Кел ↔ кет. Кел – өзіне қарай шақыру деген мағынада. Er еvкä keldi ДТС 295 (Ер үйге келді). Кел, ей ужмақ гүли, чимганга чық қыл 155 (Кел, ей жұмақ гүлі, көгалға шық); Кет – бір арадан қашықтау, алыстау, ұзау деген мағынада. Er jerindin ketti ДТС 303 (Ер орнынан тұрып кетті); Мухаббат нары жандин кетмади хеч 199 (Махаббат оты жанымнан еш кетпеді).
Ал ↔ бер. Албір нәрсеге ие болу, тәуелдеу, меншіктеу деген мағынада. Сеңа алмақ көңүлни хатм болды 506 (Саған жүректерді суырып алу табиғи қасиет болды). Бер – белгілі бір затты біреуге табыс ету, тапсыру деген мағынада. Түгатмакликка хақ берди ´инайат 623 (Жазып бітіруге құдайым пұрсат берді).