Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


Тұлғалануы мен мағыналық жағынан айырмашылығы бар көп мағыналы сөздер



бет81/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

Тұлғалануы мен мағыналық жағынан айырмашылығы бар көп мағыналы сөздер. Ескерткіштегі кейбір сөздер фонетикалық жағынан да мағынасы жағынан да қазақ тілінен ерекшеленеді. Бұл сөздердің кейбір орта ғасырлық мағыналары тілімізде тұрақты сөз тіркестерінің құрамында сақталынып қалған.

Кеч. Көне түркі тілінде мынадай мағыналарды білдірген: 1. өту, асып кету; 2. ауыс. өту, жастан-жасқа толу; 3. өту, ілгері озу, ағып өту; 4. өту, пайдаға жарау; 5. өту, бір бағытқа қарай 6; қасынан өту; 7. қашу, жасырыну; 8. асып түсу, өрге шығу; 9. жоғалу, өмірден озу; [ДТС, 291 б.]. Кеч сөзінің ескерткіш тіліндегі кейбір мағыналары қазақ тілімен сәйкес келгенімен, кейбір мағынасы мүлдем бөлек: 1. күннің, уақыттың өтуі деген мағынада. Ким ол йел тек кечар аййами фани 53 (Фани күндер желдей есіп өтіп кетеді); 2. табиғаттың төрт мезгілінің кезегімен келуі, басталуы деген мағынада. Ачылды, йаз кечти, ол ким ерди 151 ([Гүл] ашылды, жаз шықты, ал ол); 3. өмірдің өтуі деген мағынада. Умур кечти қамуқ савда ичинда 477 (Өтті өмір құмарлықпен өзіңе). Бұл сөз қазақ тілінде белгілі бір жағдайды басынан кешіру, тіршілік ету, күнін көру мағыналарын беретін бастан кешті, белуардан қан кешті, дәурен кешті, жалын кешті, жан кешті, күн кешті, от кешті тіркестерінде кездеседі.

Тут-. 1. ұстау, қармау: bir elgin tutup šähd birin zähr qatar ДТС 591 (Бір қолына бал ұстап, екіншісімен тұнбаны араластырады); 2. ұстай алу, жармасу, шап беріп ұстау: ol anï tutuγsaq erdi (Ол оны ұстағысы келді); 3. ұстау, қолға түсіру: eligčä er tutdïmïz (Елуге тарта ерді тұтқынға алдық); т.б. Ескерткіште: 1. билеу, ел басқару деген мағынада. Улус туттың қамуқ ақлың күчидин 123 (Ұлысты биледің мол ақылың күшімен); 2. ұстау, қармау деген мағынада. Кел, ей ай йүзлү дилбар, тут бирар куш 379 (Кел, ей, ай жүзді ару, қолыңа ал бірер тостақ); 3. даңқы жайылу, шартарапқа таралу деген мағынада. Жеханны егү атың тутты мутлақ 179 (Жаһанға игі атың кетті тарап).

Ескерткіштегі бірінші мағына қазіргі кезде билік жүргізу, ел басқару мағынасында ел ұстады фразеологизмінде сақталған болса, екінші мағынасы сол қалпында қолданылады, соңғы мағына кездеспейді. Қазақ тіліндегі тұт сөзінің мағыналары мынадай: 1. бір нәрсені қолмен ұстау; 2. Кереге, қабырғаға бір нәрсені қыстырып қою, жаю; 3. Бір нәрсені ұстап алу, қолға түсіру; 4. Жібермей қалу, жабысу, жармасу; 5. Бір нәрсені қабылдау ұстау. 6. Кейбір сөздермен тіркесіп келіп, есептеу, білу, санау деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар аға тұтты, аза тұтты, арқа тұтты, есіне (жадына) тұтты, жақын тұтты, зор тұтты, кек тұтты, қадір, құрмет тұтты, қанағат тұтты, қара тұтты, мақтан тұтты, өнеге тұтты, пір тұтты, ораза тұтты тіркестермен келеді.

«Мухаббат-наме» ескерткіші тілінде көп мағыналы сөздердің көбісі метафора тәсілі бойынша пайда болған. Сөздің метафоралануы сөз мағынасының дамуына әсерін тигізеді. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралық қолданылуы жөнінде Б. Хасанов метафораның екі түрі, бірі – белгілі бір шешеннің сөз саптауынан пайда болған индивидуалдық метафора, екіншісі – халықтық сипат алған дәстүрлі метафоралар бар дейді [80, 138 б.].

Йүз. 1. бет, жүз: änïŋ jüzi aγdï ДТС 287 (Оның жүзі ағарды); 2. бір нәрсенің үстіңгі жағы: jaγïz jẹr jašïl torqu jüzkä badï (Жер беті жасыл тор жамылды). Бұл сөздің ескерткіш тіліндегі мен қазақ тіліндегі ұғым-түсінігі толық сәйкес келеді. Бұл сөзден ұқсату тәсілі арқылы мынадай мағыналар шыққан: 1. Адамның беті, өңі, түрі, түсі деген мағынада. 2. Ажар, көрік, шырай деген мағынада. 3. Бір нәрсенің беті, үсті деген мағынада. Бұл мағыналардың барлығы да қазақ тіліндегі мағыналармен толық сәйкес келеді.

Көрк. 1. бейне, келбет: meniŋ körkümkä tapïγ uduγ qïlsun ДТС 317 (Менің көркіме қызмет қылсын); 2. көрік, кейіп, кескін: kiši körkü söz ol ДТС 317 (Адам көркі – сөз); 3. өң, ажар, белгі, нышан, таңба. Бұл сөз қазақ тілінде негізгі мағынасы ажар, өң, келбет, сымбат, сәулет мағыналарында жұмсалады. Біз зерттеп отырған ескерткіште бұл сөздің тура мағынасы қолданылмаған. Ауыспалы мағынада ажары, келбеті деген мағыналарды береді: ол «адам көркі», «елдің көркі», «жердің көркі» сияқты тіркестерде қолданылады. Бастапқы мағынасы сақталмағанымен, тілімізде мағыналық өрісі кеңейген.

Уруқ. Бұл сөздің тура мағынасы көне түркі сөздігінде берілген: 1. дән, тұқым, сүйек: uruγ ẹkti ДТС 615 (Ұрық екті); 2. ұрпақ: mẹniŋ aqam inim uruγum (Ағам, інім менің туысым). Ескерткіште бұл сөз тура тұқым, дән деген мағынасында кездеспейді. 2. ұрпақ деген мағынада қолданылған. Зехи арслан йүрак Қоңрат уруғы 107 (Ей, арыстан жүректі, Қоңырат ұрпағы).

Қоғамның дамуы, экономиканың қарқындауы, мәдениеттің жетілуі сияқты біздің тіршілігімізде жаңарулар көп болып жатыр. Осылардың нәтижесінде пайда болған құбылыстар мен заттар жаңа атауларды қажет етеді. Осыған орай бізге таныс емес жаңа бір заттар немесе құбылыстар бұрыннан бар зат немесе құбылысқа ұқсастығы, белгілері арқылы танылып бір заттың атауы екінші бір затқа да атау болып ауысып отыруы қалыптасқан.

Мн жазба ескерткішіндегі 2 мағыналы сөздер аз ұшырасады. 2 мағыналы сөздердің қазіргі қазақ тіліндегі мағыналарымен сәйкестік қатынасын а) 2 мағынасы да сәйкес келетін 2 сөз ; ә) 1 мағынасы сәйкес келмейтін 3 сөз; б) 2 мағынасы да сәйкес келмейтін 2 сөз бар. 8 сөз үш мағынада жұмсалған. Олардың алтауының үш мағынасы да қазіргі қазақ тіліндегі мағыналарымен толықтай сәйкес келеді. Үш мағыналы екі сөздің 2 мағынасы қазақ тіліндегі мағынасымен үйлестік тапса, 1 мағынасында алшақтық байқалады. Сонымен қатар мағыналық алшақтық 4 мағыналы ур- сөзінде кездесті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет