Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж



Pdf көрінісі
бет18/26
Дата12.02.2017
өлшемі4,03 Mb.
#3947
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26

ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ

136
№ 3 (55), 2012   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
Соңғы  кездегі  статистика  балалар  үйінен  шыққан  балалардың  30%-ға 
жуығы  «қаңғыбас»,  20%-ы  қылмыскер  қатарына  қосылса,  10%-дайы  өмірімен 
қоштасатынын  дәлелдеген.  Ал  Шығыс  Қазақстан  облысында  балалар  үйінен 
шыққан  жасөспірімдердің  7%-ы  қылмыскерлік  жолды  таңдаса,  0,1%-ы  жеңіл 
жүріспен айналысып, 0,5%-ы нашақорлықты жанына серік еткен.
Сондай-ақ,  республика  бойынша  жылына  «қаңғыбастыққа»  салынған  2500-
ден аса балаға іздеу салынса, одан Шығыс Қазақстан обылысы да кенде емес. 
Өскемен  қаласы  бойынша,  қаңғыбастыққа  салынғандар  мен  құқық  бұзып, 
әкімшілік жауапқа тартылғандар 13-15%-ды құрайды. 
Мектеп – балаға жан-жақты тәрбие беретін орта. Десек те, бала жиырма төрт 
сағаттың 5-6 сағатын ғана осы қабырғада өткізеді екен. Осы бес-алты сағаттың 
да кейбір балаларға ықпалы көп. Мектеп тарапынан болатын әртүрлі тәрбиелік 
шаралар мен полиция қызметкерлерімен өткізілетін шаралар көптеп болса, өз 
нәтижесін берер еді. 
Кәмелетке  жасы  толмағандар  қылмыстылығына  физиологиялық  жағымен 
қоса психологиялық көзқараспен қарау да ғалымдар тарапынан тыс қалған емес. 
Бұл әлемнің көптеген ғалымдарын алаңдатқан проблема.
11-15 жас – жасөспірімдер үшін аумалы-төкпелі кезең. Сондықтан осы кезде 
олардың  тәртібіндегі  тұрақсыздық  жоғары  сатыға  көтеріледі.  Қалай  десек  те, 
бұл  жаста  жасөспірімнің  адам  айтқысыз  жайттарға  баруы,  ықпалға  еріп  кетуі, 
зардаптарын ойламай жат қылық істеуі тәжірибеде көп кездесетін жай [3]. 
Жасөспірім бойында криминогендік тәртіптің қалыптасуы көбінесе қоғамдағы 
талаптан, психологиялық сипаттан туып жатады. Қоғам жасөспірімнің болашақта 
жеке адам болып қалыптасуына тікелей басшылық жасайды. 
Кәмелетке  толмағандар  қылмыстылығына  қылмыстық-құқықтық  тұрғыдан 
сипаттама бергенде, есте ұстар тағы бір нәрсе – әлеуметтік жағдай [4].
Отбасылардың ауқатты, ауқаты төмен болып бөлінуіне де жасөспірім өміріне 
өзгешілік  енгізіп,  оның  жетіспеушіліктен  қылмысқа  баруын  қалыптастыруда. 
Сонымен қатар отбасында баламен қатал қарым-қатынас жасау, яғни ұрып-соғу, 
балағаттау, ар-намысына тию, тәрбиелеудің қатаң түрлерінің бала өміріне көп 
әсерін тигізетінін ескерсек, болашақта оның да осындай тәсілді пайдаланатынын 
ұстанбасына  кепілдік  беруге  болмайды.  Жалпы,  тәжірибе  көрсеткендей,  70% 
жарақаттың  отбасында  істелетінін  ойға  алсақ,  оның  барлығы  кәмелетке  жасы 
толмағандарға  қатысты  екен.  Міне,  осындай  жағдайлар  да  болашақта  жасы 
толмағандардың криминогендік ортаны таңдауына, қылмыстылыққа бой ұруына, 
қатыгез болуына, қатал мінез қалыптастыруына алып келеді.
Біздің пікірімізше, жалпы кәмелетке жасы толмағандар құқық бұзушылығына 
байланысты  жүргізілетін  шараларды  толықтыра  түскен  дұрыс  сияқты.  Себебі, 
бүгінгі  құқық  бұзушылық  ертеңгі  қылмысқа  ұласпасына  ешкім  кепілдік  бере 
алмайтынын күнделікті өмірдегі тәжірибе дәлелдеп беруде. Сондықтан мектеп 
тарапынан  жүргізілетін  шаралар  ауқымы  кеңейтіліп,  тәрбиелік  мәні  бар 
шаралардың  көбейе  түскені  абзал.  Сонда  ғана  санасы  тұнық,  салихалы  ой 
қозғайтын, жан-жақты жетілген ұрпақ тәрбиелей аламыз. 
Жасөспірімдердің  құқыққа  қарсы  іс-әрекеттерінің  алдын  алудың  ұтымды 
Р.А. Орсаева

137
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 3 (55), 2012
шараларының бірі – девианттық іс-әрекетті дер кезінде ашу, яғни қоғамдық жат 
әрекетке қарсы бағытталған жасөспірімдер топтарының басшыларын дер кезін- 
де  табу  арқылы  болатын  қоғамдық  жат  әрекетті  болдырмау.  Тәжірибе  көр-
сеткендей,  бұл  құқық  бұзушылықтың  болуынан  және  қайталануынан  сақтан-
дырады, сонымен қатар кәмелетке толмағандарды келесі бір іске барар алдында 
ойландырары хақ.
Түрлі қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, клубтардың қызметін реттейтін 
заңнамаларды  жетілдіру  кәмелетке  толмаған  балалардың  ортасындағы  құқық 
бұзушылықты болдырмау және баланы қараусыз қалудан сақтандыру бойынша 
мемлекеттік  саясаттың  келесі  бағыты  болып  табылады.  Заңнамада  мәдениет, 
бос уақытты ұйымдастыру, спорт және туризм мекемелерінің әлеуметтік-қауіпті 
жағдайдағы  жасөспірімдерді  көркемдік,  техникалық,  спорттық  және  басқа 
да  клубтардағы  дәрістерге,  үйірмелер  мен  секцияларға  қатыстыру  жөніндегі 
міндеттері нақты көрсетілуі нәтижесін берері сөзсіз. 
Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдары 
үлкен  рөл  атқаратыны  белгілі.  Біздің  пікірімізше,  мұнда  да  кемшіліктер  бар 
сияқты.  Олай  деуге  басты  себеп,  көп  жағдайда  теледидардан  жасөспірім 
санасында  жатталып  қалатын  кісі  өлтіру,  қатыгездік,  өзіне-өзі  қол  жұмсау  т.б. 
сияқтылар көрсетіліп жататыны жасырын емес. Санасы сан саққа жүгіріп, аумалы-
төкпелі өтпелі кезеңге аяқ басқан немесе мінез-құлқында өзгеріс пайда болып, 
жасөспірімдік  шаққа  қадам  жасаған  бала  үшін  мұндай  көрсетілімдердің  кері 
әсерінің болуы, яғни олардың көргендерін істеуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан 
ондай  көрсетілімдердің  көрсетілуін  шектемесе  де,  көрсетілім  уақытын  кейінгі 
(түнгі) уақытқа шегерсе, құба-құп болар еді.
Сонымен  кәмелетке  жасы  толмағандар  қылмысының  себептеріне  көргенін 
істеу,  еліктеушілік,  көрсеқызарлық,  кейде  отбасындағы  келеңсіз  жайттар  әсер 
ететін болса, оның алдын алу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Мәселені 
түпкілікті  шешу  әрине,  мүмкін  емес.  Дегенмен  де,  өмірлік  тәжірибеге  сүйене 
отырып, ескерту шараларымен әсер ету – санасы тұнық, сындарлы ой ойлап, 
салихалы сөз қозғайтын жас ұрпақ тәрбиелей алатынымызға жол ашары сөзсіз.
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Джекебаев У.С. Соучастие в преступлении / У.С. Джекебаев. – Алма-Ата, 1986. 
2.  Нарикбаев  С.М.  Правовая  охрана  детства  в  Республики  Казахстан  /  С.М.  Нарикбаев.  – 
Алматы, 1996.
3. Гуковская Н.И. Профилактика правонарушений среди несовершеннолетних / Н.И. Гуковская. 
– М., 1997.
4.  Трофимов  Н.Ф.  Уголовная  ответсвенность  несовершеннолетних  /  Н.Ф.  Трофимов.  –  М., 
1988.
5.  Алауханов  Е.О.,  Бахаутдинов  А.,  Мурсалова  л.  Кәмелетке  толмаған  қыздар  жасаған 
қылмыстардың алдын алу мәселелері / Е.О. Алауханов, А. Бахаутдинов, л. Мурсалова. – Алматы, 
2008.
6.  Абдрасулов  Е.Б.  Кәмелетке  толмағандар  арасында  құқық  бұзышылықтың  алдын  алу  / 
Е.Б. Абдрасулов // Заң. – 2005. – № 6. – 21 б.
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ

138
№ 3 (55), 2012   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
ӘОЖ 94 (574)
Ә.А. Өскембай
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қаласы
С. АМАНЖОлОВТЫҢ БІлІМ БАСПАлДАҚТАРЫ
Мақалада С. Аманжоловтың ғалым ретінде қалыптасудағы еңбек жолы қарастырылады.
В данной статье проанализирована жизнедеятельность С. Аманжолова в становлении его 
как ученого.
In this article the author dwells on S. Amanzholov’s life as a scientist.
XX ғасырдың басында Қазақстандағы білім деңгейі күрделі мәселелердің бірі 
болды. Осы кезде әрбір 10 баладан тек бір бала ғана мектепке барды. Ресейлік 
орталық  аудандарында  әліппелік  сауатсыздықты  жою  ісімен  жексенбілік  мек-
тептер,  земстволар  айналысса,  Қазақстанда  бұл  іс  құр  сөзден  әрі  аспады. 
Қалаларда ашылған жексенбілік мектептер балалардың болмашы ғана бөлігін 
қамтыды.  Осы  ғасырдың  басында  Шығыс  Қазақстан  облысында  да  мектеп 
мәселесі  күрделі  болды.  ШҚОММ-ның  мәліметтеріне  сүйенсек,  1903  жылы 
Зайсан  және  Өскемен  уездерінде  бір  ғана  мектептен  болды.  Осы  жылдың  31 
қазанында  Ертіс-Қалжыр  мектебі  ашылды.  Оған  14  оқушы  қабылданады.  Бұл 
кезде  Өскемен  мен  Зайсан  уездері  Семей  облысына  қарады.  1898  жылы  бұл 
аймақта  3  ауылшаруашылық  мектебі  болды.  Бірақ  1902  жылы  балалар  саны 
азайып, Өскеменде 19, Зайсанда 14 бала қалды. Сол кезде жарты миллион халқы 
бар  Семей  облысына  мектеп  саны  жетпеді.  Семей  облысының  губернаторы 
өзінің патшаға жазған есебінде бұл мектептердің азшылық ететінін жазды [1]. 
1903  жылы  28  қазанда  С.  Аманжолов  алғаш  білім  алған  Шәңгіштай  мек-
тебі  ашылды.  Онда  24  бала  білім  алды.  Оқушыларға  білім  орысша-қазақша 
берілді.  Білім  оқуға,  жазуға,  арифметикаға  бағытталып  жүргізілді.  Ата-аналар 
балаларының сауаттары ашылып оқуын көріп, өте қатты қуанды. Ауыл адамдары 
арасында білімге деген құштарлық күн санап өсті. Кейбір ата-атаналар мектепке 
көмектесуді өз мойындарына алды. Өйткені мектептің материалдық сол кездегі 
жағдайы  өте  жұпыны  болған  еді.  Оқу  бөлмесінде  бір  тақта,  есеп  шоты,  жазу 
үстелі, кітаптарды сақтайтын сандық болды.
Мұндай  мектеп  ол  кезде  бұл  аймақта  екеу-ақ  еді.  Оның  бірі  Көктеректе 
(Көкпектіде)  болды.  Ауыл  балаларына  арналған  бұл  мектептердің  қасында 
интернаттар  болды.  Ал  Сәрсен  Аманжолов  бұл  мектепке  1915  жылы  Шөки 
Башықұлы деген кісінің жәрдемімен келіп түсті. Оларды сол кездегі революция 
қайраткері білімді, ашық-жарқын ұстаз Михаил Григоръевич Комаров қабылдап 
алды. Сыныптағы оқушылардың тең жартысы орыс, жартысы қазақ балалары 
болды.  Сәрсен  Аманжоловтың  білімінің  ерекше  қалыптасуына  осы  ұстазы 
Михаил  Григорьевич  ерекше  атсалысты.  Интернатта  берген  біліммен  қатар 
Сәрсен Аманжоловты үйіне жетектеп алып келетін ұстазы, оны үйіне келгеннен 
Ә.А. Өскембай

139
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 3 (55), 2012
кейін де білім нәрімен сусындатудан жалықпайтын. Зайыбы Аннаға айтып, оған 
арнап дәмді тамақ даярлатып, сонан кейін бір сағат түрлі ісқағаздардың үлгісі- 
мен таныстырады. Оларды жаттатып, жаздыртады, аудартады. Анна өзінің Сәр- 
сен  Аманжоловпен  бірге  оқитын  бауыры  Иван  Копыловтан  гөрі  Сәрсен 
Аманжоловтың  біліміне  үлкен  сенім  артып  қамқоршы  бола  білді.  Кейін, 
С. Аманжолов майданда жүргенде сол Иван Копыловты көріп, қатты қуаныпты. 
Онымен бірге білім алған Бычков, Грошев, Серов, чонов, Копылов, Подойников 
сынды  орыс  балалары  бір-біріне  білім  жолында  қол  ұштарын  беруден 
тайынбайтын  білімді  балалар  еді.  Олар  оқып  жүрген  кезде  бұл  Шәңгіштай 
мектебін болыс Әбдікәрім Ережеповтың атына ауыстырады.
Ғалымның  елден  қалыспай,  білім  алуына  көмектескен  пароходта  істеген 
үлкен ағасы болды. Ауыл қарттарынан аңыз-әңгімелерді тыңдап, зейініне түйіп 
өскен  Сәрсен  Аманжоловтың  оқуға  деген  құмарлығы  арта  түседі.  Осы  кезде 
Қазақстанда 22 училище ашылды. Оның алтауы Семейде болды. Шығыс Қазақ-
стан облысындағы мектептерді мұғалімдермен қамтамасыз ету үшін ХХ ғасыр-
дың басында Өскемен қаласында қысқартылған педагогикалық курстар ашыла 
бастады. Олар кейіннен екі жылдық болып қайта құрылды. 1912 жылы Өскемен-
де тағы да төрт приходтық училищелер ашылды. Қаладағы оқу жасындағы (8-10 
жастардағы) 1300 баланың 570-і ғана оқи алды. Сондықтан халықтың көп бөлігі 
әлі де болса сауатсыз болып қалып жатты. Осындай қиын кезеңде, яғни 1916 
жылы С. Аманжолов Өскемен қаласындағы қалалық реалдық училищеге түседі. 
Бірақ тұрмыс жағдайының нашарлығына байланысты оқуды аяқтай алмай қара 
жұмысқа  кіреді.  1919  жылдың  26  желтоқсанында  Халық  Комисссарлар  Кеңесі 
сауатсыздықты жоюдың жобасын бекітіп, қаулы шығарды. Осы қаулыға сәйкес 
Қазақстанның барлық түкпірлерінде сауатсыздықты жою науқандары басталды. 
Бұл  жұмыстар  бірден  жақсы  қарқын  алмай  үлкен  қиындықтармен  жүзеге  аса 
бастады. Себебі Ресейдің отары болған қазақстандық қоғамның дамуы шектеулі 
болды. Сауатсыздықты жою жұмысына барлық мәдени күштерді барынша тарту 
қажеттілігі туындады. Мұндай қажеттілікті өтеу үшін Өлкелік комитет орта және 
жоғары  білімі  барларды  түгел  мобилизациялау  туралы  №  92  санды  бұйрық 
шығарды.  Сондай-ақ  оқытушылар  жетіспеген  жағдайда  бастауыш,  2  класты 
және  тағы  басқа  оқу  орындарын  бітіргендерді  де  қосымша  мобилизациялауға 
ұйғарым жасалды [2]. 
С. Аманжолов замана талабымен 1919-1920 жылдары Семей қаласындағы 
2  айлық  мұғалімдік  курсты  оқиды.  Арманы  өз  ауылының  балаларының  көзін 
ашу болып, ауылға қайтып келіп, Нұғыман ауылындағы мектепте екі жыл сабақ 
береді.  Алған  білімімен  біршама  қазақ  баласын  сусындатады.  Оған  дәлел 
–  мұрағат  материалдарында  оның  1920  жылдың  22  маусымында  шыққан 
Өскемен  уездік  білім  басқармасының  бұйрығы  бойынша  Нұғыман  ауылында 
мұғалім  болып  тағайындалуы  туралы  құжат  [36].  Ұстаздық  жолында  аса  бір 
ұқыптылықпен, өзінің қайраттылығымен жоғары білімімен көзге түскен Сәрсен 
Аманжоловты  Семей  губерниясы  Бұқтырма  уезінің  (қазіргі  Шығыс  Қазақстан 
облысы, Бұқтырма ауданы) тұрғындары сол жердің халық соты етіп сайлайды. 
Әділ сот болу талабымен Сәрсен Аманжолов өзінің жақсы көрген қызының әкесін 
соттауға мәжбүр болып, бұған ызаланған әкесі қызын алып Қытай асып кетеді. 
Ғалымға бұл жағдай ауыр тисе де, өз міндетін дұрыс атқаруды өз жеке басының 
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ

140
№ 3 (55), 2012   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
мәселесінен жоғары қояды.
1924  жылы  Шығыс  Қазақстан  облысының  Атқару  Комитеті  Сәрсен  Аман-
жоловты  қызметке  шақырып,  сол  Атқару  Комитетінің  жауапты  хатшысы  етіп 
тағайындайды.  С.  Аманжолов  өз  білімін  жетілдіру  үшін  жоғары  оқу  орнына 
түсуді армандады. Осы ғасырдың басында жоғары оқу орындары көптеп ашыла 
бастады. Кәсіптік білім беруді ұйымдастыру жолында қазақ зиялылары көшбас-
шы болып, еліміздің біліми дәрежесін көтеруде ерекше атсалысты.
Елді жаппай сауаттандыру, жастарды оқыту сияқты Кеңес үкіметінің жүргізіп 
жатқан саясатына байланысты губерниялық ағарту бөлімінің шешімі бойынша 
Сәрсен Аманжолов 1926 жылы Ташкентке оқуға аттанады. Оның бағы жанып, 
Казпедвузға  оқуға  түседі.  Ташкенттегі  бұл  оқу  орнының  екі  курсын  аяқтағанда 
оның қайта құрылуына байланысты 1928 жылы САГУ-дың Шығыс факультетіне 
(кейіннен педагогикалық факультет) ауысады. 
Орта Азия мемлекеттік университетінде оқып жүрген кезінде С. Аманжолов 
оқуға  да,  ғылыми-қоғамдық  жұмысқа  да  алғыр  студент  болады.  Осы  оқу 
орынының бай кітапханасы оны өте қызықтырды. Жаз кезінде ел аузынан түрлі 
аңыз-әңгімелер  жинақтаған  ол  түрлі  үйірмелерде,  конференцияларда  құнды 
ғылыми  баяндамалар  жасады.  Сол  кезде  бұл  оқу  орнында  атақты  ғалымдар: 
академик  В.В.  Бартольд,  профессор  Е.Д.  Поливанов,  профессор  С.Е.  Малов 
және  тағы  басқалар  дәріс  оқыған.  С.  Аманжолов  аталған  оқу  орнында  келесі 
пәндерден дәріс алды: «Түркологияға кіріспе», «Мәдениет тарихы», «Қоғамдық 
формацияның даму тарихы», «Тарихи материализм», «Батыстың жаңа тарихы», 
«Жалпы  этнография»,  «Этнология»,  «VІІ-ХІV  ғасырлардағы  Шығыс  тарихы», 
«Жаңа  және  қазіргі  замандағы  орыс  тарихы»,  «Орыс  әдебиетінің  тарихы», 
«Парсы  әдебиетінің  тарихы»,  «Қазақ  тілі»,  «Ана  тілінің  әдістемесі»,  «Қазақ 
әдебиеті», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Араб тілі», «Өзбек тілі», «Тәжік тілі», 
«Педагогика тарихы» тағы басқа пәндер. Жалпы жоғарыда аталған пәндер жас 
ғалымның ғылыми көзқарасының қалыптасып, тіл мен тарих саласындағы білімін 
тереңдетті.
С.  Аманжолов  1936-1937  оқу  жылдарында  Абай  атындағы  ҚазПИ-дің  қазақ 
тілінің  маманы  ретінде  ленинградта  кандидаттық  минимум  тапсыруда  өзге 
елдерден келген: Өзбекстаннан (Фахри Камалов, Закир Магрупов, Махкамбай 
Пирмухамедов,  Хусан  Газиев)  және  Әзербайжаннан  (Мамед  Ширалиев, 
Абдулазал  Демирчизаде,  Мұхтар  Гусейнов)  лингвист  ғалымдарменмен  қатар 
жалпы тіл мәселесі мен түркологиядан курс тыңдап, өз білімін жетілдірді. Ғалым- 
ға дәріс оқыған жетекші ғалымдардың ішінде академик И.И. Мещанинов, акаде-
мик л.Е. Щерб, прфессорлар С.Г. Бархударов, М.И. Матусевич, С.л. Быховский, 
Н.К. Дмитриев, С.Е. Малов тағы басқалар болды. Жетекші ғалым С.Е. Маловтың 
бағалауымен  С.  Аманжолов  ең  алғашқы  қазақ-лингвисі  аталып,  1938  жылы 
сәуірде ғылым кандидаты ғылыми атағын алды.
1925 жылы С. Аманжолов руы найман, 85 жастағы Темірбай деген қарттың 
аузынан «Келбұға Белгібайұлы айтып еді» деген Шыңғыс хан жөніндегі жырды 
жазып алған. Cонымен қатар оны туған жерінің табиғи сұлулығы елітіп, біршама 
өлеңдер  жазған  («Үнсіз  сұлу»,  «Алтай  суреттері»,  «Бозторғай»,  «Күрең  ат», 
«Тарих жолы»), ақын оларды 1927-1930 жылдары «лениншіл жас» пен «Жаңа 
әдебиет» журналдарында жариялады.
Ә.А. Өскембай

141
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 3 (55), 2012
1928-1930 жылдары С. Аманжолов Орта Азия жазушылар бюросындағы қазақ 
жазушылары секциясының төрағасы болды.
С. Аманжоловтың білімге деген құштарлығын ерекше ғылыми талантын Орта 
Азия  мемлекеттік  университетінің  академиктері  мен  профессорлары  байқап, 
ерекше бағалаған. 1930 жылы Орта Азиялық мемлекеттік университетін жақсы 
аяқтап шығады. Оған дәлел: 1931 жылы 23 қаңтардағы Орта Азиялық мемлекеттік 
университеттің № 144 бұйрығы. Ол: «Дано настоящее г. Аманжолову Сарсену 
в  том,  что  он  поступил  на  бывший  Востфак  САГУ  в  1927/1928  г.  и  окончил 
педагогический факультет САГУ 31 декабря 1930 года. Аманжолову присвоена 
квалификация преподавателя «казахского языка и литературы» деген құжат [3].
Білімге  деген  ерекше  қабілетін  таныған  ұстаздары  оның  Орта  Азия  мемле-
кеттік  университеті  қасындағы  аспирантураға  түсіп,  бір  жағынан  ассистенттік 
қызмет атқаруын ұзартады. С. Аманжолов осыдан бастап педагогтік іс пен ғылы-
ми жұмысты қатарластыра жүргізді. Орта Азия Орталық партия комитетінің және 
Қазақстан  өлкелік  партия  комитетінің  ұйғаруы  бойынша,  1928  жылы  ашылған 
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтына Сәрсен Аманжолов 1931 
жылдың  күзінде  оқытушылық  қызметке  келді.  1931  жылы  бұл  институтта  әрі 
аспирант, әрі ассистент болып, 1932 жылдан доцент қызметін атқарды. Сәрсен 
Аманжолұлы Орта Азия мемлекеттік университетін бітіргеннен кейінгі аспирант, 
ассистент кезінде көлемді оқулықтар, бағдарламалар, еңбектер жазу ісіне кірісті. 
Ғалым еңбек етіп жүрген жылдары ауыз әдебиетінің нұсқаларын жинағанда ең 
алдымен  тарихи  деректік  құндылығына  мұқият  көңіл  аударып,  ғылымға  тән 
талап-талғам тұрғысынан қарай білді. Сонымен қатар әдеби мұраны қай жылы 
кімнен  жазып  алғанын,  олардың  аты-жөні  мен  жас  мөлшері  секілді  ғылыми 
паспорттық  қажеттіліктерді  түгелдей  қамтып  отырған.  Ол  жырды  жазардың 
алдында,  алдымен  мұқият  тыңдап  алып,  мазмұнын  түсінгеннен  кейін  жазуға 
кіріскен. Сонымен қатар ғалым жыршы, айтушы туралы ғана емес, кейбір өлең 
жырлардың қандай жағдайда шыққаны жөнінде түсініктеме беріп отырады. Халық 
мұрасының жанашыры Сәрсен Аманжолов әдеби мұраларды жинауды қоғамдық 
мәнді істер қатарына қояды. «Ендігі міндет, – деп жазды ол, – ел аузындағы өлең, 
жыр,  ертегі,  тақпақ  сияқтыларды  жинап,  ғылыми  зерттеу  әдісін  жандандыру». 
Бұл сөзінен ғалымның көне мұраны жас ұрпақ кәдесіне жаратуды мақсат еткен 
арман-аңсары анық аңғарылады [4].
С.  Аманжоловтың  білімге  деген  құштарлығы  және  білім  алу  жолындағы 
табандылығы жастарға өнеге. Алдына қойған мақсатына жету жолында ғалым 
бірнеше  білім  баспалдақтарынан  өтті.  Қиын-қыстау  кезеңде  бір  түскен  оқуын 
тұрмыс тұзағынан бітіре алмаса да осы оқуға қайтара түсіп, оны бітіруі ғалымның 
өзіне деген талап қойғыш болғандығын көрсетеді. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. ШҚОММ 50-қор., 1-т., 42-іс.
2. ШҚОММ 1299-қор., 1-т., 14-іс.
3. ҚРПМ 139-қор., 1-т., 1266- іс.
4. С. Аманжоловтың жанұялық жеке мұрағатынан.
5. Аманжолов А.С. Әкеден қалған ғылыми мирас / А.С. Аманжолов // Әл-Фараби атындағы ҚҰУ 
Хабаршысы. Филология. Сер=Вестн. КАЗНУ. Сер. Филолог. – 2003. – N4.(66) – 14-16 бет.
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ

142
№ 3 (55), 2012   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
УДК 339.9 (47)
К.С. Калиева
Восточно-Казахстанский государственный университет имени С. Аманжолова, г. Усть-Каменогорск
ПРИГРАНИчНОЕ СОТРУДНИчЕСТВО
КАК ОСНОВА МЕЖГОСУДАРСТВЕННЫХ ОТНОШЕНИЙ
В РЕГИОНЕ БОлЬШОГО АлТАЯ
Мақалада Алтай аймағындағы Қазақстан, Ресей, Қытай, Моңғол – төрт шекаралас елдердiң 
арасындағы  ынтымақтық  қатынастар  күшейтудiң  маңызы  көрсетілген,  өйткені  олардың 
бүкіл еуразиялық континенттегi геосаяси, экономикалық және мәдени серіктестiктiң дамы-
туы үшiн позитивтi мәнi зор.
 
В статье показана роль укрепления добрососедских отношений между четырьмя пригра-
ничными странами – Казахстана, России, Китая, Монголии в Алтайском регионе, которые 
имеют позитивное значение для развития геополитического, экономического и культурного 
сотрудничества во всем евроазиатском континенте.
  In  this  article  the  role  of  strengthening  good-neighborly  relations  between  the  four  neighboring 
countries – Kazakhstan, Russia, China and Mongolia in the Altai region, which have a positive impact for 
the development of the geopolitical, economic and cultural cooperation in the entire Eurasian continent.
В настоящее время существует более двадцати определений, применяемых 
в контексте анализа проблематики приграничного сотрудничества – «пригранич-
ный регион», «приграничное сотрудничество», «сотрудничество приграничных 
областей» и др.
Особое  место  для  изучения  темы  представляет  книга  профессора  Питера 
Ван  Руна  «Европейский  опыт  международного  сотрудничества»  занимает  до-
стойное место среди книг, посвященных данной тематике [1]. 
На  основе  анализа  большого  фактического  материала,  автор  показал,  что 
большинство границ в Европе были установлены в течение последних трех сто-
летий. Не считая некоторые исключения, пограничные регионы стали перифе-
риями, отсталыми территориями с ограниченной транспортной связью, что по-
родило специфику их социально-экономического развития.
По мнению автора, суть приграничного сотрудничества европейских регионов 
заключается в том, что пограничные территории вместе планируют совместные 
действия и устанавливают приоритеты, а не действуют самостоятельно, после 
чего только ищут пути взаимодействия друг с другом. Структура, в рамках кото-
рой осуществляется сотрудничество, может иметь различные формы, начиная с 
Еврозоны, наиболее интенсивной формы сотрудничества, или более свободной 
институциональной формы сотрудничества. 
Ценность  исследования  указанного  автора  обусловлена  тем  обстоятель-
ством,  что  в  основе  правового  обеспечения  российско-казахстанского  пригра-
ничного сотрудничества положен европейский опыт.
С успехами западноевропейской интеграции политологи связывают появле-
ние «неофункционализма». Наибольший вклад в разработку этой теории при-
К.С. Калиева

143
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 3 (55), 2012
надлежит таким известным ученым как Э. Хаас, л. линдберг, А. Этнози [2].
  Под  интеграцией  неофункционалистами  понимается  процесс,  ведущий  к 
формированию  государствами  сообщества  с  мощными  надгосударственными 
институтами, которым участники интеграционного процесса постепенно переда-
ют свой суверенитет. Единство экономического и политического аспектов в этой 
концепции обозначается понятием «перелива», при котором развитие экономи-
ческого взаимодействия порождает необходимость в дальнейшем формирова-
нии политических институтов.
Другим крупным течением политологии в сфере региональной интеграции ста-
ла коммуникационная школа. Основателем данной концепции считается амери-
канский политолог К. Дойч, который рассматривал мировое сообщество как со-
вокупность различных политических групп, находящихся постоянно в процессе 
взаимодействия (коммуникации) и взаимовлияния, обладающих механизмами 
принуждения и возможностью идти на уступки. Основное внимание в процессе 
интеграции должно уделяться условиям и путям создания так называемого «со-
общества безопасности».
Формирование  интеграционного  регионального  комплекса,  по  мнению  тео-
ретиков  дирижизма  (Ян  Тинберген),  предполагает  сочетание  двух  процессов: 
«негативной» и «позитивной» интеграции. Если негативная интеграция преду-
сматривает  только  снятие  ограничений  на  перемещение  экономических  фак-
торов  внутри  интеграционного  блока  (формирование  единого  экономического 
пространства), то позитивная ведёт к созданию единых органов регулирования 
политико-экономических процессов данной группировки [3].
Анализируя  труды  зарубежных  ученых  можно  сделать  вывод,  что  в  регио-
нальной интеграции традиционно доминирует основанная на опыте Евросоюза 
модель  поэтапного  пятиступенчатого  развития:  зона  свободной  торговли,  та-
моженный союз, общий рынок, экономический и валютный союз, политическая 
интеграция. В этой схеме каждая предшествующая ступень понимается как ло-
гическая предпосылка к последующей, а направлением региональной интегра-
ции  считается  поступательное  движение  от  экономического  к  политическому 
объединению (союзу). 
Приграничное сотрудничество в экономической сфере, подкрепленное куль-
турными  и  гуманитарными  связями,  создает  атмосферу  доброжелательности 
и взаимной заинтересованности в повседневном деловом сотрудничестве, что 
создает дополнительные гарантии безопасности на границах с соседними стра-
нами.
Приграничные  территории  благодаря  своему  географическому  положению 
обладают  мощным  потенциалом  социально-экономического  развития.  Его  ис-
пользование во многом определяется эффективностью приграничного сотруд-
ничества на уровне не только государственных, но и общественных и частных 
структур.  Ведь  как  свидетельствует  современная  международная  практика, 
взаимовыгодное деловое партнерство сопредельных сторон является одним из 
эффективных  механизмов  ускоренного  и  устойчивого  развития  приграничных 
территорий.
Глобализация жизни мирового сообщества возможна только при углублен-
ном  развитии  региональной  интеграции  [4].  За  прошедшие  годы  накоплен 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет