Терминологиясы


ІV ТАРАУ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕРМИНЖАСАМ МƏСЕЛЕСІ



Pdf көрінісі
бет8/22
Дата05.02.2017
өлшемі1,84 Mb.
#3429
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

ІV ТАРАУ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕРМИНЖАСАМ МƏСЕЛЕСІ
а)   Жалпы мəселелер (жазу жəне терминдік жүйе).
ə)  Терминжасам тəсілдері: семантикалық тəсіл, мор-
фологиялық  тəсіл,  синтаксистік  тəсіл,  қысқарту,  каль-
калау тəсілі.
Терминдік  жүйе  синтаксистік  жазуы  жолға  қойылған, 
орфографиялық  нормалары  қалыптасқан  тілдердің  өскелең 
дəуіріне тəн құбылыс. Шынында, жазуы жасалмаған тілдің 
терминологиялық  жүйесі  жетілмейді.  Қай  тілдің  тари-
хын  алсаңыз  да  осыны  дəлелдейді.  Өзіндік  қалыптасу, 
даму  кезеңдерімен  ерекшеленетін  қазақ  тілінің  тарихынан 
да  біз  осындай  процесті  аңғарамыз.  Ендеше,  терминоло-
гия  мəселесін  түбегейлі  қарастырмас  бұрын,  əуелі  қазақ 
жазуының қалыптасу тарихын барлап алған жөн.
Сөйтіп,  қоғам  өмірінде  жазудың  алатын  орны  ерекше 
екен.  Əлеумет  тіршілігіндегі  барлық  өрлеу,  өсу,  ілгерілеу, 
сайып келгенде, жазу өнерімен ұштасып жатады. Ал жазуы 
жоқ ел – жарығы жоқ үй тəрізді. Қараңғылықтың қасіретін 
сан ғасыр тартқан талай ұлт, талай ел жайы тарихтан мəлім. 
Қазақ  халқында  бұрын  қара  таныған  адамды  хан  көтеріп, 
кие  тұтып,  қастерлеген.  Осының  өзінен  халықтың  сауат-
тылықты  ауадай  аңсап  күткенін  көреміз.  Ал  сауаттылық 
өлшемі – жазу.  Жазу – тіл  дамуының  жəне  тілді  пайдала-
нушы  адамдар  қауымының  саналы  əрекетінің  нəтижесі. 
Тілдің  заңдылықтары  мен  ерекшеліктері  жазу  арқылы 
таңбаланады.  Ендеше,  тіл  болмаған  жерде,  жазу  болмай-
ды.  Тілдің  жүйелі  көрінісі  болып  есептелетін – жазу  кенет 
көктен түсетін олжа емес, ол қоғам өмірінің даму ерекшелігі 
алып келетін еңбек нəтижесі.
Өздерінің іс-əрекеттерін сан ғасыр бойы жадында сақтап 
келген  адамдар  қауымы  еңбек  нəтижесінде  өзара  қарым-

124
қатынастың,  өзара  пікірлесу,  аралас-құраластың  жаңа  бір 
жетілген  түрін  ойлап  таба  бастайды.  Алғашында  олар  көр-
ген,  білгенін  əрқилы  таңба,  белгі,  сурет  түрінде  тасқа, 
ағашқа,  теріге  түсіреді.  Сөйтіп,  табиғат  құбылыстарының 
əр  алуан  кескіні  түрінде  таңбаланған  белгілер,  біртіндеп 
мазмұн білдірерлік мəнге ие болады. Олай болса, тіл, жазу, 
еңбек бірінен-бірі туындап, бірімен-бірі байланысты дамып 
отырады.
Ф.  Энгельс  тілдің  пайда  болуы  жөнінде  тұңғыш  рет 
дəйекті пікір қозғаған. Ол тілді адамның өзі тəрізді ұжымдық 
еңбек  нəтижесі  деп  қарайды.  Мұның  өзі  өзара  қарым-
қатынастың  дамуын  жəне  өте  ұзақ  мерзімді  қажет  ететін 
құбылыс екенін баса айтады.
Ағаш, тас – таңба түсірудің негізгі нысаны болған тəрізді. 
Осылайша  біртіндеп  адамзат  қағазды  ойлап  табуға  дейін 
жеткен.  Қағазға  жеткен  кезең  адамзат  тарихындағы  үлкен 
жеңістің бірі ретінде бағаланады. Өйткені қағаз жазу өнері-
нің  дамуындағы  қажетті  əрі  жоғары  сатының  бірі  болып 
табылады.  Қағаздың  арқасында  жазу-сызу  процесі  дами 
бастағаны  мəлім.  Сол  бір  кезеңнен  бергі  жердегі  жалпы 
жазу  тарихын  сүзіп  шығатын  болсақ,  жазудың  ғылым  тілі-
мен айтқанда, үш түрі бар екенін білеміз.
1.  Пиктографиялық  жазу,  латынша  пиктус – салынған 
сурет  деген  мағынаны  білдіреді.  Яғни  «Заттар  іс-əрекетті 
я  пікірді  шартты  таңбалар  арқылы  білдіруге  бейімделген 
ертедегі сурет жазу»
41
. Бұл жазу ойды сөзбен емес, тек бей-
нелеу арқылы білдіреді.
2. Идиографиялық жазу – ерекше идея-ой деген ұғымды 
білдіреді.
3.  Əріптік  жазу,  яғни  алфавиттік  жазу.  Бұл  тілдегі  ды-
быстарды  əріппен  таңбалауға  бейімделген  жазу  немесе 
41
 
Кенесбаев  С.,  Жанузаков  Т.  Русско-казахский  словарь  лингвистических 
терминов. Алма-Ата, 1966. С.123.

125
«жүйелі  орын  тəртібімен  тізілген,  белгілі  бір  жазба  тілдегі 
əріптердің жиынтығы»
42
.
Əріптік  жазу  қоғам  өмірінде  күрт  мəдени  өзгерістер 
əкелді. Тіпті мəдени өрлеулерге себепші десек, артық бола 
қоймас. Алфавит көпшіліктің тезірек хаттанып, жылдамырақ 
сауаттануына  жол  ашты.  Сауаттану  жұртшылықтың  алға 
қойған  мақсаттарына  жеделірек  жетуіне,  қоғамның  ілгері 
дамуына сеп болды.
Жазудың  шығу,  пайда  болу  тарихынан  берілген  бұл  аз-
ғана  дерекпен  əзірге  шектеле  тұрып,  енді  қазақ  халқының 
мəдени өрлеуіне сеп болған жазу үлгілеріне ден қоймақпыз.
Жасыратыны  жоқ,  күні  кешеге  дейін  осыншама  кең 
өлкені  ен  жайлаған  елімізде  төңкеріске  дейін  жазу  үлгісі 
болған жоқ, сондықтан да дүниежүзілік мəдениеттен кенже 
қалған елміз деп келдік. Бұл өзі қазақ деген ұғымның шығу 
тарихымен  салғастырғанда  ақиқатқа  жақын  пікір.  Жалпы, 
бар, жоқ деп бір-ақ кесіп тастау оңайда, ал егер бар болса, ол 
қалай, қайдан басталады дегенді, жоқ болса оның себеп-сал-
дарын  қайтіп  түсіндіреміз  дегенді  шындыққа  сай  дəлелдеп 
беру аса қиын шаруа. Осы төңіректегі азды-көпті айтылған 
пікірлердің,  біздіңше,  ескерілуге  тиісті  объективті  жəне 
субъективті сыры бар сияқты. Объективті жағы бұрын жазу 
үлгісінің болмағаны. Яғни қолмен ұстап, көзбен көріп, міне, 
осы  жазу  біздің  қазақ  жазуы  дейтіндей  дау  туғызбайтын 
ескерткіштерге бай еместігіміз. Субъективті сыр дейтініміз 
де  осыдан  туындайды.  Құжат,  дерек,  фактілердің  тапшы-
лығынан жəне соларды жүйелеп жазып, кейінгі ұрпаққа тар-
ту еткен оқымысты, ғұламалардың аздығынан, мына кейінгі 
біздер бəрін сауатсыздыққа сайып, мəселенің жеңіл шешім 
табуына барғыштай бергенбіз. 
Шынтуайтқа  келсек,  о  шеті  мен  бұл  шеті  бұрын  айлап 
жүріп  əрең  жететін  қазақ  жерінде  қалалар,  мəдени  орын-
дар,  тарихи  ескерткіштер  болмаған  деп  айта  аламыз  ба? 
42
 
Сонда. 1966. С.14.

