Тетяна і Сергій Дзюби. Вірші 60-ма мовами світу. Канада: Новий



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата18.01.2017
өлшемі10,33 Mb.
#2157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 
 

 
39 
 
 
Сергій Сиденко (Астана, Казахстан). Зимовий сад.  
 
 
 
Сергій Рощук (Караганда, Казахстан). Березовий сік.  

 
40 
Күзді дəріптеу күні 
 
Күз жанып бітті. 
Ол кетті, 
Тұрақсыз мұздың 
Нəзік терезелерімен 
Дір етіп 
Жəне ызыңдап. 
 
Алыстады, 
Өлі жансыз 
Жапырақтар егіп –   
Жылылыққа емес, қысқа шақырушы 
Тірі емес болса да, 
ыстық сыздауықтар. 
 
Міне  қарлы өңірдің ақ тазысы да 
Жүгіріп өтті, 
Біздің қолдарымыз бен жүздерімізге 
Қырағы құлақ түріп 
Жəне иіскелеп, 
Суланған суықтау тілін  тигізіп. 
 
Шалшықтардың 
Мөлдір мұзы астындағы 
Сарғайған үйеңкі жапырағының 
Тарамдары – 
Күзді дəріптеп, 
Еске түсіру күні, 
Əлде де 
Жерге түсіп үлгірмеген 
Естеліктердің  күні... 
 
Ал қыс, 
Ұсқынсыз үйрек балапанына ұқсап, 
Əлі қанаты қатаймаса да, 
Қаңыраған қыстың 
Жалғызсыраған жүрегіне 
Қалай болғанда да 
Кіріп алуға тырысады. 
 
Ал қыс болса 
Күту дағдысында серейген 
Демисезондық пальтоны 
Ілгектен қуады, 

 
41 
Жəнеде, кəрі ақын сияқты, 
Желдердің қарлығыңқы үнімен 
Ұзақ əн салады.  
 
* * *   
Атам құмыраларды күйдіреді, 
Инквизиция – теріні.  
Сен нұрланып өз қолыңның 
Көбелектерін ерітесің. 
Бірінші  жарықтан, 
Сірə да, 
Өмір бос денелі. 
Ал екіншіден  –   
Сенің бірінші  тозақтық айналымың. 
Шам астында грифель əлдеде Сөзге талпынды. 
Көздегі түйіршіктей 
Қазыналы форматқа. 
Алайда əңгіме күлінде 
Тағы да ақиқат жарқ етеді. 
Осылайша өлімге кесілгендерді 
Ана көзімен аялайды. 
 
          
* * *  
Бұл кездесу – кездейсоқтық, 
Заңдылыққа айналуға оның мүмкіндігі жоқ. 
Ол белгілі  сөйлемнің тысы: 
Біз көп тұрмадық, бірақ екеумізде 
Бір күнде туғанбыз. 
Ол есіктің  ішкі  жағынан ілінген  құлып, 
Үнсіздік арасындағы пауза,  
Парадокс немесе оксюморон. 
Мəңгілік  нанының бір түйіріндей оны 
Сыпыра салу, естілік  столынын лақтыра салу, 
Секеңдеген дүйсенбілер мен жұмалардың 
Талан таражына бере салу 
Өте оңай.                                       
Бірақ сен бұған асықпа. 
Əрбір мағынасыздықта, 
Оларды таптаурын сөйлемдермен салыстырғанда, 
Шындық көбірек кездеседі. 
Беймүмкіндік дəмі бар мағына сонда. 
Мен білемін, сен маған сенесің, 
Ең болмағанда, біздің кездесіп үлгіргеніміз үшін. 
 

 
42 
 
 
 
 
Євген Кім. Перекочівля. Привал  
(картини з циклу «Побут казахів). 
 
 
 
 

 
43 
Теңіз    
(триптих)  
 
I   
 
Теңіз толқындарымен қайғы сүйреді. Алапат  медузадай 
Толқып жатты. Су стихиясының ғажап жұмысын бір қалыпқа келтірген 
Əкелінген майда таспен көмкерілген жағалауға жарақаттанып қабақ 
шытқан. 
Қан сынды тірі  жəне ащы теңіз, тойынған масалар сынды, 
Қызылдау буйектарды толқынында тербетті. 
 
Жаға бойы əйелдер əуедегі  балық қабыршақтарымен сияқты 
Люрекспен жарқырады. Пальмалардың жапырақтары арзан желпуіштер 
сияқты қағази дыбыспен сыбырласты. Жəне менің Түркияға жүзіп кеткен 
балыққа жаным ашыды. Сағыныш деген қасіретпен тең. 
 
 
II   
 
Теңіз адамдар ұғына алмайтын ақиқатты қайталап, 
Түрлі сарында шулап жатты. Жаңбыр кеңістікті  сызықтап берді. 
Колониалдық тауарлар дүкенінің витриналары ұнағысы кеп мезі қылды. 
Шатырлар мақтаныштан жарыла жаздады. Тек теңіз ғана өз қалпын 
сақтап, аса қоқиланбады, оған бұл тіпті  де қажет емес еді. Толқын басы 
авгурларға жауап ретінде ақжарқын жымиып жатты. 
 
 
III  
 
Айвазовский толқымалы теңіздің  таңдаулы жəне бақытты 
Дəріптеушісі  еді. 
 
Су шегінеді.  Көз əуе толқындарына құлаған самолет сынды 
Судың тұңғиығына құлайды. Теңіз арасында жиырылады, 
Бірақ үлкен толқын тудыра алмайды, толқын жағалаудан келеді. 
Алаңсыз суға магниттенген шағалалар 
Теңіздің дельфин сияқты момын жəне əз болғандарын еске алады. 
 
«Теңіз толқыны» деген тіркес жаппай мағынасыздық, 
Бұл түр-түсте – барлық бояулар. 
  
 
 
 

 
44 
* * *   
Сен оған өте ұқсайтын едің –   
Гуцул сияқты, 
Менің  арманымның 
Ең қиясында орныққанға. 
 
Əйтсе де, бұл алданыш. 
Мысалы, дүкендегі 
Фабрикада жасалған сүлгі 
Қол жылуы бар кестеге ұқсас. 
 
Сен маған күн сынды көрініп едің, 
Тек Құдайым-ау, майдан жасалғансың ба? 
Түскі тамақтан кейін тамақты қырнап, 
Кешке дейін еріп біту үшін бе? 
 
* * *   
Поэзия мезгілі  өтіп кетуде…  
 
Жəне жолдар күзгі жапырақтар əлеміне 
Үйенкінің  қайғысын апарады. 
Жəне ойлар тұманды бұлтқа ұқсас, 
Бұрынғыдай арман тудырмайды. 
Күздің қызарған оттарында 
Үміттер жануда. 
 
Жəне ұйқасқа тізілген  сөз 
Жылдардың межесінде қалған. 
Тырналардың қанатына ілесіп тағыда 
Жат таңға барғам. 
 
* * *  
Күңгірт орман 
Аңызақтан эскимо сынды еріп біткен. 
Қарағайлар білдірмей əзілдеген болады. 
Көктерек жаңылытпаштап есі кеткен. 
 
Ескі мухомор де өз əңгімесін  қоймайды: 
«Папоротниктің бояуын іздеп қажеті  жоқ. 
Оны бір кезде сельсовет төбесіне көтерген». 
 
Ағаштардың істіктері  күннің пəрше-пəршесін шығаруда, 
Оның басы жерге домалап түскенде, 
Күн қып-қызыл боп батып, жəне сол қанда 
Армандар да, естеліктерде батып, жоғалып кетеді. 

 
45 
Ал таң атса, үш ағаш арасында алаңсыз  
Адасып кетеді. 
 
 
* * *   
 
Уақыт тұздай ағады 
Ең көне сағаттардан аққан құм сынды. 
Күйдіреді, отша шарпиды, ауыртады. 
Ал сосын алыстайды – еріп 
Жəне теңізге айналып. 
Онда естеліктер толқынында 
Анда-мында толқу тамаша. 
Əйтсе де, бұл ұзаққа созылмайды. 
Өйткені адамдар теңізі тұз 
Жерде тұрады... 
 
 
* * *  
 
Əйелдерге сондай қымбат мизам шуақ – енді тек естелік қана. 
Алыстаған қазіргі шаққа 
Өрмекшінің əппақ өрмегін басып қана 
Қайтуға болады.  
 
 
* * *  
 
Уақыт ит сынды мейірімді, 
Аяқ астына жатады. 
Күту құдығына құлап, 
Секундта үзіліп кетердей қыңсылайды. 
Алыста нүктеге жинақталған жолдар. 
Нүкте үнсіздік сəтіндей 
Мұңлы нəрсе. 
 
Саған Рублевтың көзімен қараймын, 
Демек, мен кеше жəне ертеңнің 
Бүгіннен нақты болғанынан 
Қорықпаймын. 
Кері перспектива… 
Менің  модадан шыққан көйлектерім сияқты. 
Ал үмітке қайтадан 
Түрлі-түсті киімдер түсіне кіреді.  
 

 
46 
 
 
 
 
Размік Ахінян (Алмати, Казахстан). Осінь. Ранковий Арарат.   
  
 

 
47 
No men nescio  
 
Осы қаланың тасталған үңгірлерінің, ұлу қабыршақтарының, ара балы 
үйшігінің,  сопылар мардымсыз тұрағының арендаторы болу. 
Өз денеңнің ізін  жұмсақ креслоларда, еден таңбаларында қалдыру, 
əркез өзіңнің ұзақ нəрсеге жоқ екеніңді  байқатып, фотосуреттер жасау. Адам 
лықа толы электричкаларда өзіңнің бар екеніңді  сезіну. Айналардан 
жартастағы жазуларды көру, əйнекте өрнегі, қарда ізі, айнашықта демі 
қалдырмау қабілеті  пайда болмағанша, таң, күн, кеш, түндерді қайта клондай 
беру. 
 
Балық аулау жəне аңға шығу маусымы 
 
Шабақтардың ұшқыр топтары ұзын антенналардан терең 
Жəне күн түбінен тайыз аспанды күмістейді. 
Күміс шағын құстардың топтары 
Түскен жапырақтардың шуылынан жоғары  
Жəне Икар мен күннің арманынан төмен 
Жаңбырдан асады. 
Мұнда ұшақтар жəне резина саситын қалада 
Балық аулау жəне аңға шығу маусымы басталды. 
 
 
                     * * *  
Тарих – Доуэль профессордың басы: 
Бəрін біледі,  бірақ айтуға ниет  
Білдірмейді. 
  
 
                      * * *  
Отанымыз деп тек бізге жақсы жерді айта аламыз, 
Бірақ ең қиыны: саған тек үйіңде ғана жақсы. 
 
 
                      * * *  
Ойларды, вокзалда шаршап ұйықтаған 
Бомждар сияқты, тартқылап оятуға тура келеді. 
Жəнеде бұның декабристерге еш қатысы жоқ.  
 
 
* * *  
Ханшайымдар əрқашанда ақымақтардың үлесінде кеткен, –  
Деп сендіреді 
Халық даналығы. 
 

 
48 
* * * 
  
Бақыттыларға жəне сағаты 
Дұрыс жүретіндерге 
Жақсы. 
 
 
* * * 
 
Міне, мектеп қасында сотқар балдар 
Көктемге шейін шайба қуады –  
Жəне қанша рет сосын оған 
Ынтызар қылған мұз түсіне кіреді? 
 
 
 
* * * 
  
Каштан құлады – 
Қайтадан ашылды 
жаны. 
 
  
 
     
 
 
 
Графіка уйгурського художника Максута Тівамова (Казахстан). 

 
49 
 
 
 
 
Алі  Імамалі огли Гусейнов (Астана). Гірське озеро. Синє озеро.  
 

 
50 
* * *     
Бір күні саған салмақсыз конверт келген. 
Оның қайтарым адресі мен штемпелі  жоқ екен; 
Одан ақ қағаз түсті, 
Ал сен онымен жаңбырлы аспаннан қорғандың, 
Ал одан тағы күннің шұғыласы шашылды, 
Бүкіл айналаға сəуле шашып.  
 
Бірақ кенеттен жүзіне кекесін 
Өлімші  жабысқан əйел келді де, 
Өкшесімен күн шұғыласын басты. 
Жəнеде бəрі өшті –  
Дирижер апатқа ұшырады.  
 
Ертеңіне кекесін өлімші  жабысқан əйел 
Бəтіңкісін  жөндеуге жиналды. 
Бірақ оған рұқсат берілмеді – содан бері ол ақсайды; 
Ал саған менің қайтарым адресім бар 
Ауыр конверттер жиі келеді.                                                                                     
 
Сен бұзылған ауа райын қарғап, 
Одан тат басқан шрифтерді түсіресін. 
     
 
 
* * *    
Болған емес біздің жақта мұндай күз –  
Айтқан да емес болатынын боларда; 
Тырналарды өзенге орап тынбай тіз, 
Жылы өзеннен қанат бітсін оларға!                
 
Қаздар сынды суға тығып шыбықпен, 
Болғызамыз болмағанды біз енді. 
Қайыршыдай мұң тұр əні, ығып кеп, 
Жапырақ шаш бұлтқа енуде күз енді.                                                                
 
Жəне жаттай, ыңғайсыздық танытып, 
Қол қусырып, ұмытқандай өзі кім, 
Ізсіз құрып, əне тұр ол, əні  тұр, 
Маған сенің көзіңменен көз тігіп. 
 
 
 
 
 

 
51 
 
* * *    
Номерлерін жатқа білетін  телефондарға 
Ешкім  трубка көтермейтін уақытта  
Звондаймын. 
Тек сонда ғана олардан 
Көптен бері естігің келген нəрсені  
Естисің. 
 
Қазақ тіліне аударған:                        
Əуезхан Қодар  
 
 
 
Графічні ілюстрації – відомого уйгурського художника  
Максута Тівамова (Казахстан).  
 
 

 
52 
Лауреати  почесних  нагород, які нині вручає   
Міжнародна  літературно-мистецька  Академія  України: 
 
    
   
 
Відома українська письменниця      Портрет Богдана Задури 
Оксана Забужко – лауреат 
 
    (робота Збігнєва Кресоватого). 
Міжнародної літературної премії  
імені  Миколи Гоголя «Тріумф».       
 
Лауреати Міжнародної літературної премії імені  Григорія Сковороди «Сад 
божественних пісень» – відомі письменники: українець Павло Вольвач та 
поляк Богдан Задура.  
 
 
  
 
 

 
53 
Нашій діяльності в Україні та за кордоном посприяли: 
 
   
 
 
Михайло Слабошпицький (Україна)
 –    
Славомир Мрожек (Франція)
 –
письменник, Шевченківський лауреат.     видатний польський письменник. 
 
   
 
 
Валерій Шевчук (Україна) 
–  
Григорій Гусейнов
 
(Україна) 
– 
видатний письменник та науковець, 
письменник, головний редактор  
Шевченківський лауреат. У 2014  р. –    журналу «Кур’єр Кривбасу», 
лауреат премії імені  Г. Сковороди   
Шевченківський лауреат. Публікує      
«Сад божественних пісень».   
          твори Тетяни і Сергія Дзюби. 
 
                                 
 

 
54 
Сергей Дзюба   
 
Бір күні мен соңғы өлеңімді жазамын… 
 
Бұл кітапты да мен өзімнің сүйкімді зайыбым Татьянаға арнаймын. 
Не үшін, ол біледі… 
                 Сергей Дзюба. 
 
«Чернигов станциясы» топтамасынан 
 
Беймаманның балладасы 
 
Поэзияны ұғыну үшін тыныштық қажет,  
Өзіңді бір қолымен фортепианода ойнап, 
Ал екіншісімен  өзі отырған орындықты сындырған 
Кішкентай құбыжық сезінетін 
Паузалардың ұсак кесілген кездейсок дөнгелектері емес. 
 
Сіз мінажатқа ұқсас тыныштықты білемісіз? 
Тынығу деп аталатын жалғыздық пен дерттен тұратын сусынды? 
Мен осындай тыныштықты сүйемін, 
Менін  Татьянамның өлендерін, 
Жəне жас Лина Костенконың данагөй поэзиясын. 
 
Екімыңыншының бейшара ақын қыздары! 
Көбінесе олар өзінің жастығын баяндап береді. 
Бірақта Ұлы Ағзам Əйелдің бүкіл əлемге сүюге ұсынылған 
Ең əсем жəне нəзік қолдары 
Бұл еңді махаббат емес жəне əзір поэзия да емес. 
 
Философ жаны – музыка сынды адал жəне қол жеткізгісіз. 
Мен Тəңіріні  сүйемін жəне оның бар екенін сеземін. 
Тіпті, шектен тыс толған троллейбуста да. 
Жəне сондықтан шіркеуге сирек барамын. 
Əсіресе, мейрамдарда. Өйткені онда – бос былық. 
 
Ол менің түсіме кіреді жəнеде мен ылғи да Ол туралы ойлаймын. 
Маған Онымен сөйлесу өте қызық, 
Келіссем де, келіспесем де. 
Өйткені Ол драматургияны біледі  ғой. 
Өмірімнің  соңғы сəті жөнінде сондай білгім келеді. 
 
Одан артық мен тек Татьяна жөнінде ғана ойлаймын. 
Иə, мен сүйгенді сүйемін. 

 
55 
Бəрі де бұл дүниеде махаббат жəне поэзиямен маманданып айналысуға 
болмайды дейді. 
Міне, сондықтан мен нағыз беймаманмын. 
 
Мен тіпті  Украинаның өзін сүйемін, құрғыр болса да! 
Жəне өз Черниговымды да сүйемін, 
Мейлі,  онда шық бермес шығайбайлар жəне қызғаншақтар көп бола 
берсін,   
Мейлі,  онда Бетховен данғылы жəне Шопен көшесі жок болса да, 
Бірақ, көптеген баска нəрселер бар, – міне, ең болмағанда, сол үшін... 
 
Шамасы, біздін қазіргі еқіұшты уақытта, 
Саяси аярлық, қарақшылық жəне азамат соғысының өлімтік 
иісі аңқыған уақытта, 
Ақын тым шырылдамай, 
Жерде өзін əлемнің  бөлігіндей сезініп өмір сүруге тиіс. 
 
Алайда, мен бұл əмбебап "тиіс" сөзіне кейде бағына 
бермеймін, 
Өйткені, шамасы, мен өз-өзімді тым ұнатамын. 
Енді қайт дейсіз! Мен тұнған жақсылықпын ғой: 
Себебі мен – қайырымдымын, дарындымын жəне шектен тыс 
кішіпейілмін... 
 
Меніңше  сіздер бір күні мені қуыршақ ретінде ойлап шығарасыздар, –  
Бұл тіпті  де қиын емес! –  
Туғанынан жəне өліміне  шейін 
Сөйлей алатын 
Жəне бірнəрселерді сезіне алатын. 
 
Мүмкін сіз мені аквариумдағы алтын пейілді  балықтар секілді 
Естеріңізге сақтап калғыңыз келеді. 
Мүмкін сіздің бір тілеуіңізді  болса да, дəл табармын 
Əлде, өзімнін таңғажайып мұнарамнан 
Сіздердің жөнді жəне, сонымен бірге, жын соққан əлеміңізге 
атқылармын.  
 
Бір күні сіз ең ащы шарап ішесіз 
Жəне төсекке жатасыз – кіммен, оңша манызды емес. 
Бір күні сіз өзіңізді екінші  Топан алдыңдағы біздін Жердей жалғыз 
Тот басқан ескі авто ретінде сезінесіз. 
 
Мүмкін сонда сіз көптеген адамның ғашығына жəне жауына 
Айналған мені қызғанасыз. 
Əлде, менің ешқашан да томпиған тастанды болмағанымды еске 

 
56 
түсірерсіз. 
Қызық: бір күні сіз мені міндетті  тұрде ойлап шығарасыз... 
Жəне бұл... Бұл өтірік болады...  
 
Мыстан жəне еліру жөніндегі баллада 
(өмірде болған жағдай)  
 
Бəрі жат боп, бəрібір боп тұрғанда, 
Шыбын өзі зеріккенде есінеп. 
Панна келді, мені құдай ұрғандай, 
Сыпырғымен ұшып келіп көсіле. 
 
Терезеден кірді дағы, секірді 
Ырылдаған тоңазытқыш үстіне. 
Маған бірден үйренгендей секілді 
«Мыстан қалай, бір көргенге күшті ме?» 
 
Ал мен болсам тамақ шайнап үйіндей, 
Тіл қатуға болмай қойды жолым да. 
Тыржалаңаш əйел отыр үйімде 
Жалғыз ғана сыпырғысы қолында. 
 
Ханша сынды жүріп өтті кілеммен, 
«Сен қорықпа, тимес саған салқыным, 
Су жоқ бізде, содан қатып сілемнен, 
Жуынуға келіп едім, жарқыным». 
 
...Шыбын ұйықтап, арманға көмілді көп, 
Көрші де енді əйелімен  тып-тыныш, 
Екі сағат бойы панна шомылды кеп, 
Əйелімнің  үйде жоғы қыпты күш… 
 
Шыққан бойы жылап берді: «Қағып нұр, 
Жылаймын мен сыпырғымды құшақтап, 
Ыстық су да, жылы су да ағып тұр
7

Əйел деген атағымды үш ақтап. 
  
Бəріне айтам; «Оған мін де аса сын, 
Мұндай еркек тек тереңде тұнады!» 
Мен ойладым: «Украина жасасын! 
Бір əйелге мен де, əйтеуір  ұнадым». 
                                                 
7
 90-шы жылдары, КСРО ыдырағаннан кейін, бүкіл Украина бойынша 
электроқуатты, жылуды, суық жəне ыстық суды жиі өшіретін. 
 

 
57 
 
 
Ліза Рей (Караганда, Казахстан). Зручна дівчина. 
 
 
 
Айша Галімбаєва (Казахстан). Три подруги. 

 
58 
 
 
* * *                         
Көзім күздей, шекемді де қар басқан, 
Бірақ əлі  жазды аңсайм серідей 
Сізді сүйю күнə дейді, сүймеу ше, 
Сүйгесін де сүйю керек перідей. 
 
Аяулы күз, күнəһарлау бұл пенде 
Өтіріктен  қартайғандай болады. 
Тек ғарышқа мəңгі жастық жарасқан 
Жұлдыз сыры жəне басқа мол ағын. 
 
    
Василь Слапчукке 
 
Ал біз келдік тағы да: догмадан дұғаға, 
Бізсіз жер де - тұл жетім, күтуде ол еркегін. 
Бүгін жеңдің, ал ертең ажалекең сұғанақ, 
Шындық - күнə, сондықтан алып бермес ер кегін. 
 
Бізді жерге көметін иконалар сыбыры, 
Керме қойып біздерге, соңғы жолға шығарар. 
Ал біз, Василь, дəл сіздей, əлі де болса тіріміз, 
Əлде бізден жұлдыз да аспандағы ыға ма?   
 
__________________________________  
* Василь Слапчук – көрнекті украин ақыны, Тарас Шевченко атындағы 
Украина ұлттық премиясының жəне өзге халықаралық марапаттардың 
лауреаты. Жастық шағында Ауғанстанда соғысқан жəне ауыр 
жарақаттан кейін енді жүре алмайды. Алайда батыр жігіт төзімсіз 
ауруына қарамай, университетті бітіріп,кандидаттық диссертацияны 
қорғады, демалыс күнсіз жұмыс істейді, екі бала тəрбиеледі. Өзінің туған 
Луцк пен Волынның құрметті азаматы.Ол жақта оны Окуджавадай жақсы 
көреді. 
 
 
 

 
59 
* * * 
             Таняға 
 
Жан бір скрипка шаң тозаңнан қарлыққан, 
Кейде азап шегеді ол тым биік 
Жасыңды ұмыт, ересін бе барлыққа, 
Сүйші мені бір сенбіде жын тиіп. 
 
Жан ұйқасса, үй мен нұрға асық бол 
Ғасыр өлең болмаса егер, кем маған. 
Біз жоқ жерде жақсы болса, ғашық бол, 
Париж бенен Сан Ремода сен маған. 
 
Сен демалшы өзен барып кең ағар 
Одиссейден тек кекіл  бар бұл менде 
Жан арманы табынса екен ел маған, 
Мені  сыйлап жəне өзіммен жүргенде. 
 
* * *   
Еркіндікті  армандайды бар əйел –  
Жылы ағысы Гольфстримнің дəл сондай.     
Жарасымға мін тағарың бар ма ең, 
Бірақ табу қиын оны жаршы оңбай.                                                     
 
Жаза кесіп біздің елде зиратшыл, 
Талай жанды түрлі əдіспен қинатты. 
Бірақ қыздар неге екені пилатшыл, 
Атамекен шақырғандай Пилатты.  
 
* * *  
Жасымыздың шілдесінде көріпкелдей баптымыз, 
Өзімізді түсінгенбіз аяғына шейін  біз. 
Қызықтырмас бір қап алтын, не болмаса қап күміс, 
Бізге енді Құдай керек қалған күнге кейінгі. 
 
Жөке ағашы қартаяды Бағдадтағы сопыдай. 
Деснада елірмейді  денелерден борсыған.                             
Жəне бізді кешіреді  жуынғасын со құдай. 
Қайыршы да қуанады көрсетумен зор шырай. 
 
Жасымыздың шілдесінде түндерде тез өтпелі, 
Жөкелердің қызғанышы əппақ қыстай масаңдау, 
Байқаймын... бізге əлі  үлгірмеген кезек келіп, 
Осыған біз сенейік те, ұмытайық, қашан дау. 
 

 
60 
* * *  
    Тосу 
 
Қар əлі баяу, бір сəт бақытты. 
Маған да қиын, бронхитым қозып.                     
Моцарт та тынды құсып жақұтты, 
Сігəндай мастау, сігəн емес өзі 
 
Сен де əлі, жаным, жұмыстан келмедің, 
Отырған жоқсың төсек шетіне. 
Жылуыңды маған уыстап бермедің, 
Алыстан создың кесек дертіме. 
 
Менде əлі  еркін, ерегіске толымын, 
Азапқа ие қылды өмір момынды. 
Борщ маған берген, ізгілікке  толы мың, 
Ернің емес, сенің сүйемін қолыңды.                                                     
 
* * *  
Ол бізді көрді. Бəрімізді де. 
Сондай қарапайым жəне сондай балаң. 
Ол да емес шығар. Оны қайдан білеміз. 
Жəй ғана бір шырша. Жəй ғана жаңа жыл. 
 
Қар ғана сиқырлы 
Қайтадан сені қайтарды. 
Үнсіздік ақ дертті, 
Əлде жөнсіз түсім? 
 
* * *  
Адами ағаштар көздерін ашады да, 
Таңды алақанына қабылдайды. 
Содан жер ханшайымға айналып, 
Біз көк ала аттарға айналамыз. 
  
* * *  
Иə, бұл жəй жаңбыр, ал сен сондай сұлусың, 
Ал жаратқан сені күндерде бір күн. 
Мен болжағам бұны, саған күмəн қылу сын, 
Өзіме айтам: өзіңді ұмыт, қыртым. 
                     
Бұл əлемге мен бір сəбише қараймын 
Мен де нағыз сопы шердеймін кемі. 
Иə, бұл жəй жаңбыр, тамшы биде арай мын 
Сен қарама оған. Бермеймін сені. 

 
61 
 
Барлық біздің жағдай салтанатты қойылған,  
Барлық біздің адам жөнімен жүрген. 
Иə, бұл жəй жаңбыр... Көзі оның мойылдай, 
Сондай мендік жəне мен мəңгі онымен бірге. 
                 
* * *  
Үйде оқитын ешнəрсе болмаса 
Мен əжеме звондаймын 
Қазір оған демалыс күні звондап тұрмын 
Мың тоғыз жүз алпыс төрттің 
Жиырмасыншы қыркүйегінде ғой деймін 
Содан шыдампаздығым таусылып, 
Мен туылдым ба деймін. 
 
Əже таң қалмайды бəлкім жаратқан шығар 
Оған тіпті  өте қызық, 
Алайда ол қазір шемішкі  қуырып жатқан 
Жəне мен бұл иісті танып тұрмын 
 
Жоқ мен əлі туылмаппын 
Əйтсе де несіне асығамыз 
Жексенбіде тек былшылбайлар туады, 
Ал ол мені шегелер құрметтесе екен дейді 
 
Əжемен сəл үнсіз қаламыз 
Əркім өзінікі  жөнінде 
Жəне екеуіміздің  де жүрегіміз ауырады 
Алайда маған жақсырақ 
Мен одан жаспын ғой 
 
Əжеме алғыс айтамын кім мені бүйтіп 
Жүрегімді қытықтар еді 
Ал оның көздерінен жас ағады 
Как кап 
Аман бол 
Балам 
 
Трубканы періштемен  сөйлескендей 
Қоямын 
Қалай болғанда да 
Жалғыз болса да 
Бір əжең болғаны жақсы 
Бейітіне  де бір барып келген 
Дұрыс 

 
62 
 
 
Павло Зальцман (Алмати, Казахстан). Композиція з фігурами. 
 
 
 
Абилхан Кастєєв (Казахстан). Акан Сери. 

 
63 
* * *  
 
Қыс сондай қысқа, жапон қызы сияқты 
Жəне жаңбыр сенің ертеңгі тыныш кесімің 
Біреу сүйісті ұрлағандай 
Жаным, маған боранды сүйюге рұқсат ет 
Ақ аю үшін адажионы 
Ол Науру аралындай жалғыз 
Ал ақиқат ақ періштедей 
Таңға шейін  токай сынды құриды 
о сен мені тыңдамайсың кешір ал 
темірқазық шоқжұлдызы ақындар үшін емес 
сендер бəрін қыспенен келіскенсіңдер 
түлкім менің ұйқыдағы сен орманды қалайсың 
 
        * * *                         
 
Біз студенттық жатақханада 
Мыжырайған көканада 
Таныстық. 
Бірақ, мен сені əрқашанда 
Тек ғибадатханада білген сияқтымын. 
 
Дұға оқуды түсінбеймін 
Содан есуас сынды мінəжəт етемін. 
Өйткені, мен Исусқа қарап, 
Сенің жүзіңді көремін. 
 
Сіздер ғажап ұқсайсыздар! Кімсің сен? 
Енді маған ғұмыр бойы 
Осы қорқынышты жəне 
Қызық құпияның кермесін 
Арқалау ғана қалды ма? 
 
Сені сүйіп 
Мен Оған келдім, 
Бірақ сонда, мен қайсысыңды 
Көбірек сүйемін?  
 
* * *                         
 
Анам мен əкем би билеуге жетіп  барды 
Жəне ең сұлу қос ғашық болды 
Жəне оларды жеп-жеңіл  айлар сияқты терең 
Шегі  жоқ танго аялады. 

 
64 
 
Жəне дəл осыдан кейін таң ата 
Ғажаптан ғажап мен туған періштелер үйінде 
Қайта өмір келіп,алапат  айқай шықты, 
Тек анам ғана сəбидің бірінші  өлеңін естіді 
 
Қазір бəрі өзгерді аналар билемейді 
Ал біз тек есейген ақындармыз 
Əйтсе де, балалық шаққа не жетсін, 
Танюша, кеттік, би билеуге тартайық  
 
 
* * *                    
 
Қол жетімсіз аспан 
Мұнда өз көлеңкесінен шошуда 
Жəне форточкаға біртүрлі сыбырлайды 
Сен туасың ақынды, тəңірді деп.  
 
Мен ұйықтап жатырмын. Ұйқым сондай тамаша! 
Маған тартымды енесің… 
Жəне қала тірі:  нəубəт алдындағыдай, 
Ол шамалап  біздің қанымызды ішеді. 
Кенеттен терезеде бір сəтке елес пайда болды... 
Құдай суретіндей ол кім еді? 
Сен туралы, жаным, не білемін? 
Көп пе? Аз ба? Бəрін бе?.. түк те білмеймін. 
 
* * *                         
 
Сұрама менен: сүйем бе мен? Тек алақаныма тығыл, 
Ол бізді шілдеде құшатын теңіз сынды жылы.  
Сөз деген не? Ол мəңгілік  үшін. Мəңгі  болмайтындар үшін… 
Жəне мен əдемі сөздердің мазарларын тұрғызуға шебер емеспін. 
 
Сұрама менен: сүйем бе мен? Біздің теңізіміз  тағы да түске кірсін, 
Құмарлы құдайша, киелі  азғырудай, шексіздігімен тартатын армандай. 
Ал сөздер болса, олар құстар сынды. Оларды тұзаққа түсіру оңай:   
Темір тордан көретінің:  ақ қара пейзаж жəне еститінің  запыранды 
«Қош бол».  
Сұрама менен: сүйем бе мен? Біз əлі  теңізден шыққан жоқпыз... 
Күлкілі  медузалар мұнда барлық қомақты жыр дастандардан нақты. 
Сөз деген не? Ол түтін сынды. Купала күніндегі папоротник сияқты: 
Бəрі де естіген: ол рас, гүлдейді! Бірақ біреу бір рет соны тапты ма 
екен?  

 
65 
* * *                         
Мені  өзге бояуға 
Бояды 
Жəне мен енді 
Некеден тыс сəбидің анасындай, 
Ешнəрсеге күнəлі болмасам да, 
Барлық өзіммен болған 
Нəрседен 
Қайткенде  
Ұялуға тиіспін. 
Алайда мені 
Осы күйімдеде 
Жақсы көргенге 
Мен тіпті  де асқан 
Құмарлықпен 
Жəне лəззатпен берілемін, 
Өйткені, шынында да 
Мен сіздердің əрбіреуіңді  де 
сүйемін: 
 
Жалғыз жəне ешкімге ұқсамайтындай 
Жəне сондықтан 
Сиқырлы жəне терең құпияға толы 
Құбылыстай. 
Мен сізді азғырамын 
Сізге татымды қыздай! 
Мен сізге айналамын 
Жəне барлық саяхаттарда 
Сізде менің жанымның 
Бөлігі болады. 
 
Мен тақуа əйелдей 
Сіз үшін 
Мінəжат  етемін 
Бір күні сіз 
Менің  тығыршықтай 
Жəне тойымсыз денеме жабысқанша. 
Жəнеде біз əрқашанда бірге боламыз! 
Ал қазір чемодандарыңды ұстаңдар да, 
Кетіңдер ─ болашаққа қадам басыңдар ─ 
Ол біздің болашақ... 
Жəне естеріңде болсын: 
Қандай жағдай болғанда да, 
Арамызда қандай жолдар, 
Перрондар кездессе де, 

 
66 
Сіздер ең үздіксіздер! 
Мұны сіздерге мен айтамын ─ 
Сіздердің «Чернигов» станциясы. 
 
     * * *                         
Күн батты, 
Жыл бітті, 
Сен енді басталасың: 
Сүйіліп үлгірген, 
Əлі де сүйілмеген,  
Ақ денеңмен, 
Ақ өлеңмен. 
 
Мен тағы да сенемін: 
Бұл бастау, 
Бірден таза бетке, 
Тозған бетке емес. 
Шамшырақтың отындай 
Секундтар дірілдейді. 
Жəне сенің ернің 
Елжірейді.  
Закончен день,  
Күн батты, 
Жыл бітті, 
Сен енді басталасың: 
Сүйіліп үлгірген, 
Əлі де сүйілмеген,  
Ақ денеңмен, 
Ақ өлеңмен. 
 
Мен тағы да сенемін: 
Бұл бастау, 
Бірден таза бетке, 
Тозған бетке емес.  
 
 

 
67 
 
 
 
 
Євген Кім. Кумис. Первісток 
(картини з циклу «Побут казахів»). 
 
 
 

 
68 
* * *                         
    Жапырақтар жолға түсті, 
              Олар түсті, оларға оңай... 
 
           
 
Татьяна Гнедаш   
 
Бір күні мен соңғы өлеңімді 
Жазамын 
Жəнеде кəрілікке  жетпей 
Өлемін. 
Күзгі жапырақ болып жолға құлаймын да, 
Маған оңай болады. 
 
Сен қам жеме. 
Мен бəрібір 
Сенімен кездесуге келемін, 
 
Ғибадатханадағы 
Титімдей шамшыраққа 
Көзім түсіп. 
Секундтар дірілдейді. 
Жəне сенің ернің 
Елжірейді.  
 
  
 
 
 
 
 
Графіка уйгурського художника Максута Тівамова (Казахстан) 
 
 
  

 
69 
«Менің қасиетті аяқтарым тозақша ызыңдайды» 
топтамасынан 
 
        * * *  
Күнге қар жəне алмалар 
Иісі  сіңген. 
Күн жəне алмалар 
Күн иісті. 
Біреудің өмірі 
Жерұйықтай. 
Ал біз онда – 
Сігəндармыз... 
 
* * *  
Аулада қарлығаштар 
Өте төмен ұшуда – 
Жерге тигендей. 
Əрбірінде де 
Төменгі тістелген ернінен 
Қан аққан. 
Бозаң шаңнан жəне қорқыныштан 
Бозарған көздер, – 
Біреулердің күнəлəрі үшін 
Жазаланған 
Қуыршақитардың мистикалық театры 
Асау актерларының көздері.                       
 
Бұл көздерге мен көмектесе алмаймын, 
Олардың көзқарасына 
Шыдай алсам да. 
Жəнеде жоқ монастырдың 
Əйел абызындай 
Олардың шын емес жаздың 
Кеңістігінде 
Кішірейгенін  көремін. 
Қарлығаштардың денешіктері 
Гауптвахта ауласында 
Қолдарынан ілінген 
Кішкене солдаттар сияқты... 
 
* * *   
Теңіз бен балықтар арасында 
Бір бірімізді  сүйеміз 
Тамылжып, егіліп  –  

 
70 
Қоштасар алдында.                 
 
Содан теңіз бен балыққа  
Айналамыз да, 
Салқын жағалаудан 
Өзге ғашықтарды қабылдаймыз. 
 
* * *  
Енші  маған 
Жаралы скрипканың үніменен –  
Мұнда бəрі ашық. 
 
Сенің дертіңнің 
Аясында 
Өлгім келеді. 
 
* * *  
Қансонардың қары боп келу –  
Сені əлі күткенше. 
Жəне ешкім мезі болмағанша –  
қайту: 
сендер, жергіліктілер 
не үшін 
есі дел-сал қардың 
соңғы деміне 
қиналасыңдар?  
 
* * *   
Теңізден сұлу жан 
Ауладым – 
Əлгі бір романтиктің 
Ұмытылған жанын. 
 
Жағалауға шығарсам, 
Ол – өлі екен.                                     
                                   
* * * 
Бір елде қарға тыйым салған 
Ал ол бəрібір аспаннан жауған 
Жəне өзінің кестесімен 
Терезелерді, бұтақтарды, кірпіктерді 
Көмкерген. 
Бірақ біз қар жоқ дейтінбіз! 
Ал ол келіп біздің суретімізді салған – 
Біз бұрын олай еш жерде көрінбегенбіз, 

 
71 
Бұл біртүрлі диуана қардың қол астындағыдай. 
 
* * *  
Біздің көз алдымызда 
Гефсиман бағының талдары елестеп 
Жаппай құлпыра бастайды – 
Чернобыльдағыдай.                  
 
* * * 
Жіңішке  саусақтармен, 
Қан жақтырып алмауға 
Абайлап, 
Ешкімге керек емес 
Өмір сүйекшелерін 
Алып тастаймыз. 
 
Үлкен тостаған 
Баяу айқайға толы. 
Айбатты сөздермен 
Құлақтарымызды тығындаймыз 
Бұл бізден кеткен шиелердің 
Дұғасын 
Естімеу үшін. 
 
* * *  
Бір күні менің түсіме 
Бейтаныс қала енді 
Содан мен біраз өзімнің көңілімді 
Көтерейін дедім – 
Серуендей жүріп, барлық жаққа 
Өз өлеңдерімнің шиесінің  дəндерімен атқыладым.  
 
Енді маған бастарында шие ағашы өскен 
Адамдар келеді. 
Мен мұндай адамдардың тұтас бағын білемін. 
Олар өздерінің мазасызданғанына 
Түк шағым айтпайды, 
Менің  верлибрларымды ғайбаттамайды 
Жəне жалпы өздері сондай тəрбиелі, – 
Оларға əлгі барон Мюнхгаузен 
Əзілдегендей.  
 
Ал, бірақ, мен, неге екенін, ұяламын. 
Менің  кесірімнен кейбір адамдарда 
Ыңғайсыздық туды ғой. 

 
72 
Əйтсе де, мен шиелерді сондай сүйемін! 
Жəне мен жолаушыларға ең мейірімді 
Өлеңдерімнің дəндерін атқыладым. 
 
Онда неге шие ағашты мына сұлу əйелдің  көздеріне 
Көз жасы шыққан? 
Бəлкім, дегенмен ол мені жек көретін шығар?
Əлде... сүйе ме екен?  
Құдайым-ау, 
Сен болуды қалау 
Қандай қауіпті?!              
 
 
 
Гульнара Туякбаєва (Алмати, Казахстан). Перський мотив.  
 
 
        
 

 
73 
«Фаэтон көз жасы…» топтамасынан 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет