Тіл – ҚҰрал сөздің жүйесі мен түрлері ІІ тіл танытқыш кітеб Түзетіліб, толықтырылыб, жаңа імлә мен 6-ыншы басылыуы А. Байтурсунов Грамматика киргизского языка «Тиль-курал» Кн. ІІ. Этимология Издание 6-ое Государственное издательство К


Ескертіу. «ар» («ер»), «ай» («ей») жұрнақтар айағы дауысты сөздерге «р» болыб жалғанады. Мәселен: қысқа – қысқар, ескі – ескір. 6) Дағдыландырыу



бет16/42
Дата19.02.2023
өлшемі224,91 Kb.
#69225
түріДерексіз
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
Ескертіу. «ар» («ер»), «ай» («ей») жұрнақтар айағы дауысты сөздерге «р» болыб жалғанады. Мәселен: қысқа – қысқар, ескі – ескір.
6) Дағдыландырыу. «ар» («ер»), «ай» («ей») жұрнақтар жалғанарлық сөздер табқызыб жалғатыу.
7) «сын» жұрнақ сын-есіміне сол сынды сыйақтаныу үшін жалғанады; мәселен, «жақсы» деген сөзге «сын» жұрнағын жалғаб, «жақсысын» дейміз (жақсы сыйақтаныу үшін); «үлкен» деген сөзге «сін» жұрнағын жалғаб, «үлкенсін» дейміз (үлкен сыйақтаныу үшін).
7) Дағдыландырыу. «сын» жұрнағы жалғанарлық сөздер табқызыб, жалғатыу.


3) Сан-есім.

§14) Сан-есім нәрселердің есебін, іретін көрсететүн сөздер. Есебін көрсететүн сөздер, мәселен, бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жыйырма, отыз, қырық, еліу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың, мійлійон, түмен; бұлар есебтік деб аталады.


Іретін көрсететүн сөздер; мәселен: бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, жыйырманшы, отызыншы, қырқыншы, еліуінші, алпысыншы, жетпісінші, сексенінші, тоқсаныншы, жүзінші, мыңыншы, мыйлыйоныншы; бұлар іреттік деб аталады.


Есебтік сан-есім.

§15) Есебтік сан екіге бөлінеді.


Бірі жоғарғы көрсетілген қалыбта айтылады; ол жай есебтік. Екінші зат-есімге тіркелмей сөйленетүндігінен басқарақ айтылады: бір – біреу, екі – екеу, үш – үшеу, төрт – төртеу, бес – бесеу, алты – алтау, жеті – жетеу, бұлайша айтылыу жетіге шейін ақ бар. Бұлар жадағай есебтік деб аталады.
§16) Есебтік үлкендете саналады, мәселен: «он бір» дегенде әуелі үлкенін айтыб, сонан соң кішісін айтамыз: ол «он»ның «бірден» үлкендігінен, «еліу алты» дегенде әуелі «еліуді» айтыб, сонан соң «алтыны» айтамыз: ол «еліу»дің «алтыдан» үлкендігінен. «Жүз еліу» дегенде әуелі «жүзді» айтыб, сонан соң «еліуді» айтамыз: ол «жүз»дің «еліу»ден үлкендігінен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет