XX ғасыр басындағы аударма үлгілері
XX ғасырдың бас кезінде қазақтың мəдени өмірінде
алуан түрлі өзгерістер бола бастады. Ол өзгерістер əуелде
Қазақстанның Ресейге қосылуы нəтижесінде орыс халқы
мен қазақ халқының алдыңғы қатарлы көзі ашық оқыған
азаматтары арасындағы жан-жақты қарым-қатынастар
мен байланыстардан басталған болатын. Ал соңғы XІX ға-
сырдың аяғы мен XX ғасырдың басында орыс қоғамында
болып жатқан саяси, əлеуметтік, экономикалық жаңалықтар
мұны дамыта түсті. Əсіресе, елдің ауыр жағдайы, қазақ
оқығандарының орыс қауымымен қоян-қолтық араласа түсуі,
204
батыс мəдениеті мен ғылымның таралуы қалың ұйқыда
жатқан қазақ қауымының оянуына қамшы болғандай еді.
Қазақ халқының алдыңғы қатарлы азаматтары жастарды
өнер-білімге, оқуға шақырып жар салды, өз ойларын қалың
жұртшылыққа жеткізу мақсатында баспа ісімен айналысты.
Көптеген зерттеушілердің айтуына қарағанда, XX ғасыр-
дың басында (1917 жылға дейінгі мерзім ішінде) қазақ
тілінде 200-ден аса əртүрлі кітап шығарылды делінетін.
Соңғы жылдары, атап айтқанда, 1985 жылы жұртшы-
лыққа жария болған қайсыбір деректерге
89
қарағанда,
төңкеріске дейін қазақ тілінде 509 кітап басылғаны мəлім
болып отыр. Қазақ халқына, оның тіліне тікелей қатысы бар
бұл қазынаны алғаш тиянақтап зерттеушінің бірі татардың
ғалым-жазушысы Абрар Каримуллин. Оның дəлелдеуінше,
509 кітаптың 432-сі Қазанда басылған екен. Сөйтіп, төңке-
ріске дейінгі мерзімде кітап бастыру жөнінен қазақтар
түркі халықтары арасынан татарлардан кейін, əзірбайжан-
дармен қатар екінші орында тұратыны анықталды. Осы
басылған кітаптардың жалпы тиражы – 2 миллион 201 мың
105 дана. Ол кітаптар тақырыбы жағынан да, ішкі мазмұны
жағынан да, алға қойған мəселелері жағынан да сан алу-
ан. Бұл кезеңде жарық көрген қазақ тіліндегі кітаптардың
басым көпшілігі қисса-дастандар, поэмалар, əртүрлі маз-
мұндағы өлең жинақтары болып келді.
Бұларда кейде араб, парсы тілдерінің элементтері ара-
ласып келгенмен, уақиға, сюжеттері қиял, ертегі іспеттес
болғанымен, көркемдік сапасы төмен болуына қарамастан,
осы сияқты баспа бетін көрген қисса, дастандар қазақтың
жазба əдеби тілі тарихынан белгілі орын алады. Сондықтан
да қазақтың жалпы тіл тарихы болсын, жазба əдеби тілі та-
рихы болсын, оның терминдік жүйесі болсын сөз етілгенде,
XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде жарық
көрген осы қисса, дастандарды атамай өтуге тіпті де бол-
89
Мұртазаев Ш. Кітап теңізіндегі жиһанкез // Қазақ əдебиеті. 1985, 7 маусым.
205
майды. Бұл шығармалардың көбі кейбір зерттеушілер тара-
пынан ауыз əдебиеті, фольклор үлгілері қатарына жатқызы-
лып жүргенімен, оларды жазба əдебиет тарихынан мүлде
шығарып тастауға болмайды. Əрине, бұл шығармалардың
ауыз əдебиеті үлгілерімен белгілі дəрежеде үндес, ұқсас
келетінін мойындай отырып, жазба əдебиетіміздің де са-
натынан қалмайтынын ескерген жөн. Қазақтың жазба
əдеби тілін қалыптастырып, əрі қарай дамыта түсуде бұл
тəрізді шығармалардың белгілі дəрежеде мəні, маңызы
болғандығын атап өту керек. Сонымен бірге бұларда бел-
гілі дəрежеде терминдік сөзқолданыстың да қалыптаса
бастағанын, терминдік мəн жүктелген сөздердің алғашқы
түрлерін кездестіруге болатынын да ескеруге тиіспіз.
Жалпы белгілі бір тілдің терминологиялық жүйесін жа-
сауда, оны қалыптастыруда аударманың алатын орны өте
зор. Адамзат мəдениеті – рухани байлықтар алмасуының
нəтижесі екені тарихтан мəлім.
Қазақ халқының да мəдени өресінің бүгінгідей дəрежеге
көтерілуіне аударманың қызметі мол. Ана тіліміздің
əдебиленуі, оның нормалы күйге түсуі, терминологиялық
лексиканың жасалып, қалыптасуы аударма жұмысының
жандануына тікелей байланысты. Сондықтан термин мəсе-
лесін қарастырғанда, біз оны аударма процесімен тығыз
байланысты қарамай өте алмаймыз. Ал аударма жұмысы-
ның тарихы тереңге кетеді. Неге десеңіз, халық кейін аңыз
етіп кеткен неше алуан батырлық жырлар, лиро-эпостық
дастандар, ертегілер, көбі əу баста шығыс əдебиеті үлгі-
лерін аудара жырлау арқылы жасалған. Аударма тарихы
əріден басталатыны рас болса, кейін терминдік сипат алып
кеткен сөздер тарихын да сол кезеңдерден бері қарай сүзген
жөн. Бұл жайындағы зерттеу жұмыстары өте мардымсыз.
Əдеби тілмен ұлттық тіліміздің қалыптасуына тікелей əсері
болған бұл кезеңнің жай-жапсары өз зерттеушісін күтуде.
Яғни филология саласында, оның ішінде тіл саласында
еңбектеніп жүрген зерттеушілер үшін тың саланың бірі осы.
206
Міне, осындай жайларды ескере отырып, қазақ тілінде
термин жасаудың алғашқы үлгілерін танытатын аудар-
ма тарихын таратыңқырап талдауды қажет санап отыр-
мыз. Орта ғасырдағы шығыс классиктерінің шығармалары
қазақ халқына көбіне-көп аударма арқылы жетіп отырды.
Сол дəстүр жалғаса келе Абай, Ыбырай заманына ұласты.
Өйткені Ыбырай заманында да шығыс жəне орыс əдебиеті
қазақ тіліне аударылды. Сол сияқты «Түркістан уəлаяты
газеті» мен «Дала уəлаятының газеті» жəне «Айқап» жур-
налы беттерінен де аударма мəселесі аздап болса да орын
алғанын көреміз. Керек десеңіз Ыбырай Алтынсариннің
«Шариғатул-ислам» («Ислам шариғаттары») деген кітабы да
аударма еңбек есепті.
XІX ғасырдың соңғы жылдарында «Библияның» əр жері
қазақ тілінде жеке кітап болып Православияның миссио-
нерлік қоғамы тарапынан бастырылып шығарылды. Бұдан
кейін «Інжіл» («Евангелие») де қазақ тіліне аударылып,
кітап болып шықты. Бұл аударма туралы С. Талжанов: «1900
жылы «Інжіл» аударылыпты»
90
десе, Ə. Сатыбалдиев: «Пра-
вославие шіркеуінің қазақ жерін жайлаған миссионерлік
қоғамы 1900 жылы емес, 1899 жылы «Евангелиені» қазақ
тіліне аудартып шығарған»
91
, – дейді. Əбен Сатыбалдиев
аударма орыс əрпімен басылғандығын, оның өзінде дыбыс
ерекшеліктерін таңбалауға мұқият көңіл аударылғандығын
айта келіп, «бұл аударманы көлемі жағынан сол тұстағы
қазақ тілінде басылған кітаптардың ең ірісі деп айтуға
болады»
92
, – деп көрсетеді.
XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында аудар-
ма ісі, əсіресе орыс жазушыларының шығармаларын қазақ
оқырмандарына қазақ тілінде жеткізу ісі кең өріс ала бас-
90
Талжанов С. Көркем аударма туралы. Алматы, 1962.
91
Сатыбалдиев Ə. Рухани қазына. Алматы, 1965, 36-37-бб.
92
Сонда.
207
тайды. 1903 жылы Қазанда Молданияз Бекимов аударған
А.С. Пушкиннің «Капитан қызы» қазақ тілінде басылып
шықты. «Капитан қызының» тұңғыш аудармасы барынша
еркін жасалған. Мұны аударма деуден гөрі шығарманың
желісін қуалай отырып, жалпы мазмұнын баяндап шығу
десе де болар еді. Аудармашы түпнұсқаның мазмұны мен
суреттемелерін толық келтірмей, тек жалпы оқиғасының
желісін ғана қуып, жалпы мазмұнын беріп отырған. Мұнда,
əсіресе, кейіпкерлердің мінез-құлқын, психологиялық
сипаттарын, өздеріне тəн даралықтарын бейнелейтін сөз
бояулары қалып кетіп жатқан»
93
. Бұл аударманың тілінде
орыс тілінің əсері айқын сезіліп тұрады. Орынсыз көп
қолданылған учитель, крепость, простой, господин сияқты
орыс сөздерін былай қойғанда, аудармадағы сөйлем құры-
лысында да орыс тілінің ықпалы көптеп кездеседі. Ол
ықпал, əсіресе, сөйлемдегі сөздердің орын тəртібінен бай-
қалады, яғни түпнұсқада сөйлемдегі сөздер қалай орна-
ласса, аударғанда да ол сөздердің орналасу тəртібін сақтап
отырған. Соның салдарынан қажетсіз инверсиялар қазақ тілі
синтаксисіне тəн емес сөйлемдер пайда болған.
Əсіресе, бұл кезде шығып тұрған газет-журналда көркем
аудармаға үлкен мəн беріп отырғанын байқаймыз. «Айқап»
журналы мен «Қазақ» газеті беттерінде И.А. Крыловтың,
Л.Н. Толстойдың, А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың,
А.П. Чеховтың, А. Сорокиннің, И.С. Никитиннің, А. Коль-
цовтың т.б. белгілі ақын-жазушылардың жеке шығарма-
лары қазақ тіліне аударылып, басылып отырған. Олардың
кейбірінің тілі туралы сол кезде мақала, рецензияларда ба-
сылып жүрді. Бұл аудармаларда қажетсіз инверсиялардың,
қазақ тілі синтаксисіне тəн емес сөйлем құрылыстарының
өте аз екенін, тіпті кейбір аудармаларда мүлдем кездеспей-
тінін байқаймыз.
93
Сатыбалдиев Ə. Рухани қазына. Алматы, 1965, 41-42-бб.
208
Орыс ақын-жазушыларының көлемі шағын жеке шығар-
малары бұл кезде шыққан хрестоматия, қираат кітаптарына
да еніп отырған. Спандияр Көбеевтің «Үлгілі тəржіма»,
Бекет Өтетілеуовтың «Дүние ісі ақыретке кетпес» сияқты
кітаптары – осындай жинақтар.
XІX ғасырдың соңғы жылдарында, əсіресе, XX ғасырдың
бас кезінде ғылымның медицина, биология салаларынан
қазақ тілінде жеке кітапшалар жарық көре бастайды. Ол, бір
жағынан, заңды да. Өйткені бұл ғылымдар осы кезеңдерде
дами түсті, сөйтіп адам, мал ауруларының түр-түрлері
белгілі бола бастады. Көптеген ауруларды емдеу қазақ
тіліндегі бақсы-балгерлердің, емші-тəуіптердің қолдарынан
келе бермеді. Міне, осыны жіті байқаған көзі ашық оқыған
азаматтар ауруларды медицина жолымен емдеу қажет деп
түсінді.
Қазақ ішінде медицина, биологиядан арнаулы маман-
дар жоқтың қасы болғандықтан, халық қамын ойлаған
оқығандар орыс тіліндегі арнаулы əдебиеттерді қазақ тіліне
аударып, бастырып, таратып отырды. Сондай əдебиеттердің
бірқатары мыналар: «Афат яки холера əңгімесі, перевод
қазақшадан орысшаға етуші студент Казахский ветери-
нарный институтының Файзолла Иманбаев», Қазан, 1905;
«Қышыманың турасында (очесотке)» русшадан тəржіме.
Жаманмұрынов», Орынбор, 1906; «Шешектің һəм ше-
шек егудің жайларынан» орысшадан тəржіме. Уалишев»,
Орынбор, 1906; «Адамның чумасы турасында». Қазақ
тілінде. Орысшадан перевод етуші Садық Бисалиев, Орын-
бор, 1911; «Обадан қалай сақтану?». Орысшадан пере-
вод етуші Садық Бисалиев. Орынбор, 1911; «Малда бола-
тын жұқпалы аурулардың һəм оларға қарсы қалай ғамал
қолдану хақында». Орысшадан тəржіме қылған Сейдғали
Меңдешоғлы, Уральск, 1911; «Арақ у яки арақның зара-
ры», Қазан, 1907; Самрұғ «Оба жайында қазақча əңгіме»,
Қазан, 1905; Шаһмардан ұлы Кашафуддин «Мақұлат» (оба
ауруы), Қазан, 1897; «Біздің үйлеріміздің хақында» орыс-
209
шадан қазақ тіліне аударған Балтабаев һəм Муминов, Орын-
бор, 1906; «Чума сырқауынан өзі һəм ғайриларны аман
сақламақ хақында насихатнаме», Орынбор, 1908; «Чечек
еккендегі бір нече ақыл», Орынбор, 1914; «Холер сырқауы-
нан өзі һəм ғайриларын аман сақламақ хақында насихатна-
ме», Орынбор, 1908; «Құрт мерез ауруы турасында». Орыс-
шадан қазақ тіліне аударған Қосуақов пен Бөкенов, Орын-
бор, 1906; «Іштен қан өткізетін ауру». Орысшадан қазақ
тіліне аударған Қосуақов пен Бөкенов; «Мерез ауруы жайы-
нан» (сифлис), Орынбор, 1903; «Жамандату қайдұрғу тура-
сында» («Сибирская язва»), Орынбор, 1902. Бұл еңбектердің
көбі Орынбор қырғыз (қазақ) мектебінің оқытушылары
П.А. Катанов пен П.Н. Крыловтың редакциялық басқаруы-
мен орыс тілінен қазақ тіліне аударылып отырды.
Əрине, бұл – XX ғасырдың бас кезінде ветеринария мен
медицина салаларынан қазақ тілінде шыққан кітаптардың
толық тізімі емес. Дегенмен, бұл сол кезеңде шаруашылықтың
əр саласында түрлі кітаптардың жарық көре бастағанын,
сонымен бірге қазақ жерінде де кітап бастыру ісі жөнге
қойыла бастағанын, сол салалар бойынша терминологиялық
лексиканың іріктеле бастағанын айқын көрсете алады.
Осылардың ішінде назар аударарлық бір кітапша – 1898
жылы Қазанда басылған «Глазная болезнь трахома, ее за-
разительность, причины распространения среди сельского
населения и способы предохранения. На киргизском язы-
ке». Кітапша дəл осылай орысша аталғанымен, мəтін қазақ
тілінде, оның тақырыбы «Трахома деген жаман көз ауру»
деп берілген. Орысшадан аударған адамның аты-жөні
белгісіз, кітапшада жазылмаған. Мəтін орыс графикасының
негізінде берілген. Осыған қарағанда, бұл кітапшаны орыс
тілінен қазақшаға аударған Қазан императорлық универ-
ситеті мұғалімдерінің бірі, я Ыбырай Алтынсарин болу керек
деген болжам туады, сонымен қатар ол Н.И. Ильминский,
П.М. Мелиоранский, А.Е. Алекторов сияқты ғалымдармен
пікірлес адам болу керек. Кітапшаның графикасында орыс
210
тілінде жоқ қазақтың ə, ң, ү, ө əріптерін жеке таңбалармен
белгілеген: а, н, у, о, ал ғ – г, қ – к, ұ – у дыбыстары тек
г, к, у таңбаларымен берілген, і дыбысы бірде и, бірде і
əрпімен жазылған, кейбір жерлерде мүлдем жазылмай
түсіріліп қалған. Түсініктірек болу үшін үзінді келтірейік
94
:
«Қалада, ауылдарда тұрған ксилердин арасында, əсіресе
чуваштардың, черемистардың, вотякдардың, истектердиң
арасында көз аурулар сондай көп. Олардың ишинде көзге
өз алдына зіан келтретугуны «трахома» ауру. «Енди трахом-
ның жұқпалы екенін, бір ксиден бир ксиге оңай жугатугы-
нын биле турғанда, ол аурудан ксилердиң көб ауратугуна
бизге тамаша емес. Калада осундай көз аурудан бир кси ғана
аурса болады, өңге ксилердиң барлығынада одан жугады.
Олай болғанда трахома жукпасын десен бөтен ксилердин
бек сақтан. Булай кылган барлыгынан артык» (9-11-бб.).
Көлемі 12 беттен тұратын бұл шағын кітапшаның тілдік
ерекшеліктері мен мазмұн-мəнін əр жерінен алынған осы
үзінділер біршама аңғарта алады. Сөйлемдері жеңіл, қара-
пайым, тіпті құрмалас сөйлемдерде (құрмаластың сабақ-
таста, салаласта түрлері қолданылған) түсінуге онша
қиындық келтірмейді, тілді қиындататын əртүрлі оборот-
тар жоқ деуге болады. Медицина ғылымына байланысты
терминдер мен терминдік тіркестер кездеседі. Бұл жағынан
аталмыш еңбектің тілі сол кездегі қазақтың сөйлеу тіліне
жақын деген пікір айтуға болады. Оны осы уақытқа дейін
сөйлеу тілінде бар соңғы буындардағы ерін үндестігінің
сақталуы да байқатады. Мысалы, мынандай ерін үндестік-
тері біршама тұрақты қолданылған: «көзүм аурады, ауру-
ларды қарай тун үйге барып емдету керек, көз үнүң
қарамығы, онан сіз көрдүң үзгей, көзүм түйлөдү, үзүлмей
бирнеше жылга барады, өмүр бойынша сөйтүп сорлу бо-
94
Мəтіндегі а, н, у, о əріптері баспа ісін қиындататындықтан, қазақ тілін-
дегі ə, ң, ү, ө əріптерімен алмастырылды, қалған жерде мəтіннің трансли-
терациясы толық сақталады.
211
лады, көзүн сүрткен, көзүне колун тигізсе» т.б. Тек бірен-
саран жерлерде ғана сөйлеу тілінде көп қолданылатын
ерін үндестігі бұзылған: «сокур ксилер онан жаман көбейер,
кəрі-жасы аралас көрерсиз, көзүн сүрткөншө берек».
Өз кезінде жарық көрген еңбектермен салыстырғанда
бұл кітапша тілінің бір үлкен ерекшелігі байқалады. Ол –
сол кездегі жазба əдебиетте үстем болып келген «орта-
азиялық кітаби тіл» дəстүрі бұл кітапшаның тілінде өріс ала
алмаған. Кітапты аударушы өзі аударып отырған еңбегін
жазба кітаби тілінен гөрі халықтың сөйлеу тіліне көбірек
жақындатқан. Бұл кездейсоқ құбылыс емес тəрізді, сана-
лы түрдегі əрекет болуы керек. Кітапша орыс алфавитімен
бастырылып, көптеген орыс сөздері дұрыс аударылып, таң-
баланған.
Жазба əдебиетте көп қолданылып келген көпшілік халық
түсіне бермейтін, араб, парсы сөздері мұнда жоқ. Сол
сияқты өзі орыс тілінен аударма бола тұра, орыс сөздері де
қолданылмаған. Ал «трахома» термині аурудың аты ретінде
қолданылған.
Ал орыс тілінің əсер-ықпалы кітапша тілінің синтаксис-
тік құрылысында, сөз тіркестері мен сөйлем жүйесінде
көрінеді. Əсіресе, құрмалас сөйлем компоненттері кейде
орыс тіліндегі үлгісі негізінде құралады немесе сөйлемдегі
сөздердің орны ауысып келіп отырады. Мысалы, «Жаңа тағы
сиздерден отунүп сураймын əр қайсыңызғада сақтану керек
көзү аурган ксилерден, əсіресе трахома жайылган қаланың
адамдарынан...» (12-б.). «Ақылсыздық истейди, кимде-
ким ауру ксилерди карайтун үйге бармай, бақсыга немесе
бақсы катынга барса» (10-11-бб.). «Онан сиз көрдүң үзгөй
сап-сауксиниң əуели кабактары кызарып иседи, сонсоң көзү
жасаурап аурады, əсіресе күндіз, күн жаркрап шыккан
уақытта» (5-б.) т.б. Мұндай мысалдар бұл еңбекте көптеп
кездеседі. Келтірілген мысалдар қазақтың əдеби тіл норма-
сынан біршама өзгергенін байқау қиын емес. «Жəне тағы
сіздерден өтініп сұраймын əрқайсыңызғада көзі ауырған
212
кісілерден, əсіресе трахома жайылған қаланың адамдары-
нан сақтану керек. Кімде-кім ауру кісілерді қарайтын үйге
бармай, бақсыға немесе бақсы қатынға барса, ақылсыздық
істеген. Сіз осыдан сап-сау кісінің əуелі қабақтары қызарып
ісетінін, сонан соң көзі жасаурап, əсіресе күндіз, күн жар-
қырап шыққан уақытта ауыратынын көрдіңіз (көріп отыр-
сыз)». Біз бұл жерде сөйлемдегі сөздердің қажет мағынаны
қаншалықты дəл беріп тұрғанын қозғағанымыз жоқ. Сөй-
лемдерді сол көлемде, сол құрылымда қалдырып, сыртқы
формасының кемшіліктерін орын тəртібі тұрғысынан,
сөздердің байланысу формасы негізінен көрсеттік.
Сөйлемдердің осылайша орыс тіл құрылымы негізінде
құралуы тек осы кітапша тіліне ғана тəн емес, араб алфа-
витімен жазылған кітаптарда да көптеп кездеседі. Мысалы,
«Оба деген (холера) аурудың белгісі мынау: əуелі ауырған
адамның іші өтеді, мұнан соң құсады. Бұл оба дегеніміз
біздің ауру емес. Европа жерінде сирек болады: басталады
һəм өседі, ыстық жерлерде əсіресе Индияда» (Сонда, 2-б.).
«Осындай шешектің адамдарды аздырып-тоздырып кета-
түтүн білген соң, зор ақыл иесі кісілер ойлай бастаған:
қайтуб адамдарға шешекті шықтырмасқа һəм жұқтырмасқа
(«Шешектің һəм шешек егудің жайларынан», Орынбор,
1906, 7-б.). «Көбіне көб Русияға чума келеді; Азияда Индия
дейтін жерден, Персия (Қызыл бас) падшасы арқылы сауда
қатынасы жиі болған себеблі... Əсіресе жылдам ауырады,
лас һəм тар үйлерде тұратын, дұрыс уақытбен тамақ ішбей-
түн, өзін-өзі жақсы ұстамайтын, арақ ішетін адамдар
(«Адамның чумасы турасында», Орынбор, 1911, 4-б.).
«Сол себебті үйді салуға керек ол үйдің адамының са-
нына қарай» («Біздің үйлеріміздің хақында», 6-б.). Осы
берілген мысалдардағы сөздер мен сөз орамдары қазақ тілі
синтаксисінің нормасы тұрғысынан өз орындарында тұрған
жоқ. Бұл сөйлемдердегі инверсия белгілі қажеттіліктен,
стильдік мақсаттан туып тұрған жоқ, орыс тіліндегі үлгінің
негізінде құралған. Сондықтан да олар тілге сіңісіп кете
213
алмады, өйткені бұндай сөйлем құрылысы қазақтың əдеби
тілінің ғасырлар бойы қалыптасқан синтаксистік нормасына
қайшы келіп отырды.
Бұл мысалдағы назарда болатын нəрсе оба, чума деген
термин сөздердің қолданылуы. Сөйлем құру, сөз қолданыста
бөлек орны бар бұл ерекшеліктер қазақ тілінің ғылыми
стилін қалыптастыруда үлкен рөл атқарғандығын айтпай
кетуге болмайды. Əрине, бұл кезеңдерде қазақ тілінің ғы-
лыми стилі, əсіресе ғылымның осы сөз болып отырған са-
лаларына байланысты стилі қалыптаса қалды дей алмай-
мыз. Дегенмен бұл саладағы көптеген терминдер, кейінгі
шақтардағы əдебиеттер тілінен мықтап орын алған термин-
дік тіркестер, сөз орамдары осы шығармаларда алғаш рет
қолданыла бастайды. Сонымен бірге ғылым мен техникалық
əдебиеттер тілінің стилі, тек аударма əдебиеттер негізінде
əдеби тілінің жеке стилі болып толық қалыптасып кете ал-
майтынын, оны жеке стильдік тармақ деп тану үшін төл тума
əдебиеттердің маңызы бар екенін ескерген жөн. Сондықтан
да біз бұл еңбектерге қазақ тіліндегі ғылыми əдебиеттер
стилінің толық қалыптасуындағы алғашқы нышандары де-
ген баға берер едік. Əйтсе де бұл үлгілерді тереңірек зерттеу
қажет.
Расында да, ғылымның жеке салаларындағы көптеген
ұғымдар қазақ халқының əдеби тіліне осы əдебиеттер
арқылы келіп сіңді. Ұғым атауларының кейде дəл болмай,
кейінгі кездерде өзгергендері де бар. Мысалы, «Ел ішінде
бала күнінде бір егілсе де, сонан соң ектірмейді бірек-
кен болады («Шешектің һəм шешек екен деб айтса, ке-
шікпестен науқасты балнитсаға (ауру бағатын үй) апаруға
тиіс» («Адамның чумасы турасында», 8–9-бб.). «Чума ғайри
жұқбалы ауруларша «бактерия» дейтінбек ұсақ; əншейін
көзге көрінбейтін үлкейтіб көрсететін шөлмек болмаса,
құртдар пайда болады» (Сонда. 7-б.). Ол құртдар сонша-
ма көб: мысалы бір тамшы суда бірнеше миллион болады,
һəм соншама ұсақ: əншейін көзбен көре алмаймыз, үлкейтіб
214
көрсететін шөлмек (шыны) болмаса» («Обадан қалай
сақтану», 4-б.).
Бұл келтірілген мысалдардағы егу, доктор, чума тəрізді
сөздер термин есебінде əдеби тілімізден берік орын алды.
Сол сияқты көптеген ауру аттары да дұрыс қабылданған
болатын. Əрине, көпшілік атаулары халық тілінде бұрын
қалыптасып қолданылып келді. Солармен бірге кейбір ауру
атаулары, əсіресе бұрын қазақ ұғымында болмаған ауру мен
атауы болмаса медицинаға байланысты терминдер орыс
тілінен бұл кезеңдерде сол күйінде де қабылданып отырды,
кейде сипаттама түрде аударылып та берілген. Оған үлкей-
тіп көрсететін шыны (шөлмек), құрт деген тəрізді сөздер
жатады, ол микроскоп жəне микроб немесе бактерия де-
ген атаулардың мағынасында қолданылған. Микроб не
бактерия кей-кейде сипаттама тұлғада да кездесіп оты-
рады. Мысалы, «Былғанған киімдерін қазанға су құйұб
бір сағат шамасындай қайнаған суға салу, сонда зиянды
нəрселері өледі ыстықдан» («Афатякихолера əңгімесі»,
7-8-бб.) дегендегі зиянды нəрселер де сол терминнің бала-
масы ретінде жұмсалған (курсивпен берген – Ө.А.).
Бірақ мұндай сипаттама атауда, орыс тіліндегі тұлғасын
cақтап алуда бұл кітапшаларда сирек ұшырасады. Көбіне-
көп құрт сөзі осы мағынада терминдік мəнде біршама
тұрақты қолданылып отырған. Соның негізінде құрт сөзі
бұрын қазақ тілінде болмаған я жиі кездеспейтін жаңа
тіркестер құрауға да ұйтқы болады.
Медицина, биология саласындағы бұл тəрізді алғашқы
кітаптардың тілінде құрт сөзі көбіне ауру атауларымен
немесе сол жанрға тəн кейбір сөздермен тіркес құрайды.
Оған мына мысалдарды бере кетсек те жеткілікті. «Оба
құрдтары сумен, тамақбен адамның ішегіне түссе, əсіресе
іші бұзылып жүрген, бек көбейіб адамды ауыртады» («Оба-
дан қалай сақтану», 7-б.). «Бір кісінің терісінің астына көзге
көрінбейтін қышыманың құрты деген бір құрт кірсе, ол
кісіге қышыма шығады («Қышыманың турасында», 4-б.).
215
«Бұл ауру бек жұқбалы дүр, аурудың жұқбалы құрты
ауырған малдың тұла бойында болады» («Малда болатын
жұқбалы аурулардың, һəм оларға қарсы ғамал қолдану
хақында», 3-б.). Əрине, оба құрттары, қышыманың құрты,
чуманың құрты, жұқпалы құрт сияқты терминдік мəні
бар тіркестердің жасалуында орыс тілінің əсері бар екені
айқын.
Медицина, биология əдебиеттерінде орыс тілінің əсері-
нен туған басқа да көптеген терминдік сөз тіркестері
қолданылған. Мысалы, жұқпалы ауру, терінің жұқпалы
ауруы, табиб ғылыми т.б. сөз орамдары орыс тіліндегі
заразная болезнь, кожная заразная болезнь, медицинская
наука дегендердің тікелей ықпалымен туған. «Табиб
ғылымында айтылған сөз бар: оба менен ауырган адам-
ларның өзлері хауіпсіз деб» («Афатякихолера əңгімесі», 4-б.).
«Қышыма терінің жұқпалы ауруы» («Қышыманың тура-
сында», 3-б.). «Сол жылдан бері тек обадан ең кемі 2-3 мил-
лион адамдар өлді» («Обадан қалай сақтану», 3-б.). «Оба
құртдары қатты ыссыдан һəм құрғақтықтан өледі, бірақ
қандай мықты суықтанда өлмейді» (Сонда, 4-б.). Соңғы екі
мысалдағы сын есімнен кейін тұрған анықталушы сөздің
көптік жалғауын жамылып тұруымен мықты суық тіркесі
қазақ тілі мəдениеті тұрғысынан онша ұтымды жасалған
тілдік единица емес. Алдыңғысы қазақ тілі нормасына
мүлдем қайшы, соңғы тіркес мағынасы əдетте («от сильных
морозов») қатты суық, я аяз сөздерінің тіркесуі арқылы
беріледі. Əсіресе, бір мағынада, бірақ əр тұлғадағы па-
раллель сөз тіркестерінің қолданылуы да бұл кітапшалар
тілінен белгілі дəрежеде ұшырасып отырады. Сондайдың
бірі – ауыру етістігінің əр септік жалғауларын, бірде
көмектес, бірде шығыс тұлғаларын меңгеруі болып келеді.
Ондайлар тіпті бір шығарманың өз ішінде де кездесіп оты-
рады. Мысалы, «өзін-өзі жақсы ұстамайтын, өлшеусіз ішін
бұзғандай қылыб тамақ һəм арақ ішетін адамдар обадан
жылдам ауырады... Сол себебі ол адам обамен ауырғанын
216
білмей, сау кісілермен бірге асаб, ішіб һəм жатыб тұруымен
оларға жаяды» («Обадан қалай сақтану», 5-6-бб.). «Ол ау-
рудан ксилердиң ауратугуны бизге тамаша емес» («Глазная
болезнь трахома», 9-б.). «Мұндай ауруменен ауырғанның
жартысы өлуде» («Афатякихолера əңгімесі»,2-3-бб.). «Егер-
де адам осындай ғаламатбен аура қалса, жылдам доқторға
хабар беру керек... Чумадан ауырады – балада, үлкенде,
еркекте, һəм əйелде» («Адамның чумасы турасында», 4-
8-бб.). «Қышымадан ауырғандар қышыған жерлерін қаси-
қаси қанатады» («Қышыманың турасында», 8-б.). «Маң-
қадан ауырған жылқыларның екі танауынан ірің ағады»
(«Малда болатын жұқпалы аурудың һəм оларға қарсы қалай
ғамал қолдану хақында», 6-7-бб.).
Бұндағы аурумен (обамен, қышымаман т.б.) ауыру деген
тіркес үлгісі, сөз жоқ, орыс тілінің тікелей əсер-ықпалынан
туған, орыс тіліндегі «болеть (заболеть) чем» конструкция-
сынан калька арқылы аударылып алынған. Бұл тіркес үлгісі
қазіргі жазба тілімізде де, 20–30-жылдардағы баспасөз,
əдебиеттер тілінде де көп қолданылып жүр: гриппен ауыру,
зобпен ауыру, ревматизммен ауыру т.б. Бірақ осы үлгідегі
меңгеріле байланысқан тіркестер жарты ғасырдан артық
уақыт жазба тілімізде қолданылып келсе де, оны қазіргі
əдеби тілімізде толық орнықты деуге болмайды. Өйткені
оның жасандылығы бірден байқалады жəне бұлар бұрын
тілімізде қолданылмаған үлгінің негізінде жасалған. Қазақ
тілінде ауыру етістігі тірек болатын конструкция көбіне-
көп меңгеру болып келмей, кейбір көмекші етістіктер
арқылы қабыса байланысып тұратын. Қазіргі сөйлеу тілінде
де шаншу тиіп ауыру, тымау тиіп ауыру, суық тиіп ауы-
ру, қылтамақ болып ауыру, жөтел тиіп ауыру т.б. тəрізді
үлгіде жиі айтылады. Бірақ қазіргі белгілі болған көптеген
ауру атауларымен ауыру сөзі сөйлеу тіліндегі бұл үлгі
негізінде сол көлемде, сол шеңберде ғана тіркесе бермейді,
яғни мұндай конструктивті үлгі мүмкін болатын тіркес-
терді толық қамти алмайды. Сондықтан да медициналық
217
əдебиет тілінде жоғарыдағы көрсетілгендей калька тіркес-
тер пайда болып отырады.
Ал аурудан (обадан, чумадан, қышымадан, маңқадан т.б.)
ауыру тіркесінің тұлғасы да қазақтың əдеби тілінде əдетте
үлгі деп айтуға келмейді. Бұл жерде ол тіркес үлгісінің
табиғатын дəл басу қиын. Мысалы, орыс тілінен дəлме-дəл
калька арқылы аударылып алынған емес. Дегенмен, бұл
тіркестің тууына орыс тіліндегі «болеть (заболеть) чем»
конструкциясының кейбір əсер-ықпалы бар болу керек. Ол
ықпал, ең алдымен, айтылмыш кітапшалардың орыс тілінен
аударма екендігінде болса, екіншіден, ауыру сөзінің орыс
тіліндегі «болеть, заболеть» сияқты əрқашан белгілі бір
сөзді, көбіне ауру аттарын меңгеріп тұруға ыңғайлануы
болса керек. Осының үстіне бұл тіркес үлгісінің осындай
тұлғада пайда болуының тағы бір көзі, яғни ауыру етістігінің
шығыс септікті меңгеруі қазақ тіліндегі қолданылып жүрген
аурудан, кеселден өлу тəрізді байырғы тіркес үлгісінің де
əсер еткенінен болу керек. Ауыру жəне өлу етістіктерінің
синтаксистік қызметі жағынан бір ұқсас жері өлуде ауыру
етістігіндей кейде көсемшелі сөзбен қабыса байланысады:
ауырып өлу, ауырмай өлу. Демек, аурудан ауыру тіркес үлгісі
тұмау... болып (тиіп) ауыру немесе орыс тілі əсерінен туған
аурумен ауыру жəне аурудан (кеселден) өлу тəрізді екі кон-
струкциядан контаминация арқылы жасалған деп жобалауға
болады.
Бұл кезеңдерде техниканың кейбір саласына байла-
нысты да бір сыдырғы еңбектер жарық көрді. Олардың
кейбіреулерін көрсете кетейік: «Торгайский сельско хо-
зяйственный обществоның уставы», Орынбор, 1903; «Ино-
родистер школдары үшін шыққан жаңа правилелер»,
Орынбор, 1906; «Қолменен май алатын машинаны пайдаға
енгізу жөні», Троицк, 1914; «Қазақ-қырғыз съезі (Кн. «Му-
сульманского бюро»), Орынбор, 1917; «Нұсқа кітаб. Зеңгір
компаниясының істігетұғын машинелеріне», Орынбор,
1914 ж. т.б.
218
Бұл шығармалардың тілінде де медицина, биологияға
байланысты орыс тілінің əсер-ықпалы бірқыдыру бар екенін
байқаймыз. Осы əдебиеттер, негізінен, орыс тілінен аударма
болғандықтан, сөйлем құрылысында стильдік кемшіліктер,
əсіресе, сөздердің орнын орыс тілі ыңғайында ауыстырып
қолдану жиі кездесіп отырады. Бір-ақ мысал келтірейік:
«Анықтай есебтейік шотқа салыб, сүт машинасы бар үйдің
файдасы: бір үйдің 10 сиыры бар, һəр сиыры береді күніне
15 қадақ сүт» («Қолменен майалатын машинаны файдаға
енгізудің жөні», 1-б.).
Сонымен бірге машиналардың кейбір тетіктеріне бай-
ланысты, оқу-өнер істеріне, жалпы халық шаруашылығы,
экономика салаларына қатысты жаңа сөздер, терминдер
қолданылып отырған. Олардың көбі-ақ орыс тілінен сол
күйінде қабылданған лексемалар. Мысалы, «Публичнай,
яғни һəркімдерге болуға жарайтұғұн жилысдар советдін
постановлениесі бойынша құрылады, сол жилысдарға іске
кірісмесден тек кіруб отыруға рұқсат беру председательдің
қарамағында болады» («Торгайский сельско хозяйствен-
ный обществоның уставы», 23-б.). «Члендікке язылған
кандидатдар хақында сайлаудан бұрұн болған жилысқа
айту тиіс яғни бір жилысда айтыб, екінші жилысқа сайлау
тиіс» (Сонда. 11-б.). «Школдарда дін сабақтарын оқытуға
һəм халыкдың өздерінің молдаларын жəдін сабағын білетін
учительдерін қосуга тиіс» («Инородистер школдары үшін
шыққан жаңа правилелер», 10-б.). «Ең əуелі айналушы
дөңгелекті бөлу керек машина үстінен өзіне қараб тарту
бірлан болатұғын финті аяқ қойуб машиненің табанының
ортасына» («Нұсқа кітаб. Зеңгір компаниесінің істіге
тұғын машинелеріне», 7-б.). Мысалдарда көрсетілген орыс
тілінен енген сөздердің кейбіреулері (школ, учитель т.б.)
бұрын да жазылған мəтіндерде кездесуі мүмкін. Бірақ ол
сөздердің жүйелі қолданылуы немесе ептеген мағыналық
өзгерістерге ұшырауы осы XX ғасырдың бас кезінде жарық
көрген əдебиеттер тілінен анық байқалады. Мысалы, кан-
219
дидат сол ертеректе көбіне-көп болыс, ауылнай, стар-
шын т.б. сайлауына ғана байланысты қолданылса, бұл
жерде шаруашылық қоғамның кеңесін сайлау, жалпы
ауылшаруашылық қоғамға мүше сайлау ісінен, яғни жал-
пы сайлау жұмыстарымен байланысты жағдайда қолданыс
тапқан. Демек, кандидат сөзі бұл əдебиеттер тілінде мағына
кеңейтуіне ұшыраған, кең көлемде қолданылған, сонымен
бірге оның басқа сөздермен тіркестілігі артып отырады.
Сол сияқты іс тігетін, май алатын машина туралы нұсқа
кітаптарда сол машиналардың тетіктері толық берілген.
Əсіресе, машиналардың суреті салынып, олардың жеке-
жеке тетіктері көбіне қазақша аталған.
Осымен қабат көзге түсетін ерекшелік биология, меди-
цинаға байланысты шығармалар тілімен салыстырғанда
соңғы айтылған еңбектерде орыс тілінен енген сөздер-
де, тіпті орыс тіліндегі конструкцияларда аударылмай, сол
күйінде қолданылған. Оған публичный, совет, постановле-
ние, председатель, сельскохозяйственное общество, устав-
члендік, кандидат, школ, учитель, инородистер, правило,
машина, винт сияқты орыс тілі арқылы енген термин сөздер
дəлел бола алады.
Кейбір сөз тіркестері де орыс тілінен сол күйінде ауда-
рылмай алынған: «Русски кластарда первоначальни школ-
дағы секілді сабақтар оқылады» («Инородистер школдары
үшін шыққан жаңа правилелер», 10-б.). «Совет общества-
ның істерін басқарғанда һəм сомаларын жұмсағанда жи-
лыс түзген тəртіб бойынша іс қылады» («Торгайский сель-
скохозяйственный обществоның уставы», 16-б.). Берілген
мысалдағы русски клас, первоначальни школ тəрізді сөз
орамдарын қазақша əбден беруге болатын еді. Тіпті орыс
тіліндегі -ский, -ный, -ний қосымшалары да сол күйінде
сақталған.
Ал «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті жəне одан кейінгі
жылдардағы мерзімді баспасөз беттерінде «начальный»,
220
«первоначальный» дегендер бас, бастауыш, бірінші бас-
қыш немесе ыбтидаһи сияқты сөздермен берілген. Екінші
сөйлемдегі «советобщество» конструкциясы тіркес құра-
мындағы сөздердің орын тəртібі жағынан да қазақ тілі
табиғатына мүлдем қайшы, ол «Общество советі» (дұрысы
қоғам советі, не кеңесі) болу керек еді.
Ғылым (мысалы, биология, медицина), техника, өнер-
білім, экономиканың əр салаларына байланысты əдебиеттер
тілінде жоғарыда көрсетіліп өткендей, жаңа, əсіресе орыс
тілі əсерінен пайда болған тілдік құбылыстар мен бірге көне
дəстүр сүреңдері, ортағасырлық жазба əдеби тіл дəстүрінің
элементтері де көптеп кездесіп отырады. Бұлардың ішінен
жоғарыда көрсетіп өткеніміздей, «түрки» дəстүрі «Глаз-
ная болезнь трахома... Трахома деген жаман көз ауру»
атты кітапшаның тілі бөлек тұрады. Онда тек бірлі-жарым
қажет жерде қосымшалардың қатаң дыбыстан басталатын
нұсқаларының қолданылғанын есептемегенде, қазіргі қазақ
тіліндегідей дыбыс үндесуі толық сақталған, көне тілдік
тұлғалар кездеспейді. Ал біз талдап өткен басқа шығарма-
лар тілінде ондай тілдік құбылыс жиі ұшырайды. Бір
қызығы, олардың бəрі де араб алфавитімен жазылғандар.
Демек, алфавит таңдаумен еңбектің тілдік ерекшеліктері
арасында да сырттан көзге түсе бермейтін бір байланыс
жатқан сияқты. Бірнеше мысал келтіре кетейік.
«Шамасы келгенше тырысуға керек үйде,сыртқы, ішкі
киімдерде, төсекді һəм өте-мөте тəндерін таза ұстарға»
(«Обадан қалай сақтану», 8-бет). «Оба һауа арқылы кісіге
жұқбайды, соның үшүн обасы бар үйде болу онша хауіф
емес» (Сонда. 9-б.), «Ман соң (мұнан соң – А.Ө.) аурудың
һəм қандай жерлерде болатұғынын уаһəм қадай бөтен
тарафқа тарайтұғынын баяндайын» («Афат яки холе-
ра əңгі-месі», 3-б.). «Шешек шыға қалса, оны жазатын ем
жоқ, өзі айығуб кетбесе оның келтіретүн зияны бұ дур»
(«Шешектің һəм шешек егудің жайларынан», 3-б.). «Бұ
һəркімге де белгілі хұзыр, адамнан адамға жұғұб елге жай-
221
луб кетеді. Мұның үшүн мұны жұқбалы ауру деб айтады»
(Сонда.2-б.). Бұл тəріздес мысалдар көптеп кездеседі. Осы
берілген бірнеше сөйлемдердің өзінен қосымшалардың
жалғану ретінде қазіргі əдеби тіліміздегідей дыбыс үндестігі
ассимиляция заңдылығына қайшы келетін, сол сияқты -уа,
-һəм, -хұзыр тəрізді араб, иран тілінен енген лексемалардың ,
-арға керек, -уға керек немесе соның үшін, мұның үшін
үлгілерінің, түзу (жасау, құрау мағынасында), дүр, -мыш
сияқты көне тіл қалдықтарының қолданылуы біршама
тұрақты екенін көрсетеді. Демек, бұл мысалдардан сол
кезеңдерде қазақ тілінде жарық көрген осы іспеттес
əдебиеттердің тілі бірізді, қалыптасқан жүйелі нормада
болмағандығын көреміз. Соған қарамастан қазақтың əдеби
тілі стильдерінің жеке-жеке өріс алып, жанрлық-тілдік
жағынан қалыптаса бастауында бұл еңбектердің орны
ерекше. Осы əдебиеттер негізінде бұрын болмаған жаңа
стильдердің нышаны пайда бола бастады. Қазіргі əдеби
тілдегі дербес стильдік тармақтарды белгілей алатын жеке-
леген сөздер, терминдер, соған тəн көптеген сөз тіркестері
мен конструкциялардың көбі алғаш осы əдебиеттер тілінде
пайда болып, жасалып, жазба əдеби тілге сол іспеттес
еңбектер арқылы еніп отырды. Бұл ретте көбіне-көп қазақ
тілінде бар ежелгі ұғымның тілдік материалдары іске асып
отырғандығы байқалады. Сондай-ақ қажет деген жерлер-
де орыс тіліненде сөз алушылық, тіпті кейде терминсөз
орамдарын, жеке конструкцияларды да сол күйінде тілге
енгізушілік əрекеті жиі көрініп қалады. Ол – жаңа стильдік
тармақтың туа бастағанын, соған орай терминдік қордың
жасала бастағанын байқатса керек.
222
Достарыңызбен бөлісу: |