Мат болур – ұялу мағынасында. Рухуңны көрса миң шах мат болур (Рухыңды көрсе мың шаһ мат болады). Қазақ тілінде мат болып қалды; мат болды ұятқа қалу, ұятты болу мағынасында айтылады.
Көңүл асрари – арман, құпия. Көңүл асрарини жан бирла асрар (Жүрек құпиясын жанменен бірге сақтайды). Қазақ тілінде жүрек сыры тіркесі көңілдегі бар арман, құпия мағынасын береді.
Қадрин билди – сыйлау, құрмет көрсету, бағалау. Не билур қадриңизни текма надан (Қайдан білсін қадіріңізді топас надан). Қазақ тілінде қадір тұтты, қадірін білді, қадіріне жетті ардақтады, қасиетін түсінді деген мағынада жұмсалады.
Көз йашы – көз жасы. Көзүмниң йашыдин Каусар булашқай (Көзімнің жасынан пейіштегі Кәусар суы да ылайланды). Қазақ тілінде көз жасын көл қылды, көз жасы көл бұлақ болды, көзінің жасын көл қылып бұлады, көзінің жасын төкті, бұлайды, көзінің жасын көлдей төкті мұң-зарға батып, ағыл-тегіл жылады мағыналарын береді.
Ачық сөзли – ащы сөз, ащы сөзді, өткір сөзді мағынасында. Қазақ тілінде ащы тіл [сөз] өте ауыр, жер-жебіріне жеткізе, қатты айтылған балағат сөз, ызалы сөз, қатты айтылған кейіс сөз.
Түркі тілдерінде ачық сөзли тіркесі мынадай тұлғаларда қолданылады: түрк., açık sözlü; әзірб., açıg sözlü; башқ., tura hüzli; қырғ., tūra sözlü; өзб., rástgöy, toğrisöz; тат., tūrı süzli, түркм., doğrı sözli; ұйғ., oçukuddul sözläydiğan; қаз., ащы сөзді, турашыл, шыншыл [43, 4-5 бб.].
Достарыңызбен бөлісу: |