Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет64/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

86
87


93
ЛЕК
С
ИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Апта соңында «Жеті күннің» басты жаңалықтарымен ... ғаламтордағы 
жаңалықтармен де танысамын.
А) бері
В) қоса
С) қарай
D) бұрын
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Ол өз сіңлісімен ... келе жатқан қызды танымады.
А) кейін 
В) бетер 
С) қатар
D) қарай 
88
89
Демеулік шылаулар. Күшейткіш, нақтылау мəнді демеуліктер
Демеуліктер – өздері тіркесетін сөздерге əр алуан грамматикалық мағына 
қосатын көмекші сөздер. Демеулік шылаулар лексикалық мағынасынан айырылып, 
тек көмекші сөз қызметін атқарады.
Күшейткіш мəнді демеуліктер қатарына - ақ, - ай, - ау, -да, -де, -та, -те шылаулары 
жатады. Олар сөйлемде айтылған ойға күшейткіш мəн қосу үшін жұмсалады. 
-ақ демеулік шылауы өзі тіркескен сөздерге күшейткіш мəн береді. Мысалы: 
Ауылға қазір-ақ жүріп кетсек қайтеді? 
-ау демеулік шылауы сөйлемге көбінесе эмоциялық мəн береді. Мысалы: 
Сен де кеттің
Мен де кеттім, 
Ол да кетті ауылдан. 
Осынымыз ұят болды-ау, ұят болды-ау, қауымнан! (М. Мақатаев).
-ай демеулігі күшейткіш мəнге ие. -ай демеулігі зат есімдермен болған сөздерге 
тіркессе, ол сөздерге ой екпінін түсіріп, ерекшеленіп тұрады. Мысалы: Балам-ай
абайласаң еді! Мұнда əрі жаны ашу, əрі таңырқау мəні бар.
да (де, та, те) шылауы демеулік ретінде қолданылғанда, тек бір сөзге қатысты 
болады да, сол сөзді өзге сөздерден бөліп күшейту мəнін үстейді.
Мысалы: Оның кемшілігін айттым да, тастадым.
Нақтылау мəнді демеуліктер –ды, -ді, -ты, -ті жеке сөздер мен сөз тіркестерінің 
мағыналарын, сөйлемде айтылатын өткен шақтағы сөзді нақтылап, тұжырымдай 
түсу үшін қолданылады. Мысалы: Қазақ халқының басынан осындай қилы тағдырлар 
өткен-ді.
Қой (ғой) нақтылау мəнді демеулік сөз мағыналарына нақтылау, тұжырымдау, 
мақұлдау мəнін үстейді. Мысалы: Кеше сізге бұл мəселені айтып еді ғой.
♦ Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Сондай-... ұлт зиялылары бас қосып, қазақ елiнiң алдағы мұратын талқылады. 
А) ақ
В) ау 
С) тек
D) ғана
1) ақ сөзі күшейткіш мəн үстеп тұр;
2) ау сөзі сөйлем эмоцияға құрылмаған, сондықтан көп нүктенің орнына қоюға келмейді;
3) тек сөзі шектік мағынада қолданылады жəне дефис арқылы жазылмайды;
4) ғана сөзі сөзге шектеу мағынасын үстейтін шылау, бөлек жазылады. 


94
♦ Асты сызылған көмекші сөздің беретін мағынасын көрсетіңіз.
Укажите значение подчеркнутого служебного слова.
Айтуын айтты-ау, бірақ мен нақты ештеме түсінген жоқпын.
А) тамсану 
В) шаттану
С) қомсыну
D) таңырқау
1) -ау – тамсану мағынасын білдірмейді;
2) -ау – шаттану мəнін үстемейді;
3) -ау – етістікпен тіркесіп, қомсыну мəнін білдіреді
4) -ау – таңырқау мағынасын бермейді.
♦ Көп нүктенің орнына тиісті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант. 
Бұл ... көшірме ... , түпнұсқасы əлдеқайда жақсы.
А) тек, ғой
В) ғана, ай
С) тек, ме 
D) қана, ғой
1) тек, ғой – тек шылауы есімдікпен (бұл) тіркесіп, шектеу мəнін үстеп тұрса, ғой 
шылауы көшірме екенін нақтылап тұр;
2) ғана, ай – сөйлемнің мағынасына сай келмейді;
3) тек – шектік мағынада дұрыс қолданылып тұр, ал сұраулық шылау (ме) сөйлем 
мазмұнына сəйкес келмейді;
4) қана – бұл сөзінен кейін үндестік заңы бойынша ғана шылауы тіркесуі керек əрі 
ол сөз (қана) мағыналық жағынан да бұл сөзінен кейін келе алмайды, ғой шылауы 
көшірме сөзіне дұрыс тіркесіп тұр.
«-ау» арқылы берілген сөйлеушінің көңіл күйін анықтаңыз.
Определите настроение говорящего, которое передано с помощью частицы 
«-ау».
– Балам-ау, денсаулығыңды неге ойламайсың?
А) ренжу
В) қуану
С) қолдау
D) растау
Көп нүктенің орнына көмекші сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте соответствующее служебное слово.
Бұл əнді сіз осымен бірнеше рет естідіңіз ... .
А) ай
В) тек 
С) ғой
D) ғана 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет