Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


«Мухаббат-наме» лексикасының грамматикалық сипатына қарай топтастырылуы



бет116/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

2.6 «Мухаббат-наме» лексикасының грамматикалық сипатына қарай топтастырылуы

Зат есімдер құрамы. Біз зерттеп отырған ескерткіштегі зат есімдердің лексика-морфологиялық, лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне кеңірек тоқталамыз. Ескерткіш тіліндегі зат есімдерді лексика-морфологиялық құрамы тұрғысынан түбір және туынды зат есімдер деп бөліп қарастыруға болады.

«Мухаббат-наме» тілінде түбір зат есімдермен қатар туынды зат есім сөздер де молынан кездеседі, олардың жасалу жолдары да әртүрлі. Бұл топтағы сөздер әртүрлі сөз табын білдіретін сөздер тобына жатады, морфологиялық құрамына қарай жалғанатын аффикстердің көмегі арқылы: 1) зат есімнен және 2) етістіктен жасалған туынды түбірлер деп қарастыруға болады.

1) Зат есімнен болған туынды түбірлер. Ескерткіште қолданылған зат есімдердің жалпы саны – 151. Түбір зат есімдер мыналар: ау, алма, ағыз (ауыз), ай, ары (бал арасы), ат (ат, есім), ат (ат, жылқы), аш (ас), ал (өң, бет), баш (бас), бег (бек), бел (бел), бой (бой), бөри (бөрі), ел (ел), ең (бет, өң), из (із), ит (ит), иш (іс), йа (садақ), йаз (жаз), йаш (көздің жасы), йил (жел), йир (жер), йол (жол), йүз (бет, әлпет), йыл (жыл), көз (көз), күн (күн), күч (күш), көк (аспан), куш (тостақ), қан (қан), қат (қат), қаш (қас), қой (қой), қол (қол), қу (аққу), қул (құл), қуш (құс), қыш (қыс), мал (мал), мең (мең), оқ (оқ), от (от), өр (өр), сач (шаш), су (су), сөз (сөз), тал (тал), таш (тас), тиш (тіс), тил (тіл), той (той), тон (тон), түн (түн) т.б.

Туынды зат есімдер: ачун (әлем), башақ (ұшы), билик (білік), биткачи (көшіруші), елик (қол), йырақлық (қашықтық), йашын (найзағай), йетан (жиен), йаңақ (бет), йапрақ (жапырақ), ишик (есік), уған (құдай), оғул (ұл), күванж (қуаныш), қамчы (қамшы), қарақчы (қарақшы), қудуқ (құдық), қуйаш (күн), күзгү (айна), қапуқ (есік), қарақ (қарақ), өлүм (өлім), сақақ (иек), түгатмаклик (түгесілмек) т.б.

Бұл туынды зат есімдердің жасалуына әртүрлі грамматикалық көрсеткіштер қатысқан. Оларға осы жұмыстың І тарауында жан-жақты сипат берілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет