Терминологиясы


Орыс жəне интернационал термин сөздері



Pdf көрінісі
бет6/22
Дата05.02.2017
өлшемі1,84 Mb.
#3429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Орыс жəне интернационал термин сөздері
Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында ең бір бай əрі күрделі 
қабатты  орыс  тілінен  енген  кірме  сөздер  жəне  сол  арқылы 
келген  халықаралық  терминдер  алып  жатады.  Бұлардың 
тілімізге  ену,  келу  жолдары  да  басқаша.  Бұл  арада  біз  тіл 
дамуында  бола  беретін  заңды  құбылысты  да,  заңдылықтан 
тыс күштеу тəсілінің де орын алғанын байқаймыз. Ғасырлар 
бойы іргелес отырып, ауыс-түйіс жасап келген орыс халқы 
мен қазақ халқы мəдени қарым-қатынастың осы түрін, яғни 
тіларалық  қатынасты  тіпті  ертеден-ақ  бастаған  тəрізді. 
С.Исаевтың  дəлелдеуінше,  тіпті  XІV  ғасыр  ескерткіші  бо-
лып  саналатын  «Кодекс  куманикусте»  де  «изба», «печь» 
31
 
Мусабаев Г. Современный казахский язык: Лексика. Алма-Ата, 1959.

87
тəрізді орыс сөздері
32
 қолданылған екен. Осыған қарағанда, 
қазақтар  орыс  сөздерін  ежелден-ақ  пайдаланып,  əжетіне 
жарата  бастаған  деп  түйін  жасауға  əбден  болатын  тəрізді. 
Ендеше,  мұның  өзі  арнайы  ізденісті  керек  ететін  құбылыс 
деп  шамалаймыз.  Ал  төңкерістен  бұрынғы  бұл  процесс 
XІX ғасырдың екінші жартысында тіпті үдей түскен.
Қазіргі лексикадағы ең өнімді де өрісті сала орыс тілінен 
енген  кірме  сөздерді  негізінен  екі  кезеңге,  яғни  Қазан 
төңкерісінен бұрынғы жəне содан кейінгі кезеңге бөліп қа-
рауға зерттеушілер келісетін сияқты. Ал бұл кезең өз алдына 
тармақталып қарастырылуға тиіс. Əрине, орыс тілінен енген 
сөздерді нақты мына уақытта мұншасы, ана уақытта аншасы 
келді деп ашып айту қиын. Сондықтан зерттеушілердің көбі 
жоба, жорамалмен шамалайды.
Ғ.  Мұсабаев  өзінің 1959 жылы  шыққан  «Современный 
казахский язык»
33
 деп аталатын еңбегінде төңкеріске дейінгі 
орыс тілінен енген сөздерді үш кезеңге бөліп қараған.
Бірінші кезең XVІІ ғасырға дейінгі дəуірді қамтиды. Бұл 
орыстар мен қазақтардың əлі қоян-қолтық араласа қоймаған, 
шаруашылық-экономикалық  байланыстың  барлау,  бақылау 
түрінде  жүре  бастаған  кезі.  Міне,  сондықтан  бұл  кезде  əлі 
орыс  сөздері  тілімізге  ене  қойған  жоқ  болатын.  Тек  орыс-
тармен  іргелес  отырған  маңдарда  ғана  аздаған  ауыс-түйіс 
болып жататын. Бұлар елеулі сипат ала алған жоқ.
Екінші  кезең XVІІ  ғасыр  мен  XІX  ғасырдың  екінші 
жартысындағы  аралықты  қамтиды.  Бұл  тұста  тіларалық 
қатынас  қоныс  аударушылармен  арадағы  қатынасқа  орай 
дамыған  тəрізді.  Оның  үстіне,  Қазақстанның  Ресейге 
қосылуы  қазақ  өміріне  түбірлі  өзгерістер  əкелгені  мəлім. 
Орыстар мен қазақтар енді бұрынғыдай емес, шаруашылық-
экономикалық  жағынан  да,  тіпті  саяси  байланыстылық 
жағынан да араласа бастайды. 
32
 Исаев С. О роли русского языка и формировании казахской терминологии // 
Прогрессивное влияние русского языка на казахский. Алма-Ата, 1965. С.96.
33
 Мусабаев Г. Современный казахский язык: Лексика. Алма-Ата, 1959. .

88
Бұл  аралықта  қазақ  тіліне,  əсіресе,  ауылшаруашылық 
құрал-саймандарына, үй іші жабдықтарына, əскери-əкімші-
лікке байланысты көптеген сөздер еніп үлгерді: соқа, хутор, 
поднос, генерал, пристав, майор, адвокат, шəйнек т.б. сөздер 
сол  кездерде-ақ  тілімізге  енген.  Əйтсе  де  сөз  қабылдаудың 
бұл түрі қазақ тілінің заңдылығына ыңғайланып еніп жатты.
Үшінші  кезең  XІX  ғасырдың  екінші  жартысынан  баста-
лып, Қазан төңкерісіне дейін созылады. Бұл тұста қазақ елі 
түгелімен Ресейге қосылып біткен болатын. Капитализмнің 
дамуы,  орыстар  мен  қазақтардың  арасындағы  ақша  айна-
лымы,  мəдени  байланыс,  сауда-саттық  жұмысы  екі  ел  ара-
сындағы  қарым-қатынасты  күшейтті.  Соның  нəтижесінде 
бұл кезеңде қазақ ұғымына тосын жаңа сөздердің біразы ене 
бастады. Осы тұста игерілген орыс сөздерінің біразын ұлы 
Абай туындыларынан да кездестіруге болады. Мысалы, ар-
шин, интернат, единица, ноль, такт, картечь, визит, счет, 
штык, пара, элемент, шар, болыс, ояз, старшина, кандидат, 
съезд,  бүбірнай  (выборный),  пөштебай,  майор  т.б.  сөздер 
ақынның сөзқолданысында өз жарасымын тапқан. Осы жəне 
осы тектес термин сөздер төңкеріске дейінгі қазақ əдебиеті 
мен  қазақ  баспасөзінің
34
  бетінде  де  жиі  кездесіп  отырады. 
Тіпті Жамбылдың төңкеріс алдындағы шығармаларында да 
жандарал (генерал), болыс (волостной управитель), остеп-
ке  (выставка),  губернатор,  солдат,  атаман  деген,  сондай-
ақ  тұңғыш  қазақ  романы  Спандияр  Көбеевтің  «Қалың  ма-
лында»  да  орыс  сөздері  қолданылатынын  Ш.  Сарыбаев
35
 
көрсетеді.
34
  Жанпейісов  Е.  Қазақ  прозасының  тілі.  Алматы, 1968; Əбілқасымов  Б. 
Алғашқы  қазақ  газеттерінің  тілі.  Алматы, 1971; Сонікі.  XІX  ғасырдың 
екінші  жартысындағы  қазақ  əдеби  тілі.  Алматы, 1982; Исаев  С.  Қазақтың 
мерзімді баспасөз тілінің дамуы. Алматы, 1983; Сұбханбердина Ү. Қазақтың 
революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. Алматы, 1963; 
Əдеби мұра. Революциядан бұрынғы мерзімді баспасөз бетінде жарияланған 
көркем шығармалар. Алматы, 1970.
35
  Сарыбаев  Ш.  Развитие  лексики  казахского  языка  и  советскую  эпоху // 
М.О.Ауэзову(к его 60-летию). Алма-Ата, 1960.

89
Əдеттегі  түсінік  бойынша,  термин  сөздерінің  пайда  бо-
луын  ғылым  мен  техникаға  байланыстырамыз.  Қазақ 
топырағында  ғылыми  ой-пікірдің  өрбуін  зерттеушілер 
XІX  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастайды.  Біздіңше, 
мұның жөні бар сияқты.
Ғылым туралы тұңғыш деректер мен ғылыми мақалалар 
алғашқы  қазақ  газеттері – «Түркістан  уəлаятының  газеті» 
(1870–1882) мен «Дала уəлаятының газеті» (1888–1902) бет-
терінде
36 
жарияланған.  Осындай  пікірді  басқа  да  ғалымдар 
қолдайды.  Ғ.  Мұсабаевтың  мына  бір  пікіріне  назар  ауда-
ру  қажет: «Ғылыми  терминологияның  элементтері  Қазан 
төңкерісіне  дейін  болғаны  да  сөзсіз...  Орыс  мəдениетінің 
белгілі  ұғымдарын  қазақ  тіліне  қазақтың  XІX  ғасырдағы 
белгілі ағартушылары біраз енгізген болатын»
37

Шынында, зерттеуші Б. Əбілқасымов атап көрсеткендей, 
бұл  газеттердегі  ғылыми  мақалалардың  көбі  сол  кездегі 
ғылыми  экспедиция  материалдары,  солардың  жұмысы  ту-
ралы есеп, не солар жайында хабар болып келеді. Сонымен 
бірге  тіл,  əдебиет,  тарих,  этнографияға  қатысты  мақалалар 
да жарияланып отырған. Бұларда кездесетін ғылыми ұғым-
дарды  газет «... қазақ  ұғымында  бұрыннан  бар  сөздер  ар-
қылы  түсіндірмек  жолымен  аударып  беруге  тырысқан,  кей 
кездерде  сол  терминдік  мағынадағы  орыс  сөздерінің  өзін 
қалдырып  та  отырған»
38
.  Сонда  кездесетін  ғылымға,  оқу-
ағарту ісіне байланысты терминдердің қайсыбірі мына тек-
тес:  ғылым  (наука),  ағачсу  ғылымы  (ботаника),  тау-тас 
ғылымы (горное дело), жан-жануарлар ғылымы (зоология), 
көктен түскен тас (метеорит), ұлама (профессор), мадрис 
(преподаватель),  ұстаз  (учитель),  шəкірт  (ученик),  мед-
ресе.  Осы  соңғы  медресе  сөзін  жоғары  оқу  орындарының 
36
 Əбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. Алматы, 1971.
37
 
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі: Лексика, фонетика. Алматы, 
1962. 37-б.
38
 
Əбілқасымов Б. Аталған еңбек, 93-б.

90
бəріне қатысты ұғымды білдіруге пайдаланған тəрізді. Мы-
салы,  «университет  деген  медресе», «ұстаз  даярлайтын 
медресе», «институт деген медресе» сияқты тіркестер осы 
айтқанымызға дəлел бола алады.
Тіл  біліміне  қатысты  терминдердің  берілуі  де  назар  ау-
дартады:  лұғат  (тіл),  əуез  (дыбыс),  хəріф  (əріп),  əліфби 
(алфавит),  қатты  əуез  (дауыссыз  дыбыс),  қағида  (ере-
же,  заңдылық),  мұрыннан  оқылатын  (сонор).  Тіліміздің 
терминологиялық жүйесін жасауда өзіндік рөл атқарған бұл 
лексикалық қабаттар əдеби тілдің даму барысын байқатады. 
Бұлардың көбі қоғам дамуының ерекшеліктеріне орай өзге-
ше өріс алып, кейін басқаша аталатын болды. Біразы мүлде 
өзгеріске душар болса, енді біразы дыбысталуы тұрғысынан 
қазіргі əдеби тіл нормасына сəйкестендіріледі.
Заң  істеріне  байланысты  сол  кезде  пайда  болған  термин 
сөздердің  көбі  қалыптасып,  қолданысқа  сіңісіп  кетті.  Күн-
делікті  тірлікте  жиірек  араласуға  тура  келгендіктен  бе, 
əлде  ел  ішінде  арыздану,  шағым  айту,  істі  болу  салдары-
нан ба – бұл саладағы термин сөздердің орысшасы болсын, 
қазақшасы  болсын  қолданысқа  еніп,  тұрақтанып  кеткен. 
Суд, жаза (наказание), абақты (тюрьма), залок, кефіл (пору-
чительство),  жазакер,  жауапкер  (обвиняемый),  жұмыс,  іс 
(дела), адуакат, куə (свидетель), жаналу (присяга), ықтияр 
(право)  деген  сөздер  қатарынан  жаза,  кепіл,  жауапкер, 
іс,  куə  тəрізділердің  терминдік  мазмұны  нақтыланып,  заң 
терминдері есебінде тұрақтанды.
Белгілі  түрколог  Н.А.  Баскаков  өзінің  «Түркі  тілдері»
39
 
деп  аталатын  көлемді  ғылыми-зерттеу  мақаласында  жалпы 
түркі тілдері жайында өте маңызды мəлімет пен типология-
лық сипаттама бере келе, барлық түркі тілдері, оның ішінде 
қазақ  тіліне  де  тікелей  қатысы  бар  классификациялық  тал-
дама жасайды (Бұл жайында жоғарыда айтылды – Ө.А.).
39
 Языки народов СССР. Т. 2; Тюркские языки. М., 1966. С.34.

91
Орыс тілінен енген сөздерді сарапқа сала отырып, бұлар 
тілімізге əрқилы жолдармен келгенін байқадық. Алғашқыда 
бұлар  өзара  қарым-қатынас  нəтижесінде  стихиялық  түрде 
еніп, кіріге бастайды. Ал кейін, əсіресе, Қазан төңкерісінен 
соң  орыс  жəне  интертерминдер  жоспарлы  жəне  жүйелі 
түрде ресми əрекеттер нəтижесінде енгізіліп, қатар түзейді. 
Тіпті  бұларды  тым  еркінсіткеніміз  соншама,  ана  тіліміздің 
ежелден  қалыптасқан  сөзжасам  заңдылықтарын  аяқасты 
етіп, ол сөздер жат тілдік пішінін бұзбай қабылданатын бол-
ды. Емле ережеміз бен терминжасам принциптерінде мұны 
əбден заңдастырып алғаннан кейін бұлардың қатары мүлде 
көбейіп кетті. Сөйтіп, тіл гармониясы бұзылды.
Міне,  сондықтан  орыс  тілі  арқылы  келген  термин  сөз-
дердің  бəрін  қазақ  тілінің  заңдылығына  орай  қайта  қарап, 
қалыптастырудың  сəті  енді  түсті  деп  білеміз.  Терминолог 
тілшілердің ендігі бір міндеті осы болуға тиіс.
Алғашқы газет-журналдардың 
термин жасаудағы рөлі
XX ғасырдың бас кезі қазақ елі үшін рухани оянуға же-
телеген сəт еді. Осы кезеңде болған алуан түрлі əлеуметтік, 
саяси  өзгерістер  қоғамдық  өмірге  де  көптеген  жаңалық 
əкелді.  Халықтың  сана-сезімі  оянып,  арта  түсумен  байла-
нысты  баспа  ісі  де  ілгері  дамыды.  Ол  процесс  қазақтың 
баспасөз  тарихынан  анық  аңғарылады.  Төңкеріске  дейінгі 
аз уақыттың ішінде көптеген газет-журналдар жарық көрді. 
XІX  ғасырда 30 жылдай  мерзім  ішінде  шығып  келген  га-
зеттермен салыстырғанда, бұл мерзім ішінде жарық көрген 
газет-журналдар  саны  жағынан  болсын,  сапасы  жағынан 
болсын,  өз  беттерінде  көтерген  мəселелердің  шеңбері  мен 
тереңдігі  жағынан  болсын  көш  ілгері  еді.  Соның  ішінде, 
əсіресе «Айқап» журналы қазақтың жазба əдеби тілін, оның 
жақсы  дəстүрлерін  əрі  қарай  дамытуда,  жалпыхалықтық 
тілдің  кейбір  стильдік  тармақтарын  қалыптастыруда,  оның 

92
терминологиялық  лексикасын  жасауда  орасан  зор  қызмет 
атқарды. Бұл газет-журналдар беттерінде журналистік жаңа 
жазу  үлгісі,  əдебиеттің  əртүрлі  жанрлары  қалыптаса  баста-
ды.  Публицистика  тіліне  тəн  көптеген  термин  сөздер  мен 
терминдердің,  грамматикалық  единицалардың  тұрақта-
луына  осы  кезеңдегі  баспасөз  тілінің  əсері  зор  болды. 
Кейінгі  кездегі  баспасөз  тілінен  мықтап  орын  алған  жаңа 
термин сөздер мен сөз орамдарының көбі-ақ алғаш осы га-
зет-журнал беттерінде қолданылып отырған. Елімізде болып 
жатқан саяси-əлеуметтік, қоғамдық, экономикалық, мəдени 
өзгерістерге  байланысты  кірген  жаңа  ұғымдарды  дəл  атап, 
баламалауда  болсын,  қазақ  тілінің  сөздік  құрамын  атау 
сөздермен,  терминдермен  одан  əрі  байыта  түсуде  болсын, 
сөз  тудыру,  терминжасам  амалдарын  жетілдіруде  болсын, 
бұл  мерзімді  баспасөздің  рөлі  ерекше.  Бұл  ерекшеліктер 
баспасөз  тілінің  лексикалық  құрамы  мен  грамматикалық 
құрылысынан айқын аңғарылады.
Əдетте,  сөздік  құрам  деген  атауға  тілдегі  сөздің  жалпы 
көлемі сияқты ұғым жатқызылады. Ал бұл жерде біз мұны 
сəл  басқашарақ  мəнде,  яғни  газет-журнал  тілінде  сөз  сап-
таудың,  сөз  тудырудың,  қолданылған  лексемалардың 
жанрлық-стильдік  ерекшеліктері  сияқты  ұғымдарды  сый-
ғызып отырмыз. Жанрлық, стильдік жағынан қарағанда, бұл 
кезеңдегі  баспасөздің,  əсіресе  «Айқап»  журналының  тілі 
бірыңғай  қалыптасты  деп  айта  алмаймыз.  Онда  күнделікті 
өмірде  қолданыла  бермейтін,  кітаби  тілге  тəн  шетел 
тілдері  мен  түркі  тілінің  сөздері  де,  ауызекі  сөйлеу  тіліне 
тəн  сөздер  мен  диалектизмдер  де,  терминдік  лексиканың 
түрі – бұрын  кездесе  бермейтін,  жалпы,  жаңа  сөздер  де 
көптеп  ұшырасады.  Əрине,  бұл  кезеңдегі  газет-журнал 
тілі  лексикасының  көпшілігі  қазақ  тілінің  қай  жанры,  қай 
стилінде болсын қолданылатын ортақ сөздер болып келеді. 
Дегенмен, «Айқап»  журналының  сөз  саптауында,  жаңа  сөз 
тудыруында өзіндік ерекшеліктер де байқалады.
XX ғасырдың бас кезіндегі баспасөз тілінде бір ұғымды 
білдіретін  сөзді  түрлендіріп,  əртүрлі  формада  қолдану  жиі 

93
ұшырасады.  Мысалы,  қазіргі  əдеби  тілімізде  тұрақтанған 
білім, білік деген сөздермен қоса, онда білікті, білгі, білмір 
сияқты сөздер де жарыса қолданылып отырады. Əр нəрсеге 
білік  керек,  білік  болмай  бірлік  болмайды,  бірлік  болмай 
тірлік  болмайды («Қазақ», 1912, 21 ақпан, 3-б.).  Бұл  ту-
рада  білгілерінің  қараб  тұрмай,  журнал  сахифаларында 
қаламлары  жылдамырақ  үлгеруі  керек  еді («Айқап», 1911, 
№7, 5-б.) «Айқап» журналы арқылы бағзы бір адамлар хоз-
ларынын, көңілдегі толқұб журган хиялдарына жала бізде 
білмірлардан  сауал  сұраб  еді  (Сонда. 1912, №3, 49-б.). 
Мұндай мəселелерді ашу ушун елдің, білмір бас адамларының 
бір жерге жиылуб кеңес етуі тиіс (Сонда.1913, №4, 75-б.). 
Семинаріне  һэм  учительски  школ  секілді  орындарға  кіруге 
қанша білік керек? (Сонда. 1912, №7, 167-б.). Білім мен білік 
сөздерін саралап қолдану қазіргі баспасөз тілінде де кездесіп 
отырады. Біз сонда ғана балаларымызға заман талабына сай 
білім мен білік таныта аламыз («Қазақстан мұғалімі», 1963, 
29 июнь, 3-б.). Осы сияқты «Айқап» журналы түзу сөзінің 
түзік деген көне тұлғасын көбірек қолданады. Бұл емленің 
түзік  болуы  үшін  ең  керегді  қағидалар («Айқап», 1913, 
№10, 217-б.).  Сол  сияқты  журнал  беттерінде  отырықшы, 
отырақшы,  отырақ,  отырықты,  отырық  жəне  жабайы, 
жай сөздерінің бірінің орнына екіншісінің қолданылуында 
ешбір  мағыналық  айырмашылық  жоқ.  Бұл  сияқты  сөздер 
тіпті  бір  мақаланың  ішінде  де  жарысып  қолданылып  оты-
рады.  Бір  ұғымды  білдіруге  бірнеше  сөздің  жарысып 
қолданылуындағы  параллельдің  бірі – қазақтың  төл  сөзі 
я  жаңа  сөз  болса,  екіншісі – басқа  тілден  енген  сөз  бола-
ды.  Сол  ілтифатқа  алмаған  уақытында  бізге  жиылыс 
керек  («Айқап», 1913, №10, 221-б.).  Кышлақ  жағында 
өзара  жамиғат  жасалып  мені  де  шақырды  (Сонда.  №3, 
53-б.).  Сол  сияқты  проект – жоба,  жер  өлшеушілер – 
землемерлер, дохтор-табиб т.б. сөздерді кездестіреміз.
«Айқап»  журналының  беттерінде  жаңа  сөз  жасаудың 
көптеген тəсілі пайдаланылып отырады. Соның бірі – ежел-

94
ден  қолданылып  келе  жатқан  сөздерді  жаңа  мағынада,  иə 
үстеме  мағына,  мағыналық  реңк  қосып  жұмсау.  Бұлардың 
қолдарын қойдырған соң, өзлары жазу білген (грамотный) 
үш адам қол қойуы тиіс. Бұл үш адамды гуалар (свидете-
ли) деп атайды (Сонда. №6. 120-б.). Бұлар (молдалар – Ө.А.
бала  оқуты  бағартады  деугеде  болмайды,  не  ушун  десеңіз 
балаға тағлим берерлік молла екеңнің ғылыми нысабқа тол-
маган (Сонда. 1914, №5, 85-б.).
Əдебиет  кеші,  серік  (товарищество),  кеңес  (совеща-
ния),  астаһа  (публика)  т.б.  сияқты  жаңа  сөздер  немесе 
жаңа мағынада қолданылған сөздер көптеп кездеседі. Сырт 
қарағанда, куə сөзінің «Айқап» қосқан жаңа мағынасы жоқ 
сияқты.  Өйткені  қазақ  тілінде  бұдан  бұрынғы  дəуірлерде 
де  куə  сөзі  бір  нəрсеге  айғақ  болушы,  растаушы  деген 
мағынада  қолданылып  келген.  Бірақ  бұл  жерде  куə  жалпы 
айғақ болушы ғана емес, ресми айғақ болушы мағынасында, 
яғни  терминдік  мəнде  қолданылып  отыр.  Ол  адамдар  куə 
болғандығы  үшін  қол  қоюы  керек.  Ағарту  етістігі  бұрын 
өзінің  тура,  ақ  түске  айналдыру  мағынасында  қолданылып 
келсе, бұл жерде үйрету, сауаттандыру, оқыту мағынасында 
жұмсалған.  Ағарту  етістігінің  дəл  осы  мағынада  əдеби 
тілімізде  тұрақтануында  «Айқап»  журналының  қызметі 
ерекше.  Жалғыз  бұл  емес,  оқу-ағарту  саласында  журнал 
сан  алуан  жаңа  сөз  енгізді.  Оның  көбі-ақ  ана  тіліміздің 
ішкі  мүмкіндіктерінің  негізінде  жасалып  отырды.  Ол,  бір 
жағынан, «Айқап»  журналының  халқымызды  оқу-ағарту 
ісіне  шақырып,  сол  жолда  елге  қызмет  етудегі  мақсат-
бағытынан  да  айқын  көрінеді.  Халық  арасында  оқу,  білім 
алу  ісін  өркендету,  əсіресе  ескі  мұсылманша  оқудан  гөрі, 
жаңаша,  еуропа  халықтарынан  үлгі-өнеге  алу,  сол  жол-
да  оқу  сияқты  мəселелер  «Айқап»  журналының  көтерген 
өзекті  проблемаларының  бірі  болып  саналады.  Тіпті
«Айқап»  журналының  оқу-ағарту  ісін,  халықтың  білім  алу 
қажеттігін сөз етпеген бірде-бір нөмірі жоқ деуге болады.

95
Журнал  қазіргі  заманда  ел  болудың  кілті – білімде, 
өнерде, оқуда деп уағыздады. Сондықтан да оқу-ағарту са-
ласына  байланысты  сөздерді  мейлі  ол  кірме  сөз  болсын, 
мейлі  жасанды  лексема  болсын, «Айқап»  журналының 
көптеп қолдануы заңды да. Өзге мысалдарды да осылайша 
талдауға болады. Нисап сөзінің қазіргі қанағат, тойымдық 
мағынасынан  гөрі  шегіне  жету,  білімі  толысу,  білім  дə-
режесі мағынасында қолданылған тəрізді. Берілген мысал-
да  ғылыми  нысапқа  толмаған  тəрізді  деген  тіркес  қажетті 
білімі жоқ, білім дəрежесі төмен мағынасын білдірген.
Осындай  жаңа  мағынаға  ие  болған  сөздер  серік  жəне 
кеңес,  т.б.  осы  тəріздес  əр  мағынада  қолданылған  сөзге 
майданды  да  жатқызуға  болады.  Мысалы:  «Айқапқа»  ай-
тар өкпеңіз болса, халық майданына қоймай-ақ өз аралық-
тарымызда  бітірсеңіздер  де  болатұғын  еді  ғой («Айқап», 
1914, 7, 118-б.).  Енді  бұрынғы  замандагы  һəм  осы  күнгі 
ақылды, ойлы кісілер дүние жайынан өздері сынау-тəжірибе 
ету  мекен  табқан  халықға  файдалы  болған  ойларын, 
фікірлерін уəмкім білуб файдалансун, күнелту жолын тузе-
сек деб кітап қилуб жазуб майданға шығарған (Сонда. 1913, 
№8, 171-б.).  «Айқап»  журналында  халыққа  ықыласы  бар 
қалам ұстаған жаңа фікірлеріміз халқымыздың фəйдасына 
осыны істелік деб көб сөзлер жазып майданға салды (Сон-
да. 1912, №2, 1-б.).  Майдан  сөзі  парсы  тілінен  қазақ  тіліне 
бірнеше  мағынасымен  енген.  Қазіргі  əдеби  тілде  солардың 
ішінен  соғыс  даласы,  ұрыс  болған  жер  деген  мағынасы 
көбірек  қолданылады. «Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі», 
негізінен, бұл сөздің осы мағынасын ғана береді. Сонымен 
бірге  əдеби  шығармаларда  майдан  сөзі  тойтарыс  беру, 
бетін  қайтару,  жеңу  мағынасында  да  кездеседі.  Оған 
М.  Əуезовтің  «Еңлік-Кебегіндегі»  мына  жолдар  дəлел.  Ма-
тай  қолын  бастап  келе  жатқан  өңшең  ығай  мен  сығай 
көкжал бөрі дəл жортуыл басы он бес батырға жалғыз өзі 
майдан  берген.  Сол  сияқты  бұл  сөздің  алаң,  жалтыр  ма-
ғынасы  да  жоқ  емес.  Ауыз  əдебиетіне  жататын  «Жар-жар» 

96
өлеңінде кездесетін: Есік алды қарасу Майдан болсын жар-
жар,  дегендегі  майдан  осыны  көрсетеді.  Майдан  сөзінің 
бұл  мағынасы  Абай  шығармасында  да  кездеседі.  Астында 
дария – көк майдан? Үстінде сəуле – алтын күн. 
Демек, «Айқап»  тілінде  майдан  сөзінің  талқы,  талас, 
көптің  пікірі,  жариялау,  пікірталасы  сияқты  мағыналарда 
қолданылуына  таңдануға  болмайды.  Бірақ  бұлай  қолдану-
дың өзі тұрақты бола бермейді. Жоғарыдағы үш сөйлемдегі 
майданның  бір-бірінен  ептеген  болса  да  мағыналық 
өзгешеліктері бар. «Айқапта» кейде бұның орнына басқа сөз 
де қолданылып отырады. Мысалы, бұл істердің барлығының 
дахата  екендігі  айтылыб, ...ел  болыб  мынадай  пригавор 
бойынша  іс  жургізілуге  қаулы  қылысды («Айқап», 1915, 
№5, 76-б.). Бұл жерде əшкерелеу, жұртқа жариялау, жұрт 
талқысына салу мағынасында халық (жұрт) майданына қою 
тіркесімен синонимдес қолданылған.
«Айқап»  журналының  сөзқолданысындағы  тағы  бір 
ерекшелік,  əдетте,  көп  қолданыла  бермейтін,  бірақ  əдеби 
тілде  бар  сөздердің,  сондай-ақ  көне  түркі  тілінде,  жазба 
мұраларда  молынан  қолданылған,  көне  формалы  сөздерді 
жандандыра түсу тенденциясының байқалуы. Мысалы, кісі 
құны  жүз  түйе  деб,  жүз  түйеге  баһала  бекі  жүз  байтал 
кескі қылды («Айқап», 1913, №2, 41-б.). Казақдан миллионер 
бай жоқ: шебер муһандес (ар. құрылысшы, архитектор, гео-
метр – Ө.А.)  жоқ,  маһир  доктор  жоқ,  адал  адвокат  жоқ, 
бұл неден? (Сонда. 1912, №8, 203-б.) Мубада (п. əлдеқалай, 
кейде бір – Ө.А.оқуб, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет