Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


Йир йүзи – жер жүзі. Валикин йир йүзинда аты қалды 378 (Бірақта жер жүзінде аты қалды). Егү аты



бет112/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Йир йүзижер жүзі. Валикин йир йүзинда аты қалды 378 (Бірақта жер жүзінде аты қалды).

Егү атыигі аты, жақсылығы. Жеханны егү атың тутты мутлақ 179 (Жаһанға игі атың кетті тарап). Қазақ тілінде игі жақсы тіркесі елдің, халықтың беделді адамдарының баламасы ретінде қолданылады.

Бұл фразеологиялық тізбектердің құрамындағы сөздердің бейнелі мағынада жұмсалуы теңеу, салыстыру сияқты мәнде айтылуында жатыр. Тілде еркін тіркестердің метафоралану процесінің нәтижесінде образды, бейнелі мағыналар пайда болады.

Зерттеліп отырған жазба мұрағат өз дәуірінің көркем шығармасы болғандықтан, оның тілінде бейнелі көркемдегіш құрал ретінде пайдаланылған тұрақты тіркестер семантикалық, құрылымдық және тақырыптық жағынан әр алуан. Бұл тілдік қолданыс Алтын Орда мемлекетін мекендеген қыпшақ, оғыз, қарлұқ т.б. түркі тайпаларының тарихын, әлеуметтік-экономикалық даму сатысын, ұлтық дәстүрін, салт-санасын, рухани мәдениетін, қоғамдық өмірін, дінін, қоршаған ортаны қабылдауын, танымын білдіреді.

Ескерткіштегі фразеологизмдерді лексика-морфологиялық тұрғысынан топтастырғанда есімдердің тіркесінен жасалған, етістіктердің тіркесінен, сонымен қатар басқа сөз таптарының тіркесінен жасалған тұрақты тіркестер деп тіл біліміндегі қалыптасқан дәстүр бойынша қарастыруға болады.

Есімді фразеологизмдер әртүрлі сипатта негізінен екі немесе үш есім сөздердің тіркесінен жасалған.

а) Зат есім мен зат есімнің тіркесінен құралған тұрақты тіркестер. Мысалы, йүзі гүл – сұлу, әдемі; йүзі қуйаш – сұлу, көркем; арслан йүрак – арыстан жүректі; ә) Сын есім мен зат есімнің тіркесуінен жасалған тұрақты тіркестер. Мысалы, ачық сөзли – ащы сөзді, татлы сөзли – тәтті сөзді, йаман көзжаман көз, шакар еринли – тәтті ерінді, шакар дудағлы, ширин сөзли – шекер ерінді, наргис көзли – нәркес көзді; б) Сан есім мен зат есімнің тіркесуінен жасалған тұрақты тіркестер. Мысалы, йети иқлим – жеті ықылым, әлем, йети көк банда – жеті көк пенде, ики ´алам – екі дүние, йети қат – жеті қабат, йүз миң – жүз мың «сансыз көп» деген мағынада.

ХІV ғасыр жазба мұрағат тіліндегі кейбір тұрақты тіркестер қазіргі кезде де сол қалпында жұмсалады. Мысалы: Неча ким тун узун болса таңы бар «Түн қанша ұзақ болғанмен таңы бар»: Қазақ тілінде: Күн шықпайын десе де таң қоймайды. Екі фраза да «болуға тиіс нәрсе еріксіз болады» деген мәнді білдіріп тұр.

«Мухаббат-наме» ескерткіші мен қазақ тіліне ортақ болып келетін бірсыпыра фразеологизмдер мағыналық жағынан бір-біріне толық сәйкеседі де, айырмашылық олардың құрамынан ғана байқалады. Жоғарыдағы мысалдардан осы ерекшеліктерді байқауға болады.

Бұл келтірілген фактілер, біріншіден, фразеологизмдердің жасалуы мен қалыптасу тарихынан дерек берсе, екіншіден, зерттеліп отырған ескерткіштің тілімізге қатысы жайлы мағлұмат ала аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет