81
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Қазақ халқының негізін құраған ру, тайпалар көптеген елдерге тараған
және олар қай елде болмасын, өз атауымен аталады, олардың сөйленімдері
сақталған, таңбалары мен атаулары қоса аталған. Мысалы, хронологиялық
жағынан ең көне 1509 ж. Ферғанада жазылған Сайф аддин Ахсикентидің
«Маджму аттаварих» атты еңбегінде Өзбек ұлысындағы көшпелілердің
құрамында 92 тайпа тізімі берілген, соның ішінде, маңызына қарай,
Жалайыр тайпасы 4, Қоңырат 6, Алшын 7, Арғын 8, Найман 9, Қыпшақ
10 болып жалпы тізімнің ішінде алғашқы он тайпа арасында аталады, бұдан
басқа тоғыз тайпа (Табын, Тама, Рамадан, Үйсін, Телеу, Кердері, Қаңлы,
Оймауыт, Шеркес) солардан кейінгі орын алған. Өзбек этноқауымдастығы
ыдыраған кез де қазақ этноқауымдастығы бөлініп шыққан.
1
Сүйтіп, ғалым Б.Б. Кәрібаевтың сөзімен айтқанда, қазақ халқының қалып
та суының аяқталуына «көшпелі өзбектер» этноқауымдастығының ыдырап,
одан ордаежендік тайпалар тобының бөлініп шығуы, сөйтіп олардың «Қа
зақ» деген этникалық мәндегі атаумен жеке дербес саяси құрылымға – Қазақ
хан дығына этникалық негіз болуы алып келеді.
2
Қазақтың тайпалар одағынан тұратын жүздері V – VIII ғасырдағы түрік
қағанаты кезеңінде пайда бола бастады.
«Ұлы жүз: албан, суан, жалайыр, қаңлы, шапырашты, шанышқылы,
сіргелі, ошақты, қатаған, сарыүйсін; ноқтаұстары – жалайыр.
Орта жүз: арғын, найман, қыпшақ, керей, уақ, қоңырат; ноқтаұстары
– тарақты.
Кіші жүз: он екі ата Байұлы (адай, алшын, жаппас, масқар, беріш, таз,
есентемір, алаша, байбақты, ысық, ызылқұрт, тана, шеркеш,); алты ата
– Әлімұлы (шөмекей, шекті, төртқара, қаракесек, кете, қарасақал); жеті
ата – Жетіру (жағалбайлы, кердері, табын тама, керейіт, тілеу, рамадан)
атты рулардан тұрады», – деп көрсетіледі. (Ш е ж і р е // Ана тілі. 1991)
Қазақтың көшбасшысы руларынан тұратын
Ноқта ағалары (Жалайыр,
Тарақтылар мен Әлімұлылар) ешқандай артықшылықты пайдаланбаған,
қайта, керісінше, өз топтарында екінші қатарда болып келген.
Ұлы жүз өмірінде Дулаттар, әсіресе Қаңлылар көрнекті рөл атқарған, ба
тырлар, қолбасшылар мен саяси жетекшілер солардың арасынан көп шыққан.
Орта жүзде Арғындар мен Наймандар көрнекті рөл атқарған.
Кіші жүзде Алшындар арасында Байұлылықтар бірінші орында болды.
1
Мына кітап бойынша: . Қ а й д а р Ә. Қазақ қандай халық? – Алматы: Дайк – Пресс, 2008.
431 – бет.
2
А м а н ж о л о в С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы, 1959.9
10, 1220 – бб.
3
Қараңыз: Қ а й д а р Ә. Қазақ қандай халық? – Алматы: Дайк – Пресс, 2008. 440441 бб.
4
Қараңыз: Қ а й д а р Ә. Аталған еңбек. 444445 – беттер.
Әл
еуметтік лингвистика
82
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Әл
еуметтік лингвистика
Ғалым Ә. Қоңыратбаевтың құладала қазақ жері шығыстан батысқа қарай
үш аймаққа бөлінетінін айта келіп былай дейді: Бірінші бөлік: Ұлы жүз
(дала) – Үйсін даласы. Ол Жетісу жері: Шығыс – Қаратал өзені, батысы – Шу
мен Қаратау, Балқаш өңірі. Бұған Қаратаудың Шыршық, Ангрен, Сыр, Арал
өңіріне созылған Қаңлы даласы қосылды. Бұл даланы ежелден Үйсін мен
Қаңлы мекендеген. Олар көне Ғұнның тұстасы. Кейін бұл өңірге Шығыстан
Жалайыр тайпасы келіп қоныстанды. Осы үш үлкен тайпаның негізінде Ұлы
жүз (Үлкен орда) құрылды. Ұлығы жалайыр елі болды. Ұлы жүздің таңбасы
– «Жалау» [I] (ту), ұраны – Бақтияр... Екінші бөлік: Орта жүз (дала) –
Қыпшақ даласы. Кейін ол «ОғызҚыпшақ», «Дешті Қыпшақ» атанды. Бұған
Найман, Керей, Уақ, Қыпшақ, Арғын және Моңғол ішінен шыққан Қоңырат
деген алты тайпа енген. Олардың ұлығы Арғын болған. Үшінші бөлік: Кіші
жүз (шекті дала) – Алшын даласы. Бұл даланы негізінен Шыңғыс хан зама
нынан бұрын шығыстан батысқа қарай Қыпшық – Қаңылыға қосылып, үдере
көшіп келген Алшын тайпасы жайлады.
1
Үш жүздің арғы атасы ерте замандардың өзіндеақ сөзге, сөйленімге, тілге
еркеше мән берген. Ерте замандардың өзіндеақ «тіл тас жарады, тас жар-
маса, бас жарады», «Басқа бәле тілден» деген де екен.
Ру, тайпа сөйленімдері өте бай. Осының бәрі тілде қолданыла бермейді.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, тайпа саны Ұлы жүзде – 23, Орта жүзде –
24, кіші жүзде – 33. Демек, сексеннен аса тайпа ішінде сан алуан ру бар,
барлығының өзіндік
атауы мен таңбасы, ұраны бар.
2
Бір ғана Қаңлы
тайпасының сөйленімінде қырықтан астам атауы бар, олардың баршасы
бір буынды
кан / канг / қаң (өзен мағынасындағы апеллятив) түбір сөзден
тараған және барлығы да
қаңлы этносына қатысты ұғымды білдіреді.
Олардың тізімі жасалған.
3
Бізге керегі – Қаңлы сөйленімінде кездесетін тайпаның тармақтары
мен этностық (аталық, рулық, әлеуметтік т.б.) топтарының атаулары. Атап
айтқанда, сексенге жуық атау тізімге енген.
4
Қазақтың ру, тайпа сөйленіміне тән төл лексикалар алуан түрлі, солардың
бәрі «этносөздердің» өзі, кем дегенде, үш мың үш жүз – төрт мыңдай
бірліктен тұрады. Атап айтқанда, үш жүз тайпа атауы, үш мың ру атауы, со
ларды қамтитын жүз, ру, тайпа атауы бар, «Ұлы жүз», «Орта жүз», «Кіші
жүз» атау және бар.
Қазақы рутайпа сөйленімдерінде бейнеленген мұралар мыңдаған атау
лар мен ауызша әдебиет, ауыз әдебиеті, мақалмәтел, шешендік, ғибрат сөз
үлгілері және олардың ұзынырғасы біздің заманымызға өз мәртебесін сақ
тай отырып жетті.
Қазақ рутайпа сөйленімдері қолданылған нақты
өмір салалары бізге
белгілі, олардың кейбіреуін атауға болады. Солардың ішінде ерекше бір
қолданылу саласы – сөз өнері мен ауыз әдебиеті.
83
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Руға байланысты шығармалар аз емес. Мысалы, «АйманШолпан» жыры,
ондағы рубасылары – Маман мен Көтібар.
Әлбетте, «Қазақтың осы күнгі ұзақ эпостарының бастамалары ерте за
ман дардағы патриархалдықрулық құрылыс кезінде Үйсін, Қаңлы, Қоңы рат,
Керей, Қыпшақ замандарында әр рудың өз тәуелсіздіктерін сақтап қалу үшін
күрескен адамдардың істерін ерлікке айналдырып жыр еткен»
1
, дейді Қ.
Жұмалиев пен М. Ғабдуллин.
Тайпалық эпостардың негізінде ел тілегі жатады. Ғалымдарымыз «Қобы
лан ды», «Алпамыс», т.с.с жырларының негізгі идеясы өз Отанын басқа ел
дер дің шабуылынан қорғау, жау қаншама көп, қаншама күшті болса да,
жыр да халық өз батырларын үстем етеді. Эпостар негізінде елдік мәселесі
де жатады. Ал елдік күші бірлікте, сол себепті тайпа «Бірлік болмай, тірлік
болмайды» деген.
Тайпалық эпос – тайпа мәселелеріне арналған тайпаның төл шығармасы.
Бірақ ол жатқа айту барысында немесе көшірулерден кейін бір нұсқа негізінде
бірнеше нұсқаға айналуы мүмкін. Барлық нұсқада ру, тайпа өзгеріссіз
қалады. Мысалы:
Кешегі өткен заманда,
Қарақыпшақ Қобыланды,
Атасы мұның Тоқтарбай
Халықтан асқан болды бай...
Жаз жайлауы Көзді көл
Көзді көлді жайлаған
Қалың Қыпшақ жағалай...
(Қазақ эпосы. Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы,
1958, 23 бет). Немесе:
Бұрынғы өткен заманда
... Жиделі Байсын жерінде
Қоңырат деген елінде
Байбөрі деген бай шықты
Тоқсан мың екен қорасы
...
Ұлыңның аты Алпамыс
1
Ж ұ м а л и е в Қ., Ғ а б д у л л и н М. Қазақ эпостары туралы//Қазақ эпосы.Алматы:
Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1958, 910 беттер;
1
А с қ а р О. Қара өлеңнің қайнары // Қара өлең, Алматы:Жалын, 1997. 4бет.
2
С о н д а .5бет;
3
С о н д а.
Әл
еуметтік лингвистика
84
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Әл
еуметтік лингвистика
Қалмақтармен болар қас...
(Қазақ эпосы. Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы,
1958. 224бет).
Немесе
Алпыс үйлі Арғынның
Тоқсан үйлі Тобырдың
Қабыл болды тобасы.
Қайнады майға қазаны
Қарақасқа жем беріп
Қамбардың бар деп тұлпары
Алашқа барды дабысы,
Кедейсің деген кісіге
Қылмайды батыр намысты.
(Қазақ эпосы. Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы,
1958. 418бет).
Тек мәселесі барлық қазақ эпосына тән деуге болады.
Қазақ рутайпа эпостарының басты кейіпкерлерінің бірі – басты кейіп
керлі (мысалы, батырлардың жары). Олар кейде батырдың көмекшісі, кей
де ақылшысы (Құртқа), кейде батырға дем беруші, қиынқыстаудағы серік,
жанқиысар досы (Ақжүніс), қайсы бірде алдыартын болжағыш, батырды
жұртқа үлгі, елге тұлға деп қарайтын ақылды әйел бейнесінде суреттеледі
(Назым).(Қазақ эпосы. Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет бас
пасы, 1958. 15бет)
Қазақтың «
Қара өлеңі» – көненің көзі. Мұндағы «Қара» атауы осы арада
заттың түсін білдіретін негізгі мағынасынан әлдеқайда кең ұғымда. «Қара
өлең, Оразақын айтқандай, әлемнің алғашқы қалпы, ежелгі, байырғы де
ген ұғымды білдіреді. Демек, «қара өлең – дегеніміз – ежелгі сөз ұланту.
Байырғы өлең – өлеңнің бастапқы қалпы деген сөз»
1
Ал «Өлең» ұғымы бол
са, ол бізге тозбай жеткен, тегі көне Қыпшақ тайпасы сөйленімінің «ұла»
деген сөзі.
Рутайпа ақындары:
«Қара өлеңге келгенде қақалмаймын,
Күндізтүні өлеңнен бас алмаймын.
Іріктелген алтындай өлеңімді
Көрінгенге қор қылып шаша алмаймын», деген ғой.
1
А с қ а р О. Қара өлеңнің қайнары // Қара өлең, Алматы:Жалын, 1997. 18 бет.
1
И л ь м и н с к и й Н.И. Материалы к изучению киргизского наречия// Ученые записки
Казахского университета. Т.ІІІ. Казань, 1861. 108бет.
2
На память о Н.И.Ильминском. Казань, 1982. 149бет.
85
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Қара өлең – арғы тегі ру мен тайпадан тараған арғы ауыз әдебиетінің
мүрасы. Сол ауыз әдебиетінің арғы атасы – қара өлеңмен ұштасқан эпостық
поэмалар мен тұрмыссалт жырлары. Керек десеңіз, қара өлеңнен де ықшам
мақалмәтелдердің өзінде қара өлеңнің нышаны бар. Ауыз әдебиетінің ең
әріден келе жатқан түрлерінің бірі – айтыс, ол да қара өлеңнің бел баласы.
3
Қазақ «ұлы ақын өзінің ұлттық топырағында туады» деп тегін айтпаған,
мұнда қазақ өлеңжырларының түп атасы болған қара өлеңге уызына
жарығандық ескерілген.
Шіркін, қара өлеңнен ғұмыр бойы нәр алу үстіндегі ақынымыз Оразақын
тауып айтқан: «Қара жердей мәңгі, қара жолдай даңғыл, қара таудай байырғы,
қара ормандай қалың қазақтың қара өлеңін қара щаңырақтай қастерлеп,
көзіміздің қарашығындай сақтайық» 1. Өйткені «Қара өлең – қазақтың
ежел гі ру тайпасының байырғы сөз саптау мен халықтық әдеби тілінің қақ
төріндегі мәңгі өшпес өзіндік өнері.
Тікелей қазақ тайпаларының тіліне, сөйленіміне байланысты бөгде ұлт
ғалым дарының тартымды пікірлері баршылық. Бірер мысал келтірелік.
Академик Василий Васильевич Радлов түркі тайпалары халықтық әдебиет
үлгілері туралы еңбегінде («Образцы народной литературы тюркских пле
мен» Т.III. СПб, 1870) қазақ туралы «... смотрит на ритмическую речь как на
высшее искусство в мире» деген екен.
Радлов В.В. «Сибирские древности...» (СПб., 1986) еңбегінде «қазақтардың
өткен жүз жылдығы тарихынан бізге мәлім болып отырғандай, егер де ол шетсіз,
шексіз далада соншалықты тентіреп көше берген, соншалықты ұрыстар мен
шапқыншылықты басынан өткерген болса, онда кез келген отырықшы тайпа
баяғыдаақ қырылыпжойылып кеткен болар еді, көшпенділер үшін бұл бақытты
кезең болды, өйткені нақ осы жағдайларда қазақтардың байлығы тасып, ықпалы
артқан.
Кең байтақ далада өмір сүрген қазақтардың тілі жағынан да тұтас бірлікте
болып, Каспий теңізі мен Жоғары Ертіс қазақтары тіліндегі диалектілік
айырма шылық оншамұнша аңғарылмайтынын» атап көрсеткен.
Қазақ тілін зерттеген Николай Иванович Ильминский қазақ көшпенді
тайпасының шешендік сөзін мадақтап былай деген: «...красноречие и поззия,
всегда просветавшие в кочевых племенах, значительно развиты и у киргизов
(казахов – Б.Х.)...».
1
Тағы бірдегі айтқан сөзі осы пікірін еске түсіреді: «… я
полюбил киргизский (казахский – Б.Х.) язык, характерный, сохранивший в
себе много следов древнего тюркского быта... Киргизская степь окончатель
но воспитала во мне уважение вообще к народному языку, на который я стал
смотреть как на подлинный документ для лингвистических исследований,
тогда как книжный язык представляет более или менее искусственную, слу
чайную смесь разных языков и наречий».
2
Қазақ хандығы тұсында рутайпа тілдері мен сөйленімдері қазақтың
Әл
еуметтік лингвистика
86
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
халық тық тіліне айналды. Бұл ретте Академик Р.Ғ. Сыздықтың сөзі
әлеуметтік линг вис тикалық сипатты болды: «Қазақ хандығы тарих сахна
сына шыққанда оған қызмет еткен тіл – қазақ тілі болды, өйткені бұл тіл
– осы хандықты құрған қаң лы, қыпшақ, алшын, арғын, найман, керей, жа
лайыр, тағы басқа да рутайпалар сөйлейтін тіл болды. Қазақ тілі аталған ру
тайпаларды бірбірімен табыстыратын ұйытқы хандықты құрған күштердің
бірі болған дейміз, – дейді ол. Сонымен қатар бұл тіл қатынас құралы ғана
емес, хандықтағы жұртшылықтың (адамдардың) мәденирухани талабын
өтейтін толыққанды әдеби тіл болған. Тіл бұл сипатқа хандық құрылған
кезден бұрындары ие бола бастаған. Өйткені тіл және оның өзі немесе
қарапайым тіл, әдеби тіл, ауызша тіл, жазба тіл деген түрлері бір сәтте, бір
жылда пайда болмайтыны мәлім».
1
Осы орайда ғалым былай дейді: «ХV
ХVІІІ ғасырлардағы өлеңтолғауларда және осы жыраулардың аузынан
шыққан деп танылатын бірқа тар батырлар жырларында бұл күнде қалың
оқырманға түсініксіз жеке сөздер мен сөз тіркестері кездеседі. Олар тек сол
ғасырларда пайда болған сөздер емес, негізінен, әріден келе жатқан, ХV
ғасырдан бұрын толғап өткен ақынжыраулардан келген көрікті сөздер».
2
Қазақтың халықтық тілі – бірыңғай, біртұтас (монолит) тіл. Бірақ қазақ
халқын құраған әр түрлі ру, тайпалардың сөйленімдерінен нәр алған алтын
дән дер енген. Олардың халықтық тілдегі орыны айқындары да бар әлі күнге
тұспалдап табуға болатындары да кездеседі, ал дені ежелден барлық ру,
тайпаға ортақ болып орныққан.
Қорыта келгенде айтарымыз солежелгі қазық рутайпа сөйленімдерінің
қазіргі қазақтың халықтық тілі мен аймақтық сөйленісі құрамында сақталған
сарқыншағын алтай тілдері жанұясының төл мұрасы ретінде алып, қазіргі 35
түркі тідері мен диалектілерімен және жазба түрде сақталған 6 көнетүркілік,
ортағасырлық ескерткіштер тілдерімен қабаттастыра айналысқа түсірсек,
ол қазақтың халықтық тілінің ұстынына айналады. Бұл бір. Екіншіден,
алтай тілдерінің арғы тегін (архетип) анықтауда, үшіншіден, олардың ал
тай тілдері жанұясының өзге этностармен тілдік қатынасын айқындауда өз
үлесін қосады.
Қазақ ру, тайпаларының шығу тегі, көне түркі тайпаларына туыстық
қатынасы туралы алуан түрлі пікірлер кездеседі, оларды сараптап бір
қорытындыға келу – уақыт уағызы.
Әл
еуметтік лингвистика
87
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Альманахтың бұл айдарында тілдің адам мен қоғам өміріндегі маңызы
туралы жазылған классикалық еңбектер ұсынылады. Бұл айдарды немістің
ұлы ойшылы, жаңа бағыттағы тіл білімінің негізін салушы Вильгельм фон
Гумбольдт еңбегімен бастадық, себебі, тіл мен ұлттың ажырамас бірлігін,
халықтың өзіндік «менінің» тілде сақталатынын алғаш ғылыми негізде
дәлелдеген ғалымның ойлары біздің тіліміздің бүгінгі өзекті мәселелерімен
сабақтас екендігі түсінікті. Сонымен бірге, осындай еңбектерден соң
халық пен тілдің ажырамас бірлігін аңғартатын афоризмдерді де жария-
лап тұрмақпыз.
Вильгельм фон Гумбольдт
Адамзат тілдері құрылымының ерекшеліктері
және оның адам баласының рухани дамуына
ықпалы туралы
Адамзат баласының халықтар мен тайпаларға бөлінуі және олардың
тілдері мен диалектілерінің айырмашылығы өзара сабақтас, дегенмен олар
тағы бір үшінші жоғары деңгейдегі құбылысқа да тәуелді болады, ол –
мейлінше жаңа, мейлінше жиі жасалып тұратын адамның рухани күші...
Сандаған халықтар тілдерінің пайда болуындағы тәсілдердің ортақ
шешімдері көрініс табатын тілдерді салыстырмалы түрде зерттеуде, олардың
алуандығын мұқият зерделеуде, егер тілдің халық рухын қалыптастырумен
байланысы қарастырылмаса, онда олардың өзінің жоғары мақсатына
жетпегені.
Халықтың шынайы болмысына және тілдің ішкі байланысына бойлау...
жалпы рухани ерекшеліктерді зерттеуге бүтіндей тәуелді.
Тіл ішкі өзіндік таным мен көріну үдерісінде болатын ішкі болмыстың
органы, болмыстың өзі.
Тіл өзінің тамырындағы барлық нәзік өскіндерімен халық рухымен бай
ланысты және соңғысы тілге мейлінше кеңірек ықпал еткен сайын оның
дамуы заңдырақ әрі аса бай болмақ.
Тіл өзінің өзара тәуелді байланыстарында халықтың тілдік санасының
жемісі болатындығы жөніндегі көзқарасқа бармайынша тілдің пайда
болуының ішкі тыныстіршілігін, оның аса маңызды ерекшеліктерінің
қалыптасуын толықтай шешу мүмкін емес.
Бұл арада тілдерді салыстыра зерттеуге материал іздеудің қажеті шамалы,
өйткені, ол өзінің табиғаты жағынан тек тарихи болатындығы белгілі; бірақ
бұл арада тек осы жолмен ғана құбылыстардың бастапқы байланысына бой
лаймыз және тілді іштей өзара байланысты организм ретінде танимыз, бұл
өз кезегінде әрбір құбылысқа жекелей дұрыс баға беруге мүмкіндік жасайды.
Әл
емдік ақыл-о
йдан
88
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Тілдің жасалуы адамзаттың ішкі қажеттілігімен сабақтас. Ол адамдардың
қоғамдағы сыртқы қарымқатынасының құралы ғана емес, тіл адамдардың
та би ға тымен бітіскен және оның рухани күштері мен көзқарастардың қалып
та суының негізі. Егер әрбір тілді, сонымен бірге тілдер қатарын адамның
осындай қажеттілігін өтеуінен туған қадам дейтін болсақ, онда адамзаттың
тіл жа саудағы қуаты толықтай және ішінара қашанда адамзаттың қажетті
талаптарын толық қанағаттандырғанша жалғаса береді. Осы сипатқа орай,
тіпті өзара тарихи ешқандай байланысы жоқ тілдер мен тілдік семьяларды
олардың жасалу үрдісіндегі әр түрлі деңгейлер деп қарауға боларлық. Олай
болса, сыртқы жағынан бірбірімен бірікпейтін құбылыстардың байланысын
олардың шығармашылық даму қуаты өрістейтін жалпы ішкі себептерінен
іздеу қажет. Тіл жалпыадамзаттық рухани күшті үнемі қозғалысқа түсіретін,
ынталандыратын құбылыстардың бірегейі. Басқаша айтқанда, бұл арада
тілді толық ашу үшін оның қызметін ашуға талаптанған дұрыс.
...Тілдердің тууы рухани күштің пайда болу себептерімен орайлас және
тіл қашанда рухани күшті ынталандырушы принцип. Тіл және рухани
күштер бірбірінен жеке тұрмайды және бірінің соңынан бірі ермейді, олар
сананың бөлшектенбейтін қызметін құрайды. Өзінің тілін адам қызметінің
құралы ретінде еркін қалыптастыра отырып, халық сонымен бірге қандай да
бір биікке жетеді; көркем шығармашылықтың жолы мен саналылыққа жете
отырып, керісінше, халық енді тілге ықпал етеді.
Халық тілінің рухани төлтумалылығы мен құрылымының бірбіріне
терең еніп кеткені соншалықты, нәтижесінде олар бірбірінен өрістеп оты
рады. Саналы әрекет және тіл өзара бірбірін қанағаттандыратын форма
ларды ғана жасап шығуға ықпал етеді. Тіл халық рухының сыртқы көрінісі;
халықтың тілі оның рухы, халықтың рухы оның тілі, дәл осылар сияқты
бірбіріне тең нәрсені табуды елестетудің өзі қиын. Олардың біртұтас және
біздің түсінігіміз жетпейтін бастаулар екенін ұғыну біз үшін түсіне алмайтын
мәселе. Олардың қайсысының басымдықта екенін анықтауға әрекеттенбей
ақ, халықтың рухани күшінен біз нақты анықтаушы принципті және тілдердің
әр түрлі болуының шынайы негізін аңғаруға тиіспіз, өйткені халықтың ру
хани күші оның өмірлік және дербес құбылысы болса, ал тіл соған тәуелді.
Тіл халықтың мұраттары мен көзқарастары құйылған, сақталған және
ұр пақ тарға берілетін құтысы.
И. Гердер
Халықтың тіліне шабуылдау – оның жүрегіне шабуыл жасау деген сөз.
Г. Лаубе
Әл
емдік ақыл-о
йдан
89
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Әр адамның ана тіліне деген қатынасынан, оның мәдени деңгейі ғана
емес, азамат ретіндегі бағасы да аңғарылады.
К. Паустовский
Тіл – «менің» және әлемнің қосылатын тұсы.
Х.Г. Гадамер
Не атау, не діни сенім, не бабалар қаны адамды бір халықтың өкілі ете
алмайды... Кім қай тілде сөйлесе, ол сол халықтың өкілі.
В. Даль
Тілді өзгерту – ойлауды өзгерту.
С. Аверинцев
Тіл – болмыстың ұясы.
М. Хайдеггер
Әрбір тіл – белгілі бір логика.
Э. Золя
Халықтың мәңгілігі – оның тілінде.
Ш. Айтматов
Адаммен оның түсінетін тілінде сөйлессең, сен оның басымен сөйлескенің,
егер оның ана тілінде сөйлессең, онда жүрегімен сөйлескенің.
Н. Мандела
Тіл – халықтың аса зор қазынасы. Оны бағаламау туған халқын
құрметтемеумен бірдей.
И. Мелеш
Отан деген, бәлкім, ең алдымен тілің болар.
Мартин дю Гар, Роже
Белгілі бір аумақтағы әрбір тілдік бірлік қашан да алдыңғы саяси бірліктің
нәтижесі.
ОртегаиГассет
Әл
емдік ақыл-о
йдан
|