126
Жоқ,  айта  алмаймыз.  Əр  алуан  хандықтар  өзара  қарым-
қатынастарында нендей нəрсені дəнекер етті, неге сүйенді? 
Солардан қалған жарлықтар, шежірелер, өзара алысқан хат-
хабарлар бізге нені айтады? Осыларды ойлағанда Қазақстан 
жерінен табылған орхон-енисей, ұйғыр жазуының үлгілерін 
ескермей  кете  алмайсыз.  Əрине,  бұл  жазу  үлгілерінің  қай-
қайсы  да  жалпы  халық  пайдаланған  жазу  емес  екені,  тек 
хандар  арасында  ғана  пайдаланылған  үлгілер  екені  мəлім. 
Бұларда  бұқара  қауымға  қатысты  дерек  жоқ.  Оның  үстіне, 
осы əліппе үлгісінде жазылған бірде-бір фольклорлық нұсқа, 
бірде-бір көркем дүние кездеспейді.
Егер  тарихқа  жүгінер  болсақ,VІ–VІІ  ғасырлар  арасында 
билік құрған Түрік қағанатының құрамындағы түркі тілдес 
тайпалардың  өз  жазуы  болған.  Олар  алғашқыда  соғды 
алфавитін  пайдаланған.  Бұл  алфавит  түркі  тайпаларының 
өз  жазу  нұсқасы  пайда  болған  бертініректегі  кезеңдерде  де 
(VІІ ғасырдың шамасы) қолданылған.
Бұған  Тараз  қаласындағы  мұражайда  сақтаулы  тұрған 
жəдігер  дəлел  бола  алады.  Ондағы  керамикаға  жазылған 
жазу ІX–X ғасырлардағы соғды жазуының үлгісі болып та-
былады.
Ал  VІІ  ғасырдың  шамамен,  алғашқы  жартысында,  осы 
соғды  жазуы  негізінде  түркі  тайпаларының  арасында  жаңа 
жазу  пайда  болады.  Бар  болғаны 38 белгіден  тұратын  бұл 
жазу  түркі  тілдерінің  фонетикалық  ерекшелігін  дəл  мүсін-
деді.  Жəне  оның  барынша  қарапайым,  пайдалануға  ыңғай-
лы  екенін  көптеген  зерттеушілер  (В.  Томсен,  В.В.  Радлов, 
С.Е.  Малов  т.б.)  атап  өткен  болатын.  Ең  алғаш XVІІІ  ға-
сырдың  жиырмасыншы  жылдарында  Енисей  бойынан 
осы  жазу  таңбаланған  жазу  үлгісін  Д.  Мессершмидт  пен 
И. Страленберг тапқан. Ал 1889 жылы Н.М. Ядринцев Ор-
хон  өзенінің  жағасынан  тағы  бір  жазу  үлгісін  тапты.  Бұл 
алфавиттің  кілтін  ашқан  дат  ғалымы  В.  Томсен  мен  орыс 
түркологі  В.В.  Радлов.  Кейін  бұл  жазу  табылған  жердің 
есіміне  орай  «орхон-енисей  жазуы»  деп  аталып,  тарихқа 
енді. Бұдан кейінде табылған бірнеше ескерткіш үлгілердің 

127
тілі  осы  кездегі  барлық  түркі  тайпаларына  ортақ  əдеби  тіл 
дегенді орыс, қазақ ғалымдарының біразы айтып жүр. Алай-
да  мұндай  түбегейлі  тұжырым  жасау,  дəйекті  пікір  айту 
үшін  бұл  ескерткіштер  тілін  əлі  де  зерттей  түсу  қажет. 
Жүргізілген  зерттеу  жұмыстары  əлі  бұл  мəселені  шешіп 
берді деп айта алмаймыз.
ІX ғасырдан бастап Шығыс Түркістан қалаларында көне 
ұйғыр  жазуы  қолданыла  бастайды.  Бұл  руникалық  ескерт-
кіштердің  тікелей  жалғасы  болып  табылады.  Тек  кейбір 
грамматикалық  ерекшеліктері  болмаса,  екеуінен  айырмасы 
шамалы. 
Сөйтіп, XІ–XІІ  ғасырларда  орхон-енисей  жазуын  пайда-
ланған дерек жоқ. Оны алғаш көне ұйғыр жазуы ығыстырса, 
кейін мұсылман дінін қабылдаған түркі тайпаларының ара-
сында араб жазуы үстем бола бастайды
43

Əрине,  бұл  жазу  үлгілерінің  қай-қайсысы  да  қалың 
көпшіліктің  қажетін  өтей  алмаған,  ат  төбеліндей  азғана 
билеуші топтың игілігіне ғана жарағаны мəлім.
Қазақ  жерінде  ұйғыр-найман  əліппесі  болған  дегенді 
айтушылар
44
  да  бар (VІ–VІІ  ғ.).  Бұл  жайында  əрқилы  пікір 
болған. Біреулер – мұны орхонның өзгертілген түрі деп, енді 
бірі – араб  əліппесінен  жасалған  дейді.  Үшінші  бір  пікір 
желісі – орхон дегеніміз де, ұйғыр дегеніміз де түбінде ара-
мей жазуына барып тіреледі дегенге саяды.
С.  Аманжолов  ұйғыр  əліппесін  қазақтарға  біртабан  жа-
қындатқысы келеді. Ондағы айтатын негізгі дəлелі бұл жа-
зуды  пайдаланғандардың  бірі – наймандар,  кейінгі  дəуірде 
қазақтардың  құрамына  енді  дейді.  Оның  үстіне  ұйғыр 
əліппесін қазақ болғаннан бері Абылайға дейінгі хандардың 
бəрі  қолданып  келген  деген  дəлел  келтіреді.  Ғалымның 
пікіріне жүгіне түссек, ұйғыр əліппесі моңғолдар заманын-
дағы түркі тайпаларына да қызмет еткен (ХІІ–ХV ғ.). 
43
 Қазақ ССР тарихы. Алматы, 1980, 1-т., 454-б.
44
 Аманжолов С. Орыс алфавитіне негізделген қазақтың жаңа алфавиті мен 
орфографиясы (жоба). Алматы, 1940. 3-б.

128
Бұл  пікірдің  ұшқарырақ  екенін  айта  отырып,  оның 
салмақты  ойға  жетектейтін  тұстарын  да  мойындамасқа  ла-
жымыз жоқ. Ескерте кететін тағы бір жайт, осы тақылеттес 
пікірдің  кейін  де  көптеген  ғалымдар  аузында  жүруі. 
Соның  бəрін  жинақтай  келе  Қазақстан  жерінде  жазудың 
бірнеше  үлгілері  болғандығын  дəлелдейтін  бірлі-жарым 
болса  да  деректердің  барлығы.  Олардың  ең  бастылары – 
орхон-енисей  мен  ұйғыр-найман  жазуы.  Көзіміз  жеткен 
бір  ақиқат – бұл  аталған  жазу  үлгілерінің  түрік  тайпала-
рына  тікелей  қатысының  барлығы.  Ал  соны  пайдаланған 
тайпалардың көбін қазақ халқының құрамынан көреміз. Ен-
деше, бұл жазба үлгілер өзге туыс түрік халықтары сияқты 
қазақ халқының да мəдени ескерткіштерінің бірі болып са-
налуы заңды. 
Алайда  жадымыздан  шықпайтын  бір  нəрсе  мынау.  Бұл 
ескерткіштерді  зерттегенде  біз  нендей  мақсатты  көздейміз. 
Оны біз зерттей келе белгілі бір халыққа меншіктеп, соған 
телуіміз керек пе?! Ғылыми зерттеудің мəні осында ғана ма? 
Мұндай  тарихи  ескерткіштерді  қарастырғанда  зерттеуші 
оған,  ең  алдымен,  еткен  дəуірлердің  кейінгі  ұрпаққа 
қалдырған  аманаты  деп  түсінуі  керек.  Зерттей  келе  белгілі 
бір  дəуірдің  белгілі  бір  тайпалар  мен  қауымның  тарихын, 
мəдениетін,  наным-сенімін,  пайым-түсінігін  аңғаруға  тиіс-
піз. Яғни осы жазу үлгілері арқылы көне тарихпен тілдесуге 
мүмкіндік  аламыз.  Адамзат  қауымының  неқилы  ғаламат 
құбылыстардың  куəгері  бола  жүріп,  соларды  тексеріп, 
танып,  біліп,  өз  заманының  өзгешеліктерін  мүмкіндігінше 
қағазға  түсіріп,  тасқа  салуы,  сол  үшін  жазуды  ойлап  та-
буы  нағыз  керемет  емес  пе?  Заманнан  заманға  жалғасып, 
біртіндеп  жетіліп,  жүйеленген  жазу  үлгілерінің  сырын 
ашып, жұртқа түсіндіріп беру – қиын жұмыстардың бірінен 
саналады.  Ендеше,  көне  жазу  сырлары  əлі  талай  зерттеу-
шісін күтетіні ақиқат.

129
Араб жазуының негізінде қалыптасқан терминдер
Қазақстан  жерін  ертеден  жайлаған,  неше  алуан  ру-тай-
палардың  пайдаланған  жазуын  қадағалап  қарасақ,  тарихи 
деректер негізінде, сонау VІІ–VІІІ ғасырларға иек артамыз. 
Ол кезде қазақ халқына тікелей қатысы бар түркі тайпалары-
ның көбі ептеп соғды, сирия жазуларын да пайдаланған. Ал 
VІІІ  ғасырдан  бері  қарай  Орта  Азия  мен  Қазақстан  халық-
тары араб жазуын пайдалана бастайды. Соның ішінде қазақ 
халқының  құрамына  еніп  отырған  тайпалардың  көбі  бұдан 
тыс қала алмайды. Аталған аймақтың өзге өкілдері сияқты 
қазақтар  да  күні  кешеге  дейін,  яғни  Қазан  төңкерісіне 
дейін осы араб алфавитіне негізделген кітаби жазуды мұра 
тұтып келген. Шағатай əдебиеті, шағатай тілі, шағатай жа-
зуы  деп  шеттетіп  жүрген  үлгінің  жаманды-жақсылы  кем-
кетіктерімен  қоса,  біздің  жазу  тарихымызға  сəл  де  болса 
қатысы бар екенін көруге болады. 
Ал оның қазақ халқының сауаттануына, білімін көтеруіне 
қаншалықты  көмегі  болды  дегенге  келсек,  ауыз  тұшытып 
айтарлықтай елеулі деректерді келтіру қиын. Сөйтсе де зерт-
теу мағынасы тұрғысынан объекті боларлық əлі көп нəрсенің 
басы ашылмай жатқанын ескерте кеткеніміз жөн. 
Төңкеріс  алдындағы  бес-он  жылдың  деңгейінде  қазақ 
зиялыларының  ағартушылық  көзқарастағы  бірен-саран 
өкілдері  осы  араб  алфавитінің  əртүрлі  үлгісін  жасауға  ты-
рысып  бақты.  Мұның  аздап  пайдасы  да  болғанын  білеміз. 
Өйткені осы уақытта бірді-екілі қазақша газет, журналдар
45
 
шығып үлгерді. Бұлар (не бары 14-15 қана) қазақтың тарихы, 
мəдени өмірі жайлы біраз мағлұмат береді. 
Осы  газет,  журналдар  пайдаланған  араб  графикасына 
негізделген  алфавиттің  араб  əліппесіндегі  əріп  таңбалары 
түгел  енгізілді.  Оның  үстінде  парсы  тілі  арқылы  енген 
45
 Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар.

130
əріптер
46
  тағы  бар.  Мұрыннан  айтылатын  ң  дыбысының 
таңбасы ретінде н мен к дыбыстарының қосындысы алынған. 
Алайда  бұл  алфавит  қазақ  тіліне  қанша  икемделгенмен, 
кемшіліктен арыла алмады. Ана тіліміздегі дауысты дыбыс-
ты  таңбалауда  араб  алфавитінің  олақтығынан  қазақ  тілінің 
дыбыстық  жүйесін  толық  беру  мүмкін  емес  еді.  Дауысты 
дыбыстардың  сөз  мағынасын  құбылтуда  маңызы  айрықша 
екенін айтпаса да болар. Ал енді араб əліппесіндегі небары 
үш-ақ  дауысты  дыбыс  қазақ  тілінің  дауыстылары  беретін 
мағынаны  толық  бере  алмай,  көптеген  қиыншылықтар 
туғызды.  Араб  жазуы  бойынша  бір  ғана  ﻝﻭ  деген  сөзді 
«ұл»  деп  те, «ол»  деп  те, «ел»  деп  те  оқуға  болады.  Оны 
үнемі  контекске  қарап,  бақылап,  байқап  отырмасаң 
жаңылысуың ғажап емес. 
Осындай  кемшіліктер  сол  тұстағы  газет  беттерінде  де 
сөз болған. Мəселен, «Дала уəлаяты газетінің» бетінде араб 
əліппесінен басқа бір алфавит ойлап табу мəселесін көтер-
ген мақалалар кездеседі
47

Араб  əліппесін  бір  ғана  қазақ  елі  емес,  бүкіл  түркі  ха-
лықтары  пайдаланды.  Сондықтан  бұл  кемшіліктер  осы 
халықтардың  көбіне  ортақ  болды.  Өйткені  бұл  жазу  бір 
ғана  орфографиялық  заңдылыққа  негізделді  де,  тілдердің 
ешқайсысының  фонетикалық  ерекшеліктері  ескерілмеді. 
Мұнда олардың сүйенген басты принципі – морфологиялық 
принцип  еді.  Яғни  ешқандай  қосымшаның  түрленуіне  қа-
рамай, біркелкі жазып, əр ұлт өкілдері өзінше оқу принципін 
үлгі  еткен  болатын.  Мысалы,  кітап-лар,  сіз-лер,  қыз-лар, 
жігіт-лер  т.б.  сөздердің  жазылуына  зер  салыңыз.  Мұнда 
осы  сөздерге  жалғануға  лайықты  фонетикалық  вариант-
тар -дар, -дер, -тар, -тер т.б. бола тұра, бəрін бірдей -лар, 
-лер  қосымшасымен  жазып  отыр.  Бұдан  байқайтынымыз, 
46
 Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. Алматы, 1971. 43-б.
47
 Дүйсенбаев Р. Қазақ алфавиті туралы мəселе // «Дала уалаятының газеті», 
1987;  Əлжанов  О.  «Букварь  для  киргизов»  деген  кітапқа  рецензия // «Дала 
уалаятының газеті», 1984. №39.

131
сөйлемде  тіліміздің  басқа  тілдерден  ерекшеліктері  елен-
бейтіні.  Əсіресе,  санды  жазу  мен  оқуда  қызық  жайттарды 
байқаймыз.  Араб  алфавиті  əдетте  оңнан  солға  қарай  жа-
зылып,  сол  ретпен  оқылады  ғой,  ал  сан  керісінше  солдан 
оңға  қарай  жазылады.  Ұзақ  санды  жазып,  оны  оқу  мүлде 
қиын. Алдымен санап алмасақ, қанша орын алатынын мөл-
шерлеу  де  мүмкін  емес.  Алгебра,  геометрия,  химия,  физи-
ка  пəндеріндегі  белгілері  латын  алфавиті  де,  оның  мəтінін 
жазғанда  араб  əріптері  араласып  əбден  бытысып  кетті. 
Ал  интернационалдық  терминдерді  жазуда,  тасымал  жа-
сауда  да  талай  машақатқа  баттық.  Алайда  араб  алфавиті 
төңкеріске  дейін  өзіне  жүктелген  біраз  міндетті  өтеді.  Бір-
ден  бірге  көшіріліп,  Шығыстың  поэзия  үлгілері,  қиссалар, 
шежірелер жазылды. Юсуф Баласағұнның «Құтадғу білігі», 
«М. Қашқаридің сөздігі» жəне орта ғасыр ескерткіштерінің 
бəрі де осы араб алфавитінің үлгісінде жазылған.
XІX  ғасырдың  екінші  жартысында  қазақ  жерінде  араб 
жазуымен  қатар,  ептеп  орыс  графикасы  да  пайдаланыла 
бастайды.  Орыс  мектептерінде  бірен-саран  қазақ  балала-
ры  оқыды.  Жер-жерде  орысша-қазақша  сыныптар  ашы-
лып,  олардың  оқу  жүйесінде  де  аздаған  жаңалықтар  бой 
көрсетті.  Оқыту  əдістемесі,  үлгісі  орыс  жазуы  бойынша 
жүргізілді.  Дін  исламды  уағыздаушы  молдалармен  қатар 
қазақ даласында жаңа бір ілімнің жолын нұсқаушы жандар 
пайда болды. Тұңғыш мектеп ашып, дала қоңырауын соққан 
Ы. Алтынсарин ғасырлар бойы білімге сусап, ындыны кеп-
кен қазақ жұртшылығын сауаттануға бастады. П.М. Мелио-
ранский, В.В. Радлов сынды орыс оқымыстылары қазақ тілі 
мен  мəдениетіне  көңіл  бөліп,  оны  ғылыми-зерттеу  объек-
тісіне айналдырды.
Қазақ тілі көптеген басқа түркі тілдері сияқты XVІІІ ға-
сырдың  екінші  жартысында  ғана  зерттеу  объектісіне  ай-
нала  бастаған.  Н.А.  Кононовтың
48
  көрсетуі  бойынша,  бұл 
48
 Кононов А.Н. История изучения тюркских языков в России. Дооктябрьский 
период. Л., 1972. С.215–217.

132
тіл  жайындағы  алғашқы  деректер  «Сравнительные  сло-
вари  всех  языков  и  наречий»  мен  Федор  Павлович  (Фри-
дрих)  Аделунгтың  мұрағатынан  кездеседі.  Қазақ  тілі 
жайындағы  мəліметтер  Г.Ю.  Клапрот,  М.  Бекчурин  (Беще-
рин) еңбектерінде де бар. Г. Клапрот тіпті қазақтар жайын-
да  аздаған  түсінік  бере  келе  французша-қазақша  сөздікше 
де береді. XVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы азды-көпті 
еңбектің  бар  болғаны  осы. XІX  ғасырдың  орта  шенінде 
қазақ тілін зерттеу жайы біршама ілгерілеген тəрізді. Мұнда 
негізінен практикалық мақсат көзделген. Қазақ тіліне байла-
нысты  əрқилы  практикалық  құралдар  шыға  бастады.  Азда 
болса  ғылыми мазмұндылығымен  көзге  түсетін  сол кездегі 
айтулы  еңбектің  бірі  ретінде  Н.И.  Ильминскийдің  «Мате-
риалы  к  изучению  киргизского  (казахского)  наречия»
49 
деп 
аталатын еңбегін атауға болады. М.А. Терентьев өзінің грам-
матикасын осы еңбектің материалы негізінде жазған. Мұнда 
қазақ тіліне қатысты бөлім бар.
Ана тіліміздің төңкерістен бұрынғы зерттелу тарихында 
үлкен бір белес болып табылатын – П.М. Мелиоранскийдің 
«Краткая грамматика казах-киргизского языка» атты еңбегі. 
Бұл  еңбектің  құндылығы – өзінен  кейінгі  жұмыстарға  үлгі 
болғандығында.  Сондай-ақ  В.В.  Катаринскийдің  «Грамма-
тика  киргизского  языка.  Фонетика,  этимология  и  синтак-
сис» (Оренбург, 1897), И.  Лаптевтің  «Киргизско-русский 
словарының» 107-148 беттерін еске саламыз.
А.Н.  Кононов  В.В.  Катаринскийдің  жасаған  «Практиче-
ские  уроки  русского  языка  для  киргизов» (Оренбург, 1895, 
2-е  изд.  Казань, 1909) жəне  «Первоначальный  учебник 
русского  языка  для  киргизов» (Казань, 1909) еңбектерінің 
қазақтардың  орыс  тілін  оқып  үйренуіне  əжептəуір  септігі 
тигенін  кейбір  деректер  ақиқаттайды.  Қазақтарға  арналған 
49
 Ильминский Н.И. Материалы к изучению киргизского наречия. УЗКУ. 1860, 
Кн.3,4;1861, Кн.1 и 3; Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казах-киргиз-
ского языка. Ч.1. Фонетика и этимология. СПб., 1894; Ч.2. СПб., 1897.

133
алғашқы  «Əліппе» 1892 жылы  Қазан  қаласында  басылып 
шықты.  Бұл  қатарда  біз  Ы.  Алтынсариннің  «Киргизская 
хрестоматиясын» (Оренбург, 1879, 2-е изд. 1906), А.А. Алек-
торовтың  «Киргизская  хрестоматиясын» (Оренбург, 1898), 
Н.Н.  Пантусовтың  «Материалы  к  изучению  казак-киргиз-
ского наречиясын» (Казань, 1809–1904. Вып. 7), М.Н. Бекте-
мировтың  «Руководство  к  изучению  киргизского  языка»-
сын (Ташкент, 1909) ерекше атамауға болмайды.
Қазақ  тілі  мен  фольклорына  қатысты  мол  деректі 
В.В.  Радлов  еңбектерінен  де  табамыз  (Образцы  народной 
литературы тюркских племен. Т.2. СПб., 1870). XVІІІ–XІX ғ. 
аралығындағы  орыс  оқымыстыларының  еңбектерін  жəне 
діни наным-сенімнен арыла алмаған араб алфавиті негізінде 
халыққа  жеткен  қисса,  шежірелерді  ой  елегінен  өткізсек, 
бір  қызық  жайтты  аңғарамыз.  Бұл  тұста  ашық  түрде 
болмағанмен,  араб  алфавиті  мен  орыс  жазу  үлгісінің  ара-
сында астыртын айқас күшейе түскен тəрізді. Молдалар кей 
тұста  құранның  түсініксіз  сүрелерін  жаттатып,  халықтың 
шығармашылық  ойын  бұлыңғырлатып,  əлдебір  ертегіде-
гідей  бұлдыр  дүниені  уағыздаса,  орыс  оқуын  көксейтіндер 
жаңа  бір  əлемге,  жаңа  бір  өнерге  жол  бастап,  елді  білім-
сана  жағынан  есейе  түсуге  жетектейді.  Осы  бір  жай  көзге 
елеусіз,  бірақ  халықтың  ішкі  дүниесіндегі  бұлқынысты 
кезінде  Шоқан  Уəлиханов  дəл  байқаған  екен: «Қазіргі 
кезеңде  ескі  мен  жаңаның:  мұсылмандық  шығыс  пен 
орыс  арасында  жай  көзге  байқалмас  күшті  күрес  жүріп 
жатыр»
50
, – дейді.
Халқымыздың  мəдениетін  өркендетіп,  сауатын  арттыра 
түсуде араб жазуының пайдасынан зияны молдау болғанын 
қазақтың  сауатты  ер-азаматтары  көптен-ақ  байқаған.  Əсі-
ресе, шала сауатты молда дамыллалардың балаларды оқыту 
ісіндегі  өнімсіз  тірлігі  көптеген  көзі  ашық  адамдардың 
50
 Валиханов Ч. Соч. «Записки Русского Геогр. об-ва по отделу географии». 
1909. 1, 29, 192.

134
жігерін  құм  ететін.  Сондықтан  да  олар  елдің  басындағы 
бұл  надандық  күйді  күңірене  жазып,  содан  құтылудың 
амалын  қарастыратын.  Олар,  əсіресе,  қазақ  тілін  білмейтін 
дүмшелердің  сабақ  үйретуде  тіл  бұзарлық  қылмысына 
қынжылмай  тұра  алмады.  Осы  өрескелдікпен  бітіспейтін 
күреске  түскен  адамның  бірі – Ыбырай  Алтынсарин.  Ол 
бірде  өзінің  досы,  орыс  ориенталисі  Н.И.  Ильминскийге
51
 
жазған  хатында  «Молдалар  адам  миын  су  қылудың  үстіне, 
табиғи  тілді  де  бұзып  бітті»  деп,  ащы  шындықты  айтып 
күйзеледі.  Қазақ  оқымыстыларының  сол  кездің  өзінде-ақ 
тіл  тазалығын  əңгіме  етуі  таңғаларлық  жайт  емес  пе? 
Ол  мұнымен  қоса,  қазақ  тілінде  кітаптың  болмағанына 
қынжылады.  Қарап  отырсақ,  араб  əліппесімен  немесе  сол 
араб тілінің өзінде қазақ халқының қамын ойлап жазылған 
еңбекті табу қиын екен. Міне, сондықтан да ұлы педагогтің 
тағы бір тұста моллалар оқытып жүрген татар, араб, парсы 
тіліндегі кітаптар адамды айқын ойлылықтан алшақтатады, 
сондықтан басқа халықтар сияқты, қазақтарға да өз тілінде 
жазылған,  ақылға,  ілімге  жетектейтін  кітаптар  керек  деуі 
əбден дұрыс. 
Төңкеріс  алдындағы  аумалы-төкпелі  кезеңдерде  пайда 
болған жазу мəдениетімізге аз да болса қатысы бар еңбектер-
ді саралай келе мынадай түйін жасауға болатын тəрізді. 
Қазақстан  территориясында  бірнеше  жазу  үлгілері  бол-
ған. Олар – орхон-енисей жазба ескерткіштері, көне ұйғыр 
немесе  кейбір  оқымыстылардың  айтқанындай,  ұйғыр-най-
ман жазуы жəне соғды жазуы. Бұларды өз кезеңінде біздің 
республиканы  мекендеген  түркі  тайпаларының  өкілдері 
пайдаланған.  Ендеше,  бұл  жазу  үлгілерінің  негізінен  сол 
тайпалардан құралып отырған қазақ, қырғыз, өзбек, əзірбай-
жан,  татар,  башқұрт,  чуваш,  якут  т.б.  халықтардың  қай-
қайсысына да тікелей қатысы бар. 
51
 Ильминский Н. Воспоминания об И.Алтынсарине. Казань, 1895. С. 215.

135
Екіншіден, VІІІ–ІX  ғасырлардан  бері  қарай  халқымыз-
дың  тарихында  бірнеше  ғасыр  бойы  ілесіп  келген  араб 
жазуымен  XІX  ғасырдың  екінші  жартысында  бой  көрсете 
бастаған орыс жазу үлгілерінің де саралануға тиісті келеңді-
келеңсіз  жағы  бар.  Оның  қайсыбір  тұстарын  біз  жоғарыда 
талдап  беруге  тырыстық.  Соны  нақтылап  түсіндіру  үшін 
алдымен  мынадай  сұраққа  жауап  беру  керек  сияқты.  Төң-
керістен  бұрынғы  араб  жазуы,  арабша  оқу  мен  орыс  гра-
фикасы, орыс оқуы бізге, біздің халқымызға не береді? Біз 
бұл сұрақты қазақ халқының мəдени тарихына орай қойып 
отырмыз...
Алдымен  есте  тұтатын  бір  жай  мынадай.  Бұл  жазулар-
дың  қай-қайсысы  да  халықтың  өз  қалауымен  қабылданған 
жазу  емес.  Мəселен,  араб  жазуы  басқыншылардың  о  ба-
ста  елді  билеудің  бір  тəсілі  есебінде  тұтынған  құралы  бо-
латын.  Олар  халықтың  көзін  ашып,  əлем  сырын,  табиғат 
құпиясын  білдіретін  ғылым  тілін  үйретуді  мақсат  етпеген. 
Онсыз  да  қараңғы  қазақтың  қамсыз,  қаракетсіз  тірлігі  мен 
ауыр  тұрмысының  себебін  іздеп,  түсіндіруге  мұршасын 
келтірмеген,  көбінесе  «бұл  дүниеде  азапты  көп  шеккен 
адам,  о  дүниеде  рахатқа  кезігеді»  деген  құлшылық,  кө-
німпаздық  ұғымды  миға  құюмен  болған.  Мұның  өзі  ел 
билеушілер  мүддесін  көздейтін  пəлсафа  еді.  Байқап  қара-
саңыз, халқымыздың басынан өткен сан жылдар, əлденеше 
ғасырлар – үрейлі  бір  наным,  сенімге  жалбарынуымен 
өткен,  өкініші  мен  өксігі  көп  кезеңдер  екен.  Міне,  соның 
кесірінен  де  тарих  керуенінің  көп  жолдары  бізге,  мына 
кейінгі  дəуір  ұрпақтарына  көмескі  боп  көріне  береді.  Сол 
бір дəуірлер сырын айқын, анық етіп жазған, не айтып кет-
кен білікті азамат, не білім-мағлұмат берер беделді кітапқа 
бай  емеспіз.  Өзге  жұртқа  қарағанда,  өткен  тарихымызды 
жұпынылау  сөз  етіп,  жадағайланып  шыға  беретіндігіміздің 
мəнісі осында.
Ғасырлар  бойы  ортамызда  болған  оқу  үлгісінің  «орын-
даған  бір  ісі» – діни  мектеп-медреселерге  сол  дінді,  шари-

136
ғатты  уағыздап,  құран  сүрелерін  жаттатқызатын  молда-
мүриттердің  көбі  елдің  санасын  оятумен  емес,  шатастыру-
мен болды. Міне, араб оқуы мен жазуының бізге бергені осы.
Əрине, мəселенің екінші жағын да ескеруіміз керек. Ау-
зымызды  қаншама  қу  шөппен  сүрткенмен,  көптің  қолын-
дағы жалғыз қару осы болған соң, там-тұмдап дəуір, кезең 
келбетін  елестетер  ескерткіштердің  де  қалғанын  жасыруға 
болмайды.  Шығыс  əдебиеті  мен  мəдениетінің  небір  асқан 
үлгілерін қазақ жұртшылығы, ең алдымен, осы жазу арқылы 
таныды.  Өзінің  ауыз  əдебиетінің  тамаша  туындыларын 
бірден-бірге  жыршы,  жыраулар  арқылы  жеткізумен  бірге, 
араб  əліппесін  пайдаланып  та  елге  таратып  отырғанын 
білеміз. Келе-келе халқымыз өз мүддесін, өз мəдениеті мен 
өзіндік  тірлік-тынысын  ортаға  салып,  жұртшылықпен  ой-
ласар  тұста  өз  газеттерін,  өз  журналын  шығарып  жатты. 
Бұл  газет-журналдарды  шығаруда  да  қазақ  зиялылары  осы 
араб  жазу  үлгісін,  соның  алфавитін  пайдаланды.  Ал  енді 
осы  газет,  журналдар  қандай  орфографиялық  ережелерге 
сүйенді,  қандай  норманы  ұстанды  десек,  бұл  жазу  үлгілері 
ешқандай сын көтермейді. Көптеген материалдармен таны-
сып шыққанда, жалпы түркі тілдес халықтардың ортақтығын 
дəлелдейтін  «морфологиялық  принципті»  біздің  қазақ  га-
зеттері  көбінесе  ұстана  бермеген.  П.М.  Мелиоранскийдің 
байқауынша,  араб,  парсы  сөздерін  ескіше  сауатты  адамдар 
сол  тілдегі  нұсқасын  сақтап  жазғанда,  шала  сауаттылар 
қалай  естілсе,  солай  жазуды  дағдыға  айналдырған.  Мыса-
лы, уəде деген сөздің жазылуын Р.Ғ. Сыздықова
52
 осы пікірге 
дəлел  ретінде  алады.  Мұны  олар  уағда  деп  жазудың  орны-
на – уəде деп жаза берген. 
Ғалым  бұл  жағдайды  сəл  басқашалау  түсіндіреді.  Ол: 
мəселе  жазушының  «сауаттылығында»  ғана  емес,  нені  жа-
зуына  қарау  керектігінде.  Абайдың  қара  сөздерін  тексеру 
үстінде  ғалым  бір  қызық  фактіні  байқайды.  Егер  əлгіндей 
52
  Сыздықова  Р.Ғ.  Вопросы  развития  казахского  правописания // Қазақ 
филологиясының мəселелері. Алматы, 1964. 89-б.

137
сөздер  діни  адамдарға  арналса,  араб,  парсы  тіліндегі  түрі 
қатты сақталады екен де, жай азаматтық əуенде қарапайым 
нəрселер жазылатын болса, қазақ тіліндегі естілу нұсқасын 
сақтайды. Осындай жайтты өзге де зерттеушілер байқайды. 
Ертеректе – С.  Аманжолов,  Қ.  Жұбанов,  Х.  Басымов  т.т., 
кейінірек Б. Əбілқасымов, С. Исаев еңбектерінен
53 
араб, пар-
сы  сөздерінің  жазылуы  жайында  мағлұматтар  кездестіруге 
болады.  Жоғарыда  аталған  мақаласында  Р.Ғ.  Сыздықова 
төңкеріске дейінгі жазу жүйеміздің біраз кемшіліктерін атап 
көрсеткен.  Араб  алфавиті  дауысты  дыбыстарға  бай  емес. 
Қазақ  аффикстерінің  жуан,  жіңішкелік  белгілерін  бере  ал-
мады;  дауыстыдан  басталатын  сөз  алдында  сүйеніш  таяқ – 
алиф босқа тұратын еді. Дауыссыз дыбыстардың жазылуын-
да да жүйе болған жоқ. Ы – і дыбыстарын таңбалайтын бола 
тұра, ол жазуда көрсетілмейтін – бір; септік жалғауы өзіне 
тиісті  сөзден  бөлек  жазылатын.  Ал  шылаулар  сөздермен 
бірге жазылады.
Қысқасын  айтқанда,  қазақ  орфографиясы XX ғасырдың 
басына  дейін  жүйесіз,  қалай  болса,  солай  жазылып  келді 
деген  пікірге  əбден  қосылуға  болады.  Өйткені  оңай  нəрсе-
лердің  өзін  жүйелеп  беруге  араб  жазуының  мұршасы 
болмағанын  байқаймыз.  Сондықтан  да  араб  жазуына  бай-
ланысты  қазақ  орфографиясының  сол  кездегі  сыңайын 
П.М.  Мелиоранский  өте  дəл  байқаған.  Ол  былай  дейді: 
«Қырғыздар (қазақтар – Ө.А.) орфографиялық ережені жеке 
адамдардың  көрсетуі  бойынша  ұстанып  отырған,  ал  олар-
дың  негізгі  көпшілігінің  сауаты  шамалы  болғандықтан, 
жазуларында  түсінікті  қиындататын  əр  алуан  қателер  көп 
болатын»
54

53
  Жұбанов  Қ.  Қазақ  тілі  жөніндегі  зерттеулер.  Алматы, 1966; Аманжо-
лов С. Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мəселелері. Алматы, 1957; 
X. Басымовтың «Еңбекші қазақ» газетіне жарияланған мақалаларын қараңыз.
54
  Мелиоранский  П.М.  Краткая  грамматика  казак-киргизского  языка.  СПб., 
1894, Ч.І. С.13.

138
Араб  жазуының  осындай  кемшіліктеріне  байланысты 
1914  жылы  арабшылдар  Орынборда  қазақ-қырғыз  оқыған-
дарының  съезін  шақырып,  алфавитке  біраз  жаңалықтар 
енгізеді.  Бұл  жерде  кейін  негізгі  үлгіге  айналған  А.  Бай-
тұрсынұлы  өзгерістерін  ерекше  атау  керек.  Мұнда  біраз 
əріпті қысқартып жазу ережелері жүйеленді. Шынында, бұл 
үлгі  латын  жазуына  дейінгі  мұқтажымызды  өтеген,  едəуір 
прогрестік  мəні  бар  жазу  болатын.  Бұл  үлгіні  күні  бүгінге 
дейін  Қытай,  Моңғол  қазақтары  тұтынып  отыр.  Осының 
өзінен-ақ  А.  Байтұрсынұлы  жасаған  жазудың  əлдеқайда 
өміршеңдігін көреміз.
XІX  ғасырда  қазақ  арасына  орыс  оқымыстылары  мен 
ойшылдарының  келе  бастауының  нəтижесінде,  халқымыз-
дың  мəдени  өмірінде  елеулі  өзгерістер  бола  бастайды. 
Негізінен,  патша  үкіметінің  тапсырмасын  орындай  келген 
бұлар  қазақтың  тілін,  тарихын,  ауыз  əдебиетін  зерттейді. 
Жер-жерде  орысша  мектептер  ашылып,  онда  қазақ  балала-
ры  да  оқиды.  Енді  қазақтар  арабша  оқумен  қатар  орысша 
да  оқи  бастайды.  Қазақтардың  өз  ішінен  Ы.  Алтынсарин, 
Ш.  Уəлиханов  тəрізді  орысша  білім  алған,  озық  ойлы  аза-
маттары  жетіле  бастайды.  Жоғарыда  есімдері  аталған 
орыстың  ориенталист-оқымыстылары  қазақ  тілінің  факті-
лерін  орыс  графикасына  түсіріп,  орыс  тілін  үйренетін 
қазақтар үшін жəне керісінше қазақ тілін оқитын орыс жəне 
басқа ұлт өкілдері үшін оқу құралдарын жазумен айналыса-
ды. Сөйтіп, бұл кезең орыс оқуы мен араб жазуының астыр-
тын айқасқа түскен тұсы болатын. 
Алайда  орыс  оқымыстыларының  қазақтарға  орысша 
үйретіп, олармен араласа бастағанына қарап, патша үкіметі 
саясатының  астарын  көрмей  кетуге  болмайды.  Патша  мен 
орыс  буржуазиясының  мұндағы  көксегені – бұратана  елді 
билеуге  тікелей  жəрдемдесетін  қолшоқпар  дайындау  бо-
латын.  Расында  да,  Ыбырай  мен  Шоқан  сияқты  жарқырап 
шыққан жұлдыздар болмаса, ол кездегі орыс мектебі ең ал-
дымен,  өз  елін  тізе  бүктіретін  толып  жатқан  қазақ  чинов-

139
никсымақтарын  берді.  Олардың  өз  жұртына  деген  бар 
жақсылығы  бірінің  үстінен  бірі  ұйымдастырған  арыз-
шағымдарды орысшалап, ұлықпен екі арадағы итіс-тартыс-
та  өз  басына  пайдалы,  шашылған  мүлікті  қағып  түсіп, 
қылғыта  беруден  əрі  асқан  жоқ.  Төңкеріске  дейінгі  халқы-
мыздың  тарихында  болған  екі  түрлі  үлгінің  пайдасы  мен 
зияны қысқаша айтқанда осындай.
Жазу – адамзат қауымы тапқан мəдени мүліктің ең асыл-
дарының  бірі.  Жазу  əліппеге  (алфавитке)  тəуелді.  Мəдени 
өрлеуге  себепші  болған  жазудың  негізі  алфавит  деп  тани-
тын  болсақ,  əліппені  асқан  даналықтың  туындысы  деп 
қарауымыз  керек.  Мəдени  прогрестің  айқын  бір  белгісі  ең 
алдымен  ғылым-білімнің  өркендеуінен  көрінеді.  Білімнің, 
ғылымның  дамуы  қай  елді  болса  да  мəдени  өрлеуге  же-
телейді.  Егер  кеңес  өкіметі  мəдени  төңкерістің  маңызды 
бір  тармағы – тіл  қозғалысын,  сауаттылық  мəселесін  қолға 
алмаған  болса,  дəл  бүгінгідей  дəрежеге  ешқашан  да  жете 
алмаған болар еді. Біздің еліміз ешқандай саяси-əлеуметтік 
өзгерістер  мен  экономикалық  жетістіктерді  көре  алмаған 
болар еді. Бұл тұста патшалы Ресей кезіндегі империализм 
идеологтарының мына бір сорақы пікірін еске түсіру қажет: 
«Олар тілдердің грамматикалық ережесін жазып, оған азда-
ған  əдеби  өң  беріп,  жазумен  жабдықтап  мектепке  енгізуді, 
сөйтіп  соған  лайықты  халықтар  тобын  жасауды»
55 
мақсат 
еткенін жасырмай айтады. Ол кездегі «қамқорлықтың» сиқы 
осындай екенін кезінде ұққан В.И. Ленин бастаған больше-
виктер партиясы ə дегенде жаңа жəне көне əдеби тілдердің 
қай-қайсысын  да  қалыпқа  түсіріп,  дамытуды  тарихи  қысқа 
мерзімде  іске  асыруға  кірісті.  Сауатсыздықты  жою  үшін 
сауаттылардың сапасын анықтап, саналы əрекетке көшу ке-
рек болды. Осы мəнді мəселеде арқа сүйеріміз ғалымдар мен 
алдыңғы қатарлы зиялылар болғаны мəлім. Солардың ішінде 
озық ойлылары мен жоғары білімділерін жетекке алып, жаңа 
55
 Журнал Министерства народного просвещения. 1887, февраль. С.37.

140
дүние  жаңалықтарының  жаршысына  айналдыра  білді.  Ұлт 
жəне  тіл  мəселесі  жөнінде 1921 жылы  өткен  партияның 
X съезі нақты тұжырымға келді.
...Оның  жалпы  мазмұны  өз  сөзімізбен  айтқанда,  былай 
болып  шығады.  Алға  кеткен  орталық  Ресейді  қуып  жету 
үшін  орыстан  өзге  халықтардың  еңбекші  бұқарасына  жəр-
дем  ету.  Мəселен,  сол  халықтардың  ұлттық  болмысына 
сəйкес  келетін  кеңестік  мемлекеттіліктің  түрі,  ана  тілінде 
жұмыс  істейтін  жергілікті  тұрғындар  тұрмысы  мен  мінез-
құлқын  жақсы  білетін  адамдардан  тұратын  сот,  əкімшілік, 
шаруашылық,  өкімет  органдарын  дамытып  тұрақтандыру 
қажеттігі  айтылды.  Сондай-ақ,  ана  тілінде  баспасөзді,  мек-
тепті,  театрды,  клуб  пен  мəдени-ағарту  мекемелерінің 
жұмысын  жандандыру,  басқару  жүйесімен  əсіресе,  оқу-
білім  саласы  бойынша  жергілікті  жерде  партия,  кеңес  қыз-
меткерлерін,  білікті  маман  жұмысшыларды  жеделірек 
даярлау үшін жалпы жəне кəсіптік-техникалық білім беретін 
мектептер мен курстар тармақтарын (əсіресе, қырғыз (қазақ), 
башқұрт,  түрікпен,  өзбек,  тəжік,  əзірбайжан,  татар,  дағыс-
тандықтар  үшін)  ашып,  дамыту
56
  жөнінде  нақты  шаралар 
жүргізілді. 
Сол  мамандарды  əзірлеп,  өркениеттен  кенжелеп  қалған 
шет  аймақтар  жұртшылығын  социалистік  экономикамен 
мəдениетке  қосу  үшін  əрбір  ұлттың  өз  ана  тілінде  көпке 
ортақ жазу жүйесі жасалуы тиіс болды. 
Бұл  игі  іспен  айналыспаған  адам  кемде-кем:  басшы 
қызметте  отырған  кісілер,  алдыңғы  қатардағы  интелли-
генция  өкілдері  т.т.  Əсіресе,  тіл  білімпаздары  төңкеріс 
алдындағы  жылдардағыдай  тиіп-қашып  факті  жинаумен 
ғана  шектелмей,  еліміздегі  барлық  тілдердің  бүгінгі  жайы 
мен  даму,  жетілу  мүмкіндігін  жоспарлы  түрде  жүйелей 
зерттеумен шұғылданды.
56
  КПСС  в  резолюциях  и  решениях  съездов,  конференций  и  пленумов.  М., 
1953. С. 559.

141
Мемлекетіміз  жергілікті  ана  тілінде  оқу  құралдарын 
жəне  аударма  кітаптарды  көптеп  шығара  бастады.  Ал  га-
зеттер  мен  журналдардың  халық  игілігіне  қызмет  етуі 
мəдени жетістігіміздің бір парасы болып табылады. 
Алғашқы бесжылдықтар тұсында оқу-ағарту ісінде қыр-
уар жұмыстар істелді. Кеңес Одағы жаппай сауатты мемле-
кетке  айналды.  Халқымыздың  жасампаз  еңбегінің  нəтиже-
сінде бұл жылдары шынында да капиталистік мемлекеттер-
дің  ешқайсысының  өңі  түгілі  түсіне  де  кірмейтін  ғажайып 
мəдени  өрлеу  жасалды.  Осы  мақсатты  орындауға  бірден-
бір себепкер болған іс – тіл проблемаларының дұрыс жолға 
қойылуы деп білеміз. 
Қазан  төңкерісінен  бергі  жердегі  жазу  мəдениетіміздің 
тарихын үш кезеңге бөліп қарастырған жөн. Негізінен араб 
жазу үлгісін пайдаланған 20-жылдарды – алғашқы кезең деп 
қарасақ,  латыншаны  əжетке  жаратқан 30-жылдарды  екінші 
кезең  деп  білеміз.  Ал 40-жылдардың  басынан  біз  жап-
пай  орыс  үлгісін  пайдалана  бастадық.  Содан  бері  қарайғы 
уақытты – үшінші кезең есебінде қарастыру дұрыс.
Аталған  үш  кезеңде  халқымыз  үш  түрлі  жазу  үлгісін 
пайдаланған екен. Үш топқа бөліп қарауымыздың мəнісі де 
осыған байланысты. 
Бұл  үш  жазудың  сауат  ашу  ісінде  қилы  мінез  танытқа-
нын  жасыруға  болмайды.  Ол  жөніндегі  қайсыбір  ойлары-
мызды айтпас бұрын, мына жайға мəн бере кетейік. 
В.И.  Ленин 1919 жылы 26 желтоқсанда  РСФСР  тұр-
ғындары ортасында сауатсыздықты жою жөніндегі декретке 
қол қойды.
Қазақстан  үкіметі  елді  жайлаған  аштық  пен  жалаңаш-
жалпылыққа  қарамастан  бұл  жылдары  көптің  сауатын 
ашуда  орасан  зор  жұмыстар  жүргізді.  Ол 1921 жылғы 
26  шілдеде  сауатсыздықты  жою  туралы  арнайы  қаулы  қа-
былдап, нақты шаралар белгіледі. Мемлекеттік мəні ерекше 
мəселені  жүзеге  асыра  аларлық  қабілеті  бар 16 мен 50-дің 
арасындағы  сауатсыз  азаматтардың  бəрі  еңбекке  тартыл-

142
ды.  Еңбекші  бұқараның  ынтасымен  партия  басшылығы 
жүргізген  жұмыстарының  нəтижесінде 1920-21 жылдары 
Қазақстанда 2412 сауатсыздықты  жою  пункттері  ашылған 
екен.  Онда 72232 адам  оқыпты.  Жаппай  сауаттану  кезінде 
кездескен  қиындықтардың  ең  бастысы  ана  тілінде  оқыта-
тын  оқу  құралдарының  жетіспеуі  жəне  сапасының  төмен-
дігі еді. 
Алайда  жыл  өткен  сайын  жұмыс  жандана  түсті.  Егер 
1923  жылы 3000 адам  сауаттанып, 90270 адам  оқытатын 
1003  пункт  ашу  көзделсе, 1924–25 оқу  жылында  мұндай 
пункттердің саны 6677 болған екен. 
1921–22 жылы тұңғыш рет қазақша оқу құралы басылып 
шықты. Оның біразы Қазан қаласында басылған. 
Ал 1925–26 оқу жылында республика бойынша 3344 мек-
теп  жұмыс  істей  бастаған.  Оның 111-і  ғана  жеті  жылдық 
жəне екінші басқыш (вторая ступень) мектеп болған. Бұларда 
сабақ оқыған 17720 баланың 3048-і қазақ екен. 215142 бала 
оқитын 3233 бастауыш мектепте 67769 қазақ баласы
57
 білім 
алған. 
Сөйтіп, 1920 жылы  республика  бойынша  сауаттылар 
санын  процентке  шаққанда 14,4 болса,  оның  ішінде  қазақ-
тар  қалада 13,9 процент  те,  ауылды  жерлерде 2,9 процент 
болған.  Ал 1926 жылғы  санаққа  жүгінсек,  сауаттылығы-
мыздың  едəуір  арта  түскенін  байқаймыз.  Мəселен, 17 мен 
35  жастағылардың  сауаттылығын  əртүрлі  ұлт  өкілдері  бо-
йынша  салыстырып  қарасақ,  республика  бойынша  сауатты 
қазақтар  саны 10 процентке,  орыстар 57 процентке,  укра-
индар 50,9, татарлар 67,5 процентке
58
 жеткен. Сонда 1920–
1926  жылдар  арасында  республикамызда  сауаттылардың 
саны 244 мың адамнан асқан. 
Баспа орындары ашылып, онда қазақша кітаптар шығару 
ісі жолға қойылды. Жаңадан пайда болған газет, журналдар 
57
  Директивы  ВКП(б)  и  постановления  Сов.  правительства  о  народном 
образовании за 1918–1947 гг. М., 1947.
58
 ҚазССР Орт. мемл. мұрағаты. 81-қ., І т., 1513-іс.

143
мəдени  шаруашылығымыздың  жандана  түсуіне  сеп  болды. 
Бұлардың біразы қазақ тілінде шықты. Мысалы, 1925 жылы 
республика бойынша 31 газет, соның 13-і қазақша екен. Ел 
сауаттана  бастаған  соң  жергілікті  тілшілер  саны  да  көбейе 
бастады. 
Міне, осы аталып өткен шаралардың бəрі – баспа жұмысы, 
ісқағаздары,  газет,  журналдар,  қаулы-қарарлар  т.т.  қай-
қайсысы  да  хатқа  араб  алфавитінің  негізінде  түсіпті.  Түркі 
тілдес  халықтардың,  соның  ішінде  қазақ  тілінің  дыбыстық 
жүйесін  толық  бере  алмайтын  араб  жазу  үлгілерінің 
кемшіліктерін  көре  отырып,  неге  тағы  да  оншақты  жыл 
бас қатырдық, бірден неге латын немесе орыс графикасына 
көшіп  алмадық  деген  сұрақ  тууы  мүмкін.  Мұның  бірнеше 
тарихи  себептері  бар.  Қазақ  халқының  негізгі  көпшілігі 
сауатсыз  болды  деп  келдік.  Алайда  кемшілігі  бола  тұра 
олар пайдаланып келген арабша жазу үлгісін есепке алсақ, 
жұртшылықтың  біразының  осы  жазу  арқылы  едəуір  са-
уат  ашқанын  мойындау  керек.  Бұл – факт.  Тарихи,  діни 
қиссаларды  заулатып  оқып,  сəл  де  болса  көптің  көкейіне 
шырағдан  жаққан  молла-дамыллаларды  былай  қойғанда, 
өзара  хат  жазысып,  хабар  алысарлық  халде  болған  жұртты 
тарихтан білеміз. Ескерілген бір жайт осы. Екіншіден, елдің 
көпшілігі  там-тұмдап  қара  танығанмен  əлі  санасы  жетіле 
қоймаған кезі. Сондықтанда жаңа өмірдің жаңалықтары мен 
ескі  өмірдің  етекбасар  ескі  əдет-ғұрып,  наным-сенімдері 
арасындағы  күрестің  жеңісе  алмай,  арбасып  тұрған 
шағында  халықтың  көзі  үйренген  жазуды  тастап,  бірден 
басқа  алфавитті  қабылдай  қою  қиындықтар  əкелер  еді. 
Үшіншіден, осындай шақта еңбекші бұқараға жаңа дəуірдің 
жарқын  істерін  байқататын,  партияның  қаулы-қарарлары 
мен  шешімдерін,  əзірше  өзіне  түсінікті  жазу  үлгісін  пай-
далана  отырып  жеткізу  жағы  көзделді.  Міне,  осындай  бір-
неше  объективті  себептерді  ескерген  сол  кездегі  үкімет 
бірден-бір дұрыс шешім тапты деуге болады. 

144
Уақытша болса да көптің қажетін өтеп отырған бұл жа-
зуды  енді  қазақ  тілінің  заңдылықтарына  орай  жақсарта, 
жандандыра  түсудің  амалы  қарастырылды.  Бұл  істе, 
əсіресе,  қазақтың  оқыған  зиялы  азаматтары  атсалысты. 
Олар  орыс  оқымыстыларының,  мамандарының  теориялық 
еңбектерін  зерттей  отырып,  қазақ  жазуын  ғылыми  жүйеге 
түсіруге  əрекеттенеді.  Сол  кездегі  газет,  журналдарды 
қадағалап  қарағанда,  осы  мəселеге  арналған  материалдар-
ды  кездестіруге  болады.  Алайда  араб  жазуын  жақсартуға 
арналған ауыз толтырып айтарлық мақаланы айта қою қиын. 
Араб алфавитіне дəйекші енгізіліп, қайсыбір əріптердің қыз-
меті сараланды: 1924 жылы оған реформа жасалып, оны қазақ 
тілінің  ережелеріне  үйлестіру  бағытында  біраз  нəтижелі 
жұмыстар жасалғаны мəлім. Қайсыбір басы артық əріптерді 
алып  тастап,  ана  тілімізге  бейімдеу  жағы  қарастырылды. 
Осы  əрекеттің  басы-қасында  А.Байтұрсынұлы  тұруы  жа-
зуымыздың саралана түсуіне зор əсерін тигізді. Сөйтіп, бұл 
алғашқы  Реформаның  нəтижесінде  ұлттық  жазуымыз  бен 
алфавитімізді  біршама  жөнге  келтірдік.  Осындай  алғашқы 
əрекеттер ұлттық мəдениетімізді өркендету саласына септігі 
тиген алғашқы кезең ретінде бағаланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет