Сүйісулер
(триптих)
I
Поцелуи-рассветы
Таңдарға ұқсас сүйісулер
Күн бағытын жоғалтып,
Сенің жүзіңмен жүгіреді
Өзінің ешкімге ұстатпас
Ерке əдеті бойынша
Мазасыз күн шапағына ұқсас.
Ұғымға симас мөлдір,
Олар сені тұтас түсінгісі келеді,
Бірақ, еркеліктен демін тартып,
Сенің ем қонған алақаныңда
Отты, күлкүлі
Би билейді, -
Құшаққа симасты құшу қайда!
II
Үмітке ұқсас сүйісудің иісі
Уақытқа жəне сенің шаштарыңның
Бірнеше талшық иісіне толы.
Жетінші аспан сыйлаған
Сенің от шарпыған еріндеріңмен
Күйдіреді.
Сенің сөздеріңнің
Гауһартасымен
Сиқырлайды.
Құштарлығын жеңіп,
Сыбырлап,
Сенің Сүймеуіңнің
Қамалы алдында
Тізесін бүгеді
Жəне галактикаға қызғаныш білдіреді:
Оның жұлдыздары
Ергежейлер боп ұйықтайды да,
Супержұлдыздардың мəңгілігін
Таниды
74
III
Ақындар-сүйісулер –
үлкен утопистер:
əркім өзін өзі таңдаған қыз үшін
бас тұлға
жəне жалқы санайды.
Олардың ұйқастары,
Ырғақтары жəне бояулары
Сенің көзіңді
Елестете алмаса да.
Бірақ сенің жымиысыңның
Бұрышында
Құдай пайда болғанда,
Ақын-сүйісулер
ғажайыпқа өле өлгенше
сенушілер,
жарасым жасайды.
...өстіп, өмір құпиясы
Туылады.
Зайыбыма
Тіпті өмірге шағымы таусылмайтын
Айғайшыл электробритваның өзі
Мені айнаның безбүйректігіндей
Шаршатпайды –
Ол тым шынайы!
Бірақ дүниеауи шынайылықтың
Міндеріне қарамастан,
Мен сенің қолдарыңның
Талғампаздығын тойлаймын,
Олар мені
Өзге ғып суреттейді.
75
* * *
Бір күні мен
Бір өзенге екі рет кірдім.
Оның денесінде
Мəңгі еріп кету үшін
Жəне сонда, Ғарышта тұтқындалып,
Құртақандай лағыл планетада
Өзімнің балалық шағымды көрдім.
Менің армандарымды
Кеудесіне қатты қысқан
Қараторы ұл баланы.
«Мен қайтып келдім, қабылда мені!» –
Деп айқайлағым келді,
Бірақ еріндерім, бүрісіп,
Біртүрлі гримасаға айналды.
«сенің жымиысың ыңғайсыз
Жəне көздерің тым ересек адамдікіндей.
Біздің планеталар
Екі түрлі орбитада айналады.
Мен сенімен бірге болғым келмейді!», –
Зарлады балалық шақ,
Маған арқасын беріп.
Сөйтіп мен
Өзім екі рет кірген
Өзенімді жоғалттым.
... енді маған қарапайым
Ескірген түстер қалды.
Бірақ кейде, өте сирек,
Мен лағыл планетадағы
Баланың зарынан
Оянамын.
76
Саліхітдін Айтбаєв (Казахстан). Жеребець.
Жанатай Шарденов (Казахстан). Вечірні гори.
77
Гүл туралы баллада
Мен тасқараңғының,
Өмірден баз кешудің, құмшөлдің
Аңсарымын
Жəне жанталас пен шаршаңқылықтан
Таныс аң болдым.
Жəне бүрісіп, қорыққан мақұлық сияқты,
Үш одеял астында жаттым.
Жəне бұл парадокс емес еді –
Мен қатып қалғанмын.
Жəне жүз ақындай
Жынданған едім.
Жəне бірде бір оймен құтқарыла алмадым.
Жəне алақанымда
Əлсіз жүрегімді қысып,
Көмекке Иисусты шақырдым.
Сен шошыдың да,
Нəн
Жалынды Гүл боп
Ояндың.
Мені құшақтап,
Қауыздарың
Еріп кету үшін.
Мен жылылықты, сұлулықты,
Іске асатын түстерді қаладым.
Жəне бұл парадокс емес еді –
Біз ұйықтап бара жаттық.
* * *
Мен, маған Чюрленис келіп,
Фаэтон көз жасын ұсынғанын
Жақсы көремін.
Ол жұлдыздар əуенінен
Нəр алған.
Жəне уақытты
Саусақтан соруға үйренген мен,
Ғарышпен ауырдым.
78
* * *
Аспанға дертті болып,
Оның сұлулығынан басы айналған қала,
Енді инквизитор боп жұмыс істейді,
Улы еріндерімен
Лазурьді сыдырған болып.
Қаланың құшағының өзінде
Оны сүйюге ант бермеген аспан
(өйткені, ол тек күнді ғана сүйген),
Адалдық көз жасын жасыруға азаптанып,
Семіп, сөнуде.
* * *
Аспан қарағайларға келді,
Арманға толы көңілмен – ғашықтарға:
Оларға бата беру үшін.
Адамдар аспанды тұтқындап,
Оның армандарын таптап өтті.
Сосын гамак жасап,
Қарағайлар арасына керді.
* * *
Мəңгіліктің күміс алақанында
кішкентай қыз
ай тарағымен
таранады
жəнеде тым кербез айнадан
өзінің түрін көрмейді.
Онда бейтаныс əйелдің
көзі мен
əжімі тұр.
* * *
Көкжиекті, егер ол теңізге қашып кетпесе,
ұстап алуға болар
ақшаңқан жартастардың
құшағында қысылған
Хауа ананың көз жасындай
алыс аралда
əн əуені
мекенін тапқан –
Еркек пен Əйелді
жарату үшін
79
* * *
Көп жасаңдар,
аз жазыңдар
жəне Көкті күнəлісің деп
айыптамаңдар.
* * *
Көз жасы көл болған сұлу:
Кірпіктері
Көз жасы моншағымен
Шұғыланы
сиқырлаған.
* * *
Адамдар,
Тынышталыңыздаршы, өтінемін –
Теңіз естілмей қалды.
* * *
Бұрыштағы гитара
бала сияқты,
оған тік тұру
қиын.
* * *
Қардан жасаған кішкентай мүсінге
Қыста əйел сүті
Түсіне енеді.
* * *
Сенің еріндерің мені –
Гурман,
Көздерің – ақын,
Ал түстерің еркек қылады.
* * *
Əлем шынында да домалақ –
Сенің екі жарты домалақтарың.
* * *
Сенің тəкаппарлығыңның
Эйфель мұнарасы
Жалғыз ұшқан кішкентай
Қағаз ұшаққа
Қонуға
80
Қайтсе де, рұқсат береді.
Ал онда мен тығылып жатырмын!
* * *
Бұрынғы армандардың дауыстары
Менімен түнде сөйлейді,
Жəне мен сені сипауға тырысамын –
Сыбырмен.
* * *
Бақытты мысықтардың əуенімен,
Мөлдір перделердің əуесімен,
Наурыз жұлдыздары саусағының
Қауыздарымен
Менің арманымның жыры болуға
Азғырамын.
* * *
Менің денемді таңбалаған
Сенің сүйістеріңе
Көйлек кигіземін.
* * *
Жан – ақ,
Ал оның көлеңкесі – қара,
Сонда мен – Сен болғаным ба?
* * *
Енді сен жоқсың,
Күндидарлы қыз,
Ал менің саусақтарым
Сенің денеңнің мінсіз материясын
Бұрынғыдай сипалауда.
Мен, үйретілген жылы жел –
Қасыңдамын ғой.
Мені ал да, сəбидей тербет:
Сенің алақаныңда, қызым,
Күнтекті болып, ұйықтаймын.
Түс
Иə, мен ақын болдым,
Иə, мың жыл өмір сүрдім...
Ал сосын бəрі өтті:
81
Тек құмда сенің аяқтарыңның
іздері қалды.
* * *
Маған қызық:
Мен күн салған едім,
Ал ол жылу береді.
* * *
Маған қиын:
Жұлдыздар құлайды,
Ал тілектер бітті.
* * *
Маған əйбəт:
Менің бейітімде
Портулак сұлу гүлдеген.
Графіка уйгурського художника Максута Тівамова (Казахстан).
82
Євген Кім (Караганда, Казахстан). Флірт. Байга
(картини з циклу «Побут казахів).
83
«Махаббаттан фантомдық ауру...»
* * *
Ол Рембрандт, ал қыз – Яблонская болған жоқ:
Ол вагоннан жүк түсіретін, ал ол тынымсыз
Калькуляторда бірдеңе есептейтін, –
Мысалы, кейде ұйықтап кету үшін
Балалар жұлдыздарды санайды.
Күндіз олар кəдімгі адамдардай
Жұмыс істейтін;
Ал түнде өздерінің шағын
Шеберханасында
Бəрін де ұмытып, өнер тудыратын.
Оларды нағыз биік өнер
қызықтырды;
сондықтан олар іңкəрліктен
өле жаздағанда,
тіпті жанарын бар тірлікке ашқан Айдың өзі,
оларға серіктес болуға именетін.
Шегірткелер де шырылдауын тоқтатар
Сəтті сезіп,
Сол кезде үйде
Қызық сөз əуендері естілді
Жəне шағын шеберхана
Жас құдай қызбен
Оның əріптесінің
Əрбір сиқырлы тынысын
Жəне жарасымды қозғалысын
Еске сақтауға тырысты.
Өйткені бұл түндер аса айырықша
Жəне қайталанбас еді!
Олар таң ата ұйықтайтын
Жəне өздерінің шығармашылығы
Қашан жаңа жəне беймүмкін тілектерге толы
Құштарлы түске айналатынын да
Сезбей қалушы еді.
Сондықтан түстерінде олар
Тағы да өнер тудыратын;
Ал кейін, күндіз, ол көнбіс түрде
Иығында аспанын көтеріп жүретін,
84
Ал қыз болса мұқият түрде калькуляторда
Алыс шоқжұлдыздарды есептейтін еді.
Жəне өздерін бөлген алыс кеңістік арқылы
Олар бір біріне жымиятын –
Бір құпияны, ең үлкен құпияны
сақтағандай;
жəне тіпті бір күні
оның денесін адам төзгісіз азап кергенде,
ол өзін əлемдегі ең бақытты əйел сезінді;
құдай бұған жеткізді ғой:
мойыл көздерімен менің анама
оның туындысы қарап тұрды.
* * *
Жалғыздық мені сүйегіме шейін
Мұз қылып, жаншығанда,
Менің жауым келеді;
Мен ешқашанда оны жүзінен
Тани алмаймын.
Жəне оның қалай киінетінін
Біле алмаймын.
Бүгін менің жауым
Рыцарьға ұқсайды
Ол мені келекелемейді
Жəне ешбір маған ор қазбай,
Семсермен қылыштасуды ұсынады.
Мен өзімнің
Мұны жауым қалайтындай
Өмір сүрмейтінімді білемін.
Өйткені əрбір күні
Оның заңдарын бұзамын.
Мен шаршадым, сондықтан
Оны өлтіргім келмейді
Бірақ менде тағы да амал қалмады:
Қорқынышты қаруды
Қос қолыммен қысам да,
Шабуылға бірінші шығамын;
Енді бізге ажырау қиын
Жəне оның қарағаны
Менің терімді күйдіреді.
85
Алайда мен жауымның көзіне
Қарамауға тырысамын –
Мені тек біздің семсерлеріміздің
Жантүршігерлік əуені қызықтырады;
Ол тек бір сəтке ғана
толастайды,
мықты соққыдан мен
басым айналып, жерге құлағанда,
жауым менің қауқарсыздығымды
пайдалану үшін
тым текті;
ол мен есімді жиғанымды
күтеді.
Ол тіпті менің аяққа тұруыма
Көмектеседі (азамат!);
Мен жауыммен мақтанамын –
Өзге жағдайда біз
Ең жақсы достар бола алатын едік,
Ал қазір мен оны
Əлдеде өлтіре аламын.
Ең бастысы, қаланың шуылына
көңіл бөлмеу керек –
естен айырылған автомобильдердің
тормоздарының шиқылы да,
жүргіншілердің баянсыз
ерсілі-қарсылы ағылуы да,
қатерлі қатеге əкелуге
тиісті емес.
Өйткені ол тек өлімге əкеледі.
Оны айтасыз, мұнда,
Мына қызық қуыста
Біздің жекпе-жегімізге
Түк қауіп жоқ.
Тек менің жауым ғана
Бұл жаққа жол біледі…
Мына семсерлердің құлшынуы
Мені əбден болдырды;
Əрине, мен қазір
Терді қаннан айыра алмаймын.
86
Бірақ соңғы нота шыққанша мен
Біздің биімізді қайта-қайта
Жалғастыруға тиіспін;
Бəрі дұрыс – мұндай жекпе-жектер
Əрқашанда адам төзгісіз
Ауыр болған!
Семсер маған кірді
Өте сенімді жəне салмақты,
Жер маған қарсы жақындап,
Менің жүзімді жұтып жіберді...
– сен қалайсың? Шыдай тұр,
Мен қазір келемін, – деп жұбатты əйел
Трубкада.
– Ештеңе емес, – деп ернін сүйрең еткізді
Менің жауым, –
Енді бəрі өзгеше болады...
– Сен не айтып кеттің? –
Деп мазасызданды трубкада…
Жоқ, бұл түс емес еді: еденде
Оның жауының
Пəрше-пəршесі шыққан
Денесі жатты,
Онан
Ол
Өз-өзін
Танымауға
Қауқары
Жоқ
еді.
87
Руслан Аканаєв (Алмати). Вечірній діалог.
Алі Імамалі огли Гусейнов (Астана). Привал.
88
* * *
Кеше мен жоқ болдым:
Сүйікті əйел махаббатсыз қалды,
винегрет – жеусіз, ал қайдағы «Реал» менің
киевтік «Динамомды» жеңіп шықты.
Жұмыста мен жоқпын,
Үйде де сол, ал психбольницада
Тек – Наполеон, Сталин
Һəм Майкл Джексон –
Бірде-бір жексұрын, немесе ақын жоқ!
Моргта таныс патологоанатом
Тек кроссвордтарды шешуде:
Марқұмдардың жоспары аса орындалған,
сондықтан адамдар
бір апта болды өлмей жүр.
Бірақ мен үйренгем, жəне көршілердің
Көңілі қалған: біздің керует
Сықырламайды, өлеңдер
Дауыс шығармайды,
кактустер көктеуді қойған.
«құдай ұрды!» дер едім мен,
Егер табыла қойсам...
Бірақ мен əлдеде жоқпын:
Интернетте де, бір қора пішенде де,
Аллы Мазурдың* шкафында да!
Біздің аймақтағы достар
Мені іздеуге штаб ұйымдастырған:
Мен былтырлары Спаста жоғалтқан
Носкиларымды тапқан,
Ал мені таба алмаған.
Шие шарабының бір шелегін ішіп,
ойға ол да сеп емес пе?
Мені «жасылдардың» белсенділері тұтқындаған
деген шешімге келген:
біраз талдар менің кітаптарыма
айналды емес пе?
Енді ақындарды Конотоп пен Шепетовқа арасында
Қарағайларға байлап,
89
Сатисфакция ретінде
Өте əдепті түрде
Миллион евро сұрайды дейді.
Соны бірінші боп
менен бастаған сияқты...
мəссаған безгелдек:
мұндай ақша үшін
мен өз-өзімді ұрламас па едім!
Ал милиция бұл өзгепланеталық
Келімсектер деп ойлайды,
Себебі беттері нарттай қып-қызыл
Жəне көздері сондай тайғақ...
Оңбаған ұрдажықтар –
Ресей газына қомағайланғандар!
Тек бірде бір есі дұрыс мент
НЛОға гранат лақтырмайды –
Одан да Ақ Үй, Кремль жəне Мариин сарайы
Марспен келіссөз жүргізсін...
Алайда, мен қайдамын?
Құдай қоңызы балконда
Сауылмаған,
будильник кенеттен
айқайға басады,
ал көрші теріс киілген көйлекпен жүр.
Жəне оны қашан сабайтынын
ешкім білмейді.
Достары балгерге барып еді,
Ал ол бір орама жіпті
Жерге лақтырды да,
Былай деді:
«Сендер қалай бұны тарқатасыңдар,
Егер ол əлі өз-өзін таппаса?!»
Достарға обал, маған да ұят –
Барлықтың бір күні босқа өтті:
Көршілердің ұйқысы қанбады,
Сүйікті əйел виртуалды еркектерге
Қарай алмайтын халге жеткен,
Ал шыбындарды котлеттен ажырату беймүмкін!
90
Бүгін мен жоқпын,
Енді мен оған не істеймін?
Қапа болмаңдар:
Ертең басқа біреу жоғалады да,
Оны міндетті түрде табады.
Əрине, егер ол құдай қолдап
Беймүмкін нəрсе жасай алмаса –
Жəй ғана...
Өз-өзінен қашып кетпесе.
______________________
* Алла Мазур – «1+1» орталық украин телеарнасының танымал
жүргізушісі,Сергей Дзюбамен бірге оқыған.
Графіка уйгурського художника Максута Тівамова (Казахстан).
91
Кім Євген. Флірт. Вдале полювання
(картини з циклу «Побут казахів»).
92
* * *
Игорь Павлюкке
Бүгін тағы шықпады күн нұр-көкке,
Тыныштықтан тығындайсың құлақты.
Тұншықпайын дегендей-ақ құр текке,
Кір əйнекке соғылумен зыр қақтың.
Қанатыңның ысқылын да сезбейсің,
Ұмытумен болғансың ба, жол асқан?
Саған аспан ұсынады жездей сын,
Тексіздерде қайдан болсын ол аспан?
Уақыт та мұнда ағашқа қағылған,
Шіріп жатыр екінші сорт атанып.
Өшіремін ескі файлдай... қағынған,
Əлде қару тауып алып, атамын!..
* * *
Сен мені аспанға жібересің,
Содан мен ғажайып жеңілдік сезінемін:
Ұшып бара жатып,
Əрбір тоғайға ғашық боламын,
Жəне əрбір шөптен
Аспан иісі сезіледі!
Мен сенің еркіндіктен
Масаң болған жартыңмын,
Өйткені мен міндетті түрде
Анау, төменде тұрған
Кішкентай тентек қызға ораламын,
Сенің аяғыңа момақан
Жығылу үшін.
Мен білемін, сен мені
Нағыз еркек ретінде
Мақтан тұтасың,
Өйткені кейде
Ең сұлу əйелдің өзінде де
Өзіндік қағаз
Жыланы болмауы мүмкін.
93
* * *
Əйел кисель жағалауы бар
Сүт өзені болатын...
… бір адам ағынға қарсы
Жүзді де...
Суға батып кетті.
Өзгесі өзенді
Кешіп отпек болды,
Ал тек аяғын сулап алғаны болмаса,
Сүтке аузы жете алмады.
Үшіншісі оны
Жағалаудан ұстап алуға
тырысты –
оның өз үрмешегін
лақтырғаны сонша,
ол үзіліп тынды.
Төртіншісінде
Салтанатты моторлы қайық болды,
Бірақ адамның өзі
Түк жүзе алмайтын.
Содан ол əйел не қалайтынын
Ұғына алмады.
Бесіншісі мен алтыншысы
Тек күрсінумен болды:
«өй, осы қатындардан
Бəлеге қалдық қой…»
Ал сосын бір адам
Суға кірді де...
Əлі күнге шейін
Кисель жағалаулары арасында
Жүзеді.
– Қалайша
Сен
Өзенді
бағындырдың?! – деп
таң қалады
жолы болмағандар.
94
– Оны бағындыруға бола ма? – деп,
Мырс етеді адам, –
Мен тек тереңде жүзіп,
Сүңгігенді
ұнатамын.
* * *
Мен өз қаламда туғанда,
Ол маған тұтас əлемдей
Шексіз көрінетін. Ал содан мен өстім де,
Менің қалам бірте-бірте
Кішірейе берді – бір кезде ол
Мүлде құртақандай боп кетті:
Оның көшелері менің
Аяқтарыма тарлық ететін;
Ал оның аспаны ескі кепка сияқты
Менің басымды қысатын.
Мен өз қаламнан өсіп кеткенімді
Түсінгенде, өзге қаланы іздеуге кеттім, –
Мен оны əлі күнге шейін іздеймін,
Өйткені мен, өкінішке орай,
Барлық қалаларымнан тез өсемін.
Мен бойымды толық түзей алмайтыныма үйрендім
Жəне сондықтан үш орам еңкейемін.
Бəлкім бүйте-бүйте
Барлық əлем маған тарлық етеді?
Мен өсудемін. Маған қанша ғалам қажет екен,
Тарлықты сезінбеуім үшін?!
* * *
Жұмаққа қайтсақ, ондай мен де халді ұғам,
Ал күнəдəн құтылдық па, төзімдім?
Адам ата жете алмады дəл бұған,
Хауа анаға ренжумен көз жұмды.
Пенде болса, ой ісіне дарынсыз,
Нұр-жарықтан қымбат оған бояма…
«Есіттің бе, халқым?» десе, бəрі үнсіз,
Сонша жарық адастырмай қоя ма?
Жұмақ егер қымбаттаса, не көктер,
Бұл жағынан ауыздайық қиялды!..
Қарай алмай əйелдерге еркектер,
Періштелер тағы бізге ұялды.
95
* * *
Жалқаулық пен аңқаулықты сүйемін –
Комод асты жырық қана əлемім.
Бəрі өтірік, саналса егер киелі,
Құдай да аңыз, есептелсе əдемі.
Құмда ғана қалдырамын өлеңді –
Толқын оны қай алысқа апарар?
Күн аптабы оңайлатар төлемді
Жан қасқаны құтқарылуға тақаған.
Лағнет жұмақ, құй тозақты кесеге,
Бəрі ұйып, қандай таза мұздасын.
Махаббатпен қанағатты көсегем,
Өлеңдер де соғылады құзға шын...
* * *
Туған жерге бармағалы көп болды,
Мен үшін тек күнің шығып, батады
Сен жер асты магмасы боп толдың,
Ал мен жаугер айдалада жататын.
Кокжиекті қолмен сипап табамын,
Көзді жұмып, көкке сенсем болғаны.
Шындық – əйел, əрбір қымбат қадамы,
Өзіңдей боп өссем деймін жолда мың.
Кемеңменен алып кетші алысқа,
Ұғындық қой ұлдың да ардақ парқын біз!
Алыстасың, тым алыста, алыста,
Жоқ сүйіктім, аясаңшы жартыңды.
96
Олександр Колодін (Астана, Казахстан). Зачекалися.
Сергій Бабяков (Алмати, Казахстан). Текелі. Весна.
97
Сергей Дзюба
Украинаның ақыны, жазушысы, сыншысы, аудармашысы, жасөспірімдер
жазушысы, журналист.
20 қыркүйек 1964 жылы Украинаның Полтава обылысында Пирятин
қаласында дүниеге келген. Тарас Шевченко атындағы Киев мемлекеттік
университетінің журналистика факультетін бітірген. Украина жəне шет ел
газеттерінде, журналдарында, радио, баспаларында қызмет істеген.
Чернигов қаласында тұрады. «Черниговтык зердеуи орталық»
халықаралық қоғами ұйымның төрағасы, Украина журналисттері ұлттық
одағының
Черниговтық
қалалық
ұйымының
төрағасы,
Украина
университетінің Луцк адам дамуы институтының құрметті профессоры.
Украина Ұлттық жазушылар одағының, Славян əдебиет жəне өнер
институтының (Варна, Болгария), «Македония Презент» (Скопье,
Македония) Халықаралық əдеби Академиясының мүшесі.
Украина, АҚШ, Польшада шыққан жəне əйелі Татьяна Дзюбаға
арналған 55 кітаптың авторы (бұл əлем əдебиеті тарихындағы жалғыз
мысал). Көпетген халықаралық жəне ұлттық сыйлықтардың лауреаты.
Сергей Дзюбаның шығармалары 60 тілге аударылған жəне 32 елде
жарияланған. Оларды кітаптардан, газеттерден, журналдардан, теледидардан
жəне интернеттен оқыған, тыңдаған жəне көрген адамдардың саны бүкіл
əлем бойынша екі миллионнан асқан.
Достарыңызбен бөлісу: |