12-,билет a-РНҚ синтезінің матрицалық принципі, транскрипция мен репликация арасындағы айырмашылық. Транскрипцияның алғашқа өнімі немесе ядролық РНҚ, цитоплазмалық РНҚ қарағанда активті емес (жетілмеген) және одан әлде қайда ұзын болады. Жетілмеген ядролық РНҚ құрамында ақпараты бар, кодталатын қатарлардан (экзондардан) және ішінде ақпараты жоқ немесе кодталмайтын қатардан (интрондар) тұрады РепликацияАғзалар жасушалардың бөлінуі нəтижесінде өсіп, жетіледі. Микроспекирометрия əдісімен зерттегенде жасуша бөлігіндегі ДНҚ молекуласында екі есе көбейетінлігі дəлелденеді. ДНҚ молекуласының екі еселеніп өсуі ДНҚ репликациясы деп аталады (лат. replicatio - «қайталау»). Ақпараттық РНҚ (а-РНК) жасушада барлық РНҚ ның 1% ден 10% дейін құрайды. а РНҚ ДНҚ молекуласының бөлігіне комплементарлы, белгілі ақуыз синтезі туралы ақпаратты тасымалдайды. Ақпаратты оқу барысында аРНҚ ұзындығы ДНҚ бөлігінің ұзындығына тәуелді. ақпаратты ДНҚ молекуласынан көшiрiп алып цитоплазмаға белок синтезделетiн жерге жеткiзедiю51---АУУГАУАЦАУУГУГЦ---3
13-билет Транскрипция процесіне қатысатын ферменттер.
Транскрипция – бұл ДНҚ –дан аРНҚ – ға генетикалық ақпаратты көшіру процессі, РНҚ-полимераза көмегімен ядрода өтеді. Транскрипция жүру ушін міндетті түрде қосарланып ширатылған ДНҚ-тәзбектерінің тарқатылуы тиіс. ДНҚ тізбегінің тарқатылу процесіне β және βˊ-штрих суббірліктеріне қатынасып РНҚ-полимеразаның катализдік орталығын түзейді. ары транскрипция процесі РНҚ-полимеразаның тек кор-ферменті арқылы іске асырылады. РНК полимеразада нуклеотидтермен байланысатын екі сайт: инициация сайты және элонгация сайты болады. Инициация сайты тек пуриндік үшфосфаттармен – аденозинүшфосфатпен АТФ және гуанозинүшфосфатпен ГТФ байланысады. Синтезделетін а-РНК тізбегіндегі ең бірінші нуклеотид осы АТФ болады. Бұл, ДНҚ молекуласындағы транскрипцияланатын бірінші азотты негіз нуклеотид – тимин Т екенін білдіреді. Ізінше РНҚ-полимеразның элонгация сайты ДНҚ тізбегіндегі келесі нукллеотидке комплементарлы нуклеозидүосфатпен байланысады. А-РНҚ молекуласындағы 1 және 2 нуклеотидтер арасындағы байланыс түзіледі, осы кезде ДНҚ тізбегіндегі бірінші азотты негіз сйтынан алыстайды. Түзілген динуклеотид а-РНҚ сутекті байланыстар арқылы ДНҚ-мен жалғанған күйде болады. Бұл жағдайда инициация кезеңінен аяқталып, келесі кезең –элонгацияның немесе а-РНҚ –ның синтезінің жүріп жатқанын көрсетеді. Транскрипцияның қайталану циклы а-РНҚ-ның келесі қайталанған синтезін қамтамасыз ету үшін кор-ферменттің бос σ-фактормен қосылып холофермент түзуімен басталады