Латын əрпіне негізделген жазу жəне
термин жасау мəселесі
Біздің елімізде бұрын араб жазуын пайдаланып келген
халықтар 20-жылдары біртіндеп латын əрпіне көшуді қолға
алды. Бұл қозғалысты ең əуелі əзірбайжан ғалымдары бастаған
болатын. Мұнда арнаулы комитет ұйымдасты-рылды да, оны
Н. Нариманов басқарды. В.И. Ленин 1922 жылы əзірбайжан
өкілінің жаңа алфавит жайлы хабарын тыңдай отырып,
мұны «бұл Шығыстағы революция»
59
деп бағалағаны
жайлы И. Хансуваров жазады.
59
Хинсуваров И. Латинизация – орудие ленинской национальной политики.
М.,1932. С.21.
145
1926 жылы ақпанда Бакуде түркі тілдес халықтар жазуын
латындастыруға бағытталған Бүкілодақтық түркологиялық
І съезд болып өтті. Съезд жаңа алфавитті енгізу жұмыс-
тары жөніндегі Орталық Комитет құрды...
Сөйтіп, біртіндеп барлық түркі тілдес республикалар ла-
тын əрпіне негізделген жаңа жазуға көшті. Бірақ бүкілха-
лықтық істің жүзеге асуы жолында талай қиыншылық-
тардың болғаны мəлім. Тап қайшылығы шиеленісіп, идео-
логиялық күрес жүріп жатқан тұста социалистік мəдение-
тіміздің даму барысын көре алмайтын керітартпа қауым
өкілдері, əрине, əр алуан қарсылық əрекетін істеп бақты.
Қысқасы, бұрынғы Кеңес Одағы халықтарының жазу
жүйесін қалыптастыруда ерекше кезең болып есептелетін
латын əрпіне көшу мəдени əрі əлеуметтік өмірімізде əжеп-
тəуір рөл атқарды. Бұл, ең алдымен, елді прогреске жетелеу-
дің бір мықты құралына айналды. Жаңа алфавит жасауда
латын графикасының басқаларға қарағанда ыңғайлы екені
белгілі болды. Мұның тағы бір үлкен пайдасы, өзара туыс
тілдерде жарияланған көптеген материалдар мен көркем
əдебиетті оқуға мүмкіндік туды. Сонымен бірге мұның тағы
бір астарлы жағы – орыс алфавитіне көшу алдындағы саты
екендігі. Сөйтіп, 1930 жылы барлық түркі халықтары латын
əрпін қабылдап бітті. Бұл процестің кеңестік Шығыстағы
мəні зор мəдени төңкеріс есебінде бағалануы тегін емес. Ла-
тын əрпіне көшу нəтижесінде бұл жылдары 40 тілде жүзден
аса газет, журналдар мен түрлі əдебиеттер шыға бастады.
Алайда алфавиттерді латындандыру кезеңінде кемшілік-
тердің, асыра сілтеулердің де болғаны белгілі. Қайсыбір
қызуқанды жолдастар латын алфавитін «дүниежүзілік ком-
мунистік қоғам алфавиті» деп қорытынды жасауға дейін
барды. Бұл алфавиттің белгілі дəрежеде кейбір ұлттар
үшін едəуір пайдасы болғанмен, бұрыннан орыс графика-
сын қабылдап, қолданып үйреніп қалған кейбір халықтар
үшін зияны да тиген еді. Мəселен, удмурт, мордва, чуваш,
коми, осетин, ойраттардың мəдени тарихынан біз осы-
146
ны аңғарамыз. Латын алфавиті бұл халықтардың табиғи
мұқтаждығына қайшы жасалғанын көп зерттеушілер ай-
тып жүр
60
. Ал өзін тіпті интернационалиспін деп санаған
И. Хансуваров түбінде дүниежүзілік революция жеңген
кезде барлық халықтар үшін негізгі рөл атқаруға тиісті
алфавит осы латын алфавиті
61
, – деп асыра мақтады.
Жалпы, латын алфавитінің тарихын парақтасақ, о бас-
та бұл алфавит роман, герман тілдеріне əрі шіркеу тілі, əрі
ғылым мен əдебиет тілі есебінде енген болатын. Латын
алфавиті латын тіліне жақсы қызмет еткенмен, өзге тілдер-
дің бар ерекшелігін өрнектей алмады. Шынтуайтқа кел-
генде, əлемде барлық тілге бірдей əмбебап алфавиттің бо-
луы мүмкін де емес қой. Қолданыста өзгелерден анағұрлым
ыңғайлы пішін танытатын алфавиттің болуы əбден
мүмкін. Бір кезде еліміздегі біраз ұлт тілдерінің жазуы-
на едəуір қызмет еткен латын алфавиті де келе-келе орыс
халқының мəдениетімен екі араға салынған кедергіге айна-
ла бастады. Орыс тілін, əдебиетін оқып-үйренуде көптеген
қолайсыздықтар туып жатты. Əрбір ұлт, бір жағынан, латын
əрпіне құрылған өз жазуымен əуреленсе, екінші жағынан,
графикасы басқаша орыс алфавитін тағы оқып, екіжақты
сарсаңға түсті. Осының бəрі жинақталып келді де, бірыңғай
орыс алфавитіне көшудің кезеңі туды.
Орыс графикасына негізделген қазіргі жазу жəне
термин реттеу мəселесі
Сөйтіп, латын жазуы Кеңестер Одағындағы ұлттар мен
ұлыстар тұтастығы мен бірегейлігіне кедергі жасайтынын
аңғара бастаған тоталитарлық режім сақшылары социализм
жолына түскен ел үшін ортақ жазу керек, ол кириллицаға
60
Базиев А.Т. , Исаев М.И. Язык и нация. М.: Наука, 1973. С.119.
61
Хансуваров И. Латинизация – орудие ленинской национальной политики.
М., 1932.С.22.
147
негізделген орыс алфавиті деген шешімге келді. Бұл идея
30-жылдардың екінші жартысынан іске асырыла бастайды.
Ал жеке ұлт мүддесі, шынтуайтына келгенде, екінші қатарға
ығыстырылды. 1936 жылдан бастап Кеңес Одағында орыс
алфавитінің дəуірі жүре бастайды. Осы заманғы бүкіл саяси
жəне ғылыми ақыл-ойдың жаршысына айналып, классика-
лық əдебиеттің тамаша туындыларын жариялаған орыс тілі
осылайша тарих сахнасына шығып, өзінің ұлтаралық тіл
ретіндегі тарихи қызметіне көшті.
Орыс алфавиті еңбекші бұқараның өз талап-тілегіне
орай қабылданды деп келдік. Солайы солай болғанмен,
жоғарыда ескерткеніміздей, көптеген солақайлықтардың да
орын алғанын жасыру қиын. Əрине, жаңа алфавитке көшу
кезеңінде Кеңес үкіметі барын салды. Əртүрлі ұлт респу-
бликаларында тіл жəне мəдениет институттарының ашы-
луынан осыны байқаймыз. Осыдан былай қарай тіл құралы
бүкіл халықтық іске айналып, бұған еңбекшілер қызу ара-
ласа бастады. Қандай бір салада болсын орыс алфавитін
қабылдаудың мəні, сөз жоқ, ерекше болғанын да айту ке-
рек. Жазу жүйесін жетілдіруде, ұлттық əдеби тілдерді да-
мытуда жəне Кеңестер Одағындағы ұлттардың мəдени
дəрежесін көтеруде орыс алфавитіне негізделген жазудың
қызметі айқындала түсті. Жетістігіміз де жоқ емес. Біз
орыстың озық мəдениетін игеріп, дүниежүзілік мəдениеттің
алтын қорынан нəр ала бастадық. Сондай-ақ мектептерде
сабақ беру жүйесі қалыптасты. Қазақ халқының орыс тілін
жеделірек үйренуіне мүмкіндік туды. Əу бастағы мақсаттың
бірі осы болатын, əрине, орфографиялық норманы қалыпқа
келтіруде, қоғамдық-саяси лексика мен ғылыми-техникалық
терминдерді жасауда орыс жазуының көмегі орасан зор
екенін біз күні бүгінге дейін көріп-біліп келеміз.
Жалпы, орыс алфавитінің артықшылығын, тек біз ғана
емес, кеңестік жəне шетелдік ғалымдардың да біразы
таңдай қаға жазған болатын. Мəселен, француз тілшісі
Ж. Вандриес кириллицаға негізделген орыс алфавиті жө-
148
нінде былай деген: «Славяндардың кирилл жəне мефодий
алфавиті – нағыз кереметтің өзі. Ағылшын, сақтар мен
ирландықтар алфавиті бұдан əлдеқайда алыс жатыр. Бұлар
латын алфавитін өз тілдеріне жақындатпақ болып əлденеше
ғасыр əуреленді, бірақ онысынан онша нəтиже шықпады»
62
.
Алфавит атаулыға баға беру үшін оның адамзат қоғамында
атқаратын қызметіне қарай жəне бүкілодақтық прогре-
ске қаншалықты пайдасы бар деген тұрғыдан қарау керек.
Осыған қоса мəдениеті ертеден дамыған елдің жағдайымен
де санасу қажет. Орыс алфавиті мұндай шарттардың
біразына жауап берерлік жағдайда. Мəселен, жақсы болсын,
жаман болсын осыдан елу бес жыл бұрын қабылданған бұл
алфавит қазір жарты ғасырдан астам уақыт бойы ұлттық
мəдениетімізді дамытуға қызмет етіп келеді. Қазақ тілінің
табиғатына тəн емес артық-ауыс əріптерінің барлығына
қарамастан, ұлттық мəдениет тарихында үлкен орын ала-
тын бұл жазуды ешкім жоққа шығара алмайды. Ол мəңгілік
қазынамыздың біріне айналды. Сөйтіп, жазуымыздың бір-
неше сатылы кезеңдерін саралай келе айтпағымыз, қай
тұрғыдан алып қарасақ та, орыс графикасына негізделген
алфавиттің артықшылығы айқын. Шынында, тіліміздің
даму деңгейі дөп таңбалап отырған қазіргі жазуымыз осы-
лайша өрістемесе, біз сөздік құрамымыздағы мыңдаған
сөздерді əлі күнге дейін былықтырып жазып келген болар
едік. Əсіресе түбегейлі байлығымызға айналған қатары сан
мыңдап саналатын халықаралық терминдер мен орыс тілі
арқылы келген кірме сөздерді таңбалау да есепсіз былыққа
батқан болар едік. Əрбір сөздің, əрбір терминнің, графика-
лық пішінін дəл түсіруде орыс алфавитінің септігі болғаны
даусыз. Алайда бұл алфавиттің де осалдығы байқала
бастады. Сондықтан да, əсіресе, түбі бір түркі халықтары-
ның тұтастығына қызмет ете бастаған латын жазуының
күн тəртібіне қайта шығуы тегін емес. Бұл өз алдына
тоқталуды қажет ететін күрделі сала.
62
Вандриес Ж. Язык. М., 1937. С.296.
149
Терминжасам сипаттамасы
Жалпы, əдеби тіліміздің əдебилігінің бір шарты оның
ғылым тілі ретіндегі қызметіне де тікелей байланысты.
Ал ғылым тілінің терминологиялық жүйесіз қалыптасуы
неғайбіл.
Ендеше бұл бірінен-бірі туындап, бірін-бірі дамытып
жатқан тілдік құбылыстың біздің зерттеуіміз үшін бірінші
кезектегі қажеттісі – термин сөздер жайы болып отыр.
Тіл-тілде жаңа термин жасау, оның терминологиялық қо-
рын байытып, терминологиялық жүйесін реттеудің негізгі
көзі, ең алдымен сол тілдің өз сөздік құрамы, жалпы əдеби
тілі, ұлттық лексикасы болып саналады. Яғни термин-
дер де байырғы сөздер секілді тілде бұрыннан бар сөздер
мен түбірлер негізінде жасалады. Олай болса, бұлардың
қатарында ұлт тіліне тəн неше алуан құрылымдық типтері
(түбір, туынды түбір, күрделі сөз, сөз тіркесі) молынан
кездеседі.
Терминжасам процесінде ұлт тілі өз сөзжасам амалда-
рының дайын үлгілерін (модельдерін) алға тартса, басқа
тілдерден кірме сөздерді қабылдау сəтінде де осы тəсіл-
дерге сүйене отырып, ол өзіндік модельдерін құрайды.
Мұның əрқайсысының өзіндік сипаты бар. Тілдегі болып
жататын мұндай өзгерістерді дер кезінде есепке алып, еске-
ріп отыру қажет.
Тіліміздің терминологиялық сапасын саралап отырған-
да, біз оның сол қоғам дамуына сəйкес əр кезеңде əр алуан
күйде болғанын байқадық. Жылдар бойы қалыптасып келе
жатқан сөзжасам амалдары терминжасамға тікелей қаты-
сып, олардың қайсыбірі белгілі бір кезеңде белсенді
қызмет көрсетіп активтеніп, қайсыбірі солғын тартып, үнемі
үздіксіз өзгеріске түсіп отырғаны көрінеді. Төңкерістен
бұрынғы дəуірлерге тəн терминжасам үлгілері мен модель-
дерін таба қою əрине қиын. Тек XІX ғасырдың екінші жар-
тысында жарық көрген баспасөз материалдары ғана бұл
150
жайында аздаған мəлімет беретінін бұдан бұрын айтқан
болатынбыз.
Ал Қазан төңкерісінен бергі жердегі ұлттық тіліміздің
терминологиялық жүйесінің жасалуы мен қалыптасуында
мəн бермеуге болмайтын кезеңдік белгілер бар. Мəселен,
конфискелеу, колхоздастыру, индустрияландыру, механи-
каландыру, интенсивтендіру, ғарышқа қанат қағу, тың
игеру, қайта құру, жеделдету т.б. қоғамдық іс-əрекет
кезеңдерін еске түсіріп көрелікші. Бұлардың əрқайсысының
тұсында терминологиялық лексикамыз өзгеше екпінмен да-
мып, терминдік жүйе қатары мейлінше толығып отырған.
Яғни əрбір кезең өзіне тəн терминдік жүйе арқылы тілде өз
мөрін қалдырып отырған. Пуризм деп айдар тағылған ағым
тұсындағы ортақшыл, қара айғыр, отарба, шайтан арба,
бей бауырмалдық сияқты аудармалар, сондай-ақ -лы мен
-лық қосымшасына ретсіз, жүйесіз құмарлық (50-жылдар),
араб, парсы сөздеріне емексу (20 не 60-70-жылдар) т.т. осы
ойымызға дəлел. Мұның əр алуан мысалы алдыңғы тарау-
ларда əңгіме болды. Біздің ендігі сөз етпегіміз, қазақ тілі
терминологиясының құрылымдық сипаты мен олардың жа-
салу жолдары, амалдары жайлы болмақ.
Қазақ тілінде термин жасау күрделі де қызық проб-
леманың қатарына жатады. Ол негізінен тіліміздегі сөз-
жасам процесінің аумағына енетін мəселе. Осы сөзжасам
процесінде, оның ішінде терминжасам ісінде мамандардың
тірек ететін негізгі материалы, ең алдымен, ана тілдің өз сөз
байлығы, оның негізгі сөздік құрамы дедік. Қазақ тілінің
сөздік құрамы термин жасауға көптеген дайын материал
беріп келеді. Бұл – сарқылмайтын байлық көзі. Оның тер-
мин жасау мүмкіншілігін біз əлі түгел пайдаланып біте
алғанымыз жоқ. Ол мүмкін де бола бермейді. Термин сөзге
деген сұраныс молайған сайын, жаңа қолданыстар легі пайда
болады. Бұл үздіксіз жүріп жататын құбылыс. Қазақ тілінің
осындай өз ішкі мүмкіндігі терминжасам процесіне пайда-
сы тиер бір арнаның көзін ашып, көмектесер болса, кірме
151
сөздерді игеру мен қабылдауда назар аудармауға болмай-
тын біраз қиындықтар кезігеді. Ол қиындықтар, əсіресе,
кірме сөздерді термин есебінде қабылдау кезеңінде, олардың
мағыналық өрісін ашу барысында жиірек байқалады. Баз
біреулер терминжасамды бір тілдің термин сөздерін екінші
тілге аудару немесе тілдегі кез келген сөзді пайдалану деп,
оп-оңай түсіндіргісі келуі де мүмкін. Бұл – жаңсақ пікір.
Шындығында, бұл шығармашылық ізденісті талап ететін
мейлінше күрделі мəселе. Терминжасам сəтінде түпнұсқа
терминдердің мағыналық мазмұнын терең түсініп, оған
қазақ тілінен əр алуан балама нұсқалар іздеп, соның ең
дөп түсетін терминдік өзегін аршып танып, таңдап, талғап
пайдалануға тура келеді. Жаңа ұғым, жаңа түсінік арқа-
лаған терминнің дəлдік, нақтылық, біртектілік, қысқалық
сипатын түгелдеп беру, соны басқа сөзбен ауыстыруға
келмейтіндей күйде қолданысқа ендіру – нағыз маман
ретіндегі біліктілікті қажет ететін қасиет.
Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында терминдік мəнге
көшкен байырғы сөздердің алуан-алуан түрі молынан
кездеседі. Мысалы, тап, күрес, еңбек, жарыс, жалау, боп-
са, екпін (ударение), сұраным (спрос), ұсыным (предложе-
ние), сөре (старт), мəре (финиш), ізашар (предшественник),
ізбасар (наследователь), аударма (перевод), демалыс (отпу-
ска), Отан (отечество), шеберлік (мастерство), сайлау (вы-
бор), шарт (договор), тəртіп (дисциплина), бөген (водохра-
нилище), болмыс (бытие), əкім (администратор), əкімшілік
(администрация) т.б. Бұлар – кеңестік дəуірде ғылыми ойды
білдірер терминдік мəнде жұмсалып қалыптасқан байырғы
сөздер. Бұлардың жаңа мағыналары, қолданыстағы жаңа
қызметі қоғам дамуының нəтижесінде, адамдардың сана-
лы əрекетінің барысында туындаған, келе-келе дағдылы
қалыпқа түскен лексикалық қабаттар.
Осыдан байқалатындай, тіл дегеніңіз өзгеріс-өріссіз
қатып-семіп қалған нəрсе емес. Ол үнемі жаңарып, толығып
отырмақ. Оның құрамында жаңа сөздер, терминдер пайда
152
болады. Бұрынғы сөздер жаңаша қызметке көшеді. Соның
нəтижесінде тілдің икемділігі, байлығы, нақтылығы артады.
Жаңадан жасалатын сөздер ойдан табылған жаңалық арқылы
емес, тілде бұрыннан бар сөз тудыру амалдары арқылы,
бастапқы үлгілер негізінде соған ұқсатып жасау арқылы пай-
да болады.
Жалпы, сөз жасаудың ғасырлар бойы талқыға түсіп,
дəуірлер сынынан өткен əлденеше жолы бар. Осы процеске
тұрақты түрде қатысып отыратын негізгі элементтер – сөз,
түбір (негіз) жəне қосымшалар. Бұлардың қатысуынсыз тілде
бірде-бір сөзжасам реакциясы жүрмейді, бірде-бір жаңа сөз
жасалмайды. Сонда алдымен байқалатын нəрсе тілдің осы
негізгі элементтері барлық уақытта сөз жасам процесіне ак-
тив қатыса бермейтіні, яғни бұлар дəуіріне, кезеңіне орай
құбылып отыратын қоғам өміріндегі өзгерістерге сəйкестене
дамиды. Тілдегі осындай құбылыстарды зерттеу арқылы біз
əрбір кезеңнің өзіне тəн ерекшелігін танимыз, тіл, сөз арқылы
таңбаланған өзгеріс, өрістерін білеміз. Жəне сөзжасамның
алуан-алуан түрін көреміз. Жаңа термин жасаудың тілдерде,
оның ішінде, əсіресе, түркі тілдерінде қалыптасқан мына-
дай бірнеше жолын атап көрсетуге болады: семантикалық
тəсіл, морфологиялық тəсіл, синтаксистік тəсіл жəне
калькалау тəсілі. Аталып отырған тəсілдің бəрі де негізінен,
екі түрлі арнадан туындайды. Ол қандай арна? Біз жинап,
сұрыптаған терминологиялық материал табиғаты қазақ тілі
терминологиясының ең негізгі екі жолға сүйене отырып
жасалғанын көрсетеді. Оның бірі – тілімізде бұрыннан бар
сөздерді терминдік мəнде қолдану болса, екіншісі – жаңа
терминдерді қазақ тілінің сөзжасам мүмкіндіктерін пайда-
лана отырып жасау. Тіл табиғатында қалыптаса бастаған
терминжасамның аталмыш тəсілдерінің бəрі де осы негізгі
екі бағыт шеңберінде туындаған.
Терминжасам тəсілдеріне жеке-жеке тоқталмас бұрын,
ғылым тілі мен жалпы халықтық тілдің сөзжасам процесіндегі
өзара ортақ қасиеттері мен ерекшеленетін белгілерін анықтап
алу қажет.
153
Кейбір ғалымдардың
63
атап көрсеткеніндей, жалпыха-
лықтық тіл қорын байытып отырған тəсілдің қай-қайсысы
да терминжасам процесінде өнімді қызмет атқара алады.
Əңгіме – тілдердің даму тарихында қанат жайған семанти-
калық, синтаксистік, морфологиялық амалдар туралы бо-
лып отыр. Бұл – қазақ əдеби тілінде қалыптасқан сөзжасам
принциптері терминдердің жасалуында да сақталады деген
сөз. Ғылым тілі негізінен осы принциптерге сүйене отырып,
сонымен бірге дəлдікпен дəйектілікке негізделген жаңа
сөз жасаудың өзіндік жүйесін түзеді. Мұның бəрі термино-
логиялық лексика талабына сай заңдылыққа лайықты жа-
салады.
Соңғы он бес-жиырма жыл барысында пайда болған
жаңа терминдер жəне арнайы лексиканың осы саласы жа-
йындағы пікірлер ыңғайына қарағанда, бұлар, біріншіден,
жалпы əдеби тілдің ерекше қызметі бар бір тармағы (яғни
ғылым тілі) болып табылатын тіл единицасы, екіншіден, ол
белгілі бір нысан мен ұғымдар атауы, үшіншіден, термин-
де анықтағыштық (дефиниция) белгі басым болуы керек,
өйткені белгілі бір ұғымның мазмұны осы анықтағыштық
қасиеті арқылы айқындалады. Ал бұл бір ұғымды келесі бір
ұғымнан айырып тану үшін жəне сол ұғымды арнайы бір
классификациялық қатарда қарастыруға мүмкіндік жасау
үшін қажет.
Сонда терминжасамның өзіне тəн мынадай өзгеше
белгілерін атап көрсетуге болатын тəрізді.
Жалпыға бірдей қарапайым сөздер қоғамдағы өзара
қарым-қатынас қажетіне байланысты туындап жəне оны
сол тілде сөйлейтін кез келген адам жасай алатын болса,
терминдер белгілі бір кəсіп пен мамандыққа тəн ұғымды
білдіру үшін жасалады да, сол саланың мамандары арасын-
63
Даниленко В.П. Русская терминология. Опыт лингвистического анализа.
М., 1977. С.90.
154
да ғана қолданылады. Тіпті мұны Г.О. Винокур
64
айтқандай,
күнделікті практикалық мұқтаждық тудырады, оны белгілі
саладағы мамандар жасайды. Осыдан байқалатындай, тер-
мин дегеніңізді саналы түрде қадағалап, қолдан жасап,
сұрыптап отырмаса, ғалымдар бірін-бірі түсінуден
65
қалуы да
ықтимал. Өйткені ғылымның мазмұны оның формасы-мен,
яғни керісінше айтсақ, ғылым түрі оның мазмұнымен тікелей
байланысты болмақ. Бұл – ғылым мазмұны оның формасын
тудырады да, соған тəуелді болады деген сөз. Алайда тер-
миндер сол өзі пайда болған салада тұрақтанып, өзгерместей
қатып қалатын категория емес. Тіл дамуына байланысты
қасиет оған да тəн. Бір ғылым саласының əжетіне жараған
термин екінші бір ғылым саласының да мұқтажын өтеуі
мүмкін. Тіпті керек десеңіз, бір кезде шектеулі шеңберде ғана
болған терминдердің жалпы əдеби тіл сөздігінің құрамынан
орын алып жататын да кезі жоқ емес. Бірақ ол қай ғылымның
саласында да тек терминдік сапада жұмсалуға тиіс. Ең негізгі
шарт осы.
Сөйтіп, терминжасам дегеніңіз қоғам мүшелерінің са-
налы əрекеті нəтижесінде жасалатын құбылыс. Жалпы
халықтық тілдегі көптеген сөздердің қашан, қалай пайда
болғанын біле бермейміз. Ал терминдердің, тіпті бүкіл бір
терминдік жүйенің неге байланысты, қалай, қай мезгілде
жасалғанын дəл айтып беруге болады. Бұл жағынан тер-
миндердің ономастикалық лексикамен (кісі аттарымен)
ұқсасатын жері бары да рас. Революция, социализм, кол-
хоз, совхоз, қызыл отау, бесжылдық, өнеркəсіп, тың жер,
тыңгер, тиімділік, сапалық белгі, ғарышкер, жеделдету,
бетбұрыс, қайта құру тəрізді т.б. толып жатқан сөздер мен
тіркесімдердің қашан, қандай жағдайда жасалып, терминдік
64
Винокур Г.О. О некоторых явлениях словообразования в русской техни-
ческой терминологии//Труды МИФЛИ, 1939. Т.5. С.24.
65
Будагов Р.А. Терминология и семиотика//Вестник МГУ. 1972. №5.
155
мəнде жұмсала бастағанын дəл айтып бере аламыз. Термин
сөздердің бұл екінші бір ерекшелігі.
Қазіргі кезеңнің терминологиялық келбетін бір сəт ойша
саралап өткеннің өзінде, тілді дамытудың бұл саласының
айрықша мол арналы көзіне айналғанын байқаймыз.
Ғылым мен техниканың ел өміріне етене енуіне орай туын-
даған сансыз арнайы сөз легі – бұларды реттеп, сұрыптап,
қалыптастырып отыру проблемасын күн тəртібіне қойды.
Екі тілділік проблемасының мəні артып отырған бүгінгі
Қазақстан жағдайында термин сөздерге деген ынта, ықылас
пен мұқтаждық шеңбері бұрынғыдан əлдеқайда кеңімесе,
тарылған жоқ.
Термин қалыптастырудың бұрынғы кезеңдерінде бұл
процесс көбіне-көп стихиялы түрде жүргізілгенін білеміз.
Ол кезде атаулардың əртүрлі нұсқалары, жарыспалы сөздер,
көп мағыналы сөздер саны молырақ болатын. Бұлар түрлі
терминологиялық сөздіктер шығару барысында сараланып
келеді. Бірақ бұл салада істелетін шаруа əлі жетерлік.
Жалпыға ортақ сөздер мен терминжасам процесін са-
лыстырып қарасақ, өзара едəуір айырмашылық бар екенін
байқамау мүмкін емес. Алдыңғылар үшін сөз өндірудің бір
ғана тəсілі жеткілікті болып жатса, кейінгілер үшін бұл аз,
яғни терминдердің негізгі жасалу жолынан басқа, атаулық
мазмұны анықталуы тиіс. Мұнысыз термин толық термин
бола алмайды.
Терминсөздің ішкі құрылысы ешқандай қосымша,
қоспасыз, таза атаулық жүк арқалауға тиіс. Термин болуға
икемделіп тұрған сөздің ішкі формасы мөлдір де таза
күйге көшпесе, оның терминдік мəнінің əлі қалыптасып
бітпегендігі. Ал ішкі икемділік дегеніңіз кəсіби алқаға
тікелей байланысты, яғни бұл мамандық иелерінің кəсіптік
мұқтаждығынан (ынтызарлығынан) туындайтын терминнің
ішкі мүмкіндігі. Терминнің ішкі түрін айқындауда əрине
стандартты сөз біріктіру, қосымшалар тəрізді сөзжасам
156
құралдары едəуір рөл атқаратыны даусыз. Тіпті, кейбір
ғалымдар пікіріне қарағанда, сөзжасам морфемаларының
қызметі жалпы əдеби тілге қарағанда терминология сала-
сында басымырақ көрінеді.
Сөзжасамның терминологиялық акті ұғымдар классифи-
кациясына (жіктелуіне) тікелей қатысты. Өйткені терминсөз
белгілі бір ұғымның атауын ғана айқындап қоймай, сонымен
бірге сол ұғымның мазмұнын да білдіреді. Мысалы, -лық,
-ғы, -ым жұрнақтарының терминжасам процесіндегі
қызметін алалық. Осы қосымшалар арқылы жасалған
социалистік, кəмелеттік, қондырғы, жанарғы, басылым,
қойылым тəрізді терминдер қоғамдық ғылымдар жүйесінде
біртектес классификациялық топқа жата тұрып, əрі атаулық
қызмет атқарып, əрі сол терминдердің ішкі мазмұнын
да білдіріп отыр. Осы модель негізінде біз терминдердің
əлденеше жүйесін жасап үлгердік. Міне, осы ұғымдар
мазмұнын білдірерлік қасиет көбіне-көп күрделі термин-
дерге, құрамдас терминдерге тəн. Неге десеңіз, тіркесім тер-
миндер ұғымдық белгіні анағұрлым анығырақ, толығырақ
əйгілейді. Ал жалқы сөзден тұратын терминдер де бұл
қызметті сөз тудырғыш морфемалар атқарады. Міне,
сондықтан термин жасайтын морфемаларды барынша
ыждағаттылықпен, дəл пайдаланып отыру керек. Бұларды
топ-топқа бөліп, оларды өзара іштей бірнеше үйірге жат-
қызып, жіктеп қарастыру қажет.
Əдетте, күрделі терминдер сын есім, зат есім, есімше-
лердің қатысуы арқылы жасалады. Бұларды таңдау оңай
шаруа емес. Мұның қайсысы күрделі терминнің қандай
түрін жасауға ыңғайлы дегенді барынша сұрыптап,
сауаттылықпен пайдаланып отыруға тура келеді. Мұндай са-
ралап, сұрыптау, əсіресе терминге лайықты жарыспа сөздер
көп болған тұста тіпті қажет. Əсіресе, бірыңғай есім сөздер
үйіріндегі нұсқаларды талғап, таңдай білу қажет-ақ. Бұл
дамушы тілдің бəрінің басында ылғи болатын құбылыс.
157
Ғылым мен техника тілін жасау, қалыптастыру кезеңінде
мұндай жарыспалы сөздер қатары тіпті молынан кездеседі.
Сонда бұл жарыспалы сөздердің қайсысын терминде-
нуге лайықты деп тауып, тани білуге əмбебап ереже ұсыну
мүмкін емес. Əрбір ғылым саласының термин жасау прак-
тикасы нақты жағдайға орай өзіндік жолды нұсқап отыруға
тиіс. Таңдауға түскелі тұрған нұсқаның бəрі бірдей мəністік
(семантикалық) келбеті жағынан тепе-тең түсе бермейтіні
ақиқат. Жəне олардың дəл осы жағдайға бірі ғана дөп келуі
ықтимал. Міне, осы тұста əлгі нұсқалардың қайсысының
мəністік (семантикалық) өрісі қазіргі терминдену процесіне
дəл келе алады дегенді айыруға əбден болады. Ол үшін өте
бір ерекше пайым, айрықша тілтанымдық, лингвистикалық
түйсік керек. Мəселен, бір кезде қырқушы, қырқымшы,
қырықтықшы; ақша қалта, күмəжнек, əмиен; жəрдем,
көмек, үме, болысу, асар; əкпіш, күйенте, йін ағаш; көйлек,
жейде; шалбар, сым; букет, гүлгүл, гүлдесте; дача, жай-
лаужай, саяжай; столовой, асхана; парикмахер, шашта-
раз; дəріс, сабақ; əмір, бұйрық; ауа райы, климат; себет,
кəрзіңке, көрзіңке; каша, ботқа, быламық, бөкпен; вокализм,
дауысты дыбыстар; консонантизм, дауыссыз дыбыстар;
лингвистика, тіл білімі; аффикс, жалғау, жұрнақ; парадиг-
ма, жіктеу; интонация, дауыс ырғағы; пунктуация, тыныс
белгісі; орфография, емле ережесі; үтір, кіші тыныстық,
кіші тыныс; нүкте, ұлы тыныс, ноқат; қос нүкте, екі нүкте,
қос ноқат, екі ноқат; тұйық рай,тұйық етістік, инфини-
тив, тұйықша; кент, қала, шəрі, шаһар, ел, халық, жұрт,
жəмиғат, əлеумет, қалайық, əумет, бұхара т.т. ғылым мен
техника саласында əрқилы алынып, қабаттаса қолданылып,
ақырында мұның бірінің ғана терминдік сипатқа көшкен мы-
салдарын көптеп келтіруге болады.
Жарыспалы терминдер бұл процестің даму заңдылық-
тарын, қалыптасу қисынын танытады. Осының өзінен-ақ,
ұғымдардың атаулық сипатын дəлірек беретін, қолданысқа
ыңғайлырақ нұсқалар таңдалғанын байқаймыз. Орайымен
158
алынып, орнын тапқандары термин ретінде тілімізге сіңіп,
арнайы лексика қатарынан орын тепті. Ал бұл сүзгіден өтпей
қалғандары басқа бір өң, реңк арқалап, келесі бір сөз саптауға
дайын материал есепті өз кезегін күтіп, сөздік қорымыздың
қазынасын молайтып тұр.
Терминжасам тəсілдерін талдамас бұрын, осы процеске
материал беретін мынадай негізгі үш тірекке назар аудару
қажет. Мұны қарапайым тілмен айтқанда, термин сөздердің
жасалу көздері болып табылады.
1. Өз сөздік құрамының ішкі мүмкіндігін сарқа пайдала-
натын ұлттық тіл.
2. Дайын терминдер беретін немесе калькалау тəсілін
ұсынатын орыс тілі.
3. Дайын күйінде термин беретін немесе калькалау
тəсіліне ерік беретін интернационалдық терминдер. Интерна-
ционалдық деп аталып жүрген терминдердің көпшілігі
əдетте орыс тілі арқылы енген кірме сөздер. Шет тілдерінен
тікелей енген термин мүлде аз. Тек бірен-саран ғана мысал
келтіруге болады. Онда да араб, иран сөздерін ғана тілге
тиек ете аламыз.
Бір кезде қазақ тілінің даму тарихында араб, парсы
элементтері белең алған болса, қазіргі кезеңде тіліміздің
құрамында орыс тілі арқылы үндіевропа элементтері басым
болып барады.
Əйтсе де, термин жасаудың ең негізгі басты көзі – ұлттық
тіліміз болып отыр деп толық айта аламыз. Бұл тұста əдеби
тіліміздің барлық қабаты (көркем əдебиет тілі, ауыз əдебиет
тілі, фольклор тілі, тіпті диалектілер мен тілде орын тепкен
түрлі ерекшеліктер) түгел іске жаратылады. Қазақ зиялылары
ə дегеннен-ақ термин жасау процесіне тікелей атсалысып, ол
үшін қазақ тілінің лексикалық байлығы мен грамматикалық
амалдарын түгел іске жаратуға бетбұрыс жасаған болатын.
Соның нəтижесінде халық тілінің сарқылмас қазынасы
сарапқа түсіп, қарапайым сөздер терминдік мəнге көшті.
Ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан сөзжасам тəсілдері тер-
159
минжасамның негізгі тірегіне айналды. Жəне атап айтуға
тұратын бір нəрсе, терминжасам тек ұлттық тіліміздің өз ма-
териалымен ғана шектелмей, кірме сөздер қатарын да сарқа
пайдаланды.
Сонда қазақ, орыс, шет тілдерінің сөз материалы арқылы
жасалған терминдер біздің халқымыздың ұлттық байлығына
қосылған мол үлес болып табылады. Əрине, бұл аталған үш
арна тарихи кезеңдер болмысына орай кезектесе активтеніп
отырды. Республика өмірінде өркендеп, өріс тапқан ғылым
салалары мен техника тарамдарына орай бұл үш арна тер-
минжасам процесіне əрқилы ыңғайда қалыптастырылды.
Бұл салада ұлттық тіл материалы негізге алынса, келесі бір
ғылым тармағында кірме сөздер мен калька тəсіліне көбірек
иек артылады.
Түркі халықтары тіліндегі терминжасам процесіне зер
салғанда, терминология жұмысында мынадай үш принцип
басшылыққа алынатын тəрізді. Біріншіден, бұрынғы Одақ
халықтары тілдерінің бəріне ортақ принцип, екіншіден,
қоғам мен тілдің даму ерекшеліктеріне сəйкес туындайтын
əрбір тілдің өзіндік термин жасау ұлттық принципі жəне
терминологияның жеке салаларына байланысты басшы-
лыққа алынатын салалық принцип.
Алайда ұлттық терминологияны едəуір байыта түскен
термин жасаудың бірнеше тəсілдері белгілі бола бастаған-
мен, бұл жөнінде мамандарымыз əлі күнге бір пікірге келе
алмай жүрген сияқты. Əсіресе, терминжасам амалдарын
айқындауда қатып ұстайтындай қағидаға айналған келісім
жоқ. Бұл термин жасау принциптерін дұрыс түсінбеуден ту-
атын жағдай. Көбіне-көп термин қалыптастыру көздері мен
термин жасау амалдарының шегін айыра алмай қателесетін
тұстары да бар. Тіпті термин жасау «жолдары» мен «амал-
дарын» қатар қойып қарастыратын кезіміз де жоқ емес.
Сондай-ақ терминжасам амалдарының мөлшері, аумағы жəне
олардың өнімді, өнімсіз түрлерін саралауда да бірізділік,
бірегейлік шамалы. Қайсыбіреулер мұның:
160
1) əдеби тіл сөздері мен диалектілерін терминдендіру,
2) ұлттық тіл амалдары негізінде термин жасау,
3) өзге тіл сөздерін термин ретінде қабылдау деген
сияқты үш түрін бөліп қараса, екінші біреулер терминжасам
амалдарының төрт түрін көрсетеді. Атап айтқанда:
1) терминдендіру;
2) қайта терминдеу (ретерминологизация), яғни басқа бір
саланың терминдерін пайдалану;
3) термин жасау;
4) кірме сөздерге халықаралық (интернационализация)
сипат беру.
Үшінші пікір бойынша, мұның қосымшалау мен біріктіру
тəрізді екі-ақ амалы бар сияқты. Төртінші біреулер ұлттық
тіл негізіндегі сөзжасам амалдарын ұстанады. Олар мына-
лар:
1) семантикалық тəсіл;
2) морфологиялық тəсіл;
3) синтаксистік тəсіл;
4) калькалау тəсілі;
5) сөз қысқарту (аббревиациялау) тəсілі.
Осы тектес жіктеулерді қарастыра келгенде, шынында
да, бұлардың аражігі əлі де айқындала қоймағанын бай-
қаймыз. Басқасын былай қойғанда, кірме сөздер мен ұлттық
тіл элементтері негізінде жасалған терминдерді құрылысы,
мазмұны, жасалу жолы жағынан тепе-тең түсетін тəсілдер
ретінде қарастыру көкейге қона қоймайды. Өйткені ұлттық
тіл элементтері арқылы жаңа термин жасалса, кірме сөздер
негізінде дайын терминдер қабылданады емес пе? Сол се-
бепті де əр нəрсе өзінің атымен аталып, соған орай бағала-
нуға тиіс.
Қазақ тілінің, тіпті басқа да түркі тілдерінің сөзжасам
амалдары ұлттық тілде терминдендірілуге лайықты сөз
болмай қалған күнде ғана немесе бар сөздердің бұл жүйеге
жөні келмей тұрған жағдайда, сондай-ақ əртүрлі себептерге
байланысты кірме сөздер терминдік талаптан шыға алмаған
сəтте ғана жаңа термин жасауға тартылады.
161
Ойымызды жинақтап келгенде айтарымыз, жалпы түркі
тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде жаңа термин жасау-
дың белгілі бір модельдері тұрақтанған тəрізді. Сөйтіп
жаңа термин нендей материалдан, қалай, қашан жасалса
да, ең алдымен мынадай негізге сүйенеді: қосымшалау, сөз
біріктіру жəне сөз қысқарту (аббревиациялау). Қайсыбір
тілдерде сөз жасаудың тағы бір жолы көрсетіледі. Ол сөз
алдынан қосылатын жұрнақтар ( -ре, -анти, -контр т.т.)
арқылы жасалатын терминдер. Алайда сөз жасаудың бұл
амалы бірен-саран кездеспесе, жалғамалы тілдерге, əсіресе
түркі тілдеріне тəн емес. Ал көрсетілген модельдердің бұдан
басқа түрлерінің бəрі бірдей бір мезгілде пайда болмағаны
түсінікті. Мəселен, аббревиациялау (əріп қысқарту, буын
қысқарту) қазақ тілінде тек төңкерістен кейін өріс алған.
Алғашында номенклатуралық атауларды белгілеуге қатыс-
тырылған бұл модель, кейін терминжасамның негізгі бір
бөлшегіне айналды.
Сонымен, жоғарыда аталып өткеніндей, қазақ тілінің
даму жолы терминжасамның мынадай төрт тəсілі қалып-
таса бастағанын байқатады.
Біріншіден, ұлттық тіліміздегі қайсыбір сөздердің тер-
миндік мəнге көшуі (бұдан былай – терминденуі), яғни
мұны мəністік (семантикалық) тəсіл дейміз. Мұны үш түрлі
ыңғайда түсіну қажет: 1) əдеби, не жалпы əдеби тіл байырғы
сөздерінің терминденуі; 2) диалектілердің терминденуі;
3) бір сала терминдерінің екінші салаға көшуі.
Екіншіден, сөзжасам амалдары. Мұның өзі іштей бір-
неше жікке бөліп қарауды тілейді. Атап айтқанда: а) мор-
фологиялық немесе синтетикалық (қосымшалар арқылы)
тəсілі; б) синтаксистік немесе аналитикалық (сөздерді
біріктіру, қосу) тəсілі; в) аббревиациялау (қысқарту) тəсілі
66
.
66
Ескерту: аналитикалық тəсіл мен аббревиациялау тəсілі арқылы ұлттық
тіл элементтеріне қоса, кейде кірме сөздердің қатыстырылуымен де термин
жасалады.
162
Үшіншіден, калькалау тəсілі. Бұл тəсіл бір қарағанда
алдыңғы екі тəсілдің екі арасында аралық қызмет
атқаратын тəрізді. Яғни кірме сөздер мен алдыңғы екі тəсіл
мүмкіндіктері пайдаланылады. Басқаша айтар болсақ, ұғым
идея негізге алынады да, олардың жарақталуы ұлттық тіл
құралдары арқылы іске асып жатады. Қысқасы, алдыңғы
екі тəсіл мүмкіндігі сарқа пайдаланыла отырып, кірме тер-
миндер дайын күйінде қабылданады. Сонда бұл жерде өзге
тілден келген нəрсе терминнің мазмұндық сапасы ғана бо-
лып шығады.
Төртіншіден, өзге тілдерден дайын термин алу тəсілі.
Кірме терминдер делініп жүрген бұл сөздер жүйесі көбіне-
көп орыс тілі арқылы келген орыс жəне халықаралық
интернационалдық лексика қатарына жатады.
Дайын термин ретінде, ең алдымен, диалектілік ерек-
шеліктер мен қолданыстағы сөздердің басқа бір түрінен
ұлттық тіл қатарына көшкен лексика іске жаратылуы мүмкін.
Сондай-ақ, екіншіден, өзге тілдерден енген кірме сөздер бо-
луы ықтимал. Басқаның бəрі тілде ежелден қалыптасқан де-
риваттар болып табылады.
Қазақ терминологиясын жасап, қалыптастыруда тікелей
рөлі болған осы жолдар мен амалдарды саралап келгенде
көзіміз жеткен бір ақиқат мынау: терминжасау амалдары
мейлі үшеу, мейлі бесеу болсын бəрібір, мұның бəрі де, ең
алдымен аударма арқылы, аударма жұмысының өркендеуіне
орай пайда болған. Тіпті керек десеңіз, аудармаға ешбір
қатысы жоқ боп көрінетін мəністік (семантикалық) тəсілдің
алғашқы тармағы арқылы жасалатын, яғни байырғы сөздер
мен диалектілердің терминденуінің өзі де аударманың əсері
арқылы, орыс тіліндегі үлгінің нəтижесінде туған деп түйін
жасауымызға əбден болады. Олай болса, бұл қазақ тілінде
термин жасаудың ең басты жолы болуға тиіс. Өйткені тіпті
аударылмай, сол күйінде алынған терминдердің өзі де, ке-
рек десеңіз, тəржіма талқысынан өтіп барып, аудармашы-
лар сарабына түсіп келіп қана кірме сөзге айналады. Сөйтіп
163
қазақ тілінде термин жасаудың барлық тəсілдері негізінен
аудармаға, əсіресе орыс тілінен аударуға байланысты туған.
Осыған орай есте тұтар бір жайт мынау: арнайы лекси-
каны зерттеушілердің көпшілігі термин мəселесін қарас-
тырғанда оның түрлі жасалу жолдары мен тəсілдерін дұрыс
көрсете отырып, соны қалыптастырудағы, аударманың
рөліне тереңдей бермейтіні өкінішті. Біздіңше, мұның өзіне
тəн сыры, қыры əлі арнайы зерттелген жоқ. Сондықтан тер-
мин туралы сөз қозғағанда, оны ең алдымен аудармамен
байланыстыра əңгімелеу керек. Біздің зерттеуіміздің бір
мақсаты осы. Біз əлгі тəсілдердің бəрін аудармамен байла-
ныстыра қарастырамыз.
Енді бұларды жинақтап, сұрыптаған тілдік материал-
дарды сөйлету арқылы баяндап, өз алдына жеке-жеке
қарастырып көрелік.
Семантикалық тəсіл немесе мəністік тəсіл. Бұл қазақ
тілінің байырғы сөздері мен ертеден енген араб, парсы
сөздерінің арнайы жаңа терминологиялық мəнде жұмсалуы
болып табылады. Əлгі жаңа қызмет сол байырғы сөздер
мағыналарының бірінің негізінде өріс алады.
Семантикалық тəсіл дегенде, біз жоғарыда көрсетілген-
дей, ең алдымен ұлттық тіліміздің өз мүмкіндігін толы-
ғырақ пайдалануды түсінеміз. Сонда термин жасауға
қатыстырылатын ішкі мүмкіндіктер дегеніміз не? Ол – жал-
пы халықтық немесе жалпы əдеби тіл құрамында ежел-
ден қолданылып, тіл мұқтажын өтеп келе жатқан байырғы
сөздердің арнайы қызметке көшуі. Немесе олардың бір
мағынасының терминдік қызметке бейімденуі. Сөйтіп,
мұндай сөздердің əлгіндей нақты атаулық сипаты күшейе
келе белгілі бір ғылым саласының өркендеп, дамуына қызмет
етеді де, сол саланың арнайы лексикалық қабатын құрайды.
Бұл кейде сөз мағынасының тарылу немесе кеңеюі арқылы
да бола беруі ықтимал. Жəне бұл процесс қоғам дамуының
кез келген кезеңінде емес, қарқынды даму кезеңінде ғана
болатынын ескеру керек.
164
Қазан төңкерісінен бергі жердегі қазақ əдеби тілінің
даму жолын сүзіп өткенде осындай бір тілдік өсу, өрлеудің
өзгеше сапасын байқаймыз. Жалпы, тіл, тілдің қай-
қайсысында да мүлде жаңадан жасалған сөздер көп бола
бермейді. Жаңа сөз дегенде əдетте белгілі бір сөздердің
белгілі бір мағынасының актуалдығы күшеюін неме-
се қайсыбір мағынасының жаңаруын, сөйтіп қолданыста
арнайы жаңа қызметке көшуін түсініп жүрміз. Осыған
қарағанда, жаңа сөз деген түсінікті абайлап қолдану керек
сияқты. Жаңа сөз дегеннен гөрі, сөздердің қызмет аясының
кеңеюі, мағына жылжымалылығы, жаңаша мəн жүктелуі
деу дұрысырақ па деп ойлаймыз. Міне, осы мағыналық
өзгеріс, жаңа қолданыс дегеніміздің бəрі де өздігінен
болып жататын құбылыс емес.
Бұл тəсілдің өзінің əр алуан атауы, неше қилы түрі бар.
Мəселен, оны халықтық лексиканы терминдендіру деп те,
лексика-семантикалық тəсіл деп те, жалпыға ортақ сөздер-
дің терминдік мəнге көшуі деп те, ұлттық тілдің сөздерін
жаңа сапада қолдану деп те, сөз мағынасын өзгерту деп те
атауға болады. Мəністік тəсіл шеңберіне кіретін ерекшелік,
əрине, бұл айтылғандармен ғана шектелмейді. Оның бұдан
да басқа зерттеушілер байқай алмай жүрген тағы басқа
түрлерінің болуына шəк-күмəн келтірмейміз. Біз айтып
отырған бұл түрлері қазақ тілі фактілері бойынша ғана
анықталғандары.
Қазақ тілінің сөздік құрамында қоғам, Отан, ошақ, орта,
күрес, кеш, еңбек, жарыс, мүше, ер, батыр, шешен, жоспар,
тəртіп, жоба, кеңес, мазмұн, түр, атақ, дəреже, даңқ,
бұйрық, сын, тап, мəжіліс, мəслихат, оқу, өнер, білім, ғылым,
мектеп тəрізді толып жатқан сөздердің терминдік сапаға
көшуін біз осы мəністік (семантикалық) тəсілге жатқызамыз.
Келтірілген мысалдың көбі тіліміздің байырғы лексика-
сына жатады да, біразы əбден сіңіп, төл сөздер қатарынан
орын тепкен араб, парсы кірмелері. Бұлардың терминденуі,
165
арнайы мағыналық жүк арқалап, ғылыми ұғым құралына
айналуы əр алуан ойларға жетектейді.
Қоғам сөзі о баста белгілі бір адамдар тіршілігінің уақыт-
ша бірлестігі, қауымдасуы мағынасында туған болса, бұл
сөздің осы замандағы мағыналық шеңберінде күрделі
өзгерістер болғаны мəлім. Ең алдымен, қоғам сөзі терминдік
нақты мəнге ие болды, атаулық мағынасы бұрынғыдан
əлдеқайда кеңейді. Өзгеше терминдік сапаға көшіп, əдеби
тіліміздің нормаланған, тұрақтанған элементтерінің біріне
айналған бұл сөзге «Қазақ тілі түсіндірме сөздігі» мен «Қазақ
Кеңес энциклопедиясында» мынадай анықтама беріледі:
«1. Тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі адамдардың
материалдық игіліктерді өндіру тəсілімен өндірістік қа-
тынастарына негізделген қарым-қатынасының жалпы
жиыны.
2. Өндірістік қатынастар негізінде қауымдасқан адам-
дардың бірлігі, жиынтығы.
3. Ынтымақтас, ниеттес адамдардың ортақтасқан қауымы.
4. Əлеуметтік топ, орта, бір ағымдағы жұртшылық.
5. Шығармашылық одақ, ерікті бірлестік, ұйым» (ҚТТС.
Алматы, 1982, 6-т.). «Адамдардың материалдық жəне рухани
өмірін диалектикалық бірлікте, өзара байланыста көрсететін
философиялық ғылыми категория» (ҚСЭ. Алматы, 1975).
Семантикалық тəсіл арқылы терминдік сапаға көшкен
бұл саяси терминнің қолданыстағы өзгеше өрісін жете
түсіну үшін осы сөз арқылы туындаған көптеген ғылыми
терминдерді саралап шығу керек.
Осы сөздің қатысуымен жасалған терминологиялық
ұғымдардың əлі де толық емес түрлері мыналар: Қоғамдық
ғылымдар академиясы, қоғамдық айыптаушы, қоғамдық
еңбек, қоғамдық еңбекті ұйымдастырушы, қоғамдық
жиынтық өнім, қоғамдық заңдылық, қоғамдық ин-
спектор, қоғамдық интернат, қоғамдық капитал,
қоғамдық қатынастар, Қоғамдық қауіпсіздік комитеті,
қоғамдық қорғаушы, қоғамдық құрылыстар, Қоғамдық
166
құтқару комитеті, қоғамдық меншік, қоғамдық өндіріс,
қоғамдық өнім, қоғамдық пікір, қоғамдық сана, қоғамдық
тамақтандыру, қоғамдық тұтыну қорлары, қоғамдық
тұтыну құны, қоғамдық ұйымдар, қоғамдық шарт, қоғам-
дық экономикалық талдау бюросы, қоғамдық экономика-
лық формация, қоғамдық материалдық-техникалық база,
қоғамдық саяси ұйым, қоғамның таза табысы, антого-
нистік қоғам, буржуазиялық қоғам, коммунистік қоғам,
социалистік қоғам, феодалдық қоғам т.б.
Сонда «қоғам» атты бір ғана сөздің терминденуі ар-
қылы əлденеше терминдік тіркес қатары пайда болғанын
көреміз. Бұдан шығатын түйін: қайсыбір сөздерді семан-
тикалық тəсіл арқылы терминге айналдыру өзге де термин-
дік ұғымдар қатарының жасалып, молая түсуіне мүмкіндік
ашады деген сөз.
Немесе «Отан», «орта», «отар», «ошақ» сөздерінің
семантикалық қозғалысын алалық.
Отанның о бастағы мағынасы біреудің туған үйі,
шаңырақ немесе ары барғанда туған ауылы дегенді ғана
білдіретін. Мысалы: Күнзия бір үйдің кенжесі еді, бір
отанның еркесі еді» (З. Шүкіров). Бұл жолдасы адам болып,
бір отанға иелік етіп отыр (О. Сəрсенбаев) дегендердегі
отанның сол əу бастағы отбасы, ошақ қасындық ұғымын
білдіреді.
Ал егер «Отанымыздың астанасы Мəскеуде болған қазақ
көркемөнері мен əдебиетінің екінші он күндігі жоғары
дəрежеде өтті» (Ғ. Мүсірепов) десек, біз туған ел, өскен жер,
атамекен тəрізді ұлы ұғымдарды қамтимыз. Осы соңғы
мағыналық қызмет осылайша терминдендіре қолданудың
нəтижесінде пайда болды. Бұл сөздің мағынасының ұлға-
йып, қоғамдық-саяси термин сөз ретінде қолданылуына
əсер еткен нəрсе «Родина» деген орыс сөзіне балама
іздеуден, соны аударудың əрекетіне байланысты деп біле-
міз. Сөздердің мəністік (семантикалық) өрісін дұрыс бағ-
дарлап, олардың потенциалдық мүмкіндігін дəл сезініп
167
отырған маман тіл байытудың осы тектес жолдарын
ашып отырады. Қазір бұл тəсіл арқылы пайда болған сөз
халқымыздың ең қасиетті ұғымын арқалап тұрған терминге
айналды.
Отан сөзінің қатысуымен бұдан басқа да бір топ тер-
мин сөздер жүйесі жасалды (отандас, отандық ғылым,
отаншылдық сезім т.т.) «Орта», «ошақ» сөздерінің де тер-
минге айналуынан сөзге саналы түрде ықпал жасап, оны
белгілі бір мақсатқа орай бағыттаудың əсерін көреміз.
Мəселен, орта дегенде қазақ бір нəрсенің ортасы, екі-үш
адам ортасы немесе белгілі бір мөлшерге жетпеген, тол-
маған деген ұғымдарды түсініп келген болатын. Қоғам
дамуының ерекшелігіне орай «среда» деген орыс сөзіне
толық балама бола алатын атау іздеу керек болды. Осының
нəтижесінде «орта» сөзі адамның туып, өскен, жұмыс
істеген жері, қоршаған қауымы деген нақты да үлкен
ұғымды білдіретін терминдік мəнге көшті.
Ал үстіне қазан асылу үшін шеңберленген үш аяқты
темір немесе жерден қазылған шұңқыр деген нақты мағы-
насы бар, үй іші, отбасы дейтін ауыспалы мағынасы бар
«ошақ» сөзі əу баста кейбір түркологтардың
67
жорамалы
бойынша от жақ деген сөзден туындап, тіпті орыс тіліне де
осы «очаг» – түрінде еніп кеткен екен. Бұл сөздің тер-
минденуіне де орыс тіліне енген «очаг» сөзінің кері əсері
тиген бе деп ойлаймыз. Өйткені очаг культуры, очаг болез-
ни, очаговое явление т.т. терминдік ұғымдар – бұл сөздің
қоғамдық қызметін кеңейте түсті. Сөйтіп, біз бұны да
арнайы мағына арқалаған терминдік атауға айналдырып
алдық.
Сондай-ақ «еңбек» сөзінің бір кездегі мағынасы бүгінгі-
ден мүлде бөлек болатын. Қазақ көбіне-көп зейнетінен
бейнеті, рақатынан азабы көп жан қинау мен күн кешуді
еңбек деп түсінетін. Бұл сөздің əлгіндей ауыр мəнінен ары-
67
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. Алматы, 1986. 155-б.
168
луы оған терминдік мағына телінуден. Ол социалистік еңбек
мағынасында рақат табатын атақ, даңққа жеткізетін ең абы-
ройлы кəсіп деген жаңаша мəнге ие болды.
«Жарыс» сөзінің жағдайы да осыған ұқсас. Мұның
халық түсінігіндегі байырғы мағынасы ат жарыс, жаяу
жүгіріс дегенді меңзейтін болса, кейін осыған қоса барлық
еңбек адамдарының атқа мінбей-ақ, жаяу жүгірмей-ақ, тірлік,
жұмысты жандандыру арқылы өзара жолдастық бəсекеге
түсу тəрізді мағыналық сапаға көшті. Міне, содан барып
күнделікті тіршілікте социалистік еңбек, социалистік жарыс
деген сөздер терминдік тіркес ретінде əдеби қалыптасып,
сіңіп кетті.
«Күрес» сөзінің терминге айналу тарихынан да біз
осы жоғарыдағы сөздер басындағыдай мағыналық өрісті
байқаймыз. Екі адамның, екі балуанның белдесуін, күш сы-
насуын ғана білдіретін бұл ұғымның саяси терминге айна-
луы жұмысшы табының іс-əрекетімен тікелей байланысты.
Сөйтіп, ауызекі сөйлеуде екі адамның белдесуін ғана сипат-
тайтын бұл сөз революциялық қозғалыс құралына айналды,
саяси күрес дейтін термин дəрежесіне көтерілді деп айта
аламыз.
«Кеш» сөзі тəуліктің бір мезгілі екені түсінікті. Ма-ғына
жаңарту, арнайы қызмет жүктеу, яғни мəністік (семантикалық)
тəсіл арқылы терминдендіру арқылы осы сөздің басында да
сапалық өзгеріс пайда болды. Бұл енді əшейін күннің батуы
немесе кешкілікті уақыт қана емес, сонымен бірге қоғамдық
іс-əрекеттің бір түрін əйгілейтін (əдеби кеш, өнер кеші т.т.)
қуатты терминге айналды. Біз енді қауымдық, тəрбиелік
мəні бар тақырыптық жиындардың біразын жоғарыдағыдай
«кеш» деп атайтын болдық.
Сондай-ақ, жоба, жоспар сөздерінің табиғатынан да біз
осындай жаңа мағыналық өзгерістің болғанын байқаймыз.
Бұлардың о бастағы мəні, əрине, бұрынғысынан əлдеқайда
кеңейіп, күнделікті сөз жасау ісімізде жиі қолданылатын
169
қоғамдық ғылымдар терминіне айналды. Бұрын, мəселен,
жоба сөзі бір нəрсенің түрі, түсі, пішіні, кескіні дегенді
меңзейтін болса, қазір проект деген орыс терминінің ма-
ғынасын толық беретін күйге көшті. Мысалы, мына сөй-
лемге назар аударалық. Еревандағы Таманияның жобасы
бойынша жасалған Ленин алаңында, Үкімет үйі, опера жəне
балет театры т.с.с. бірнеше сəнді үйлер орналасқан (І. Ома-
ров, «Серпін»).
Ал əуелде жеке адамның іс-əрекетінде өте сирек кезде-
сетін жоспар сөзі план терминінің баламасы ретінде пайда
болып, тілімізде əбден орнығып алды. Қазір қоғам өмірінің
қай саласында да бұл сөздің қатынаспайтын жері жоқ.
Жоспар өміріміздің жарқын бір белгісін білдіретін қуатты
сөздің біріне айналды. Социалистік өмірдің бүкіл мəні
жоспарлы жұмысқа байланысты өрбіп отырған заманда бұл
терминнің семантикасындағы мағыналық өзгерісі мен өрісі
дөп аршылып, пайдаланылған деп білеміз.
Терминологиялық сапаға көшкен көптеген сөздерді са-
ралай отырып, олардың қатарында ауыз əдебиеті үлгіле-
рінен де алынған материал аз емес екенін байқаймыз.
Əсіресе, халық тұрмысына, айналысқан кəсібіне, қоршаған
ортасына байланысты сөздер, неше алуан өсімдік атаулары
термин жасаудың бай көзі болып саналады. Термин жасау
тіпті де оңай шаруа емес. Неше алуан жарыспалы сөздер
арасынан оның біріне ғана тоқтау немесе терминденуге
лайықты сөздің бастапқы мағынасын өзгертіп, кеңейтіп не
тарылтып алу үшін талғам керек.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазақ тіліндегі «көсем»
(вождь) сөзінің терминдену тарихы тіпті қызық. Бір
қарағанда, бұл сөздің қазіргідей ұлы сапаға көшуге ыңғайы
болмаған да сияқты. Қазақ «сөйлей-сөйлей шешен боласың,
көре-көре көсем боласың» дей отырып, көсем ешкі, көсем
ат, тіпті көсем ағаш деген ұғымдарды да кеңінен қолданған
ғой. Ал «вождь» терминінің мəнін берерлік талай сөз
170
сарапқа түскені мəлім. Басшы, жетекші т.т. дегендерден
гөрі «көсем» сөзінің дөп түскені соншама, қазір мұның
тағы басқа нұсқасы бар ма екен деп бас қатырып жатпай-
мыз. Осыған қарағанда, халықтың ауыз əдебиеті мен фоль-
клорында терминдік өріс тілеп тұрған қаншама сөздер
барын əсте естен шығармауға тиіспіз.
Мұның бəрі тіліміздің сөзжасам заңдылықтарын дұрыс
қолданудың нəтижесінде пайда болып отыр. Əсіресе, ба-
йырғы сөздерімізді, диалектілерді терминдендіру нəтиже-
сінде тіліміздің қоғамдық қызметі күшейе түскен тəрізді.
Ендеше, терминжасам ісінде мəністік (семантикалық)
тəсілдің мүмкіндігі мол екенін, оның термин қалыптасты-
рудағы активтілігін баса айтқанымыз жөн.
Бұл тəсіл, əсіресе, ғылым тілі үшін өте пайдалы, мұны
іске қосу арқылы осы тəсілмен термин жасаудың бар
мүмкіндігі, ең басты талабы қанағаттандырылады. Бір
қызығы, осы тəсіл арқылы терминденген сөздер өзінің
бастапқы мағынасынан ада-күде күдер үзіп кетпейді. Олар-
дың терминдік сапада жұмсалмайтын мағынасы да тілдің
басқа бір қабатында, арналарында қолданыла береді. Яғни
бұлар көп мағыналы болса, сол көп мағыналылығынан, тар
не кең мағыналы қалыпта болса, сол кең не тар мағынасы-
нан мүлде аулақтанбайды. Тілдің қолданыс ыңғайы қай
сөздің болсын бар ішкі мəн-мазмұнын сарқа пайдалануға
мүмкіндік жасап отырады. Мысалы, өркен сөзін алайық.
Бұл қауын пəлегінің өркен жаюы деген ұғымды білдіретін
сөз. Сонымен бірге бұл кейінгі өркен, жас қауым, болашақ
ұрпақ деген мағына арқалаған термин. Сондай-ақ күрес,
жарыс, Отан т.б. сөздер жайында да осыны айтуға болады.
Негізінен, семантикалық тəсіл терминологиялық жүйені
жасаудың алғашқы кезеңіне тəн. Неге десеңіз, ғылым мен
техниканың қанат жайған қазіргі жағдайда терминжасамның
басқа сөз тіркесін, сөз біріктіру, қосымшалы түрлері белең
ала бастағанын дəлелдейтін дерек көп. Соған қарамастан,
171
семантикалық тəсіл өзінің термин жасаудағы өнімділік
қасиетінен сəл де болса тежеле түскен тəрізді.
Есте тұтарлық тағы бір мынадай жайт бар. Термин-
жасамның алғашқы кезеңінде жалпы əдеби тіл құрамын-
дағы сөздер мен терминдердің аражігі айқын аңғарыла
бермейтін. Бұл терминдердің кəдімгі сөздерден онша алшақ
кете алмай жатқандығын танытатын құбылыс еді. Ал қазіргі
кезеңге жақындаған сайын терминдердің терминдік қасиеті
барынша айқындалып, олардың қатары молайып, құрамы
мен құрылысы жетілдіріле түскенін байқаймыз. Мұны біз,
əсіресе, қоғамдық ғылымдар, жалпы ғылым мен техника
терминологиясының қалыптасу барысынан аңғарамыз.
Терминжасамның семантикалық тəсілі жалпы əдеби
тілдің семантикалық сөзжасам тəсілінен едəуір ерекшеле-
нетінін есте тұтқан жөн. Ол қандай ерекшелік? Жалпы
əдеби тілдегі бұл процесс ұзақ мерзімнің, яғни эволюциялық
дамудың салдарын танытады, ал терминжасамдағы се-
мантикалық тəсіл керісінше тіл дамуындағы өзгеше бір
даму екпінінің нəтижесі ретінде туған. Терминологиялық
сөзжасам тілдің даму заңдылығына тəн ұзақ мерзімді
күтіп жатпай-ақ, байырғы сөздерді жедел қарқынмен ар-
найы мақсатқа бейімдеп, терминдендіруге шұғыл түрде
мүмкіндік жасады. Соның нəтижесінде терминге айналған
əлгі сөздердің семантикалық жағынан ғана өзгеріске
түсіп қоймай, грамматикалық жəне лексикалық пішінінде
құбылтып алады.
Сонымен, семантикалық тəсіл терминжасамның негізгі
тəсілдерінің бірі ретінде терминологиялық лексика қаба-
тының толыға, байи түсуіне үлкен септік жасайтын негізгі
амалдың бірі болып табылады. Мұның тағы бір атап
айтылуға тиісті ерекшелігі – сол арқылы жасалған термин-
дер терминжасамның өзге амалдарына қарағанда əрі қысқа,
əрі нұсқа болып шығатыны. Сондықтан да терминжасам
процесінде бұл тəсілді сарқа пайдаланып отыру қажет.
172
2. Терминжасамның ең басты екінші тəсілі, жоғарыда
ескерткеніміздей, бірнеше топқа бөлінеді. Мұның өзін іштей
ең басты үш бөлікке бөліп, əрқайсысын жеке-жеке тəсіл
есебінде əңгімелеуге де болады. Солай етіп жүргендер де
бар. Ол, біріншіден, морфологиялық немесе синтетикалық
(қосымша жалғау) тəсіл; екіншіден, синтаксистік немесе
аналитикалық (сөз біріктіру, қосу) тəсіл; үшіншіден, аб-
бревиациялау (сөз, буын, дыбыс қысқарту) тəсілі. Мұны
қарапайым тілмен айтсақ, қосымшалау тəсілі, біріктіру
тəсілі, қысқарту тəсілі деп алар едік. Ендігі əңгіме осы
жүйемен жалғастырылады.
а) Морфологиялық немесе синтетикалық тəсіл де-
генде əңгіме қазақ тілінің сөз жасауға, сөз түрлендіруге
қатыстырылатын қосымшаларының термин жасаудағы рөлі
жайында болмақ.
Сөзжасамның бұл тəсілі барлық тілдерде бірдей болып
көрінгенмен, қазақ тілінің сөз тудыру моделінде өзіне тəн
сыр, сипат бар. Мұны біз терминжасамға қатысы жағынан
саралап қараймыз.
Жалпы, қазақ тілінің сөзжасамға қатыстырылатын қосым-
шалары туралы əңгіме қозғалғанда, мамандар
68
Достарыңызбен бөлісу: |