Тұқым қуалайтын аурулар


Ағзалардың тіршілік қабілетіне байланысты гендер былай жіктеледі



бет67/95
Дата10.12.2022
өлшемі2,2 Mb.
#56310
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95
Байланысты:
Цитттт

Ағзалардың тіршілік қабілетіне байланысты гендер былай жіктеледі:
Летальды гендер, ағзаны өлімге душар ететін гендер.Сублетальды гендер – ағзаның көбеюі ұрпақ қалдыру қабілетінің бұзылуына, тіршілік әрекеттерінің төмендеуіне не жойылуына себеп болатын гендер.Нейтральды гендер немесе бейтарап гендер ағзаның тіршілік қабілетіне әсері жоқ гендерДНҚ-ның құрамында едәуір ұзындықты алып жатқан қайталанып орналасқан нуклеотидтік жүйелер болады. Ол учаскелерде нуклеотидтердің ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған көшірмелері кездеседі. Бұл көшірмелердің қызметі әлі толық анықталмаған.
Кластерлі гендер- бұл әртүрлі гендер тобының қызметіне байланысты, хромосомалардың белгілі бір бөлігінде орналасқан. Құрылымдық гендердің ерекшелігі оперонның құрамына кіреді, оны кластерлі гендер деп атайды, бір (жеке) полицистронды а-РНҚ қалыптасып, жалпы қызметтер орындалу барысында ақуыз өнімдері түзіледі. Бірнеше қатар жақын орналасқан құрылымдық гендерді кластерлі гендер деп сипатталады, осы барлық гендерден а-РНҚ түзіліп жалпы бір қызметтің орындалуын бақылайды.

11-билет Транскрипция анықтау сипаттау.Транскрипция – бұл ДНҚ –дан аРНҚ – ға генетикалық ақпаратты көшіру процессі, РНҚ-полимераза көмегімен ядрода өтеді. ДНҚ-ның екі тізбегі қызметіне байланысты ерекшеленеді. Бірінші тізбек – кодтаушы немесе мағыналы, екінші тізбек – матрицалық (ақпараттық). Тек матрицалық тізбек транскрипцияланады. ДНҚ транскрипциясы инициация, элонгация және терминации сатыларынан тұратын ДНҚ екі тізбегінің бірінен РНҚ молекуласы синтезделетін матрицалық үдеріс. Инициация - алғашқы нуклеотид аралық байланыс РНҚ-полимеразаның промоторымен байланысуынан басталады. Осы кезде белгібір жерден ДНҚ тізбегі тарқатылып транскрипциялық «көзше» пайда болады. Прокариоттарда РНҚ-полимераза Прибнов бокстың нуклеотидтер қатарындағы (сигма) – факторды таниды, соңынан оған екі  тізбегінен, (бета) (бета штрих) және  (омега) суббірлігінен тұратын кор-фермент қосылады. Элонгация - РНҚ тізбегінің ұзаруы, транскрипцияның басталу нүктесінен басталып және терминациялық сайтта униполярлы, консервативті және комплементарлы ұстаныммен аяқталатын үдеріс. Терминация- транскрипцияның аяқталуы, геннің терминациялық сайт қатарындағы ГЦ-ға бай бөлігінде бір тізбекті РНҚ молекуласының бөлініп шығуымен аяқталады. ДНҚ әрбір бөлігінде транскрипцияның аяқталуынан кейін екі тізбекті ДНҚ молекуласы бастапқы қалпына келеді.
Транскрипция процесі 5*→3* бағытында жүреді. Транскрипция процесінің көрінісі Геннің түрлі элементтері қамтылған транкрипция бірлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет