Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


үздік білгірі. Оны дұрыс пайдалана білу қажет



Pdf көрінісі
бет17/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

үздік білгірі. Оны дұрыс пайдалана білу қажет» («Букейханов 
– лучший знаток края. Его необходимо умеючи использовать»
48

деген сөзі дәлел болады. Көп ұзамай 1925-жылдың соңы мен 
1926 жылдың басында СССР Ғылым Академиясында одақтас 
және автономиялық республикаларды зерттейтін академик 
А. Е. Ферсман басқарған арнаулы комитет құрылды (Особый 
комитет АН СССР по исследованию союзных и автономных ре-
спублик). Сәлімгерей Қаратілеуұлы 1929 жылдың 2 шілдесінде 
Алматыда НКВД тергеушілеріне берген жауабында «Ака-
демия (СССР Ғылым Академиясы) Қазақстаннан зерттеу 
жұмыстарына тапсырыс алған соң, ол Швецов арқылы 
оның жақсы танысы – Бөкейхановты Қазақстанның 
теңдессіз білгірі ретінде дереу жұмысқа шақырғанын», 6 
шілде күнгі тергеуде «ҒА-сымен келісім жасағанда (Қазақстан 
халық комиссарлар кеңесі мен СССР Ғылым Академиясының 
арасындағы келісім) экспедицияның жетекшісі экспедици-
яны өзі таңдаған адамдарымен жасақтауға тиіс деген пун-
кты болғанын»
49
атап көрсетеді. Шынында да 1926 жылдың 
шілдесінде Ә. Бөкейхан А. Ферсманның шақыруымен Қазақстан 
бойынша сарапшы болып арнаулы комитеттің құрамына 
қабылданады [№ 22-сурет].
Келесі жылы Қазақстан ХКК-нің өтінішімен Қазақ АССР-ін 5 
жылға жоспарланған кешенді зерттеу басталып, сол жылдың жа-
зында Ә. Бөкейхан СССР Ғылым Академиясы антропологиялық 
экспедициясының экономикалық зерттеу партиясын бастап 
Қазақстанның ол кездегі Адай оязы – қазіргі Маңғыстау мен 
Атырау облыстарына аттанады. Зерттеу жұмыстарының бары-
қазан айынан 1923 жылға дейін Қазақ-Қырғыз АССР ХКК-нің төрағасы, 
Бүкілресейлік коммунистік (бәлшебектік) партиясы Қазақ-Қырғыз бюросының 
хатшысы.
48 Алаш қозғалысы, 3-том. – «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008 ж.
49 Ә. Бөкейхан, С. Қаратілеуұлы, М. Дулатұлы сынды Алашорда 
қайраткерлерінен 1929 жылдың мамыр-шілде айларында жауап алған тер-
геу материалдарының мұрағаттық көздерін дәл сілтеп көрсету мүмкін емес. 
Өйткені бұл үзінділер 1992 жылдың көктемінде Қазақстанның Қауіпсіздік 
комитеті (ол кезде әлі КГБ) мұрағатынан қолмен көшіріп алынды.


32
сында Ә. Бөкейхан қасына, НКВД-ның тергеу материалдарының 
мәліметі бойынша, С. П. Швецовты, Алаш қайраткерлерінің 
естеліктеріне сәйкес С. И. Руденконы серік етіп досы әрі 
бұрынғы үзеңгілесі А. Байтұрсынұлына Қызылордаға қонақтап 
барады. НКВД-ның 1929–1930 жылғы тергеу материалдары-
на қарағанда, Алаш көсемі Ахаңа қоса тағы бірқатар бұрынғы 
үзеңгілесі – М. Дулатұлы, С. Қадырбайұлы, А. Кенжин, қазақ 
совет қайраткері С. Қожанұлы үйлерінде қонақта болып, 
Н. Нұрмақұлымен, күйеу баласы С. Садуақасұлымен және тағы 
басқа советтік Қазақстан басшыларымен жүздесіп сыр шертеді. 
Алайда, қазақ көсемінің әрбір қадамын бағып-қадағалаған 
НКВД жансыздары оның экспедициядан тыс бейресми сапар-
мен Қызылордаға барғанын И. Сталинге хабарлап, Ә. Бөкейхан 
Ақтөбеге оралған бойы дереу тұтқындалып, оны екінші рет 
кісендеп, жанына күзет қосып Мәскеуге жеткізеді, Бутыркаға 
жабады. Оның абақтыдан бостандыққа қалай шыққан ұзын хи-
каясын баяндап жатпай, шыққан сәтінде Кремльде И. Сталин-
мен екінші рет жүздескеніне тоқталған әлдеқайда маңызды. 
И. Сталин «елге оралмаңыз, қырға қарай аяқ баспаңыз!» де-
ген талабын Алаш көсемінің есіне тағы салды. Бірақ, егер 1922 
жылдың желтоқсанында ол талап өтініш ретінде естіртілген 
болса, бұл жолы мүлтіксіз орындалуға тиіс бұйрық түрінде 
кесіп айтылды. Қыр баласы – елағасы бұл бұйрықты мойын-
сынды ма, жоқ па – оны әңгіменің жалғасынан байқаймыз. Ал 
одан бұрын Ә. Бөкейхан Адай оязын аралап зерттеген жұмысын 
аяқсыз қалдырмай, тиянақты еңбек жазып бітіріп, оның «Ка-
заки Адаевского уезда» атты ғылыми очеркі 1927 жылы СССР 
ҒА-сының «Қазақтар. Антропологиялық очерктер» жинағымен 
жарық көрді.
50
Бір ерекше жайт: Ә. Бөкейхан СССР Ғылым Академиясының 
Адай экспедициясына қатысып, атқарған ісі үшін алғыс 
естудің орнына, совет өкіметі оның ғылыми зерттеу жұмысын 
50 Букейхан, А. Н. Казаки Адаевского уезда. //Букейхан, А. Н., Баранов, 
С. Ф., Руденко, С. И. Казахи. Антропологические очерки. Сборник І, ІІ., 58–82 
стр. 1927 г. Ленинград.


33
Қызылордаға барған сапарымен тығыз байланыстырып 
«айыпты» қылмақ болған. Мысалға, «тырнақ астынан кір 
іздеген» НКВД тергеушілері 1929 жылдың 6 шілдесінде тағы 
да С. Қаратілеуұлына экспедицияға қатысты сауал қойғанда, 
ол былай жауап береді: «Бөкейхановтың экспедицияға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет