Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет78/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Екі мағыналы сөздер. Көп. Бұл сөздің көне түркі тілінде үш мағынасы берілген: 1. көп: čïγajqa ülädi köp altun kümüš ДТС 317 (Кедейлерге көп алтын мен күміс таратты); 2. мол, үлкен, көл-көсір: köp sögütkä quš qonar ДТС 317 (Үлкен ағашқа құс қонады); 3. өте үлкен: küčlüg köp bẹduk bolurlar ДТС 317 (Күшті және өте үлкен болады). Ал ескерткіште мынадай мағыналарда қолданылған: 1. Мол, қыруар деген мағынада. Көңүл бахринда көп гаухарлариң бар 47 (Көңіл теңізінде көп гәуһарларың бар); 2. Ауыс. Халық, қауым, жұртшылық деген мағынада. Мухаббат нардини көплардин уттуң 49 (Махаббатты жырлауда көптен оздың). Бұл сөз фонетикалық жағынан да білдіретін мағынасы тұрғысынан да қазақ тілімен үйлестік табады. Яғни, ескерткіштегі мағына мен қазақ тіліндегі мағына бірдей. Сонымен қатар қазақ тілінде бұл мағыналарына тағы да екі мағына үстелген: 1. Едәуір, бірсыпыра. 2. Ұзақ, талайға дейін.

Бағр. Бұл сөздің көне түркі тілінде төрт мағынасы берілген: 1. бауыр: jazïda böri ulïsa ẹvdä ït baγrï tartïšur ДТС 78 (Далада бөрі ұлыса, үйде иттің бауыры тартылар); 2. іш, қарын, құрсақ: jẹrdäki baγrïn jorïγma tïnlïγqa (Жер бетінде бауырымен жорғалаушылар бар); 3. ауыс. жүрек: bolu bẹr maŋa sẹn aja baγrï taš (Кімнің бауыры тас сияқты); 4. қандас туыстық: oγulï qïzï uruγï tarïγï baγrï böšüki üküš bolur (Оның ұлдары, қыздары, ұрығы, бауырлары көп). Біз зерттеп отырған ескерткіште мынадай мағыналарда жұмсалған: 1. Адамзат, жан-жануардың ас қорыту, қан тарату қызметтерін атқаратын ішкі мүшесі деген мағынада. Ичим-бағрым қамуқ сабда толуп тур 464 (Іші-бауырым – құмарлыққа толып тұр); 2. ауыс. жүрек деген мағынада. Агар оқ атсаңыз бағрым нишана 494 (Егер оқ атсаңыз, бауырым болсын нысана). Қазақ тіліндегі мағыналармен салыстырғанда алғашқы мағына тұрақтылық танытса, соңғы мағынада қолданылмайды. Заман талабына орай мынадай мағыналар үстелген: 1. Жан-жануарлардың арқасына қарама-қарсы алдыңғы, ішкі жағы, төс алды, өкпе тұсы. 2. Таулы, жоталы, дөңді жерлердің сырт жағына қарама-қарсы ой жағы, ық жері, алқымы. 3. Ауыс. Өсімдіктің, шөптің түбі. 4. Ауыс. Жүзік, білезік, қамшы сияқты заттардың ішкі жағы, бауырдағы. 5. Ауыс. Машина, трактор, комбайн, танк сияқты техникалық құралдардың астыңғы жерге тиер жағы.

Сонымен қатар қазіргі қазақ тілінде бір қарыннан шыққан өзінен кіші ер бала бауыр деп аталады. Бұл сөздің мағынасы одан әрі кеңейіп бірге туған, қандас, ағайындас адамдарды осылай атап жүрміз. Сөйтіп, бұл сөздің қазіргі тілімізде көне түркі тіліндегі тура мағынасы мен ағайын, туыстықты білдіретін мағыналары сақталғанымен, жүрек мағынасы ұмытылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет