Тетяна і Сергій Дзюби. Вірші 60-ма мовами світу. Канада: Новий



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата18.01.2017
өлшемі10,33 Mb.
#2157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

   
               Дию туралы баллада 
 
Түн ауғанда келесің  сен, түнде əруақтар жүзгенде, 
Шіркеулерде əн айтқанда қара тобыр сасқаннан; 
Құрдымдағы қаратүнек үміттерді үзгенде, 
Симаргл болып – ұшқыр төбет түсесің сен аспаннан.    
 
Сен келесің  құрту үшін ғимаратты тым биік, 
Тыныштықты тынысыңмен жарасын да, қаланы 
Сілкесін кеп, бізге тек бір мұң қиып, 
Күз мазары мəңгілікте  мəңгілік  боп қаланып.  
 
Сен келесің  таңдаусыз бір таңдаудай боп ентігіп, 

 
18 
Тек үкімді айғақтауға, басқа шешім қалдырмай. 
Шешім  кілтін  лақтырып ешқайдаға, не тығып, 
Түпсіз терең теңіз асты тығып қойып балдырдай.                                               
 
Диюдай боп, құбыжық боп, дүбіріндей тұяқтың, 
Біреу оны бақыт санап, біреу қоңырау қоза аққан. 
Сыбыры боп  мезгілсізде бас көтерген қияқтың, 
Əуендей бір сарқыраған өзің жасар тозаққа.  
 
               * * *  
Өмір деген сайтан сынды өсектеп, 
Жалғыздық не, дертпен таңар төсекке. 
Онда сенің таныс мүлде жүзің де, 
Түске айналар бояулары үзілген. 
Лианалар енді, білем, мезгілі, 
Мен серідей сұлу сүйген кезгімін. 
 
Күн мен түнді, бұл, түсінсең, ереже, 
Сағатыңда түзетеді терезе. 
Кей демалыс солдатты да мəз қылды: 
Кеш ұйықтатып, түс көрсетіп мазмұнды. 
Терезеден кіре сала еніп қыздар түсіне, 
Иконаға қызыл жиып, құстар берік ісіне.   
 
Олар əні, жоғарыда, жөйттей қысып тамақтан, 
Жаңбыр қысар, етікшіге  бұл да болса құр мақтан. 
 
       Триптих  
 
                I   
Барлық сапар мантрадан ұзын ба? 
Үйде отыру бұйырмаса, батыл маң. 
Түн де мені тербетеді ұлудай, 
Ертең құспын лазерменен атылған. 
 
Қатқан еді жаялық та, сүлгі де, 
Шағаланың айқайы да шаршатты. 
Теңге тауып ескі хазар үлгіде, 
Шəй ішумен мұңымды да тарқаттым. 
 
Киммерия, сонда емес пе тамырым, 
Амфорада усыз жылан жайындап, 
Сол шығыстан, жарқыратып əмірін, 
Хан қанжары жоғалыпты əзірше 
Өзі құртқан жандар толағайында. 

 
19 
 
            II 
Анадолы, Анатолий қызымын, 
Атым Таня, сонда сондай жүзі мың, 
Кіммін өзі сұраймын мен сызылып? 
 
Сенімім мол, біздің тілде, до вера
1

Өткенімен неге Ирие қоштасқан? 
Маған керек көк те, жерде, көп эра, 
Менің  жырым осы айтылған қос дастан. 
 
Омеланы мен тудырғам жасыннан, 
Асқазаным қорытады асты да. 
Үнсіздікті  ажыратпа қасыңнан,  
Жіпті  алқа қыла көрші асқына. 
 
 
Мен келемін өзі келген тұтқындай
2

Келем саған мейрам болып, қанаттан. 
Маңдайыма дарытады құт құдай, 
Қып-қызыл бір нүкте салып қан аққан. 
 
        III 
Жер сүрленіп, 
Шіріп  кетіп  суықтан, 
Қарсаңында 
Өзге өзгерістердің. 
Ару қыздың  
Неке мүлкі жыртылды 
Кигенде оны 
Көктем перизаттары.  
 
Хлорофиллден бəрі көк 
Жасылбұрым көккөзді. 
Көк дəріден көк саусақ, 
Ерін де көкке боялған. 
 
Бароккосы көктемнің 
Көкжылан боп билейді. 
                                                 
1
 Дəстүрлі нанымда, із до-вірою (укр.) –  украин тілінде  «довіра»сөзінің 
мағынасы «сенім». 
 
2
  
Орыстарда «скатерть-самобранка» – өз-өзінен жайылатын дастархан, 
украин тілінде «бранка» деген өздігінен берілген тұтқын. Автор осы екі 
ұғымды ойнатып отыр. 

 
20 
Көк қамал да үнсіз тұр, 
Қамастыра ма кірпігін? 
 
       Саломея  
 
Кеңес берер кім бар саған жол сілтеп, 
Ақ киіммен биге асыл енесің. 
Мақсатың не өзің қалар болсын деп? 
Əне... Иоанн... басы қалған денесіз.                        
                  
Биле енді, су емес қой қан деген, 
Нерондарың қанға əлі тойымсыз. 
Сен жассың ғой, Саломея, əн – денең 
Өкініштің  қайдан білсін ойын қыз... 
 
Тоқылдақтар. Аяқ тайып, қиындау. 
Жан-жақ қызыл, бір себепсіз мұң да бар. 
Біз мектепте дұға оқимыз жиында, 
Тычинаның «Кларнеттерін» жын қағар.         
                    
«Тек туысқа қарауыл болма жасырын», –  
Өтінем сенен. Таразы, əне, толқып тұр. 
Талшыбықтай иілу  боп тəсілің, 
Саусағың қан, көзің нұрдан қорқып тұр.                              
 
Тоқылдақтан естімеді ол, ұқпады, 
Əлде ішті  ме қаңғыбастар қабылдап? 
Ал мен қайтем жаңбыр жауса жұқпалы, 
Би болам ба, қосылам ба дабылға? 
 
Мақсатың не, шаршайсың ғой жүріп құр, 
Мұндай күйде жау да аяр, қиып от. 
Шеттен шетке жаңбыр ғана ұрып тұр, 
Жөйіт қыздың жындысүрей биі боп. 
 
* * *  
Күміс жаға Мономахқа құнды олжа, 
Дін жоқ жерде қорқыныш та жоқ мүлде. 
Ақ қар жауса ол да болса дін болжам, 
Жарық жоқта түн де ұсынбас шоқ гүлдер.                      
 
Тек əтештер көзіңді ояр отты айғаймен, 
Тіріден емес, құдайдан қорық, қиялдан реңсіз 
Айдалада  дұға оқып күзде өтті Ай жəймен: 
«Соқпақты өзгерт, ей, пенде деймін, жалған емшің»                 

 
21 
 
Іздер де барлық қалғандай солып ажарсыз, өлі, 
Кешегі қарға оларды орап, мылқау боп қалам. 
Күз мені тастап кете алмас десем, базар сыз толы                         
Қыс келер енді, Миколай күнін сылтау ғып далам...                                                
 
             * * *                                        
Қыс та асығыс, бүгін мұз да, ал ертең,  
Еріп кетер, жыласаң да суша ағып. 
Шақырма оны, аңсама оны таңертең,  
Ауа райы біздің жақтың – қу сағыз.              
                                        
Көк мұз болған арыстанын ұғып көр, 
Хрустальдан өгіздердің тұяғы... 
Аязданған дəл соларды жығып көр, 
Күміс қырау орап алған қырағы.                                          
 
Құдай тойы кеңістігі  бар көктің, 
Жəне біздің жасырынған тілектер. 
Жаңа жыл да сыны емеспе бар-жоқтың, 
Мамырыңдай ерте оятар жүректі.                                                 
 
Иығыма қар да ақты жағады, 
Термометр ғана шындық айтушы.                               
Уақыт та қайсар ртуть боп ағады, 
Соқыр, алға, қайта орнына қайтусыз.  
                                
Қол бір сілтеп ұқсап кетем Мамайға, 
Суреттегі жауға шапқан тымақтай. 
Сұлба шығып қалың қардан, жан айғай... 
Қыс оралмас енді бізге жұмақтай. 
 
* * *  
Бұл түс. Күн көзі. 
Перейма*. 
Құстар наннан 
Көкке ұшады. 
Құдаларды байлап, 
Оның қолынан 
Соңғы сиқыр 
Талап етеді. 
 
Бұл – түс. Күн көзі. 
Перейма.  
Музыканттар биге 

 
22 
Алтын түсті жарық құяды.  
Əуім-сəуім, бірақ  
нұрлы; 
Ал қалыңдық боп, 
қыс жарқырайды. 
 
Бұл күн туралы түс. 
Фотография сынды, 
Қатып қалған күнді 
Мүлтіксіз көшірмелейді. 
Жаңғақтар жаңқасының астында  –  
Өкпенің  
Флюорографиясы.  
 
Бұл ұйқылы-ояу күн 
Күлкімен ойнайды. 
Енеге етікшелер 
Сыйға тартады... 
Осылай қарақшының қолынан 
Қалың тері қашып кетеді –  
Түнге қарай. 
_______________________ 
 
* Перейма – шіркеуге некелесуге  бара жатқанда, немесе үйге 
беттегенде оларға шығын төлету мақсатымен жас жұбайлардың жолын 
бөгеу рəсімі. Мұндай рəсім қазақтарда да бар.    
 
 
Графіка уйгурського художника Максута Тівамова (Казахстан). 

 
23 
 
 
 
Дулат Абдульдінов (Астана, Казахстан). Білосніжний кінь.  
Кінь на заході сонця. Прохолодне джерело.  
 
 
 
 

 
24 
* * * 
   Құдай  тағала  Жер  бетіндегі  адамдардың  қатты  азғанын  көрді  –
олардың  ниеттері  мен  істері  кез  келген  уақытта  зұлымдыққа 
бағытталған.Шыдамы  оның  таусылды.Ол  «Адамдарды  жер  бетінен 
өшіремін, өйткені, мен оларды жаратқаныма өкінетін болдым» деп ойлады. 
Тек Нұх қана Жаратқанға жарамды көрінді... 
                                    Балалар үшін арналған Библиядан 
 
Троллейбус ковчег – себебі, 
Жүрегі ұшқан үлгірмей жұмысына, 
Пенделерге тауып берер тез ебін. 
Кешкі гүлді қалаға кім ұсынар? 
Тек фонарлар түнге тосқан кезегін. 
 
Мына күн де парашютпен түскендей, 
Ол биік тұр күнделікті  тырбың менен қырбыңнан. 
Жүйкеден жүйке қалмаған азот ішкендей, 
Тыныштық тынған бір кірбің сезіп құрдымнан. 
  
Алаңда анау қазіргі Нұхың, 
Иттерді ерткен қасына. 
Тозақтың иісі аңқиды мүңкіп, 
Асфальтты примус астынан. 
 
Тобырлық таңғы газетте мынау 
өзінше сиер əр бие, 
Опыну қайда, мойындау күнə, 
библейлік қайда тəрбие? 
 
О, əлем сондай қыңыр да, қызға... 
Қызғаныш толы шер шеңбер. 
Синоптик тағы тақады мұзға – 
Топанды болжап ертеңге. 
  
* * *  
Шалғыны кемпір түзеген, 
Дегендей жерге тұз егем. 
Ара да бұған қызыққан, 
Айнала ұшып қызықтан. 
 
Ойнайды желмен 
Бұрымы, 
Тірідей оның құны мың, 
Табады өлсе тынымын 
Көйлекте емес –   

 
25 
Кебінде. 
 
Тамыры терең – 
егінде 
жасырған оны 
жаз мына. 
Қуарғыш шөптен не пайда 
ор – орма оны, бəрібір, 
ал қолың болса, бəрі кір. 
не пайда сонша арып тым? 
одан да өшір жарықты! 
Шалғыны кемпір түзеген... 
 
 
* * *  
Денелер жабысты –   
Тікен сымға, 
Ит ырылына. 
Тамақ іскенде 
Осылай 
Көзге жас шығады… 
 
Тікенегін   
Əуе түспен жасырып 
Раушан гүлдер қайда енді 
Асығады? 
 
Ал жел болса гүл қауызын  
Аңдатпадай жұлқылап, 
Көкей мен көк арасында 
Баяу ғана іледі… 
 
 
* * * 
Күту балдыр-батпағы, құштарлық-құйын, 
Ай толғанда тартылған қап-қара таспиқ. 
Құрдымға сен кетсең де, күт шарап құйып, 
Бассүйегін Йориктің мыстаннан ас қып. 
 
Маңдайыңа нүкте сал, қызыл тамыз да, 
Пешің  түтін, уақыт тым қымбат болар. 
Ал сиқыршы шапанға тамақ тамызған 
Қасиетті ақшамның қалдығы олар. 
 

 
26 
 
 
 
 
Ліза Рей (Караганда, Казахстан). Доброго ранку, моє місто. Кавун.  
              

 
27 
* * *   
Қолың нəзік – фарфорды да жасытты, 
Жырың – газель, ал сөздігің – рахатты. 
Ал біреулер тырнап кірпіш, графитти 
Сурет салар қабырғаға қап-қатты. 
 
Кеңістік жоқ, қарабайыр бəрі де, 
Каин псевдо Адам ата бүгінде. 
Тұқым бітті, өсе де алмай əріге, 
Сурет – жара, тірі  қалмас түбінде. 
 
Мына бетте пюпитр ма, шек пе, əлде? 
Шиенің  көзін біреу шоқып алыпты. 
Таңғы шық ол ұшып тынар текке əлден, 
Каин мұңы – өмір сүру қалыпты. 
 
Қышқыл жаңбыр жəне борщтар дəуірі 
Шалғынға да кеткендей ме енді еніп? 
Газельдерде құрып кетті. Тəуірін 
Ұстамадың бір сəтке де иемденіп.  
 
Қолың нəзік – фарфорды да жасытты, 
Бұл туралы Саади да жазыпты… 
 
                * * * 
Бас жазудай келдің бүгін достарға, 
Солғын гүлмен басыңды əсем орап ап. 
Сасық зират мұңға ғана қосты арман. 
Ғасыр даңқы түнемеген қорада. 
 
Жаңа қазылған көкте бұл 
Қарға боп түсер кесек те. 
Ах, Виктория, сөкпегін, 
Өшті деп мені есепте. 
 
Дəл мұнда күнтүсті сабаққа ілініп, 
Өседі олжалар көк тардай. 
Бастарын көтерді күнбағар жылынып, 
Бəкіден қорыққан қошқардай. 
 
Ол не өзі, опасыздық? Сенімсіздік түлегі. 
Кейін оны ұғу қиын, абыр-сабыр жұмыс көп. 
Помаданың ізі анау, басқа не жұрт біледі. 
Жəне бос жең, білек, қолсыз салбыраған қуыс боп. 
 

 
28 
Жеңілгендері жылап төзбейді, 
Жеңгендер түзеп түр-түсін. 
Балақан тұрып мұңсыз көздейді, 
Таныс көршілер күлкісін. 
 
Сен бүгін бас жазудан келдің... 
 
Ассоциациялар   
  
Мына тамшы солтүстікті қажытар... 
Түпсіз түннің қара кездемесіне, 
Фонарь жанып, ұрар жарық шегесін. 
Тағдыр болса, соқыр болған біраздан 
Тəлтіректеп, түсімізге кіреді. 
Отыра қап керуеттердің шетіне, 
Ұйқыдағы адамдардың қолына, 
Тағыда бір сызықшалар салады, 
Күндіз оны ұға да алмай қаламыз. 
Ал толған ай күнəсіз 
Күнəлі сонша: 
Енді жаза күтеміз 
Орағымен жас айдың. 
Міне, тамшы мəңгілікті  қажайды, 
Сондай енжар жəне суық; 
Қанындай соқыр тағдырдың 
Қамсыз аққан. 
Қайттік енді? 
Ішейік  түбін түсіріп! 
Менің  адал Арлекинім, 
Асау менің ақыным! 
Шашқа  ақ та түспегендей, 
Өмір де əлі бітпестей! 
Біз екеуміз əлі жаспыз, 
Əлі ешнəрсе көрмеген! 
Қарғыс атқан сəттерді де 
Тағдырына өрмеген! 
Біз екеуміз əлі жаспыз, 
Қанша тағдыр қажасын. 
Ортақ баққа əлі маспыз, 
Тауыса алмай мазасын!
3

 
  
 
                                                 
3
 Бұл арада «кайф, ляззат» мағынасында. 

 
29 
          * * * 
Қара залда отырып, ақ сігəн қызы, 
Бір сəбиді тербетер, ренішті  реңмен. 
Бұл тек вокзал өрнегі қақсыған ізі, 
Екеумізді  бір жиіп, кеңістік  жеңген. 
 
Ал сен болсаң, тек өрнек, мəнсіз де, олақ, 
Қоштасудың төрінде, шəйдай кешегі. 
Белгісісің  қашудың сан түсі мол-ақ, 
Өтіп кеттім мен сенен таудай кеселі! 
 
Қосылғанда, адалдық құшып иманды, 
Үйленудің  шеңбері жібермес сені. 
Ал бұл өрнек алдамшы – тұлыбы мəннің, 
Үндістегі ою бұл шідерлес тегі. 
 
Миледидің гүлі бұл... асылыңыз өлі, 
Құдықтардың басында бек қана арық. 
Шөлден бізді құтқарар ғашығымыз Голем
4

Соқырлықтан құтқарар тек қана жарық. 
 
 
* * * 
   Иванушка,інішегім, 
  Бұл тұяқтан ішпеші… 
 
 
 
                        Халық ертегісі  
 
Кері кету, ал немесе, құлдырау, 
Кері кету, тура айтсақ, декаданс. 
Азып біткен аспандағы бұл мынау 
Қағаз жұлдыз – деп көрш оны ренессанс.  
 
Айсыз шөлде жүреме екен босқа адам? 
Ал ол жүріп,топырақты да талдырған. 
Йети де, атта емес, шошқа да, 
                                                 
4
 
Голем  –  жасанды  адам,  мифтік  түпнұсқасына  қарағанда,  балшықтан 
жасалмаған,  ол  адам  ақылы  мен  еңбегінің  туындысы  (алхимиктер  мен 
каббаллистердің фантастикалық нəтижесі). Өз «авторының» үйінде Голем 
* Барлық ауыр жұмысты атқарады, – адам осылай жұмыстан босап, тек 
шығармашылықпен  айналысады  деген  арманның  жұрнағы.  Бірақ  егер  ол 
бағынбайтын боп кетсе, өте қауіпті жəне басқаруға көнбейтін болады. 
 
 

 
30 
Емес қатер ізін  мұнда қалдырған. 
 
Азабынан танисың сен Ғайсаны –   
Басы тікен құлға назар аударшы! 
Дəл осылай үйленудің майшамы 
Дірілдейді  талған қолда қауқарсыз. 
  
Жаңбыр жуып жараларын еледі, 
Күші жетіп, қалмады ол тірліктен!     
Ал соңынан жəлеп қыздар келеді 
Жəне өлілер, ол оларды тірілткен. 
 
Жүзжылдықтар бетін оның тілгендей, 
Сақалы өскен бетінде оның қолдары. 
Бірге болдың бəрің ұят білгендей, 
Қайыршылар оның апостолдары. 
 
Қасиетін иығымен көтерген 
Жүгі оның керме еді өзі өлер. 
Əулиелік  ісі оның өтелген, 
Пенде ісін  де ақтай салар көзелер.    
 
Ертегіде ғажап емес бұл аса, 
Бір дəруіш кешке жақын кеп кірді. 
Сосын барып, басқа затты былғаса, 
Коновканы
5
 ерінімен кептірді.  
______________________ 
Суды шамалы уақытқа сақтап тасу үшін бұрын өте биік кружкаға 
ұқсас қолдан жасаған ыдысты қолданған. Оны коновка немесе кандейка деп 
атаған. Төбесі жабылатын коновканы қазіргі графин ретінде пайдаланған, 
ал төбесі жоғын – кувшин ретінде. Жуынғанда коновкадан қолға су құйған.  
 
 
 
                                                 
 

 
31 
 
 
Бахит Сембаєв (Алмати, Казахстан). Сонячний день на «Титаніку». 
Олександр Шаварєв (Караганда, Казахстан). Ватра. 
 
 

 
32 
* * *   
Оны оңай жоғалту да, табу да,  
Жарасымен қорқытады сиырды. 
Бірақ сау ол, бекер дабыл қағудан 
Не пайда бар, шулатып бар қиырды? 
 
Қала болса, суық тиіп ашынған, 
Каштан ғана күйлі күйді шерте ме? 
Бүгін аяз алғаш рет басынған, 
Күлу кештеу, əлде, бəлкім, ерте ме? 
 
Мына бізді кім жемеді десеңші – 
Тексіз ұлдар, коммунналар, кернейлер. 
Болды олар алғашқыда секемшіл, 
Ал пернелер – мұңға толы пернелер. 
 
Дəйектің бəрі жасырынған тұманда, 
Жанар да солғын, жарқылсыз, семсердей емес. 
Каштандар ғана... тұрғанын қараш сылаңдап, 
Шамшырақтай көктемгі сезердей елес. 
 
Клио кім ол? Сатқын қыз да оңбаған, 
Тат басқан күйме ішінен  ойнас аңқиды. 
Куəгер қол бер, бүгінде сенің оң бағаң, 
Күтеді сенен соттарда, əні, мəнді игі. 
 
* * *  
Жел жыртады темекіге жапырақты, 
Моржалардан темекі исі ылаң сап. 
Ақ алқа боп бұлттар аппақ қаптап тұр, 
Жерде ағып ұстатпайтын жыланша. 
 
Аққу-қаздар толы едің əйбатқа, 
Алып кеттің  қай ертегі кентіне? 
Виносыз-ақ
6
 болдың, күзім, бай-батша, 
Тасташ бізге бірер маржан желпіне! 
 
Иығыңды дірілдетпе батсайы, 
                                                 
6
 
Вино(қазақша,  қалың  мал) –  үйленгенде  беретін  сыйды  белгілейтін  ескі 
славян  сөзі.  Түрлі  уақытта  жəне  түрлі  халықтарда  мəні  өзгеріп  тұрған: 
қалыңдық  үшін  төлем,  қыздың  жасау мүлкі, ердің зайыбына сыйы (немесе 
əйелінің жасауын толықтыратын мүліктің бөлігі).   
 
 

 
33 
Соңғы рөлің болмаса екен құр сенім.  
Ескі киім жатсынбаған патшайым, 
Киінбеген патшаң қайда бұл сенің? 
                
* * * 
Таңғы шықтың тамшылары дүр қандай, 
Көз қаритын майда ине шашқандай. 
Үнсіздігің  нені қалап жасырын, 
Трубкада өткізіп тұр ғасырын? 
Аудар оны. Таразыға қойғандай, 
Əрбір сөзің мылқаулықты жойғандай. 
Үнсіздіктің  атланттай салмағы, 
Үнсіз қалып, ол салмақтан талмағын. 
Үн естілер жерге сөйле жəнеде 
Тыңда жерден естілмейтін  дəнеңе. 
Бұл телефон менің іскен тамағым, 
Бір жұтым су мен үшін бір жан ағым. 
Сол сияқты үнге де мен құныққам, 
Су күткендей ең бір терең құдықтан. 
 
                   * * * 
Шарап, бокал, тост əлі айтылмаған, 
Қағаз да жоқ оқи қояр дəл мұнда. 
Тек бір ойлар дірілдейді  алыста, 
Түстей бəрі, əлде өмірде бармын ба? 
Шоқжұлдызды созған қолда сəл ұстап, 
Дəстүр ғой шарап ішу  рəсімі де, 
Күбір, сыбыр, кеткендей қасым үдеп. 
Шарап, бокал, қонақтар да ығысып, 
Бірақ шынның аса көркем ыдысы 
Быт шыт болды бөлшектерге сонша мың, 
Дастарханға шашып шарап моншағын... 
Шындық үшін тост айтып ем. Жоқ шара. 
Шындық болса, бар да шығар. Жоқ шарап. 
      
 

 
34 
* * *  
Əлем деген тартылған сым, 
Сенен маған тартылған. 
Жұлдыздардан өтеді ол 
Жəне қиыр соқпақтан. 
 
Əлем деген тартылған сым, 
Онда, жаным, жасырма 
Шыныңді да, күнəңді де... 
Шашылудан көп сақтан. 
 
Əлем шексіз, онда оңай 
Жоғалып, қателесуге. 
Егер звондап, қателессең, 
Құлдырайсың заң аттап. 
 
Əлем деген тартылған сым, 
Акробатпын мен онда. 
Жəй телефон өзі де онда –   
Ажалды ернеу заматта. 
 
 
Елестей ақ пилигримдер 
 
Ескі сылақ көктен түскендей, 
Иісі  шайырдың аңқып. 
Жарылса ғасыр екіге бөлініп, 
Көз тиген деп, мүсіркеп, 
Аспаннан таң құт. 
 
Əулиелердің шіркеуі 
Күнəлі күмбез 
Ақтығы оның сенімсіз, 
Күнəмен сыйысты. 
Менің  де күнəм сондықтан 
Шəйір иісті. 
 
Қоңыраумен бірге барса ғой 
Жоғалтқан іздеріңе сенің. 
Ымыртты кезіп қарсақ ой, 
Таба алмас мүңымның емін. 
 
Кетсекте жырақ елден біз, 
Қала мен дала аңыздары бөліп. 
Бірақта бірге жүрміз біз 

 
35 
Аязды қардың абыздары болып. 
Елестей ақ пилигримдер...    
 
Пошта вагоны  
 
Ақ жұпаргүл əлемі  бізде бойын түзеді, 
Теректер де аспанға құстай сəнді ұшқандай. 
Арман сынды хаттар да көктен құлап, жүзеді 
Сондай жеңіл, жарқырақ, маржанға оны ысқандай.  
 
Өшеді саздардың егілген үні де, 
Көңілді көтеріп, ал кейде жасытып. 
Алаңнан күн нұрын сыпырып күнімен 
Шал да анау шаршады болса да басы тік. 
 
Күн болса бұлқынып тар əлгі конвертте, 
Сиреньге тығылып ырымдар бақытын. 
Шұрық тесік күймеде хат бізге əндетер    
Ұйқылы бомждардың шөлмекті сарқытын.        
           
Жалаңаяқ кармелиттердің кляшторының қасында 
 
Мен телефонда қасиетті номер тергендей, 
Қайта-қайта, қырсыға, дұғаны қайталаймын. 
«Тыңдашы мені, Жаратқан, есітші...»     
Мен өзен жағасындағы костёлда,  
Мөлиген асау шляхтанкалар арасында, 
Жан-жақтан тек жанған шамшырақтармен қоршалып тұрмын. 
Жəне тротуарлардың тамырлары – ырсиған, қатқыл, 
Саған, өзенге талпынады. 
Ақыры, үзіліп, жеңілдей сала, суға құлдырайды. 
Онда қайтар жолын өрт ізіне  бояп, 
Жапырақ қайықтарға отырып, 
Күз алға қозғалады. 
 
Ал мұнда кеше ғана қала антенналарының қармағына ұсталған 
Ойнампаз көк түсті жазғы күндер дірілдеп, 
Желбезегімен демалар еді. 
Жəне көктемде жіберген пасха жұмыртқаларының қабыршақтары 
Су лилиясы болып ескекке жабысар еді. 
Жəне сен, Жаратқан, костёлга келген діндар болып, 
Жағалаудың бергі жағындағы 
Кешкі мінəжəтқа  байқаусызда келетін  едің. 
 
 

 
36 
 
 
 
  
Євген Кім. Дожени наречену. Дівчата в юрті 
(картини з циклу «Побут казахів»)    
 
 
 
          

 
37 
* * 
Вокзалдың у-шуымен күн шегінді 
Жəне көлеңкелер, түннің қуысына апаратын 
Рельсттер сынды, ұзарды. 
Олардан əйелдер өтеді, 
Ұсақталған анна карениналар. 
Оларға қиындықтардан құтылу 
Тек таң шапағына дейін қамтамасыз етілген. 
 
           * * * 
Сөйтіп, үміт түсіндей тыныштық орнайды, 
Сөйтіп, бақыт түсіндей қанағат орнайды. 
Сөйтіп, алма, ағашынан құлап түсіп, екіге жарылады. 
Оның əр жартысын бақытты ғашықтар жеп қояды 
Жəне де өзінің ескі авитаминозына қарғыс айтқан, 
Көз жасына тұншыққан Хауаны көрмей қалады. 
 
* * *  
Режиссер сахнаға 
Тиын қағып қояды 
Жəнеде 
Театралдық маусым 
Тағы басталады. 
Бірақ енді Аса Асқан қоюшының 
Сценарийында 
Бірнəрсе шатасқан сияқты. 
Ондағы əрқашанда билік еткен нəрсе: 
Егер сен залда болсаң –   
Мен сахнада, 
Жəне дəл солай керісінше. 
Енді бізді өмір шарттылықтарының 
рампасы бөлмейді. 
Енді біз классиктердің əруақтарын 
Мазаламаймыз, 
Сен мені Офелия деп 
атамайсын, 
оның орнына нота əріптерден  
кəдімгі есім 
ойлап шығарасың, 
одан жасырын 
музыка тыңдау үшін. 
 
Мен саған өз жастығымды ойнап беремін, 
Сен маған өз адалдығыңды ойнап бересің, 
Табиғат декорацияларды 

 
38 
Төрт мəрте қайта бояйды... 
 
Содан тек репертуардан лақтырылған 
Ескі қойылымның билеттері сияқты 
Тек хаттар ғана қалады. 
 
Содан                                           
Пайдаланылмаған афишалар секілді 
Фотолар, 
Бурыл боп кеткен қар, езіліп  біткен дерт, 
Рампа жəне бізді ақырға шейін  
шымылдық бөлгенше 
Аздаған уақыт қалады. 
 
 
* * *   
 
Жапырақ түсу лауазымы көшесіндегі күз хоралдары, 
күңгірт Европа кофе татымы 
тышқан сұлтанының сарайы 
(мұнда Польша мен Аустрияның заманынан 
Львов тышқандарының аталары тіркеуге тұрған). 
Оларды тас арыстандар əлдеде талай алмай жатыр 
Аспанның ең шетіндегі  шұғыладай біздің кездейсоқ жолығуымыз 
Тырнаққа кірген темірге құрсанған раушан гүліне ұқсас менің 
жалғыздығым 
Мұнда сағаттар тоқтап қалады,  
Ал шаршаңқы атланттар мен кариатидалар 
Ескілікті  ұстай алмай тұр 
Қатал бернардиндердің шіркеуінің  жанында 
Менің  алақанымдағы сенің жымиысың 
Тамыздың кəусарындағы күз тынысы 
Бірнеше жүзжылдықтар – кептерлер шоқыған түйіршіктер 
Бірақ алыстан жалмауызды танитын эзотеристер сияқты 
Неге мен жақын қоштасуды сезінемін.  
                                 
 
              * * *  
 
Қарағай орманының істік бастарына 
Күн, суық тиген сəулелерін тастады, 
Қыстан жазылып кетуге тырысып.           
   

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет