысында ерекше ынта-ықыласпен
жұмыс істей бастағанын айту керек. Бұл құрамдағы Мем-
терминкомның алғашқы мəжілістерінен бастап, тіліміздің
жалпы мəдени өрісінің ілгері дамуына орай, кейбір кемшілігі
көріне бастаған қазақ орфографиясының мəселесі көлденең
тартыла берді. Орфография мəселесінің неліктен күн тəр-
тібінен түспей, əңгімеге арқау бола бергенін түсінуге бо-
64
лады. Біріншіден, алғашқы «Қазақ тілінің орфографиялық
сөздігі» 1963 жылы жарық көрген еді. Содан бері 34 жыл
өтті. Ал заманымыздың қарқынды даму қалпында бұл аз
уақыт емес. Бұл уақыт ішінде жазу мəдениетіміз жетіле
түсіп, барлық баспасөз бен баспа орындарында, əрқилы
ғылыми мекемелерде тіл байлығын қажетке жаратудың
күнделікті практикалық мүмкіндіктерінің көзі ашылды.
Осыған байланысты жазуымыздағы кейбір кемшіліктер
көріне бастады. Əсіресе, ежелден қалыптасып келе жатқан
сөз жасау принциптерінде, біріккен сөздердің жазылуы жай-
ында, төл сөз бен өзге тілден енген сөздерге жалғануға тиісті
жалғаулар табиғатында дау туғызатын əңгіме көбейіп кетті.
Сондықтан əркім өз қалауынша жазып, өз білгенін тоса бер-
ген соң, жазудағы жүйе, принцип мəселелері Мемтермин-
ком мəжілісінде қайта-қайта сөз болды, талқыға түсті.
Нəтижеде орфографияның көптеген тұстары түгел сара-
ланып, кемшіліктер жөнделді. Оның жаңа, жақсартылған
нұсқасын Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы бекітіп
берді.
Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік
терминология комиссиясының Ережесі 1972 жылы 25 сəуір-
де бекітілген болатын. Бұл Ереже Мемтерминкомның
міндеттері мен құқықтарын белгілеп берді. Осы Ережеге
сəйкес Мемтерминком терминологияның ғылыми-практи-
калық ісіне жетекшілік жасап, бекітілген терминдердің
орфографиялық нормасының сақталуын қадағалауға септі-
гін тигізді. Термин жасаудың негізгі принциптері ай-
қындалып, бұл істе жүйелілік тұрақтана бастады. Ұстанған
принцип бойынша, ең алдымен, ана тіліміздің ішкі қоры,
өз сөз байлығы қолданылуы тиіс те, екіншіден, орыс тілі
мен кеңес халықтары тілі арқылы еніп жатқан халықаралық
терминдерді игеру қажеттігі басшылыққа алынды.
Сөйтіп, Мемлекеттік терминология комиссиясы құрыл-
ғалы бері қыруар шаруа істелді. Қазақ тілінің қаншама
жаңа терминдері жасалып, қалыпқа түсті. Жұртшылықтың
65
қажетін өтеп келе жатқан бұл терминологиялық лексика
о баста қолданысқа осы Терминком арқылы енгізілгенін
есепке алсақ, істелген шаруаның ауқымын айқынырақ
сеземіз. Мысал үшін 1972–1981 жылдар арасында істел-
ген жұмыстарды алайық. Бұл аралықта комиссия мен сек-
ретариаттың 84 мəжілісі өткізілді, 2 мыңнан аса терминдер
мен терминдік мəндегі тіркестер бекітілген екен. Бұдан
бергі аралықта да, неше алуан өзгерістерге ұшырауына
қарамастан, термин мəселесі көзден таса болған емес. 1981–
1995 жылдар аралығында да Мемтерминком түрлі салалар
бойынша сөздіктерді талқылап, жұртшылыққа ұсынды. Бұл
іс қазір де толастаған жоқ.
Қазақ тілінде термин жасап, оларды күнделікті қолданыс-
қа енгізу ісімен қазір көбіне-көп баспасөз қызметкерлері
шұғылданып жүр. Сондай-ақ термин сөздердің мейлінше
молынан қамтылатын жері – мектептер мен жоғары оқу
орындарына арналған оқулықтар, түрлі терминологиялық
сөздіктер жəне де ғылымның əрқилы саласына байланысты
шығып жатқан арнаулы əдебиеттер, радио, телевидение ха-
барлары.
Термин жасау ісінде аударманың айрықша рөлі болға-
нын айтуға міндеттіміз. Əсіресе, марксизм-ленинизм клас-
сиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аудару арқылы біз
тіліміздің терминологиялық лексикасын байыта түстік.
Соның нəтижесінде ана тіліміздің қоғам өміріндегі рөлі
көтеріліп, мүмкіндігі молая түсті. Осы сала бойынша жа-
салған кейбір зерттеулер деректеріне қарағанда, В.И. Ленин
шығармалары қазақ тіліне 20-жылдардың басында-ақ ауда-
рыла бастапты. Мəселен, В.И. Лениннің сөйлеген сөзі мен
қайсыбір саяси материалдар 1919 жылдың қаңтарында, сол
кезде шығып тұрған «Қазақ дұрыстығы» («Казахская прав-
да») газеті мен «Мұғалім» («Учитель») журналы беттерінде
жарияланған. Жоғарыда аталған кітапты қарап отырсақ,
1921–1924 жылдар ішінде оның бестен бірі аударылыпты.
66
1924 жылдан былай қарай Ленин еңбектері мен саяси
əдебиетті қазақ тіліне аудару ісіне жиірек көңіл бөліне ба-
стайды. Бұл еңбектердің қай-қайсысында да қоғамдық-
саяси лексика мейлінше бай екені белгілі. Міне, солардың
ана тіліміздегі баламасын барынша дəл, түсінікті, анық етіп
жасау оңай шаруа емес еді. Өйткені қазақ тілінің бұрынғы-
соңғы тарихында қоғамдық ой-пікірді өрнектейтін термин
сөздер мұншалықты дамып, қанат жайған емес. Мəселенің
қиындығы да, қызықтығы да осында. Сол тұстағы саяси
əдебиеттер аудармасын қарап отырсаңыз, термин жасаудың
əр алуан амалдары мен сан түрлі ізденістерді байқаймыз.
Əдеби тіліміздің қалыптасу, даму тарихында мұндай
ізденістердің орны бөлек. Ол – орыс тілінің ана тіліміздегі
терминологиялық лексиканың жасалып, қалыптасуына
тигізген əсері. Түрлі-түрлі көптеген тілдерде терминдік
мəнде қалыптасқан сансыз сөздерді сол қалпында қабылдау
бар да, оларды не жартылай, не тұтас аударып алу тағы бар.
Сондай-ақ түбір сөз сол күйінде сақталып, оған жалғанатын
қосымшаларды ғана қазақшалайтынымыз жəне бар. Міне,
осындай қилы-қилы құбылыс қазақ аударма тарихының
тəжірибесінде де болды. Көптеген интернационалдық жəне
орыс сөздерін өзгеріссіз сол қалпында қабылдауда орыс
тілінің ерекше рөл атқарғаны мəлім. Ал калька жолымен
жасалған терминдер мен терминдік мəндегі сөздеріміз өз ал-
дына бір сала əңгіме.
Орыс тілінің ықпалын біз өзге тілден енген сөздерден
ғана емес, терминдік ұғымға айнала бастаған байырғы қазақ
сөздерінің табиғатынан да танимыз. Өйткені бұлардың
көбі – орыс тіліндегі үлгісін ескере отырып жасалғандар.
Ендеше, орыс тілінің басқа ұлт тілдеріне, оның ішінде
қазақ тіліне жасап жатқан ықпалы (оның дұрыс-бұрыстығы
өз алдына əңгіме) шексіз. Бұл зерттелу ауқымы кең, талай
ізденістерді керек ететін ғылыми проблема.
Термин жасаудың, қабылданған терминдерді қолданысқа
ендірудің талқыға түсер жайлары əлі көп. Ғылыми-тех-
67
никалық прогрестің қарышты даму қарқынына сай туып
жатқан тіл саласындағы əр алуан құбылыстар сыры қалам-
герден, əсіресе тіл мамандары тарапынан жаңаша іс-əре-
кетті, жаңа көзқарасты талап етеді. Тіпті терминология
мəселесін ғылыми дəрежеде ұйымдастыруда да жаңа серпін
қажеттігі көрінеді. Бұл саладағы кейбір сылбырлықтан ары-
лып, өмір талабына бұрынғыдан да гөрі шапшаңырақ əрі дер
кезінде жауап беріп отыру үшін Терминком құрамы мен ол
туралы Ереженің өзін тағы да қарап, жұмыс бағытын өзгерту
керек болды. Ереженің кейбір тармақтарын қазіргі талапқа
сай жуықтатып, жұмыс бағдарламасын түзу күн тəртібінде
тұрды.
Сөйтіп, мамандардың өтініші бойынша, Қазақ ССР Ми-
нистрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік терминология
комиссиясының құрамы тағы да бірнеше рет іріктеліп, қайта
құрылды. Кейінгі құрамы соңғы кезде жиірек айтылып жүрген
тілек-талаптарға орай іріктелді. Ең алдымен, бұл құрамға
тəжірибесі мол, іскер, білікті мамандар жəне қабылданған
терминдерді қолданысқа ендіре алатын лауазымды адам-
дар, жазушылар, журналистер, ғалымдар, баспа, радио,
телевизия қызметкерлері, тіл білімпаздары енді. Бұрынғы
құрамы мен Ережеге қарағанда мұның едəуір өзгешелігі
тағы мынадай белгілерімен сипатталады. Мемтерминком
«...экономиканың, ғылымның, техниканың, мəдениеттің
барлық салалары бойынша қазақ тілінің терминологиялық
лексикасы жөніндегі ғылыми қызметке жалпы басшылықты
жəне бекітілген терминдер мен номенклатуралардың прак-
тикада қолданылуын бақылауды жүзеге асырушы орган бо-
лып табылады». Ол өз қызметінде, ең алдымен, қазақ тілінің
лексикалық ресурстарын терминдік мағынада пайдалануды,
сонымен бірге орыс жəне халықаралық терминдерді кірік-
тіру принципін басшылыққа алады.
Терминкомның ондаған жылдар бойғы жұмыс тəжіри-
бесі ғылым мен техниканың сала-саласы бойынша терми-
нологиялық секциялар құрып, бұл істі əуелі таза мамандық
68
иелерінің талқысына салу қажет екенін көрсеткен болатын.
Бұрын бұл міндетті Мемтерминкомның жанындағы секре-
тариат атқарып келген еді. Бірақ секретариат та барлық
мамандардың орнын толтыра алған жоқ. Сондықтан Мем-
терминком жанынан құрылып отырған терминологиялық
секциялар, біздің ойымызша, бүгінгі ғылым мен техниканың
барлық саласын түгел қамтып отыр. Өйткені терминді жа-
сайтын – оны қажет етіп, күнделікті тірлігінде үздіксіз
қолданатын мамандар. Олардың жарамды-жарамсызын,
ретті-ретсізін, ғылыми дəйектілігін түрлі сөздіктер, оқу-
лықтар мен оқу құралдарын, монографиялық зерттеулер,
ғылыми көпшілік қолды кітап, кітапшалар жазып оқытып,
үйретіп, қолданып жүрген ғалымдар, мектеп пен жоғары
оқу орындарының оқытушылары, газет, журнал, радио,
телевидение қызметкерлері тез аңғарады. Міне, сол себеп-
тен де терминологиялық секцияларға үлкен жүк артылып,
сенім көрсетілді. Терминология процесіндегі барлық негізгі
жұмыс осы секцияларда пісірілуі тиіс. Тиісті мамандар
талқысынан өткен терминдер, терминологиялық сөздіктер,
оқулықтар т.т. содан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық
Ғылым академиясы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институтының Ғылыми кеңесінің талқысына салынады.
Ондағы мақсат: əлгі сөздіктер мен оқулықтардағы термин-
дер қазақ тілінің өзіне тəн заңдылығына орай жасалды ма,
қазақша жатық па, терминологиялық мəні дəл ме? деген
сауалдардың басын ашып алу. Міне, осындай бірнеше рет
қажетті ғылыми сүзгіден, електен өткізілген терминдер
тағдырын шешу Мемтерминкомға əлдеқайда жеңілірек,
əлдеқайда жүйелірек бола ма деп ойлаймыз. Алғашқы
талқылаулар бұл принциптің дұрыстығын дəлелдей түскен
тəрізді.
Мемтерминком Ережесіндегі үлкен жаңалықтың бір түрі
осы болса, екінші түрі – жеке секция ретінде қызмет ете
бастаған Бақылау тобы болып саналады. Бұл да өмір тə-
жірибесінің өзі тудырған жұмыстың бір түрі. Бұрын Мем-
69
терминком мəжілістерінде бекітілген терминдер жұртқа
газет арқылы жеткізілетін де, іс сонымен тынатын. Оның
ар жағындағы жағдай, яғни терминдер тіршілігі не болып
жатыр, жұрт оларды дұрыс қабылдады ма, жоқ əлде, өз
үлгілерінен арыла алмай, өзіндік сөздерін қолданып жүр
ме, ол жағында ешкімнің жұмысы бола бермейтін. Мына
құрылған топ өзіне осындай міндет жүктеп отыр. Ол
бекітілген терминдер мен номенклатураның күнделікті
практикадағы қолданысын бақыламақ. Сөйтіп, жиналған ма-
териалды Мемтерминком мəжілісіне салып отырмақ.
Ал міндеттер жайына келсек, істелетін шаруаның ауқымы
сол əңгіме болып отырған жайлардың өзінен-ақ аңғары-
лады. Алдағы уақытта терминком талқысына ең алдымен
салынатын терминдер мен терминологиялық сөздіктерді
бір жүйелеп алу қажет болып отыр. Термин жасау мен оны
қалыптастырудың ғылыми принциптерін тіл заңдылығына
сəйкес нақтылы қарастырып қадағалап, теориялық қоры-
тынды берудің үстіне, қыруар практикалық шаруа тын-
дыру қажеттігі туындайды. Əрқилы баспадан, əркімнің
өз түсінік пайымына шақ деңгейде ала-құла жарық көрген
алуан түрлі сөздікті қайта қарап, мамандар мен терминком
талқысынан соң, белгілі бір жүйемен, біркелкі пішінмен
жəне сөздіктерге лайықты талап тұрғысынан лек-легімен ба-
спадан қайта шығару жайы қарастырылса, тіпті орынды бо-
лар еді. Əрине, бұл оңай шаруа емес. Дегенмен осыған негіз
болар кейбір шаралар Тіл білімі институтының Терминоло-
гия жəне аударма теориясы бөлімінде жасалған. Біз бөлім-
нің картотекалық қорын еске алып отырмыз. Ертелі-кеш
баспа жүзін көрген сөздіктердегі жəне терминком мəжілі-
сінде қаралған, қаралмаған терминдер біртіндеп картотекаға
түсірілді. Түбінде термин атаулының бəрі осылайша түгел
түсіріліп отыруы тиіс. Мұның үстіне электронды есептеу
машинасының сарабынан өткізілді.
Əрқилы сөздіктер əр кезде, түрлі пішінде берілген. Тер-
миндер осы электронды есептеу техникасының көмегімен
70
жүйеленді. Бұл арадағы уақытта да осылайша толықтыры-
лып отырады деген үміт бар.
Қысқасы, жаңа құрылған барлық секциялардың жұмы-
сын атқарылар міңдеттеріне сəйкес дəрежеге жеткізіп, жолға
қою; ғылым мен техника салалары бойынша таяу жылдарда
терминологиялық сөздіктер жасап, оларды Мемтерминком
мəжілістерінде жүйелі түрде талқылап, бекітіп, мақұлдату;
екінші кезекте терминологиялық сөздіктердің қазақша-
орысша жəне түсіндірме түрлерін баспаға əзірлеп, шығару;
терминология мəселелерін ғылыми тұрғыдан зерттеу жəне
Мемтерминкомның алпыс жылдан астам жұмыс тəжірибесін
барлап, қорытынды жасау; номенклатуралық атауларға
(техника, мекеме аттары, маңдайшадағы жазулар, жарнама-
лар т.б.) ерекше мəн беріп, оларды реттеу т.б. тəрізді сан
салалы міндеттер бар. Осыларды дəйекті түрде жүргізіп
отыру, ең алдымен, Мемтерминкомға, содан кейін Мем-
терминкомның соңғы ережесі атап көрсеткендей, оның
негізгі базасы болып саналатын Тіл білімі институтына бай-
ланысты.
Термин жасап, оны қолданысқа ендірудің бірден-бір
дұрыс жолы – сөздіктер түзу болмақ. Түзілген сөздік, бір
жағынан, сол өзі қамтып отырған нысанның дамуын, яғни
ғылым саласының қаншалықты дамығанын көрсетсе, екінші
жағынан, терминологиялық лексиканың нормалана түсуіне,
əдеби тіл деңгейінің де қалыптаса бастауына септігін тигі-
зеді. Ендеше, əдеби тіл дамуында мұның маңызы ерекше.
Тіл материалы сөздік ретінде жинақталарлық дəрежеге
жеткенге дейін біраз іріктелу, сұрыпталу, даму елегінен
өтеді. Яғни қоғамдағы ірі-ірі өзгерістерге лайықты тілдің де
əлгіндей сапада өріс алуына мүмкіндік туады. Білім, ғылым
дамиды, баспасөз жанданады, əдебиет пен өнерге деген
құштарлық артады, мəдениет пен экономика өрге басады.
Міне, осындай объективті факторлар жинақтала келе тіл
құрылысында бұрын-соңды болмаған даму пайда болады.
Сөздердің терминге айналуы, тілдің терминологиялық
жүйесінің пайда болуы белгілі бір объективті себептер-
71
мен түсіндіріледі. Лексиканың осы қатпарына көңіл бөліп,
оны жинақтау, насихаттау əрекеті XVІІІ ғасырдың аяғы,
XІX ғасырдың басынан бастау алған екен. Сол кездегі там-
тұмдап қазақ тілінде шыға бастаған газет, журналдар мате-
риалын қарасақ, термин деп айдар тағып, ауыз толтырып
айта алмағанмен, терминдік қызметі айқындала бастаған
сөздер тізімдерін беру тəжірибесін кездестіреміз. Бұл дəстүр
20-жылдарға дейін жалғасқан. Оған «Түркістан уəлаятының
газеті», «Дала уəлаятының газеті», «Айқап» журналында
беріліп отырған материалдар дəлел бола алады. Бұлардың
арасынан терминжасам ісінде ерекше орын алатыны –
«Қазақ» газеті. Ол жөнінде алдыңғы тарауда біраз баяндал-
ды. Бұл кезең зерттеушілер назарынан таса қалмауға тиіс.
Сөздік түзу əрекеті, атау сөздердің қолданыстағы таби-
ғаты туралы жəне оларды жинақтап, саралау тəжірибесі
20-жылдар мен 30-жылдар басында едəуір дами түскен.
Соның бір белгісі ретінде 1931 жылы Қызылордадан
шыққан алғашқы «Атаулар сөздігін» атауға болады. Халық
ағарту жұмысына, сауат ашу ісіне едəуір септігі тиген бұл
сөздіктің негізгі мазмұнына сол кездегі идеологиялық кү-
рестің, кейбір кереғар пікірлердің салқыны тимей өтпеген
тəрізді. Неге десеңіз, ұлттық оқшаулану бағытын ұстанған
кейбір оқығандардың əсерінен болу керек, мұнда көптеген
халықаралық терминдерді қалайда қазақшалау əрекеті
байқалады. Сондай-ақ «интерминдердің сауырын сипатпай-
мыз» дейтін тым əсіре орысшылдық та орын алғандығын
көреміз. Бұл, бір жағынан, тілдің идеологиялық күрес құ-
ралына ə дегеннен-ақ айнала бастағанын танытатын болса,
екінші жағынан, қоғам өмірінің белгілі бір даму сатысына
тəн заңды құбылыс деп түсінеміз.
20-жылдардағы əлеумет өміріне, соған орай ғылым мен
мəдениет тарихына зер салсақ, неше алуан ұғымдар мен
көзқарастардың қым-қиғаш талас-тартысын байқар едік.
Əйтсе де білімге сусаған ел жаңа өмірдің жарқын істеріне
араласып, өз алфавитін түзіп, өз жазуын жолға қоюға кірісті.
72
Сөйтіп, қазақ халқының тарихында бұрын-соңды болып
көрмеген жаңалықтар мен оны білдіретін жаңа ұғым, түсінік,
құбылыстардың бəрін тіл фактілерімен деректеп отырарлық
термин сөздер қалыптаса бастады. Оқу, білім, өнер,
ғылым, мəдениет, экономиканың қай-қайсысында да халық
ұғымына тосын сөздер пайда болды. Оның əрқайсысының
терминологиялық жүйесін жасау үшін сауатты, білікті ма-
мандар даярлау проблемасы күн тəртібінде тұрды. Маман-
дар жетіспейтін.
Алға жетектеген шаралар ретінде мыналарды айтуға бо-
лады: кеңселерде ісқағаздары қазақ тілінде жүргізіле ба-
стады, қазақ тілінде шығатын газет-журналдар көбейді,
қазақ мектептері ашылып, онда оқылатын пəндердің бəрі
ана тілінде жүргізілді. Сонымен бірге қазақ тілі мейлінше
кең қанат жайған көркем əдебиет тіліне, əлеуметтік өмірге
тікелей араласу барысында қоғамдық-саяси əдебиет тіліне,
түрлі шаруашылық пен экономика, өнер, жалпы мəдениет
тіліне айналды. Сөйтіп, қазақ тілі күнделікті өмірдің қай
саласына да белсене араласып, қоғамдық қызмет аясы
кеңейе түсті. Күн өткен сайын, өмір алға озған сайын мына
сөзді қалай жазамыз, ана сөзді қалай қабылдаймыз деген
тəрізді сұрақтар көбейіп, терминге деген ділгерлік артып,
мұқтаждық молаюда.
Жоғарыда сөз болған «Атаулар сөздігі»
25
осындай мұқ-
таждықты сəл де болса өтеу жолындағы алғашқы əрекет
еді. Бұл – Қазақстан Оқу комиссариаты Білім кеңесінің
жетекшілігімен жасалған сөздік. Білім кеңесі сол кездегі
бірінші кезекте тұрған мəселе ретінде осы пəн атауларын
жинап, тез арада жұртшылыққа ұсынды. Алғашқының аты
алғашқы. Мұның, негізінен, кейінгі жұмыстарға аздап сеп-
тігі тигенмен, жоғарыда ескерткеніміздей, кемшіліктері де
аз емес. Өйткені бұл əлі ғылым салаларынан маман адамдар
даярланбай тұрған шағында, сол игі іске себі тие ме деген
мақсатпен жасалған сөздік еді.
25
Қызылорда, 1931 жыл.
73
1935 жылы өткен мəдениет қайраткерлерінің Бүкілқа-
зақстандық съезінің күн тəртібінде қаралған негізгі мəсе-
лелердің бірі – орфография мен терминология мəселесі
болды. Осы съезд қарсаңында Мемлекеттік терминоло-
гия комиссиясы өзінің кеңейтілген мəжілісін өткізіп, онда
ғылымның əртүрлі саласына байланысты жасалып жатқан
терминдер жүйесі туралы сөз қозғады.
Қазақ тілінің ғылыми терминологиясын жасап, оларды
ретке келтіруде, сондай-ақ алдағы жұмыстар бағытын
айқындай түсуде бұл съездің атқарған рөлі зор болды.
Съезде терминология мəселесі ғылыми проблема есебінде
қарастырылып, оның негізгі белгілері, ерекшеліктері анық-
талды. Лексиканың өзге қабаттарына қарағанда терминнің
өзіне тəн өзгеше қызметі, жасалу жолдары, қалыптасу сыр-
лары бар екені дəлелденіп, ғылыми принциптері түзілді.
Осының негізінде бұдан былай қарай термин жасау ісі
белгілі бір ғылыми жүйеге, тіл заңдылығына сəйкес,
қабылданған принциптер негізінде жүргізілетін болды. Яғни
термин жасаудың ортақ принципі түзіліп, оның басқа да
маңызды мəселелері шешімін тапты.
Съезд қарсаңында жасалып, жұртшылық талқысынан
өткен, сөйтіп съезд мақұлдамасын алған қазақ терминдері
Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің 1935 жылғы
23 маусымдағы 812-ші қаулысымен бекітілді.
Съездің алды-артында қауырт жүргізілген осы тектес
жұмыстар нəтижесі іле-шала 1936 жылы терминологиялық
сөздік «Қазақ тілі терминдері» деген атпен жұрт қолына
тиді. Қ. Жұбановтың жалпы редакциясымен «Қазақстан»
баспасынан жарық көрген бұл сөздіктегі терминдер негізі-
нен үш саланы (əлеуметтік экономика, физика мен матема-
тика) қамтыған. Жинақталған терминдер саны онша көп
бола қоймағанмен, бұл қазақ терминологиясын сол кезеңнің
талап-тілегіне орай ғылыми арнаға түсіріп, оның əлеумет-
тік мəні бар мəселе екенін танытқан игі іс ретінде тарихта
қалды.
74
Сөздікте үкімет қаулысымен бірге Мемлекеттік термино-
логия комиссиясы басшылыққа алатын қазақ əдеби тілі
терминологиясының он тармақтан тұратын принциптері
берілді. Бұл құжат терминологтар алдына мынадай талаптар
қойды:
Бірінші шарт бойынша, əдеби тілдердің көбіне ортақ
революция, совет, теория, практика, тенденция, меди-
цина, хирургия, климат, абсолютный, конкретный т.с.с.
халықаралық сипаты бар терминдерді сол түпнұсқадағы
қалпынша қазақ тіліне аудармай алу; екінші шарт бойынша,
əдеби тілдер тəжірибесінде аударылып алынып жүрген про-
изводство, труд, деньги, корень, стебель, мышцы, деление,
умножение тəрізді халықаралық терминдерді аудару керек.
Ал сословие, состав, клетка, слет сияқты қазақ тілінде ба-
ламасы жоқ немесе терминнің қазақша нұсқасы бастапқы
мағынадан ауытқитын болса, онда оны аудармай алған жөн.
Үшіншіден, əртүрлі ғылым салаларына ортақ термин-
дер болуы мүмкін. Мысалы, материя термині философия
мен физикада, түбір термині математика, ботаника жəне
лингвистикада, реакция термині химия, биология жəне сая-
си ұғым есебінде, экскурсия сөзі оқу-ағарту ісі мен физио-
логия ғылымында кездеседі. Бұларды сол бірыңғай түрде
қалыптастыру керек.
Төртіншіден, əрқилы жағдайда əр алуан мағынаны
білдіретін мануфактура (тарихи-экономикалық жəне товар-
тану мағынасында), продукт (өндіріс өнімі жəне азық-түлік
мағынасында) сияқтылар бір пəнде термин ретінде алынсын
да, екіншіде жай сөз ретінде аударылсын.
Бесіншіден, халықаралық терминдер орысшада қалай
алынса, қазақшада да солай алынады. Егер ол сөздерді таң-
балайтын кейбір əріптер жетіспесе, қазақ алфавитінің бар
мүмкіндігі пайдаланылатын болсын. Мысалы: роrта (фор-
ма), qіmіa (химия), rebolutsіja (революция) т.б.
Алтыншы тармақ бойынша, аударуға келетін терминдерді
аударғанда оның ғылыми мəні дəл берілуін қадағалау қажет.
75
Аудару кезінде қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктері
қатаң сақталуы тиіс. Веrіlіs – передача, kopkіl – много-
угольник, toqьma – текстиль, təqіrіjbe – практика тəрізді
терминдерді түсініксіз ететін жасанды сөзжасамға үйір
болмаған жөн.
Жетінші тармақта былай деп көрсетіледі. Есім жəне
есімденген етістік түріндегі халықаралық (интернационал)
терминдер сол түрінде алынсын. Ал Достарыңызбен бөлісу: |