Егү. Игі. ẹjgü iš ДТС 167 (Игі іс). Жеханны егү атың тутты мутлақ Мн 179(Жаһанға игі атың кетті тарап). МК әзгү игі; әзгүр- мақұлдау; ен.-орх. әдгү жақсы; ҚБ әд жақсылық, егүни – йаманны сынаған /жақсыны жаманды сынаған/; қазіргі бірқатар тілдерде «әулие» деген мағынада қолданылады.
Ай. Де, айт. Bularda talusïn ajajïn saŋa ДТС 25 (Саған бұлардың тәуірін айтайын). Қабул қылдым, йер өптим, айдым: ей шах Мн 55 (Қабыл қылдым, жер өптім, ей шаһ – дедім). Ен-орх., е. ұйғ., МК, ҚБ-те осындай; қаз. айт. Мұндағы т бұрынғы кездегі өзгелік етіс: айт – күштеп айттыру.