Терминологиясы


-шы, -ші,  -лық, -лік, -шылық, -шілік, -ма, -ме, -ыс, -іс, -с, -ым, -ім



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата05.02.2017
өлшемі1,84 Mb.
#3429
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
-шы, -ші, 
-лық, -лік, -шылық, -шілік, -ма, -ме, -ыс, -іс, -с, -ым, -ім, 
-ш, -іл, -л, -қы, -кі, -у  қосымшаларын  өнімділер  қатарына 
қосып жүргенін ескеру керек. 
Алайда бұл қосымшалардың терминжасамдағы өнімділігі 
үнемі бір деңгейде емес екені де түсінікті болар. Терминдік 
материалды сұрыптағанда, əсіресе қоғамдық ғылымдар тер-
минологиясын  сарапқа  салғанда,  бұлардың  терминжасам 
процесіндегі  қызметі  əрбір  кезеңге  орай  жəне  ғылым  мен 
техниканың  даму  деңгейіне  байланысты  құбылып  отыра-
тынын  көреміз.  Өнімсіз  деу  немесе  өнімділігі  орташалау 
деп танылып келген кейбір жалғаулардың -ым, -ім, -м, -ыс, 
-іс, -с, -қы, -кі, -к, -қыш, -кіш, -уыш, -уіш, -кері, -гері қоғам 
68
 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология.

173
дамуының сипатына сəйкес ерекше активтілік танытатынын 
көптеген мысалдар дəлелдейді.
Тілде  бұрыннан  қалыптасқан  сөз  жасау  модельдерінің 
ізімен  жасалатын  бұл  тəсіл  де  терминжасамның  ең  өнімді 
амалдарының  қатарына  жатады.  Бұл  да  тіл  байытудың  бір 
көзіне  айналды.  Морфологиялық  тəсіл  арқылы  жасалған 
лексиканы былай қойып, терминдердің өзіне септер болсақ, 
оның санын анықтау қазір қиынға түсер еді. Термин жасауға 
қатыстырылатын  қосымшалар  тек  ұлттық  тіл  лексикасына 
ғана  жалғанумен  шектелмейді,  олар  интертермин  сөздерге 
де, советизмдерге де, орыс тілінен енген кірме сөздерге де 
жалғана  береді  (автоматтандыру,  индустрияландыру, 
электрлендіру,  коллективтендіру,  министрлік,  колхозшы, 
стахановшы  т.б.).  Зат  не  мамандық  атаулары,  бір  нəрсенің 
ерекше  белгілерін  атау  мақсатында  қазақ  тілінің  кейбір 
жалғаулары термин жасаудың тұрақты элементіне айналды 
десек те болады.
Терминнің  дəл  болуы  негіз  бен  қосымшаның  үйлесуіне 
тікелей  байланысты.  Осы  екеуі  жымдаса  келе  терминдік 
мəнге көшеді. Сондай атауларды жасауда қазақ тілінің -шы, 
-ші  қосымшалары  арқылы  мынадай  терминжасам  моделі 
қалыптаса бастағанын көреміз. Мұның өзін бірнеше үйірге 
бөліп қарауға болар еді.
Біріншіден, -шы, -ші жұрнағының негізгі түбірге қосылуы 
арқылы  жасалған  терминдер  тіл-ші,  үгіт-ші,  шолу-шы, 
хабар-шы, тəрбие-ші, күзет-ші, жазу-шы,əн-ші, берсиев-ші, 
жасақ-шы, мысал-шы, дүкен-ші, əмір-ші, кеңес-ші, есеп-ші, 
сақ-шы,  еңбек-ші  тəрізді  қазақтың  төл  сөздеріне  жалғанып 
жасалғандар  бір  төбе  де,  трактор-шы,  бетон-шы,  спорт-
шы, коньки-ші, футбол-шы, архив-ші сияқты кірме сөздерге 
жалғану арқылы жасалған сөздер бір төбе.
-Шы, -ші  қосымшасы  туынды  түбірлерге  де,  біріккен 
сөздерге  де,  тіпті  тіркесім  сөздерге  де  жалғана  береді. 
Осы  жолмен  жасалған  терминдер  тіпті  көп.  Өнеркəсіп-ші, 
құс  өсіру-ші,  үздік  оқу-шы,  заң  шығару-шы,  жер  өлшеу-

174
ші,  жылнама-шы,  атқос-шы,  негізін  салу-шы,  қолбас-шы, 
қолқабыс-шы,  өндіру-ші,  қолөнер-ші,  фототіл-ші  тəрізді 
терминдер  қазір  əдеби  тіліміздің  сөздік  қорынан  тұрақты 
орын тепкен.
Сонда  байқап  отырсақ,  бұл  қосымша  жалғанған  сөзіне 
екі түрлі мағына телиді екен. Бірі – белгілі бір мамандық не-
месе кəсіп иесі (тілші, жазушы, тəрбиеші) дегенді, сондай-
ақ  оны  жақтаушы  (стахановшы,  динамошы,  мичуринші
дегенді меңзейді. 
О  бастан  өнімді  жұрнақтың  бірінен  саналатын  бұл 
қосымша  тек  байырғы  қазақ  сөздерінің  түбірлеріне  ғана 
жалғанып қоймай, көптеген кірме сөздерге де (скрипкашы, 
арматуршы,  тракторшы)  жалғанып,  термин  тудырудың 
аса бір өнімді көзіне айналды.
Төңкерістен  бұрын  жолаушы,  қайыршы,  темірші, 
өтірікші,  үйші,  емші,  сатушы  сияқты  бірен-саран  сөздер 
құрамында  ғана  кездесетін  бұл  қосымшаның  сөзжасамдық 
қызметі,  əсіресе  Қазан  төңкерісінен  былайғы  жерде  тіпті 
күшейе  бастайды.  Мысалы, 20-жылдардағы  баспасөз  ма-
териалдары
69
  мұны  айқын  аңғарта  алады.  Кітапханашы, 
тілші, нұсқаушы, бақылаушы, еңбекші, кəсіпші деген сөздер 
осыған дəлел.
30-жылдары  -шы  -ші  қосымшасы  кірме  сөздерге  жал-
ғанып, терминологиялық лексиканың қарасын көбейте түсті, 
дегенмен  капиталшы  (капиталист),  оппортуншы  (оппор-
тунист),  пайдашы  (отходник)  сияқты  мысалдар  терминжа-
сам принциптерінің əлі де принципті негізде жолға қойыла 
алмағанын байқатады.
Ал 40–50-жылдары  осы  жұрнақ  арқылы  жасалған  мон-
тажшы,  сəулетші,  сайлаушы,  заводшы,  басқыншы, 
егінші,  нұсқаушы,  зерттеуші,  басшы,  балташы  (плотник), 
қырғыншы (погромник), тұтынушы тəрізді сөздер терминдік 
69
  Исаев  С.  Язык  периодической  печати 1920-х  годов.  Автореф.  дисс.  канд.
филол. наук. Алма-Ата, 1966.

175
жүйе қатарын молайтты. 70–80-жылдары бұл қосымшаның 
өнімділігі  тіпті  күшейе  түсті  (жүргізуші–  ведущий;  хабар-
шы – вестник; вкладшы, өктемші – властелин; газетші, іс 
жүргізуші– делопроизводитель; жанршы, шапқыншы – за-
воеватель, басқыншы – захватчик; сайлаушы – избиратель; 
хабаршы – информатор; орманшы – лесник т.т.).
-Шы  -ші  жұрнағы  көбіне-көп  орыстың  -ист, -ец, -ун, 
-тель, -щик, -ник, -ик, -чик, -атор  –  қосымшаларының 
жалғауымен  жасалған  сөздерді  аударуға  келгенде  тіпті 
өнімділік  байқатады.  Сонда  бұл  жалғаудың  əлгіндей 
қосымшаларымен келетін сөздерден термин жасауға маман-
дана бастағанын байқаймыз. Аудармашылар мұның осындай 
жүйелі қызметін аңғарып отырса құба-құп.
Кейбір  ғалымдар
70
  -шы  -ші  қосымшасының  мағынасы 
көмескілене  бастаған  сөздергеде  қосылып,  жаңа  сөз  жа-
сайтынын  көрсетеді.  Мысалы,  ұрғашы – «самка»  дегендегі 
«ұрғаның»  түпкі  мағынасын  проф.  Қ.Жұбанов  «ұрық» 
сөзінен  шығарған.  Сонда  жоғарыдағы  модельдерден  бай-
қайтынымыздай,  бұл  жұрнақ  арқылы  етістерден  жасала-
тын  терминнің  бəрі  бірдей  мамандық  пен  кəсіпті  көрсетіп 
қоймайды  екен,  сонымен  бірге  түбір  сөздің  бастапқы 
мағынасын  да  меңзейді.  Мысалы,  оқушы  (ученик)  сөзі 
мектеп  оқушысы  ғана  емес,  ол  нақты  кітап  не  газет  оқып 
отырған  адам  деген  ұғымды  да  меңзейді.  Ал  бізге  керегі 
мұның алдыңғы терминдік мағынасы тоқушы (ткач), алушы 
(покупатель),  жазушы  да  дəл  осындай.  Бұл  қосымшаның 
сөзжасамдық аясы тек ұлттық тіліміздің байырғы сөздерімен 
ғана  шектеліп  қоймайды.  Ол  кірме  сөздердің  де  көбіне 
жалғанып,  терминдік  модель  жасайды.  Терминнен  термин 
тудырады.  Мəселен,  комбайн,  трактор,  колхоз,  шахмат, 
скрипка, пианино сияқты зат, ұйым атын білдіретін көптеген 
кірме сөздерге жалғана отырып, сол мамандық иелері деген 
мағыналық мəні басқаша терминдер жасайды.
70
 Жубанов К. Исследование по казахскому языку. Алма-Ата, 1966. С.64.

176
Термин жасауда -лық, -лік жалғауының қызметі де ерек-
ше.  Ол  да  терминдік  мəнге  икемделіп  тұрған  таза  қазақы 
сөздерге  қоса,  кірме  сөздерге  де  еркін  жалғанып,  термин 
жасаудың өнімді бір түріне айналды. Алайда бұл жұрнақтың 
термин жасауға қатысы үнемі біркелкі болған емес.
30-жылдары бұл жұрнақтың жалғануы арқылы жасалған 
сөздердің  біразы  қазір  уақыт  сынына  жауап  бере  алмай, 
термин  ретіндегі  мəнінен  айырылып,  қолданыстан  шығып 
қалды. Затшылдық (материализм), төтелік (последователь-
ность),  тегістік,  жеңістік  (победа),  құралық  (календарь), 
кеңсешілдік  (бюрократизм),  екпінділік  (ударничество)  т.т. 
сөздер сол алғашқы əрекеттер белгісі болып қалды.
Терминжасам процесінің үнемі сұрыпталып, жетілдіріліп 
отыруының нəтижесінде, бұл сияқты термин сөздер не сол 
халықаралық  мəнін  сақтап,  сол  қалпы,  не  дəл  терминдік 
мəнін  айқындайтын  қазақ  сөздерімен  алмастырылып  (ма-
териализм, коллективизм, бюрократизм, календарь, жеңіс, 
бірізділік, кеңістік т.т.) беріліп отырды. 
Ол жылдары осы жұрнақ арқылы қатыстық сын есімнен 
де термин көп жасалған, əскерлік қызмет (воинская служба), 
техникалық оқымысты (технический кадр), саясаттық сек-
тор  (политический  сектор),  социалдық  қоғам  (социалисти-
ческое  общество).  Осыдан  кейін  бұл  қосымшаға  құмарлық 
сəл саябырлай бастайды да 50–70-жылдары бұған шамадан 
тыс əуестік қайта қозғаны көрінеді. Дəндік жүгері – кукуруз-
ное зерно, ақындық есім – имя поэта, шопандық тіршілік – 
жизнь чабана, паспорттық бланкі – паспортный бланк т.т. 
мысалдар  осындай  құмарлық  сарынның  салқыны.  Алайда 
бұл жалғаудың сөзжасамдық сипатын, оның ішінде, əсіресе 
терминжасам процесінде (əрине ретімен пайдалана білсе) сөз 
түрлендіргіш  өнімді  көмекші  бола  алатынын  көптеген  мы-
салдар нақты дəлелдейді. Мысалы, заңдылық (законность), 
заңсыздық  (беззаконие),  оқулық  (учебник),  мамандық  (спе-
циальность),  бесжылдық  (пятилетка),  сенбілік  (суббот-

177
ник),  орталық  (центр),  республикалық  (республиканский), 
философиялық  (философический),  адамгершілік  (гуманизм) 
т.т. қазіргі қазақ əдеби тілінің сөздік құрамынан мықтап орын 
тепкен, бұларсыз ғылыми ой-пікірді өрбітуге болмайтын тер-
миндер жүйесін атап айтуға болады. Сөйтіп, бұл жұрнақтың 
да  сөзжасамдық,  оның  ішінде,  əсіресе  термин  жасамдық 
мүмкіншілігі  сарқылып  біткен  жоқ,  қайта,  қаншама  ұғым, 
түсініктің  айқындала,  нақтылана  түсуіне  сеп  болды,  оның 
нəтижесінде  тамаша  терминдер  келді  өмірге.  Тек  əңгіме 
мұның көзін тауып, сауаттылықпен қолдана білуде.
Қазақ  тілінің  сөз  тудырғыш  қосымшаларын  зерттеу-
шілердің біразы
71
 өнімді қосымша деп осы сөз болған -шы 
-ші, -лық, -лік жалғауларын ауызға алады. 
Біз  өнімділігі  жоғары  қосымшалар  қатарына  кейінгі 
кезеңдерде терминжасам процесінде актив мінез таныта бас-
таған -ма -ме, -ым -ім -м, -ыс -іс -с, -қы -кі -к жалғауларын 
да қосар едік. Соңғы екі он жылдық деңгейінде Мемтермин-
ком  тарапынан  жолдама  алып,  қолданысқа  енген  термин 
сөздерді еске алсақ жəне мерзімді баспасөз материалдарын 
қарап отырсақ, осы аталып отырған қосымшалардың, əсіресе, 
терминжасамдық қабілеті ашыла, айқындала түскен тəрізді. 
Мысалы,  бастырма,  қондырма,  үйірме,  құрама,  мінбе, 
мінездеме, балама, жазба, баспа, қолтаңба, қырқым, ашы-
лым (открытие), басылым (издание), жазылым (подписка), 
қойылым (постановка), сұраныс, көрініс, үғыныс, тексеріс, 
отырыс,  ұсыныс,  табыс;  басытқы  (закуска),  құрылғы 
(устройство),  жылытқы  (грелка),  қондырғы  (установ-
ка)  т.т.  тіліміздің  терминдену  мүмкіншілігінің  шексіз 
екенін байқатады.
71
  Ысқақов  А.  Қазақ  тілінде  кейбір  жұрнақтардың  қолданылу  аясы  мен 
қызметінің  кеңеюі  жайында // Тіл  мəдениеті  жəне  баспасөз.  Алматы, 1972; 
Бейсембаева  З.  Нормализация  словообразующих  аффиксов  имен  существи-
тельных в современном казахском литературном языке: Автореф. дисс. канд.
филол.наук. Алма-Ата, 1982.

178
Мұның  түбір  не  туынды  немесе  біріккен  сөз  түріндегі 
модельдерін көрсетуге болады, яғни бұл қосымша төл сөзі-
міздің түр-түріне жалғана беретіні сияқты кірме сөздерді де 
таңдап,  талғап  жатпайды.  Таңдау  тек  терминденуге  бейім 
сөздер жайында, яки заттануға ыңғай білдіретін сөздер жай-
ында болуы мүмкін.
-Шыл, -шіл.  Бұл  жұрнақ  арқылы  əу  баста  адамдардың 
ерекше  əрекетімен  ерсі  қылықтарын,  бір  нəрсеге  тым 
əуестігін,  бейімдігін  білдіретін  өзім-шіл,  ұйқы-шыл,  сəлем-
шіл,  уайым-шыл  тəрізді  сөздер  жасалатын.  Ал  ленин-шіл, 
қоғам-шыл, көп- шіл, өлең-шіл дегендер аталмыш жұрнақтың 
сөз  тудырғыш  қызметіндегі  аздаған  мағыналық  өзгерісті 
байқатады.  Бұл  терминдер  мұратшылдық  мəн  арқалап, 
қоғамдық сипатталды.
Бір  кезде  сөзжасамдық  қабілеті  шектеулі  қосымшалар 
қатарына  ығыстырылған  -дама  -деме, -нама  -неме, -лас 
-лес, -дас -дес, -ман, -мен тəрізді морфемалардың қосылуы 
арқылы  жасалған  аялдама  (остановка),  бейімдеме  (приспо-
собление), ғарышнама (космология), дəйектеме (обоснова-
ние), дəуірнама (эпопея), есімнама (персоналий), жарияла-
ма (объявление), жолдама (путевка), жоспарлама (планер-
ка),  жүктеме  (нагрузка),  жылнама  (летопись),  кепілдеме 
(рекомендация),  кескіндеме  (живопись),  лездеме  (летучка), 
мағлұматнама,  анықтама  (справочник),  мадақнама  (гра-
мота),  өмірнама  (биография),  сапарнама  (путевыезапи-
ски),  топтама  (серия,  цикл),  түсініктеме  (комментарий), 
оқырман  (читатель),  көрермен  (зритель)  сияқты  сөздердің 
де көзін тауып, қаузап қолдана білсе, терминжасам мүмкін-
шілігі мол екені байқалады.
Бірақ  өнімділігі  орташа  делінетін  алдыңғылардың  да, 
өнімділігі  тіпті  төмен  аталатын  бұлардың  да  мүмкіндігін 
пайдаланып жүрген терминологтар, кейде қалыптасқан тер-
минжасау  принципін  ескере  бермейтін  сияқты.  Ол  прин-
цип бойынша барлық халықтарда ортақ интернационалдық 
терминдерді,  негізінен,  сол  күйінде  қабылдау  дəстүрі 

179
біршама  қалыптасып  қалғаны  мəлім.  Осының  нəтижесінде 
ана  тіліміздің  халықаралық  сипаты  мен  қоғамдық-саяси, 
ғылыми-техникалық  көркемдік  сапасы  күрделі  де  жоғары 
түсінік,  пайымның  қандайын  болса  да  білдіре  аларлық 
дəрежеге көтеріліп, қолданыс аясы мүлде кеңейе түсті емес 
пе!  Бұл  əрине,  терминжасам  процесіндегі  творчестволық 
ізденіске  жол  жоқ  деген  ұғым  туғызбаса  керек.  Дегенмен, 
қолданысқа сол күйінде сіңіп кеткен эпопея, летучка, серия, 
космос,  космонавт,  ванна,  космология,  аудитория,  фляга, 
фонотека, флагман, реставрация, чемпион, тротуар, рюк-
зак, планерка, грелка, рекомендация, овощ, пластинка, кузов, 
юбилей,  партнер,  сквер,  аллея,  зарисовка,  фасон,  реликт, 
контакт, репетитор, модель, концепция, юмор тəрізді сан-
сыз көп термин сөздерді қазақшаға аудару əрекетінің кейінгі 
кезде  белең  ала  бастағаны  ойландырады.  Ол  аудармалар 
арасында  өзінің  терминдік  мағынасының  орындылығымен 
көкейге  қонатындары  (жолдорба,  жылытқы,  көкөніс, 
ке-пілдеме,  саябақ,  саяжол,  суреттеме  т.б.)  да,  көңілге 
жатпайтындары  (дəуірнама,  былау,  жалаугер,  жүктеме, 
мадақнама т.б.) да бар. Бұлардың қай-қайсысына да ə деген-
нен тыйым салу, əрине, əбестік болар еді. Өйткені сол ерсі 
көрінген  жаңалықтың  өзі  публицистикалық  немесе  көркем 
əдебиет  туындыларында  стильдік  не  басқадай  мақсатта 
тілдің даму процесін ілгерілетіп, сөзжасамдық мүмкіншілігін 
аша түсуі əбден мүмкін.
Ал  сөзжасамның  синтаксистік,  яғни  аналитикалық  тəсі-
ліне келсек, бұлардың да терминжасамға тигізер септігі мол. 
Бұл – екі немесе одан да көп сөздердің біріктірілуі арқылы 
жасалатын  тəсіл.  Терминжасаудың  бұл  тəсілі  термин 
біріктірумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге ол сөздердің 
немесе  терминдердің  тіркесімі  арқылы  да  жасала  береді. 
Қазіргі  қазақ  тілінің  терминжасам  процесі  көрсеткеніндей, 
мұның  екі  түрі  де  морфологиялық  тəсілден  кейінгі  орында 
тұратын  тəрізді.  Бұл  арқылы  кілең  күрделі  тіркестер  жа-
салды.  Мынадай  басты-басты  модельдерді  іштей  жіктеп 

180
көрсетуге  болады.  Біріншіден,  термин  құрайтын  екі 
компоненттің екеуі де бір-біріне тəуелсіз тең мағыналы төл 
түбірлер  болып  келуі  мүмкін:  көз-қарас  (мировоззрение), 
үш-бұрыш  (треугольник),  өнер-кəсіп  (промышленность), 
еңбек-ақы  (трудодень),  қол-таңба  (автограф),  өмір-баян 
(автобиография),  қол-өнер  (ремесло)  немесе  біріктірілетін 
сөздің  бірі  туынды  түбір  болып,  яғни  əлгі  лексикалық 
единицалардың 
жасалуына 
морфологиялық 
амалдар 
қатысуы  арқылы  да  жасалуы  ықтимал.  Мысалы,  сенімхат, 
көзқарас,  өнертапқыш,  қос  өкіметтілік,  онкүндік,  бес-
жылдық,  атқосшы,  тарихтану  т.б.  бұны  бір  жағынан, 
морфологиялық-синтаксистік біртұтас тəсіл ретінде қарауға 
итермелейді.  Төл  түбір  мен  кірме  сөздердің  бірігуінен 
жасалған  модель  де  осы  қатарда  қарастырылуға  тиіс  (ки-
ножарнама,  кинотаным).  Бұл  ретте  кейін  күрделі  термин 
жасауға септігі тиген байырғы қоссөздер қатары есте болуға 
тиіс.  Мəселен,  орақ-балға,  тəлім-тəрбие,  үгіт-насихат, 
қоғамдық-саяси,  оқу-ағарту  тəрізділер  осы  ретпен  келіп 
қосылған  терминдер.  Яғни  тілдің  термин  жасаудағы  бұл 
мүмкіншілігін де сарқа пайдалануға болады деген сөз. Тіпті, 
керек  десеңіз,  қосарлы  қалпында  тұтас  қабылданған  марк-
сизм-ленинизм,  философиялық-методологиялық,  саяси-эко-
номия  тəрізді  күрделі  сөздер  де  терминжасамның  бір  түрі 
есебінде əңгімеленуге хақы бар. Осы тектес күрделі сөздер 
қатары қазіргі тіл қолданысы-мызда жиірек кездеседі.
Сонымен,  қазақ  терминологиясының  жасалу,  қалыптасу 
мəселелерін жазу, сызумен байланыстыра қарастыру қажет-
тігі  туындайды.  Шынында,  өзінің  негізгі  қызметі  ғылым 
тілін  өркендетуге  орай  көрінетін  термин  сөздерді  жазу-
сыз  көзге  елестету  мүмкін  бе?  Əрине,  жоқ.  Осы  тұрғыдан 
ой  өрбітсек,  қазақ  халқының  өмірінде  əлденеше  жазу  нұс-
қалары  болғаны  мəлім.  Соның  ішінен  біздің  тілімізге  ең 
етене  жақыны  орхон-енисей  жазуы  десек,  мұның  да  тер-
мин  қалыптастыру  түгілі,  жалпыға  ортақ  əмбебап  сипа-
ты  бола  қоймағаны  анық.  Ендеше,  қазақ  тілінде  термин 

181
қалыптастыруға қызмет еткен үш жазу төңірегінде ғана сөз 
болғаны  жөн.  Ол – араб,  латын,  кириллицаға  негізделген 
қазақ жазуы.
Ең  алдымен  айтарымыз,  мұның  үшеуінің  де  өзді-өзіне 
тəн оңды белгілеріне қоса, тіл дамуына, əсіресе, ғылым тілін 
жандандыруға  келгенде  байқалған  кемшіліктері  де  болды. 
Айналасы  он-он  бес  жылдың  ауқымында  үш  бірдей  жазу 
үлгісін  қолданып  үлгерген  елден  не  талап  етуге  болады. 
Соған қарамастан, əдеби тіліміздің бүгінгі деңгейіне жетуіне 
бұл  үш  жазу  да  қал-қадарынша  қызмет  етіп  бақты.  Деген-
мен,  түйіп  айтқанда,  мұның  үшеуі  де  қазақ  тілінің  өзіне 
тəн  ерекше  белгілерін,  заңдылықтарын  түгел  қамти  ал-
мады.  Міне,  сондықтан  ұлттық  жазу  мəселесі  бүгін  тағы 
да  күн  тəртібінен  түспей  тұруы  бекер  емес.  Бүкіл  түркі 
жұртшылығы  əлемдік  прогрестен  қалмау  мақсатын  көздеп 
жəне түркілік рухани тұтастық қамын жасап, латын əліпбиін 
жетілдіріп жатқанда біздің де қатардан қалмағанымыз абзал.
Бұл  тарауда  қарастырылған  екінші  бір  үлкен  мəселе 
термин  жасау  амалдары  хақында.  Зерттеу  нəтижесінде, 
біз  қазақ  тілінде  термин  жасаудың  мынадай  жолдарының 
қалыптаса  бастағанын  байқадық.  Ол – семантикалық,  мор-
фологиялық,  синтаксистік,  қысқарту,  аудару,  калькалау 
тəсілдері. Бұлардың қай-қайсысы да қазақ терминологиялық 
лексикасының қатарын толықтырып отырған амалдар.
Бұлар ойдан шығарылған немесе көктен түскен тəсілдер 
емес,  тіліміздің  сөз  жасам  процесінде  жылдар  бойы  қа-
лыптасқан,  соның  негізінде  терминжасамға  ойысқан  заңды 
жолдар.  Осы  тəсілдер  арқылы  қаншама  атау  сөздер  тіл 
байлығымыздың қазынасын толтырды. Əңгіме осыларды өз 
ретінде сауатты, саналы қолдана білуде.

182
V ТАРАУ
ТЕРМИНЖАСАМДАҒЫ АУДАРМАНЫҢ ОРНЫ
а)  Жалпы  мəселелер.  Аударма  ғылымы  жəне  оның 
қалыптасуы.
ə)  Аударма түрлері мен тəсілдері.
б)  Аударма – терминжасамның бір тəсілі.
Əлемде  əр  алуан  тіл,  əр  алуан  ұлт  өмір  сүріп  отырған 
бүгінгі жағдайда аударма мəселесінің қажетті іске айналуы 
заңды. Қай халықтың тарихын тексеріп қарасақ та, ол өзінің 
мəдени,  рухани  байлығын,  ғылыми-экономикалық  өресін 
ең басты екі негізден алып, дамытып отырған. Бірі – өзінің 
ішкі мүмкіндіктері болса, екіншісі – өзге жұрттың мəдени-
рухани  байлығына  иек  арту.  Осыңдай  игі  істің  жандануы-
на  аударманың  айрықша  қызмет  атқарып  келгені  жұртшы-
лыққа аян. Аударма ісіне тер төккен айтулы ғұламалардың 
мұны – «халықтар  достығының  дəнекері»  деп  аялауында 
көп  сыр  бар.  Шындығында,  ел  мен  елді  табыстырып, 
халық пен халықты жақындастыруда аударма өнерінің рөлі 
айрықша екені даусыз.
Егер  біз  бүгін  дүние  халықтарының  бəріне  ортақ  неше 
алуан мəдени, əдеби, тарихи мұраларды көзінен тізіп санап, 
оқып  шыға  алатын  дəрежеде  болсақ,  ол  осы  аударманың 
арқасы.  О  баста  белгілі  бір  халықтың  ғана  мұрасы  болған 
айтулы  «Мың  бір  түн», «Шаһнама», «Игорь  полкі  тура-
лы  жыр», «Калила  мен  Димна»  т.т.  толып  жатқан  дана 
туындылар бүгінде қазақтың төл қазынасына айналды, бұл 
да  аударманың  арқасы.  Қазір  қазақ  тілі  аударма  жұмы-
сының  жандануына  сай  көркем  дүниелерді  ғана  емес,  со-
нымен  бірге  əлемдік  ақыл-ойдың  асқан  білімдарлары – 
философтардың  да,  əр  алуан  ғылыми  толғаулардың  да 
небір күрделі туындыларын жеткізе алатын əлуетті құралға 
айналды. 

183
Ендеше,  аударма  қай  заман,  қай  кезең  болмасын  қоғам 
өмірінің ілгері жылжи, дами түсуіне қалтқысыз қызмет етіп 
келді. Адамзат қауымы аман тұрғанда солай бола да бермек.
Аударма болғанда, адамзат қауымының алдымен назарға 
ілгені – халықтың  рухани  жан  дүниесінің  нəрленуіне 
айрықша  əсері  бар  көркем  дүниелер.  Оны  аударудың  жол-
дары,  принциптері,  амал,  тəсілдері  əрдайым  əңгімеге 
объект болып отырған. Кезеңіне, дəуіріне лайықты өрбіген 
пікірталасы  аударма  ғылымы  дейтін  саланы  қалыптастыра 
бастады.  Дүниежүзі  классикалық  туындыларының  орыс 
тіліне  аударылуы,  олардың  сол  арқылы  өзге  ұлт  тілдеріне 
аударылуы бұл проблеманың ауқымын кеңейтті. 
Аударма  процесінің  жандануы  тіларалық  қатынас  проб-
лемасында  шешті  деп  ойлаймыз.  Олай  дейтініміз  көптеген 
ұлттар тілінен, ең алдымен, орыс тілінен өз тіліне орыстың 
ұлы жазушылары туындыларын, сонымен бірге орыс тіліне 
аударылған  əлемдік  əдебиет  қазынасын  аудару  арқылы  өз 
халқының  мəдени  өресін  көтеріп,  рухани  қазынасын  мо-
лайтты.  Сонымен  бірге  бұл  халықтар  бірінің  шығармасын 
екіншісіне  аудару  арқылы  да  мəдени,  рухани  мұра  алмасу 
процесін бастан кешірді. Сөйтіп олардың жалпы халықтық, 
бүкілодақтық, бүкілəлемдік мəдениет деңгейіне көтерілуіне 
жол  ашылды.  Əдетте,  тіл  айырмашылығына  байланысты 
туындайтын  кедергілер  осындай  əрекеттер  нəтижесінде, 
яғни  аудару  ісінің  жандануына  орай  жойылып  отырды. 
Өзара  рухани  дүние  алмасу,  бірінен-бірі  аудару,  сөз  жоқ, 
терезесі тең ұлттар мəдениетінің өрлей түсуіне себеп. Сөйтіп 
көркем  аударма  мəдени  жəне  тарихи  жағынан  да,  саяси-
идеялық  жағынан  да  жалпы  мемлекеттік  маңызы  бар  іске 
айналды. 
Осы  сөз  болып  отырған  мəселелерді  Қазақстан  жағ-
дайындағы  фактілерде  тəптіштей  түседі.  Рухани,  мəдени 
өрлеудің  асқан  бір  дəуірін  бастан  кешіріп  отырған  қазақ 
халқының  өмірінде  соңғы  жетпіс  жылдан  аса  уақытта 
аңызға ұласқан өзгеріс-өрістердің болғаны мəлім. Мəдениет, 

184
экономика,  ғылым,  техника  т.б.  тəрізді  халқымыздың 
қарқынды  қадамын  танытарлық  қандай  бір  саланы  қарас-
тырсақ  та  таңдай  қағарлық  тамаша  табыстарды  айта  ала-
мыз. Сол өзгеріс, өрлеулердің бір парасында аударма ісінің 
де ізі айқын сайрап жатады. 
Орыс  тілінен  саяси-көркем  əдебиеттің  сан  түрін  ауда-
ру  арқылы  қазақ  халқының  мəдени  өресі  биіктеп,  саяси 
пайым-түсінігі, талғам-танымы күшейе түсті. Əсіресе жаңа 
өмірдің  жан-жақты  жаңалығынан  туындап,  көлденең  тар-
тылған  неше  алуан  ұғым,  түсінік,  пайымдарды  таңбалап 
дағдыланбаған  қазақ  тілі  сияқты  тілде  термин  жасау, 
жазу,  сызуды  жолға  қою,  əдеби  тілді  қалыптастыру  деген 
мəселелер  аударма  жұмысы  арқылы  шешім  тауып  жатты. 
Біз орыс тіліндегі көптеген ұғымдарды өз тіліміздің мүмкін-
дігіне орай жаңадан жасап алдық. Тілімізде жаңа сөз, жаңа 
термин,  жаңа  тіркес,  тіпті  жаңаша  сөйлем  құру  дағдысы 
пайда  болды.  Бұл  процесті  ғылыми  əдебиеттен  де,  көркем 
əдебиеттен де байқау қиын емес.
Қазіргі  кезеңде  аударманың  көбейгені  соншалықты,  тек 
орыс  тілінен  қазақ  тіліне  аударылған  шығармалар  тізімін 
атап  шығудың  өзі  оңайға  түспес  еді.  Бұл  мəселе  жеке  бір 
библиографиялық көрсеткішке татитын салаға айналды. 
Аударма пайда болғалы ол жайында ғылыми ой-пікірдің 
де  қанаттаса  өрби  түскені  мəлім.  Қай  халықтың  тарихын 
қарасаңыз  да  аударма  жайында  жинақталған  тəжірибе, 
тұрақтанған  пайым-түсінік  бар.  Аударма  практикасымен 
шұғылданған жұрт, оның ішкі сырына үңіліп, өзіне лайықты 
заңдылықтарын  да  ашып  беруге  тырысқан.  Сондай  жоба-
жүйе  бірден-бірге  ұласып,  аударма  проблемасының  ереже-
қағидасы жасалды. Ол осылай ғылыми пəнге айналды.
Жалпы,  мəдениет,  əдебиет,  тіл  дегендеріңіз  баспа  жүйе-
сінің  дамуына  тікелей  қатысты.  Бұл  жағынан  қазақ  халқы 
төңкерістен бұрынғы жағдайына масаттана алмайды. Деген-
мен «Түркістан уəлаятының газеті» мен «Дала уəлаятының 
газеті», «Қазақ» газеті, «Айқап» журналы тілге тиек.

185
Аударма  мəселесі  жайындағы  ой-пікірлер  осы  аталған 
газет-журналдарда там-тұмдап алғаш бой көрсеткен. Содан 
бері бұл мəселе күн тəртібінен түскен жоқ. Бұған əрдайым 
əр  кезде  əдебиет,  мəдениет  қайраткерлері  араласып,  пікір 
айтып  келді.  Алайда  бұл  өнер  жайындағы  пайымдаулар 
жан-жақты өрби алған жоқ. 
Сөз жоқ, Қазан төңкерісінен кейін бұрынғы Одақта өмір 
сүрген  халықтардың  өзара  қарым-қатынасы,  байланысы 
күшейгені  мəлім.  Мəдениеттің  барлық  саласында  ілгері 
өрлеу  кезеңі  басталады.  Міне,  осындай  қат-қабат  тірлік 
қатарында  аударма  жұмысы  қатар  жүргізіліп,  ол  жайын-
дағы ой-пікірлер, ізденістер өріс алды. 
Ғылыми  əдебиетте  аударма  жайында  алғашқылар  қа-
тарында  пікір  айтқан  кісінің  бірі – С.  Сейфуллин  деген 
пікір бар. Шындығында, бұл пікірдің қисыны бар. Өйткені 
бұдан бұрын аударма жайын нақты сөз ететін бір де пікірді 
кездестіре  қоймадық. 1914 жылы  «Айқап»  журналында 
Верный  шаһарында  уездный  начальник  болып  істеген 
И.  Лиханов  дегеннің  қазақ  өмірінен  алып  жазған  «Ма-
нап»  драмасы  жарияланған  еді.  Міне,  сол  драма  жайында 
С.  Сейфуллиннің  пікірі  де  іле-шала  берілген  екен.  Сонда 
Сəкен: «Оны  қазақшаға  сөзбе-сөз  аударған.  Соның  үшін 
сөздері нағыз қазақша болып шықпаған», – деп қорытынды 
жасайды.  Аударма  жайындағы  пікірдің  бастамасы  деп 
отырғанымыз да осы себептен.
Осыдан  бергі  жерде  Е.  Алдоңғаровтың (1926, 3 желтоқ-
сан),  Б.  Кенжебаевтың (1925, 18-29 тамыз)  мақалаларын 
атауға  болады.  Б.  Кенжебаев  Абайдың  аудармашылығы 
жайында  əңгімелесе,  Е.  Алдоңғаров  Пушкиннің  «Сараң 
сері» («Скупой  рыцарь»), «Тас  мейман» («Каменный 
гость») поэмаларының қазақшасы жайында сөз қозғайды.
Алайда отызыншы жылдардың орта шеніне дейін көркем 
аударма  туралы  айтылған  пікірлер  белгілі  бір  шеңбер  ше-
гінен шыға алмады, көбі жай тілек тұрғысынан аспады.

186
Қазан  төңкерісінен  бергі  жерде  де  аударма  мəселесі 
белгілі арнаға түсіріліп, бірқалыпты жүргізілмеді. Оның қаз 
тұру,  қарастырылу,  даму,  зерттелу  кезеңдері  болды.  Осы 
тұрғыдан  алып  қарағанда, 20–30-жылдары  аударманың 
практикалық жұмыстары мейлінше жанданғанын байқаймыз. 
Елді  жаппай  сауаттандыру  ұраны  күн  тəртібіне  қойылып 
жатқан ол кезеңде заман талабына орай əуелі жазу-сызуды 
тəртіптеу қажеттігіне мəн берілген-тін. Жер-жерде сауат ашу 
мектептері, қызыл отау, оқу ошақтары жұмыс істей бастады. 
Үлгі-нұсқасы жоқ қазақ қауымы тек көркем əдебиетті ғана 
емес,  сонымен  қатар  ауылшаруашылығына,  медицинаға, 
оқу-ағарту  ісіне,  қоғамдық-саяси  өмірге  т.т.  байланысты 
əдебиеттерді  де  жаппай  ана  тіліне  аударумен  айналысты. 
Сөйтіп, қазақ тілінің əдеби тіл болып қалыптасып, дамуын-
да  бұл  кезеңнің  қалдырған  мөрі  айрықша  екені  байқалады. 
Əсіресе, терминологиялық лексика жүйесінің жасалуына бұл 
кездегі  аударма  ісінің  тигізген  ықпалы  аз  емес.  Міне,  сон-
дай  практикалық  тұрғыдағы  жұмыстарды  ауыз  толтырып 
айтсақ та, ғылыми зерттеулер жағының мардымсыз болғаны 
байқалады. Біз мұны аударма проблемасына байланысты ай-
тып отырмыз. Яғни аударманы ғылым ретінде қарастырып, 
оны  ғылым  объектісіне  айналдырған  зерттеушіні  немесе 
зерттеу жұмысын айта қою қиын.
Алайда 30-жылдардың  екінші  жартысында  аударманың 
технологиясына  көңіл  аударған  бір  оқиғаны  арнайы  атауға 
болады.  Ол  ұлы  ақын  А.С.  Пушкиннің  қайтыс  болғанына 
100  жыл  толуына  байланысты  шаралар  еді.  Ұлы  ақынды 
Абай заманынан бері аялап келген қазақ қауымы, Қазақстан 
жұртшылығы  да  бұл  күнді  өзгеше  дайындықпен  қарсы 
алды.  Ақындарымыз  А.С.  Пушкиннің  шығармаларын  жап-
пай  қазақ  тіліне  аударумен  шұғылданды.  Бұл  шаруаның 
басы-қасында  əйгілі  ақын  І.  Жансүгіров  тұрды.  Пушкинді 
қазақша  сөйлетуде  Абайдай  əдемі  үлгі  тұрғанмен,  бұл 
шешімі  оңай  шаруа  емес  еді.  Тіпті  сол  Абай  үлгісінің  өзін 
жете  түсініп,  бойға  сіңіре  қоймаған,  ғылыми  бағасы  əлі 

187
берілмеген  кезең  еді  бұл.  Сондықтан  қазақ  қауымы  осы 
тəжірибе  төңірегінде  толғамды  тұжырым  мен  тиянақты 
пікірге  сусап  отырды.  Аудармашылық  өнердің  сыр-сипа-
тына  бойлап,  оның  негізгі  принциптері  мен  амал-əдістерін 
талдап берерлік байыпты байлам күтті.
1936  жылы  «Социалистік  Қазақстан»  газетінің 18-са-
нында  жарияланған  М.  Əуезовтің  «Пушкинді  қазақшаға 
аудару  тəжірибелері  туралы»  атты  мақаласын  кезең  тала-
бына  лайықты  жазылған  еңбек  деп  тануға  болады.  Онда 
Абай  тəжірибесі,  Абай  үлгісі,  Абайдың  шеберлігі  аудар-
машылар  ұстанар  қағида,  бағыт  берер  темірқазық  есебінде 
əңгімеленді. Абай үлгісін ауызға ала отырып, автор кезінде 
Пушкинді  аударуда  бұдан  басқа  да  көптеген  тəжірибелер-
дің болғанын баяндай келе, олардың түпнұсқасының басты 
қасиеттерін  жеткізуден  гөрі,  ауытқыңқырап  кеткенін  тал-
дап,  оларды  құнсыз  аударма  есебінде  сынайды.  Бұл  Пуш-
кин шығармаларының аудармасы туралы ғана емес, жалпы 
аударма  мəселесін,  сəл  де  болса  ғылыми  тұрғыдан  сөз  ет-
кен  алғашқы  еңбектердің  бірі  болатын.  Мақаланың  назар 
аударарлық  тағы  бір  қасиеті – Пушкин  шығармаларының 
жаңа  аудармалары  мен  аудармашылары  туралы  пікір  өр-
бітілуі  деп  білеміз.  Қаламының  табы  əр  алуан,  ақындық 
арыны  əрқилы  жəне  стильдік  өрнек-өрісі  басқа-басқа 
І.  Жансүгіров,  Т.  Жароков,  Ғ.  Орманов  аудармаларындағы 
жаңа  леп,  жақсы  беталысты  автор  дөп  таниды.  Соның 
тағылым  аларлық  табыстарымен  əлі  де  шыңдала  түсуге 
тиісті тұстарын тарата талдайды.
М.  Əуезов  аударма  туралы  ойларын  бұдан  əрі  жалғай 
түсіп,  іле-шала  тағы  бірнеше  мақала  жариялады.  Мыса-
лы, «Ревизордың  аудармасы  туралы» («Қазақ  əдебиеті», 
1936,  №37), «Пушкин  аудармасы  қазақ  əдебиетіне  не 
берді?» («Қазақ əдебиеті», 1936, №9), «Евгений Онегиннің» 
қазақшасы  туралы» («Соц.  Қазақстан», 1937, №6), «Қазақ 
сахнасындағы  аударма  пьесалар» («Соц.  Қазақстан», 1937, 
№49) т.т.

188
Қазақтың  көркем  аударма  мəдениеті  үшін  үлкен  бір  бе-
лес  болғалы  тұрған  бұл  кезеңді  дəл  танып,  осы  істе  сəл  де 
болса  жəрдемі  тисін  деген  мақсатпен  арнайы  жазылған 
мақалаларында  жазушы,  ең  алдымен,  аудармада  түпнұс-
қаның  сөз  байлығын,  ой  тереңдігін,  стиль  ерекшеліктерін 
дəл  беруді  міндет  санайды.  М.  Əуезов  аударма  теоретигі 
есебінде осы принципті өмір бойы қолдап өткен.
1937 жылғы 5 қаңтарда «Казахстанская правда» газетінде 
жарияланған «Евгений Онегин» – на казахском языке» деп 
аталатын мақаласында да аударма теориясының біраз өзекті 
мəселелерін  саралаған.  Шындығында,  М.  Əуезовтің  осы 
алғашқы  мақалаларынан  былай  қарай  аударма  ісінде  бет 
бұрыс  бола  бастаған  тəрізді.  Мұны  өзіндік  проблемалары 
бар  өзгеше  өнер  ретінде  қабылдап,  соның  ішкі  заңды-
лықтарына  бойлағысы  келген  мақалалар  осыдан  былай 
қарай шым-шымдап шыға бастайды.
М.  Əуезовтен  кейін  аударманы  іле-шала  салиқалы 
əңгіме еткен адам – белгілі сыншы, əдебиетші М. Қаратаев. 
Оның 1937 жылы жарияланған «Жүз жылдан кейінгі Пуш-
кин», «Пушкин  мен  Абай»  деген  екі  мақаласында  орыс 
халқының  ұлы  ақынының  бүкіл  адамзатқа,  Абайға,  қазақ 
ақындарына  тигізген  игі  əсерін  əңгімелей  келіп,  соны 
аударудағы  қиыншылықтар  мен  принциптерді  тарамдап 
кетеді.  Пушкинді  аударудағы  Абай  үлгісімен  І.  Жансүгі-
ров, Т. Жароков, Ə. Тəжібаев, М. Дəулетбаев, С. Талжанов, 
Қ. Аманжолов аудармаларын салғастыра отырып, болашақта 
септігі  тиер  біраз  ақиқатты  алға  тартады,  кемшіліктерді 
атайды.  Сонымен,  ол  аударма  еңбек  туған  əдебиетіміздің 
үлкен  саласы  екенін  дəлелдеуге  тырысады.  Отызыншы 
жылдарда  аударма  мəселесіне  мəн  беріп,  кесек  пікірлер 
айтқан еңбектердің елеулілері осылар.
Қырқыншы  жылдарда  елдің  рухын  көтерер,  патриоттық 
сезімін  шыңдар  туындылар  аударылғанымен,  аударма 
проблемасына  бағышталған  жұмыстар  онша  көп  бола 
қойған  жоқ.  Соғыстың  əлегі  бұл  салада  да  ізін  қалдырды. 

189
Яғни көңілдің аудармадан гөрі басқа мəселеге алаң болғаны 
мəлім.  Бұл  тұста  біз  бір  ғана  еңбекті  еске  аламыз.  Ол – 
М.И.  Ритман-Фетисов  пен  Б.  Кенжебаевтың  бірлесіп 
жазған  «Советтік  Қазақстандағы  аударма  жұмысы»
72  
деген 
мақаласы.  Мұнда  да  авторлар  аударманың  мəні,  тарихы, 
аударылған дүниелер жайын əңгімелейді.
Аударма  мəселесінің  шындап  қолға  алына  бастағаны – 
елуінші  жылдар.  Көп  ұлтты  Кеңес  елінің  жағдайында  ау-
дарма  мəселесінің  қаншалықты  рөл  атқарып  отырғанын 
анық  аңғарған  партиямыз  бен  үкіметіміз  бұл  жылдары 
мұны бүкілхалықтық проблема есебінде бағалап, бұрынғы-
дан да зор мəн бере қарады. Өйткені аударманың теориялық 
мəселелерін жан-жақты зерттеп, оның даму кездері мен та-
рихын  тереңірек  тексерудің  мезгілі  жеткен  болатын.  Əр 
кезде  əр  алуан  қаламгерлердің  қаламынан  шыққан  əрқилы 
пікір-пайымдаудың  заңдылыққа  саятын  ортақ  қасиеттерін 
анықтап, аудару тəжірибесіне пайдасы тиер заң-жобаларды 
түзу қажеттігі туралы келелі бір кеңестің керек екенінде күн 
тəртібіне  пісіріп  əкелген  еді.  Кеңес  мемлекеті  Жазушылар 
одағы  Басқармасының 1951 жылы  өткізген  бұл  Бүкілодақ-
тық  бірінші  кеңесі  көркем  аударма  туралы  мəселе  қарады. 
Бұған  дейін  барлық  орталық,  республикалық  баспасөзде 
көркем аударманың көптеген мəселелері жайында кең пікір 
алысылды.  Осы  пікір  алысулар  мен  Бүкілодақтық  кеңес 
аударма  ісіне  жалпы  жұртшылықтың  назарын  ерекше 
аударғанын атап өткеніміз абзал.
Кеңес  қарсаңында  өзге  республикалардағыдай  Қазақ-
станда  да  біраз  шаралар  істелгені  мəлім. 1951 жылы 
С.  Нұрышевтің  «Творческое  наследие  И.А.  Крылова  в  ка-
захской  литературе  XІX  века»,  ал 1954 жылы  «Абайдың 
аударма  жөніндегі  тəжірибесінен»  деп  аталатын  еңбектері 
жарық көрді. Бұл екі еңбекте аударма мəселесіне арналған. 
72
  Конспект  истории  казахской  советской  литературы.  Алма-Ата, 1947 (На 
правах рукописи).

190
Алайда  мұнда  айтылатын  пікірлердің  бірсыпырасы  даулы 
да дəйексіздеу болатын. 
Дəл  осы  кезеңде  марксизм-ленинизм  классиктерін  ауда-
ру ісі де едəуір жолға қойылып, біраз тəжірибе жинақталып 
қалған  еді.  Біртіндеп  бұл  мəселе  төңірегінде  де  еңбектер 
шыға  бастады.  Мəселен,  Қ.  Шəріповтың  «Некоторые  воп-
росы  перевода  произведений  классиков  марксизма-лени-
низма» деген еңбегі 1954 жылы, ал «О некоторых вопросах 
перевода  с  русского  на  казахский  язык»  деп  аталатын 
М.  Жанғалиннің  еңбегі 1958 жылы  жарық  көрді.  Мұның 
екеуі де орыс тілінде жазылған.
Сондай-ақ  осы  жылдары  жұртшылық  қолына  тиген 
З.  Ахметовтың  «Лермонтов  жəне  Абай»,  С.  Қирабаевтың 
Спандияр Көбеев жөніндегі, Ə. Дербісалиннің Ы. Алтынса-
рин  жөніндегі  еңбектерінде  де  аударма  жайы  сөз  болады. 
Ал 1957 жылғы  Қ.  Қанафиеваның  «Развитие  переводче-
ского  искусства  в  Казахстане»  деген  тезисі  республика-
мызда  аударма  өнерінің  қалай  дамып,  қалыптаса  бастаға-
нын əңгіме етті.
Жалпы,  осындай  еңбектерге  шолу  жасай  отырып, 50-
жылдары  негізінен  көркем  аударманың  ғылыми-теориялық 
мəселелеріне  едəуір  көңіл  аударыла  бастады  деп  айта  ала-
мыз.  Бұл  жылдары  аударма  мəселесіне  əр  алуан  мамандық 
иелері  араласып,  барлық  газет-журналдар  арқылы  келелі 
ой-пікірлер өрбіді
73
.
Қазақстан  топырағында  тұңғыш  диссертация  қорғал-
ды
74
. Аударма мəселелерін ғылыми тұрғыда қарастырып, қа-
73
 Көркем аударманың кейбір мəселелері. Жинақ. Алматы, 1957; Қаратаев М. 
«Тынық  Донның»  қазақшаға  аударылуы  жəне  көркем  аударманың  кейбір 
мəселелері // «Туған əдебиет туралы ойлар». Алматы, 1958; Жанғалин М.О. 
О некоторых вопросах перевода с русского на казахский язык (из опыта пере-
вода произведений классиков марксизма-ленинизма). Алма-Ата: Казгосиздат, 
1958.
74
  Ландау  Е.  Русские  переводы  песен  Джамбула.  Автореф.дисс.канд.филол.
наук. Алма-Ата, 1953.

191
лыпқа түсіруде З. Ахметов, Қ. Шəріпов, Қ. Қанафиева тəрізді 
зерттеушілердің  осы  елуінші  жылдары  жазылған  еңбек-
терінің де рөлі болғанын атап айтамыз
75
.
1958  жылы  аудармашылардың  Алматыда  болып  өткен 
кеңесі  тек  республика  жұртшылығы  үшін  ғана  емес,  бүкіл 
түркі  тілдес  туыс  халықтардың  мəдени  өмірінде  елеулі 
оқиға  саналады.  Мұнда  Орта  Азия,  Қазақстан  жəне  Əзір-
байжан  ғалымдары  бас  қосып,  орыс  тілінен  осы  аталған 
елдер  тіліне  аударудың  сан  түрлі  проблемаларын  сарапқа 
салды.  Мəжілісте  жасалған  баяндамалардың  мазмұнына 
қарасаңыз,  аударма  əдебиет,  баспа  орындарының  ең  мəнді 
күрделі  саласының  біріне  айналған  екен.  Осы  мəнді  де, 
маңызды  шаруашылығымызда  көбімізге  ортақ  елеулі  кем-
шіліктердің  басы  ашылып,  оларды  түзеп,  жолға  қоюдың 
амалдары  қарастырылды.  Міне,  сондықтан  да  туысқан  ха-
лықтар  тіліне  аударудың  ортақ  мүдделерін  таразыға  салған 
бұл  тұңғыш  мəжілістің  мəні  айрықша  болды  деп  баға-
лаймыз. 
Жасалған 20 баяндама  аударма  саласындағы  бүгінгі 
көкейкесті  проблемалардың  біразын  терең  талдап,  жоғары 
ғылыми-теориялық  деңгейде  əңгімелейді.  Бұл  республика-
аралық  кеңестің  материалдары  кейін  жеке  жинақ  есебінде 
жарық көрді
76

Мұның  ішінде,  орыс  тілінен  қазақ  тіліне  аударудың  əр-
түрлі  проблемаларын  сөз  ететін  төрт  баяндаманың  жеке 
басылуы
77
,  əсіресе,  біздің  республика  аударма  ғылымының 
75
  Ахметов  З.  Лермонтов  и  Абай.  Алма-Ата, 1954; Шарипов  К.  Некоторые 
вопросы перевода произведений классиков марксизма-ленинизма. Алма-Ата, 
1954; Канафиева К. Развитие переводческого искусства в Казахстане: Тезисы 
докл. на научной конференции филол. факультета КазГУ, посвящ. 40-летию 
Октября. Алма-Ата, 1957.
76
 Материалы регионального совещания по переводу литературы с русского 
на языки народов Средней Азии, Казахстана и Азербайджана (15-18 январь, 
1958). Алма-Ата, 1960.
77
 Доклады от Казахстана. Алма-Ата, 1958.

192
тарихындағы елеулі құбылыс. Атап айтқанда, М. Жанғалин-
нің  «Орыс  тілінен  қазақ  тіліне  аударудың  негізгі  принцип-
тері туралы», М. Қаратаевтың «Тынық Донның» қазақшаға 
аударылуы  жəне  көркем  аударманың  кейбір  мəселелері», 
Қ.  Сағындықовтың  «Ленин  шығармаларында  кездесетін 
мақал-мəтелдер,  қанатты  сөздер,  идиомдарды  қазақ  тіліне 
аудару  жайында»  жəне  А.  Сыздықовтың  «Оқу  құралдарын 
түсінікті  аударудың  кейбір  жолдары»  деген  баяндамалары 
бар.
50-жылдардың  екпіні 60-жылдары  үдей  түспесе  бəсең-
деген  жоқ.  Бұл  жылдары  аударманың  практикалық  мəсе-
лелерінде  аздап  саябырсу  байқалғанмен,  аударылған 
дүниелердің  сапасына  тереңдеп,  жаңа  қалыптасып  келе 
жатқан  аударманың  ғылыми  болмысына  байыппен,  зерт-
теуші  көзімен  қарау  жағы  таразының  екінші  жағын  баса 
бастаған  тəрізді.  Аударылған  дүние  көп,  аударуға  шебер-
леніп  алған  мамандар  да  жетерлік,  сол  көл-көсір  дүниенің 
халқымыздың  рухани  байлығын  толықтыра  түсетін  қасие-
тінен  де  көрінеді.  Тіліміздің  бар  мүмкіндігін  пайдалану-
дағы  табысымыз  қандай,  орыс  тілінің,  орыс  жазушылары-
ның,  олардың  керемет  туындыларының  сан-салалы  қасиет, 
қатпар-қыртыстарын жеткізуде нендей амал, тəсілдерге ба-
рып  жүрміз  жəне  соларды  меңгеруге  көзбен  көріп,  қолмен 
ұстайтындай  заңдылықтар  қайсы?  деген  түрлі  мəселелерге 
бет бұрылды.
Қазақ  КСР  Ғылым  академиясы  Тіл  білімі  институтында 
тіл  мəдениеті  мен  аударма  мəселелерін  ғылыми  тұрғыда 
тексеріп,  талдаудың  жоспары  түзіліп,  арнаулы  бөлім 
мен  топ  құрылды.  Зерттелетін  объекті,  проблемалардың 
басы  ашылып,  бағдар-бағыты  белгіленді.  Аударманы 
ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  объектісіне  түбегейлі 
айналдыруда  С.  Талжанов  пен  Ə.  Сатыбалдиевты  алды-
мен  ауызға  алуға  міндеттіміз.  Бұл  екі  азаматтың  бірі – 
Н.В.  Гоголь  шығармашылығының,  екіншісі  Л.Н.  Толстой 

193
шығармашылығының  қазақша  аудармасын  тексере
78
  келе, 
қазақ  аударма  теориясының  негізін  жасауда  өз  үлестерін 
қосты.  Мұндай  зерттеу  жұмыстарының  арқасында,  біз 
аударма  мəселесінің  көптеген  ғылыми  проблемалары  бар 
екенін,  бұл  ғылымның  қиын  да  қызықты  саласы  екенін 
танып,  оның  жеке-жеке  салалары  диссертациялық  тақы-
рыптарға  нысан  бола  бастады.  Əрине,  бұл  зерттеулер-
де  нақты  ғылыми  талдау  жағынан  əбден  жетілген,  піскен 
жұмыстар  еді  деп  кесіп  айту  қиын.  Əрқайсысының  өзіндік 
жетістігіне қоса, кемшіліктерден де құр алақан емес-тін.
Əбен  Сатыбалдиевтің  аталған  диссертациялық  жұмы-
сында  жəне  кейінірек  жеке  кітап  болып  шыққан  моно-
графиялық  зерттеуінде
79
  біраз  ғылыми  проблемалар  өз 
шешімін тапты. Онда ол аудармашыға үш түрлі шарт қояды 
жəне  реалистік  аударма  дегенге  анықтама  бере  отырып, 
бұл проблеманы біршама тілдік тұрғыдан зерттегісі келеді. 
Оның, əсіресе, түпнұсқадағы күрделі, құрмалас сөйлемдер-
дің  табиғатына  барып,  Толстойдың  стильдік  өрнектерінің 
берілуін  əңгімелеуі  құнды.  Сондай-ақ,  Қазақстанда  аудар-
ма  жайындағы  ғылыми  ой-пікірлердің  өрбуін  бір  жүйеге 
келтіріп,  оның  эволюциялық  даму  барысын  бағдарлауы 
бір адым ілгері басқандық болып табылады.
Бұл əңгіме болып отырған соңғы мəселе жоғарыда атал-
ған  филология  ғылымының  докторы  Қ.  Қанафиеваның  ең-
бегінде де біршама зерттелген.
78
 
Талжанов С. О некоторых основных проблемах художественного перевода 
(на материале перевода «Ревизора», «Мертвых душ» Н.В.Гоголя на казахский 
язык). Автореф. дисс. канд. филол. наук. Алма-Ата, 1961; Сатыбалдиев А.С. 
Развитие культуры художественного перевода в казахской литературе (на ма-
териале  перевода  произведений  Л.Н.Толстого  на  казахский  язык).  Автореф. 
дисс. канд. филол. наук. Алма-Ата, 1964.
79
 Сатыбалдиев Ə. Рухани қазына. Алматы, 1965.

194
60-жылдары  бұлардан  басқа  да  əлденеше  еңбектер
80
  жа-
рық  көрді.  Аударма  проблемасын  арнайы  сөз  ететін 
С. Талжанов, Қ. Нұрмаханов, З. Тұрарбеков, Т. Əбдірахманов 
тəрізді  зерттеуші-жазушылардың,  аудармашы  қаламгерлер-
дің  бұл  мəселе  турасындағы  пайымдауларының  да  өзіндік 
орны  бар.  Бұлар  өздері  тікелей  араласып,  өз  тəжірибесіне 
орай  түйген  барлауларынан  түйін  жасайды.  Сондықтан  да 
мұндай пікірлердің əрі практикалық, əрі теориялық мəні бо-
латыны сөзсіз.
Аударма  ғылымының  зерттелу  тарихында  алпысын-
шы  жылдарға  дейін  біз  көбіне-көп  мəселенің  бір  жағын 
ғана  (тек  орыс  тілінен  қазақ  тіліне,  онда  да  тек  көркем 
туындылар-дың  ғана  аудармасын)  сөз  етіп  келсек,  енді 
мұның  екінші  бір  мəнді  саласын,  яғни  керісінше,  қазақ 
тілінен  орыс  тіліне  аударудың  жайы  қалай  дегенге  де  баса 
назар  аударыла  бастады.  Қазақ  мəдениеті  мен  əдебиетінің 
қазір  дүниежүзінің  көп  елдеріне  мəшһүр  екеніне  масатта-
натын болсақ, ол тек осы екінші саланың дер кезінде қолға 
алынып, қалыпқа түсірілуінің нəтижесі деп білеміз. Яғни біз 
өз  жазушыларымыздың  айтулы  дүниелерін  əуелі  орысшаға 
аудару  арқылы  əлемдік  мəдениеттің  қорына  өз  үлесімізді 
қоса  бастадық.  Бұл  істе,  əсіресе  орыс  жазушыларының, 
мəдениет  қайраткерлерінің  рөлі  айрықша  болғанын  риза-
лық  сезіммен  атап  айтамыз.  Əрине,  өз  аудармашы  маман-
дарымыздың да бұл кезде жетіле бастағаны мəлім. 
Міне, осы процестің де сыр-сипатын анықтап, оның про-
блемаларын, заңдылықтарын ашудың ғылым үшін пайдасы 
зор.  Ғылыми  ақыл-кеңестердің  бұрынғы  кезеңдерге  қара-
80
  Талжанов  С.  Көркем  аударма  туралы.  Алматы, 1962; Нұрмаханов  Қ. 
Дəстүрлі  достық  (Мақалалар  жинағы).  Алматы, 1962; Тұрарбеков  З.  Аудар-
ма туралы. Алматы, 1967; Талжанов С. Об источниках духовного богатства. 
Алма-Ата, 1967; Əбдірахманов Т. Жаңа ғасыр кезінде. Зерттеулер. Мақалалар. 
Алматы, 1969.

195
ғанда,  едəуір  сауатты  жүргізілуінің  арқасында  орыс  қауы-
мына  ұсынылған  көркем  шығармалардың  болмысындағы 
кейбір  нақты  проблемалар  дəйекті  зерттеле  бастады. 
Бірнеше  зерттеу  жұмыстары
81
  пайда  болды.  Бұлардың 
бəрі  болмағанмен,  біразы  Тіл  білімі  институтында  істеліп 
жатқан  шаралардың,  аударма  ғылымының  С.  Талжанов, 
Ə. Сатыбалдиев, М. Балақаев тəрізді маман зерттеушілердің 
ықпалымен  біткені  мəлім.  Қазақ  зерттеушілері  енді  аудар-
малардың  жанрлық  сипатына  мəн  беріп,  соған  лайықты 
ерекшеліктерін таба бастайды. 
Прозалық  туындыларға  қоса  ұлттық  колориті  өзгеше 
қазақ  өлеңдерінің  орыс  тіліндегі  кейпі  көп  талас-тартыс 
тудырып  жүрген  проблема.  Елуінші  жылдар  тұсында  бұл 
мəселеге  бір  ғана  диссертациялық  жұмыс
82
  арналған  еді. 
Алғашқы  тəжірибенің  бірі  болғандықтан  ба,  бұл  жұмыс-
тың  елеулі  кемшіліктері  кезінде  атап  көрсетілді.  Ал 
С. Құспанов пен З. Жантекееваның зерттеулері ғылыми тал-
дау  əдістерінің  дəйектілігімен,  дəлелдерінің  нақтылығы-
мен,  ұғымдылығымен  ерекшеленеді.  Жəне  бұлар  екі  тілдің 
ерекшеліктерін  салыстыра  отырып,  өлең  өрнектеріндегі 
тіл  ойнату  құбылыстарының  өзгеше  болмысын  ұқпау  сал-
дарынан  кеткен  кемшіліктерді  атап-атап  көрсетеді.  Бүгінгі 
практикалық  істе  мұндай  нақты  пікірлердің  септігі  тиері 
даусыз.
81
 Куспанов С. Переводы поэзии Абая на русский язык. Автореф. дисс. канд.
филол. наук. 1966; Садыков X. Об основных принципах перевода казахской 
прозы  на  русский  язык.  Автореф.  дисс.  канд.  филол.  наук.  Алма-Ата, 1968; 
Репин Б. Вопросы перевода казахской национально-специфической лексики 
(по материалам перевода романа-эпопеи «Путь Абая» М.Ауэзова на немецкий 
язык). Автореф. дисс. канд. филол. наук. Алма-Ата, 1970; Сушков Ю. Перевод 
прозы М.О.Ауэзова на французский язык. Автореф. дисс... канд. филол. наук. 
Алма-Ата, 1970; Жантекеева З. Проблемы перевода казахской поэзии на рус-
ский язык (на материале поэзии С.Сейфуллина и И.Джансугурова).
82
 Ландау Е.И. Русские переводы песен Джамбула. Автореф. дисс. канд. фи-
лол.наук.

196
60-жылдардың  табысы  ретінде  тағы  бір-екі  еңбекті
83
 
айрықша  атауға  тиіспіз.  Ол  еңбектер  журналист  Қ.  Сағын-
дықов  пен  ақын  М.  Əлімбаевтың  қаламынан  туған. 
М.  Əлімбаев – көп  жылдан  бері  шығармашылық  қызметін 
ғылыми-зерттеу  ісімен  əдемі  ұштастырып  келе  жатқан 
зерделі  қаламгер.  Ол  халқымыздың  ең  асыл  мүлкінің 
бірі – мақал-мəтелдерді  ерінбей  жинап,  бірнеше  топта-
ма  берді.  Ол  əрі  жазушы,  əрі  əйгілі  фольклоршы-сөздікші 
В.М.  Даль,  М.  Булатов,  А.  Соболев,  Пермяков  тəрізді  зерт-
теушілердің бүгінгі шəкірттерінің бірі іспеттес.
М.  Əлімбаев  мақал-мəтелдерді  туған  топырақтан  ғана 
іздеп-термей,  өзге  жұрттың  асыл  мұрасын  да  халқымызға 
ертерек  жеткізуді  мұрат  тұтқан  адам.  Көптеген  елдің  жүз-
деген мақалдарын аудара жүре, өзі байқаған қызық жайттар-
ды  бүгінгі  лингвистика  ғылыми  жетістіктері  тұрғысынан, 
соған  сүйене  отырып  баяндауға  тырысады.  Біз  бұл  еңбек 
жайында  пікірімізді  диссертациялық  жұмысымызда
84
  жəне 
«Жұлдыз» журналында басылған мақаламызда
85
 толық баян-
даған  болатынбыз.  Еске  салатын  тағы  бір  жайт,  ақынның 
зерттеу,  жинау,  аудару  жұмысын  үздіксіз  жүргізіп  келе 
жатқанының  дəлелі  ретінде  осыған  іле-шала  жарық  көрген 
тағы бір мақал-мəтелдер жинағы
86
.
Аударма  ғылымының,  əсіресе  марксизм-ленинизм  клас-
сиктерінің  шығармаларын  қазақ  тіліне  аударудың  мəселе-
лерін  қарастыруда  еңбектеніп,  ғылыми  пайымдаулар  жа-
сап  жүрген  зерттеушілер  бізде  көп  болмады.  С.  Бəйішев, 
83
  Сағындықов  Қ.  Көсемнің  асыл  мұрасы.  Алматы:  Қазақстан, 1970; 
Əлімбаев М. Өрнекті сөз – ортақ қазына. Алматы, 1967.
84
 Айтбаев У. Способы передачи фразеологизмов в переводах произведений 
А.М. Горького на казахский язык: Автореф.дисс. канд. филол. наук. Алма-Ата, 
1971.
85
 Айтбаев Ө. Кестелі сөз келісімі // «Жұлдыз», 1968. №3.
86
 
Маржан  сөз:  СССР  халықтарының,  социалистік  елдердің  жəне  басқа  да 
жұрттардың мақал-мəтелдері (Ауд. М.Əлімбаев. Алматы, 1978).

197
М. Жанғалин, Қ. Шəріпов, Х. Хасенов т.б.тəрізді бірен-саран 
адамдардың  ғана  есімін  атай  аламыз.  Солардың  бел  орта-
сында  жүрген  зерттеушінің  бірі – Қ.  Сағындықов  болатын. 
Ол осы мəселемен шұғылдана келе үлкен-үлкен жиындарда 
бірнеше баяндамалар жасап, əлденеше мақалалар жазды. 
Қ. Сағындықов негізінен мақал-мəтелдер мен идиомдар-
ды  барлайды.  Саяси-əлеуметтік  проблемаларды  қозғайтын 
еңбектермен  көркем  шығармалардағы  бейнелі  сөздердің 
жалпы  мағыналық  салмағы  бірдей  болғанмен,  олардың 
стильдік өңі, қолданылу аясы т.б. қасиеттеріне лайықты ау-
дарылу сыпатында да көптеген ерекшеліктер болатынын біз 
Қ.  Сағындықов  жүргізген  көп  жылғы  зерттеу  нəтижесінен 
де  байқаймыз.  Ол  мұның  бəрін  кандидаттық  диссертация-
сында  жəне  жоғарыда  атап  көрсетілген  монографиялық 
зерттеуінде  жан-жақты  талдап  берді.  Саяси  əдебиеттің 
аудармасын  қарастырғанда  жəне  фразеологиялық  құбы-
лыстардың,  бейнелі  сөздерді  аударудың  проблемаларын 
тексергенде біз бұл жұмыстарға соқпай өте алмаймыз.
Тіл  білімі  институты  тіл  мəдениеті  бөлімінде  аударма 
мəселесіне  байланысты  жүргізілген  жұмыстардың  нəти-
жесін  ойлағанда,  біз  жоғарыда  сілтеме  жасалған  Б.  Репин 
мен  Ю.  Сушковтың  мақалалары  мен  диссертациялық  жұ-
мыстарын  да  назарда  ұстауға  тиістіміз.  Бұл  Қазақстан 
топырағында  сатылы  аударма  табиғатын  тексеруді  мақсат 
еткен  тың  жұмыстар  қатарына  жатады.  Мұның  мəнісі  мы-
нада.  Біз  туған  əдебиетіміздің  өзге  тіл  аясындағы  пішінін 
бұған  дейін  бір  ғана  сала  (яғни  орыс  тіліндегі  аудармасы) 
арқылы  тексеріп  білсек,  енді  «Абай  жолы»  сияқты  туын-
дылардың,  ағылшын,  француз  жəне  неміс  тілдеріне  қалай 
аударылғанын  да  зерттей  алатын  дəрежедеміз.  Б.Репин 
қазақ  ұғымынан  туған  небір  тілдік  элементтерді,  тілдік 
образдарды, ұлттық колоритті неміс тіліне аударудың тəсіл-
дерін  ашып  берсе,  Ю.  Сушков  француз  қауымын  жаңа  бір 
бейнелі  сөздермен,  өзгеше  ой  өрнектерімен  байыта  түскен 
Əуезов қаламының сырына үңілді. 

198
Бұл  жұмыстардың  аударма  ғылымының  тарихында 
өзіне  лайықты  орын  алатынын  айрықша  атап  отырып, 
екеуіне  де  тəн  басты  бір  кемшілігін  еске  салмаса  болмай-
ды. «Аудару  үшін  ең  алдымен  екі  тілді  бірдей  меңгеру 
керек»  дейтін  аударма  теориясының  алғышартын  алға 
ұстасақ,  зерттеушілерге  қойылар  мұндай  талаптың  артық 
бола  қоймайтыны  белгілі.  Яғни  бұларға  да  осындай  талап 
қою шарт. Өйткені аударма ісіне баға беру үшін, байқалған 
нəрсеңнен  ғылыми  түйін  жасау  үшін  түпнұсқа  тілін  білу 
қажет-ақ.  Ғылыми  дайындығының  молдығына,  аппараты-
ның  жеткіліктілігіне  қарамастан,  көптеген  тұжырым-түйін-
дерінен  екеуінің  түпнұсқа  тіліне  шорқақтығы  байқалып 
тұрады. Ендеше, бұдан шығатын қорытынды – өзін аударма 
проблемасын  талдауға  бағыштаған  зерттеуші  ең  алдымен 
объектісінің тілін мүлтіксіз меңгеруге міндетті. Сонда ғана 
аударма  теориясының  көптеген  проблемаларын  дұрыс  ше-
шуге мүмкіндік аламыз.
Келесі  он  жылдықтың,  яғни 70-жылдардың  да  аударма 
ғылымын  өркендете  түсуге  қосқан  үлесі  аз  емес.  Бұл 
жылдардың жемісі, оның негізі өткен он жылдықтың өн бой-
ында қаланғаны. Үш-төрт кандидаттық, бір докторлық дис-
сертация
87
  қорғалды.  Бірнеше  монографиялық  зерттеулер 
мен  кітапшалар
88
  жəне  толып  жатқан  ғылыми  мақалалар-
87
 
Айтбаев  У.  Способы  передачи  фразеологизмов  в  переводах  произведений 
А.М.  Горького  на  казахский  язык.  Автореф.дисс.канд.филол.наук.  Алма-Ата, 
1971;  Ермагамбетова  А.С.  Сущность  и  значение  национальных  слов-реалий 
в  языке  художественного  произведения  и  способы  их  перевода  (на  материале 
перевода «Путь Абая» на англ.язык). Автореф. дисс. канд. филол. наук. Алма-Ата, 
1972; Курманов М.Ш. Некоторые вопросы перевода немецкой поэзии на казах-
ский язык (на материале перевода произведений Гете, Шиллера и Гейне). Авто-
реф. дисс. канд. филол. наук. Алма-Ата, 1972; Дуйсетаева К.И. О способах пере-
дачи казахских фразеологизмов на английский язык через посредство русского 
языка;  Талжанов  С.  Исторические  периоды  развития  казахской  литературы  и 
роль перевода в этом процессе. Автореф. дисс. докт. филол. наук. Алма-Ата, 1972.
88
  Хайруллин  Р.  Аударма  сыпаты.  Алматы, 1976; Айтбаев  Ө.  Аудармадағы 
фразеологиялық  құбылыс.  Алматы, 1975; Талжанов  С.  Аударма  жəне  қазақ 
əдебиетінің мəселелері. Алматы, 1975; Тұрарбеков З. Əдебиеттер достығының 
дəнекері.  Алматы, 1977; Айтбаев  Ө.  Қазақ  терминологиясының  дамуы  мен 
қалыптасуы. Алматы, 1988.

199
дың  аударма  мəселесінің  ғылым  объектісіне  түбегейлі 
айналғанын  бұлжытпай  дəлелдейтін  фактілер  ретінде  баға-
ласақ қателеспейміз.
Кейінгі  он-он  бес  жылдың  жемісін  тұтас  алып  қарасақ, 
аударма  мəдениетінің  көтеріле  түскенін  жəне  сан-салалы 
зерттеудің  сыр-сипатында  айтарлықтай  ғылыми  өре  барын 
көрмеу  мүмкін  емес.  Зерттеу  ісімен,  қазақ  тілімен  орыс 
тілін  ғана  білетін  жандар  емес,  соған  қоса  шет  тілдерін  де 
жете меңгерген маман жастардың айналыса бастауы аудар-
ма ғылымының жандана түсуіне жаңа леп əкелгендей. Осы 
заманғы  ғылым  жетістіктерімен  қаруланған  жас  буынның 
алдында  əлі  талай  міндеттер  тұр.  Зерттелмеген  сан  түрлі 
проблема бар, жазылуға тиісті теориялық еңбектер бар.
Қазақстан  Жазушылар  одағының  көркем  аударма  кеңесі 
біраз жылдан бері аударма өнері жайлы жыл сайын мəжіліс 
өткізуді  дəстүрге  айналдырып  келген  еді.  Мұндай  мəжіліс, 
кеңестердің  өте  пайдалы  болатыны  даусыз.  Өйткені  онда 
қазақ  тіліне  соңғы  жылдары  нендей  көркем  дүниелер  ау-
дарылды,  рухани  қазынамызға  нелер  келіп  қосылды, 
оларды  кімдер,  қалай  аударды  деген  мəселелердің  беті 
ашылды.  Қалың  оқырманның  бұл  жайында  хабардар  бо-
лып  отыруының  өзі  едəуір  олжа.  Бірақ  осы  мəжілістерге 
аударманың  ғылыми  проблемаларын  қарастырып  жүрген 
зерттеуші мамандардың өте самарқау қатысатынына өкініш 
айтпауға болмайды. Біз бұл жерде кім кінəлі деген сұраққа 
жауап  іздеуден  гөрі,  мəселенің  маңызына  мəн  бергіміз 
келеді.  Осындай  мəжілістерге  лажы  болса  Қазақ  ұлттық 
Ғылым  академиясының  А.  Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл 
білімі  институты  мен  М.  Əуезов  атындағы  Əдебиет  жəне 
өнер  институты  мамандары  қатыстырылғаны  жөн.  Өйткені 
қазіргі кезенде əңгіме қай ел жазушы шығармаларын қашан, 
қаншасын  (əрине  бұл  да  керек)  аудардық  дегенді  ғана 
қанағат  тұтатын  кезең  емес.  Соларды  аударғанда  оны  кім 
қалай  аударып  отыр,  түпнұсқаның  бүкіл  мазмұн-мағына-
сын  əйгілеп  тұрған  ерекше  белгілері  қазақ  тілінің  қандай 

200
тілдік  құралдарын  іске  жарату  арқылы  беріліп  отыр?  Сол 
арқылы  тіліміздің  болмысында  бой  көрсеткен  қандай  жаңа 
нышандарды  байқауға  болар  еді?  Тіл  мүмкіндігі,  аудар-
машы  мүмкіндігі,  жаңашылдық  жəне  тəжірибе  жалғасты-
ғы  т.т.  деген  сауалдар  көбіне-көп  жауапсыз  қала  беретін 
тəрізді.
Қазіргі  кезеңдегі  аударма  ауқымын  жай  шолып  өтудің 
өзі  онша  оңайға  түспейді.  Бұған  осы  заманғы  техниканың 
көмегін  пайдалануға  тура  келеді.  Бұл  салада  жасалған 
практикалық  жұмыстар  мен  соның  ғылыми  мəселелерін 
қарастырып  жүрген  мамандар  тəжірибесін  бір  арнаға 
түсіріп, соны зерттеуде пайдасы тиер бағыт-бағдарымызды 
айқындап алар кезең туды. Ұлттық Ғылым академиясы мен 
Қазақстан Жазушылар одағы бірлесе отырып қолға алатын 
жұмыстары бұл салада да жетерлік.
Аударманың қазір сала-саласы бұтақтап, тамыр таратып, 
дамып  отыр.  Көркем  əдебиет  пен  саяси-қоғамдық  əдебиет 
аудармаларының сыртында, киностудия, көгілдір экран мен 
эфирден  берілетін  неше  алуан  хат-хабарлар  т.б.  берілім-
дердің  басым  көпшілігі  аударма  материалдарынан  тұрады. 
Бұл саланы да қарастырып жүрген ізденушілер тобы пайда 
болды.  Мəселен,  соңғы  кезде  жарық  көрген  Ə.  Бөриевтің 
«Кино аударма мəселелері» («Қазақ əдебиеті», 1979, 8 мау-
сым),  К.  Ахметованың  «Мыңыншы  аударма» («Қазақ  əде-
биеті», 1975, 21 ақпан),  сондай-ақ  М.  Əбдіқалықов  т.б. 
авторлардың мақалалары осыны байқатады.
Тарихы сонау 20-жылдардан басталып, жалғасып дамып 
келе  жатқан  оқулықтар  мен  оқу  құралдарының  аудармасы 
жайында да əлі мардымды зерттеу жұмыстары жазыла қойған 
жоқ.  Мұның  да  өзіндік  ерекшелігі  мол  дүние.  Оқу  құрал-
дарын  аудару  мен  көркем  шығарманы  аудару  тіпті  де 
бірдей  емес.  Негізінен  мектеп  оқушылары  мен  жоғары 
оқу  орындарының  студенттеріне  арналатын  бұл  саладағы 
жұмыста  мəн  берілетін  ең  басты  мəселе  тілдің  терми-
нологиялық  жүйесі.  Осыны  жеткізудегі  аудармашы  тəжі-

201
рибесі  де  кеңірек  сөз  болуға  тиісті  деп  білеміз.  Аудар-
маның  бұл  тармағы  бойынша  Қазақстан  Республикасы 
Білім  министрлігінің  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Педагоги-
ка  ғылымдары  институты  мен  ұлттық  Ғылым  академиясы 
А.  Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институты  қызмет-
керлері бірлесе көтеретін қаншама мəселе бар.
Біз  бір  кезде  аударма  дегенде  бұл  мəселенің  тек  бір 
жағын  ғана  басымырақ  əңгімелейтінбіз.  Сондағы  алдымен 
тілге  тиек  етілетіні  орыс  тілінен  қазақ  тіліне  аудару  жайы 
болатын.  Бұл  жағынан  қол  жеткен  табыстарымыздың 
жағдайы  жоғарыда  сөз  еткеніміздей.  Бірақ  мұны  да  түбе-
гейлі  зерттеліп  бітті  деп  тоқмейілсудің  жөні  жоқ.  Əлі 
қыртысына  тіс  тимеген  тың  салалар  бар  екенін  күннен-
күнге байқай түсудеміз.
Сонымен  бірге  кейінгі  кезде  аударманың  екінші  жағы, 
яғни қазақ тілінен орыс тіліне (проза, поэзия, пьеса) аудару 
мəселесімен  айналысатын  білікті  мамандар  молая  бастады. 
Бұл  салада  да  аударылып  жатқан  дүние  көп.  Сол  арқылы 
біздің  əдебиетіміз  əлемдік  мəдениет  қорына  өз  үлесін 
қосып  отыр.  Бірақ  соның  ішкі  сырына  үңіліп,  ұлттық 
мəдениетіміздің  өзіне  тəн  өзгешеліктері  қаншалықты 
дəрежеде  орыс  тіліне,  одан  əрі  басқа  ұлт  не  шет  тілдеріне 
жеткізіліп  жатыр  дегенді  көп  уақыт  бойы  келелі  əңгіме 
ете  алмай  келеміз.  Тілдік,  стильдік  ерекшеліктерді  жеткізу 
жағынан  ойдан  шыға  алмай,  олқы  түсіп  жатқан  аудар-
ма  үлгілері  көкейде  тұрғанмен,  арнайы  зерттеу  жұмысы 
жүргізілмегендіктен  пікір  айтуда  шалағайлық  байқалады. 
Міне,  осы  ретте  зерттеулер  арқылы  жұртшылық  назарын 
аударарлық  мəселе  көтере  білген,  сөйтіп  өзіндік  бетбұрыс 
танытқан З. Жантекееваның, А. Жовтистің, Э. Лизунованың, 
А. Нысаналиннің, М. Əуезовтің, Х. Садықовтың, Л. Сағын-
дықованың,  С.  Қоспановтың  т.б.  зерттеулерін,  сондай-ақ, 
шет  тілдеріне  аударылу  сапасын  зерттеу  объектісіне  ай-
налдырған К. Дүйсетаева, А. Ермағамбетова, Р. Жайсақова, 
Б. Репин, Ю. Сушков тəрізді мамандар ізденістерін де атауға 

202
болады.  Мұның  үстіне  аударма  зерттеушілердің  əлі  қолы 
бара  қоймаған  туыс  тілдердің  бірінен  екіншісіне  аудару 
мəселесі де аударма ғылымы үшін құнды материал беретіні 
сөзсіз.
Міне,  осыдан  байқалатындай,  бүршік  атып,  жапырақ 
жайған,  бұтақ  таратып,  тамырын  тереңге  жібере  бастаған 
аударма  мəселесінің  қарастырылуға  тиісті  сала-саласы 
жетерлік.  Жеткілікті  мəн  беріліп,  түбегейлі  зерттелмей 
жатқан мəселелері тіпті көп.
Бұдан шығатын қорытынды мынау. Ғылымның маңызды 
саласы  екеніне  көз  жеткенмен,  аударма  мамандарын  даяр-
лау жұмысы көңілдегідей болмай отыр. Бұл салада істелген 
жұмыстың  бəрі  бірдей  белгілі  бір  ғылыми  мекеменің 
жүйелі  жоспарланудың  нəтижесінде  тындырып  жатқан 
ісі  емес.  Əрқилы  мамандық  иелерінің  өзіндік  əрекетінің 
нəтижесі.  Олар  көбіне-көп  жазушылар,  журналистер,  əде-
биетшілер, оқу-ағарту ісінің мамандары. Аспирантура арқы-
лы арнайы дайындалған бірде-бір маман жоқ. Мұны да ойла-
натын шақ жетті деп білеміз.
Соңғы уақытта, атап айтқанда, 80-90-жылдар аралығын-
да  аударма  мəселесіне,  аударма  тілінің  мəдениетіне  бұрын-
ғыдан  да  жиірек  көңіл  бөліне  бастаған  тəрізді.  Мұны  біз 
мерзімді  баспасөз  бетінде,  əсіресе, «Қазақ  əдебиеті»  газе-
тінде  жарияланып  жататын  материалдардан  айқын  аңға-
рамыз.  Сондай-ақ, «Жұлдыз»  журналы, «Жалын»  альма-
нағы,  тіпті  «Зерде»  жəне  Ұлттық  Ғылым  академиясының 
Хабарлары  да  аударманың  өзекті  мəселелерін  сөз  ететін 
материалдарды,  зерттеулерді  жариялап  отыруды  дағдыға 
айналдырып  келеді.  Мұндай  беталыс,  сөз  жоқ,  жұмыстың 
жандана түсуіне сеп болар нышандар. Осының бəрін жинақ-
тап  келгенде  айтарымыз,  аударманы  ғылым  ретінде  қа-
лыптасты  десек  те  оның  күн  тəртібінде  тұрған  көптеген 
мəселелері  əлі  түбегейлі  тексеріліп,  ғылыми  талдамасы 
жасалған  жоқ.  Ол  үшін  не  істеу  керек?  Бұл  жерде  мəсе-
ленің түп тетігі мамандарға келіп тірелетінін тағы да қадап 

203
айтқымыз  келеді.  Əл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 
университетінің  филология  жəне  журналистика  факультет-
терінде,  Əлем  тілдері  университеті  мен  т.б.  оқу  орында-
рында  аудармашылар  тобын  құрып,  кадр  даярлау  ісімен 
шұғылдана бастаған əрекеттер бар. Бірақ нəтиже əлі көріне 
қойған  жоқ.  Осы  аудармаға  қатысты  мекемелердің  бəрі 
өзара  байланыс  жайын  түбегейлі  қарастырып,  жұмысты 
жоспарлы  түрде  жүргізгені  жөн  болар  еді  деген  ой  айтқы-
мыз келеді.
Қазақ  тіліне  аударылған  қыруар  дүние  ғылым  сарабы-
на  түсуге  тиіс.  Халқымыздың  тілдік,  стильдік  жүйесіне, 
рухани  мəдениетіне  өлшеусіз  мол  əсері  бар  бұл  іс  өз  зерт-
теушілерін күтеді.
Сонымен, біз осы сөз болған жайдың өзінен де аударма-
ның  жеке  ғылыми  пəн  есебінде  қалыптаса  бастағанын 
көреміз.  Оның  өз  алдына  зерттеу  нысаны,  проблемалары 
мен содан туындайтын қағида, принциптері бар. Қалыптасу, 
даму  тарихы  бар.  Алайда  бұл  мəселелердің  бəрі  бірдей 
зерттеліп,  жан-жақты  қарастырылған  жоқ.  Ендігі  жерде, 
міндет – аударманы аумағымен қамтып, оның түбегейлі де 
жүйелі тарихын жасау болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет