Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж


Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда



Pdf көрінісі
бет46/53
Дата28.12.2016
өлшемі13,26 Mb.
#599
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда 

қолданылатын дидактикалық ойындар

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  тақырыбы:  «Кеңістікті 

бағдарлау».



Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  мақсаты:  балаларды  кеңістік 

қатынастарымен  (оң-сол,  астында,  үстінде,  арасында)  таныстыру;  балалар-

ды  заттың  көлеміне  қарай  салыстыруға  үйрету  (жоғары-төмен,  ұзын-қысқа). 

Логикалық ойлауларын жетілдіру, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.



Көрнекіліктер:  тақтаға  ілінетін  құралдар:  өзен,  қоян,  биік  қарағай  мен 

аласа шырша, тиін, кірпі, екі шымшық. 

Үлестірмелі материалдар:

1. Жұмыс дәптерлері; 

2. Түрлі-түсті қарындаш. 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы: 

Дәптермен жұмыс.

– Айша, Әлия, Әнел деген үш қыз өмір сүріпті. Айша – ең ұзыны, Әлия – 

оң жақта тұр, Әнел – сол жақта тұр. 

– Қыздардың қайсысының бойы қысқа? Ең ұзын қыздың аты кім? Айшадан 

А.К. ИГІБАЕВА, А.Н. АСЕНОВА. 2 (66) 2015. Б. 503-510 

 

 

 



                ISSN 1683-1667 

508

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

қысқа қыздың аты кім? 

– Әр қыздың қай үйде тұратындығын ойлап табыңдар да, олардың үйіне 

қарындашпен жол салыңдар. 

– Биік үй қай жақта? (сол жақта) 

– Одан аласа үй қай жерде? (олардың ортасында)

Бір күні Айша, Әлия, Әнел орманға барады. Өзенге жақындап келіп, олар 

мынаны көрді: өзен жағасында екі ағаш өсіп тұр екен, оның аласасы шырша да, 

одан биігі – ұшы әрең көрінетін қарағай. 

Суреті тақтаға ілінеді. 

– Шырша қай жерде орналасқан? Қарағай ше? 

–  Орманда  қыздардың  нені  кездестіргенін  жұмбақты  шешу  арқылы 

табыңдар.

Жұмбақтар: 

Үсті толы ине, 

Бірақ та іс тігіп, 

Қадамайды түйме.

(кірпі) 


Бұтақтарға секіріп, 

Әр жерден қылт етеді. 

Кейде жаңғақ кеміріп

Жоғары өрлеп кетеді.

(тиін) 

Қорыққанда желаяқ 



Отырғанда томардай-ақ. 

(қоян) 


Тәрбиеші аңның немесе құстың тұрған орнын айтады, ал балалар тақтаға 

оны қояды. 

– Қоян шырша мен қарағайдың арасында отыр. 

– Тиін қарағайда отыр. 

– Кірпі шыршаның үстінде жүр. 

– Қоян қызды көріп, қорқып кетті де шыршаның артына жасырынды. 

– Кірпі қарағайдың түбіне жорғалап кірді. 

– Ақ тиіндер төменге түсті. 

Сергіту сәті: «Алыптар мен ергежейлер».

Бұл  орманда  алыптар  (балалар  қолдарын  жоғары  көтеріп,  аяқтарының 

ұшымен тұрады) және ергежейлілер (балалар жүрелеп отырады) өмір сүріпті. 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



509

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

Содан соң бұл қимылды тәрбиешінің айтуымен жылдам орындайды. 

Дәптермен жұмыс

Қыздар  орманда  серуендеді  және  толы  себетпен  үйлеріне  қайтты.  Айша 

себетін биік түбірге, Әлия бір түбір төмен, ал Әнел аласа түбірге қойды. Қыздар-

ды өзінің себетімен сызық арқылы қос. 

– Әр қыз не жинады? 

Іс-әрекетті тәрбиеші қорытындылайды.

Дидактикалық  ойын  –  балаға  білім  берудегі  әсер  етудегі  ең  негізгі  бір 

түрі,  өйткені  ойын  –  балалардың  негізгі  іс  әрекеті.  Балалардың  қарапайым 

математикалық ұғымдарын қалыптастыруда дидактикалық ойындардың алатын 

орны ерекше. Пішіндерді өткен кезде шар, куб, «не домалайды, не домаламай-

ды?» ойыны арқылы осы екі пішіннің ерекшелігі, қасиеті туралы түсіндіру өте 

тиімді. Білім берудегі дидактикалық ойындарды нәтижелі қолданудағы негізгі 

шарты: ол ойын таңдаудағы бірізділікті сақтау, келесі дидактикалық принцип-

тер  міндетті  түрде  ескеруі  керек;  түсініктілік,  қайталанылуы,  тапсырмаларды 

біртіндеп орындау. Баламен іс-әрекет түрінде өткізілсе, тапсырмалар оңай орын-

далып, алға қойған межеге жету оңай болады. Ертегі кейіпкерлеріне, ойыншық 

кейіпкерге көмектесу баланың қызығушылығын оятып, бәсекелестігін арттыра-

ды. Сондай-ақ ойлау, тапқырлық қабілетін дамытып, адамгершілік, мейірімділік 

қасиеттерін оятады. Іс-әрекетке Дымбілместі қатыстыру баланың алған білімін 

еске түсіріп, сол Дымбілмеске үйрету арқылы қабілетін арттырады. Дымбілмеске 

қарай  отырып  өз  жұмыстарын  бақылай  білуге,  қате  жіберіп  алмауға  деген 

қырағылықтарын арттырады.

Ойын  арқылы  балаларды  геометриялық  пішіндердің  ортақ  белгілері 

(дөңгелектенген,  бұрышты)  бойынша  біріктіру  туралы  алғашқы  түсініктерін 

қалыптастырамыз.  Уақытты  бағдарлауға  үйрету  үшін  тәулік  бөліктері,  апта 

күндері,  жыл  мезгілдері  және  айлары  туралы  санамақтар,  жаңылтпаштар, 

жұмбақтарды  кеңінен  пайдаланамыз.  Бұл  арқылы  баланың  ойлау,  есте  сақтау 

қабілеттері мен тілін дамытуды көздейміз. 

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бөлімі бойынша «Та-

ным» білім саласындағы мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін зейіндерін, 

есте  сақтау  қабілетін,  логикалық  ойлауын  дамытуға  арналған  әлеуметтік 

ойындарды  қолдану  қажет.  Ойын  ойнату  кезінде  мына  кеңестерді  естеріңізде 

ұстаңыздар:

1. Ойын балаға да, үлкендерге де қуаныш әкелуі қажет. 

2.  Баланы  ойынмен  қызықтырыңыз,  бірақ  оны  ойнауға  мұқтаждамаңыз, 

ойын тапсырмаларымен ашуға дейін қысым көрсетпеңіз. Ойын кезінде баланы 

ренжітіп алмаңыз. 

3.  Баланың  қызығулары  «толқынмен»  өтеді.  Сондықтан  балада  ойынға 

А.К. ИГІБАЕВА, А.Н. АСЕНОВА. 2 (66) 2015. Б. 503-510 

 

 

 



                ISSN 1683-1667 

510

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

қызығушылығы  басылғанда,  ол  ойын  туралы  екі  айға,  тіпті  көпке  дейін 

«ұмытыңыз», сосын оны бала «кездейсоқ» есіне түсірсін. 

4.  Ойын  кезінде  күштеу  жағдайын  болдырмау  керек.  Баланың  белсенді 

қимылдарын тоқтатпаңыз [6, 7]. 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамыту-

дың бағдарламасы // Казахстанская правда. – №218(26639), 13.07.2011.

2. Колесникова Е.В. 3-4 жас балаларына арналған математика / Е.В. Колесникова. 

– М., 2008. 

3. Леушина А.М. Математикалық түсініктерді қалыптастыру / А.М. Леушина. – 

А.: Мектеп, 1982. 

4. Новикова В.П. Балабақшадағы математика / В.П. Новикова. – М., 2003.

5. Нұрсейітова С. Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттері / С. Нұрсейітова // Ба-

стауыш мектеп. – 2003. – №10. – 4 б. 

6. Сатимбекова М.С. Математика: әдістемелік құрал / М.С. Сатимбекова, Ә.Н. На-

урызбаева, Әуелбекова. – А.: Алматы кітап ЖШС, 2005.

REFERENCES

1. 2011, 2020 zhyldarqa Qazaq  stan Respublikasynyn bіlіm beru zhujesіn damytudyn 

bagdarlamasy. Kazahstanskaja pravda, 218, 26639, 13.07.2011 (in Kaz).

2.  Kolesnikova E.V., 3, 4 zhas balalaryna arnalqan matematika. 2008 (in Kaz).

3. Leushina A.M., Matematikalyq tusіnіkterdі qalyptastyru. Mektep, 1982 (in Kaz).

4. Novikova V.P., Balabaqshadaqy matematika, 2003 (in Kaz).

5. Nursejіtova S., Oqushylardyn sabaqtan tys areketterі. Bastauysh mektep. 2003, 10, 

4 (in Kaz).

6. Satimbekova M.S., Nauryzbaeva A.N., Әuelbekova, Matematika adіstemelіk qural. 



Almaty kіtap, ZhShS, 2005 (in Kaz).

ӘОЖ 37.091.3:796



А.К. ИГИБАЕВА, М.Қ. КЕЛЕМЕДЕНОВА

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

ОҚУШЫЛАРДЫң ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МӘДЕНИЕТІ 

МЕН СПОРТҚА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫң ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

Қазақстан  Республикасында  бұқаралық  спорт  саласының  дамуы  мақсатында 

ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Еліміздің ертеңі болып табылатын әрбір жасөспірімді 

бұқаралық, кейін кәсіби спортқа баулу жолдары көрсетілген. Жастар арасында спорттың 

дамуына түрткі болып отырған мәселелерді атап көрсетіп, шешілу жолдарын және жа-

старды спортқа баулу жолдарын көрсеткен. Соның ішінде Елбасымыздың «Қазақстан-

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


511

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

2050»  атты  стратегиялық  даму  бағдарламасында  алға  қойылған  мақсаттардың  бірі  – 

спорт саласының дамуына үлес қосу. 



Түйін сөздер: спорт, дене шынықтыру, дене тәрбиесі, тұлғаның дене шынықтыру 

мәдениеті.

ОСНОВЫ ТЕОРИИ ФОРМИРОВАНИЯ ИНТЕРЕСОВ У УЧАЩИХСЯ 

К ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛьТУРЕ И СПОРТУ

В  Республике  Казахстан  с  целью  развития  отраслей  массового  спорта  ведутся 

огромные работы. Указаны пути приучения к массовому и профессиональному спорту 

каждого подростка – будущего нашей страны. Отмечены проблемы, которые побуждают 

к развитию спорта среди молодежи, пути их решения и приучения молодежи к спорту. 

Одна из целей программы развития спорта в стратегии «Казахстан-2050» Президента 

РК – внести вклад в развитие отраслей спорта. 



Ключевые слова: спорт, физическое воспитание, физическая культура, физиче-

ское воспитание личности.

THE THEORETICAL BASIS OF STUDENTS IN DEVELOPING 

THEIR INTERESTS IN SPORT AND PHySICAL EDUCATION

There are carried important works in order to develop the sphere of mass sport in Re-

public  of  Kazakhstan. There  discussed  the  ways  of  attracting  every  teenager,  who  are  the 

future of our country, to mass then to professional sport. To reaveal the motivation of sport 

development among the adolescents, to reaveal the solution and ways to attract teenagers to 

the sport. Bring in the mite to the development of the sphere of sport that is one of the goals of 

the strategic plan of development of our head of the state «Kazakhstan 2050».



Keywords: sport, physics education, person`s physical education.

Дене шынықтыру мәдениеті мен спортқа деген қызығушылық – маңызды, 

сонымен  бірге  адамды  кешенді  оқыту,  тәрбиелеу,  дамыту  және  сауықтыру 

бағдарламасының бір бөлігі. 

Бүгінгі күні ұлттың денсаулығы өзектілікке ие болып отыр. Оған мемлекет-

тік деңгейде үлкен зейін аударылуда, ұлт денсаулығын сақтаудың бағдарламала-

ры өңделіп, жүзеге асырылуда. Ең бірінші орында – өсіп келе жатқан ұрпақ және 

оның физикалық денсаулығы назарда. 

Біз  бүгінгі  күні  өкінішті  беталыстарды  байқаймыз:  жастардың  спортқа 

жанкүйер ретінде қызығушылықтарының артуы, өздерінің қозғалыс белсенділігін 

жүзеге асыру тілектерінің болмауы және қалыптаспауы.

Бұл қалыптасқан жағдайда кешенді бағдарламаларды жүзеге асыру үшін 

оқушыларды  физикалық  мәдениет  және  спорттың  топтық  сабақтарына  тарту 

арқылы  олардың  денсаулықтары  мен  өмір  сапасын  жоғарлату,  болады.  Сөзсіз 

бұған  мемлекеттің  және  кешенді  бағдарлы  мақсаттар  тәсілі  көмегімен  қол 

жеткізуге болады.

Білім  адам  өмірінде  маңызды  нәрсенің  бірі  болып  табылады,  ол  кәсіби 

дағдылар  мен  білім  алу  саласында  адам  мүмкіндіктеріне  жол  ашады,  өмір 

А.К. ИГИБАЕВА, М.Қ. КЕЛЕМЕДЕНОВА. 2 (66) 2015. Б. 510- 518 

 

 



                ISSN 1683-1667 

512

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

сүру  жағдайын  түбегейлі  өзгертіп,  экономикалық  өсудің  көзіне  айналады. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған білім 

беру жүйесінің жаңаруы мен қалыптасуы жүріп жатыр. Оқу-тәрбие үдерісінің 

педагогикалық  теориясы  мен  практикасында  бұл  үдеріс  едәуір  өзгерістермен 

жүргізіледі. Білім беру парадигмасының ауысуы жүріп жатыр: басқа жағынан  

келу,  қарым-қатынас,  мазмұн,  мінез-құлық,  педагогикалық  менталитет  ұсы-

нылуда.


Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге 

өту  жағдайында  адамзат  қоғамының  ғасырлар  бойы  жинақтаған  жалпы 

құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін 

және спортты сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы 

дене мәдениетін қалыптастырудың өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті 

Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  бағдарламасында  [1],  ҚР  «Білім  тура-

лы» Заңында [2], білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс 

тапқан.


Дене шынықтыру мәдениетінің әлеуметтік және қоғамдық құбылыс есебін- 

де дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықта-

рын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие 

талаптарына сәйкес жалпы орта мектеп оқушыларының дене тәрбиесін жетілдіру 

үшін қажет. Дене мәдениеті тек мектептегі дене тәрбиесі сабағында ғана емес, ол 

сабақтан тыс уақытта денсаулыққа байланысты қажетті шаралар жүйесі екенін 

ескерсек,  қазіргі  кезеңдегі  жалпы  орта  мектептерде  дене  тәрбиесінің  жүйесі 

мектеп оқушыларының денсаулықтарын нығайтумен қоса, олардың бойындағы 

биологиялық-психологиялық  қажеттіліктердің  жан-жақты  жетілуіне,  өмірге 

белсенді  ұстаным  мен  ізгілікті  қатынастарын  дамытуды  меңзейді.  Мұндай 

маңызды әдістеме оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі пәнін 

оқыту үрдісінде мектеп оқушыларында дене мәдениетін қалыптастыру үдерісіне 

тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев: «Спорт – игiлiктi 

iс. Спортта мiнез-құлық, мәдениет қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар-

ұятқа  тиетiн  iс  жасамайды.  Жастайынан  дене  тәрбиесімен  шұғылданған  адам 

бүкiл  ғұмыр  бойы  табысқа  жетуге  талпынады.  Мен  мұны  өз  тәжiрибемнен 

бiлемiн», – деуi тарих сахнасының төрiнен спорт қозғалысының өзiндiк орны 

бар екендiгiн делелдейдi [2].

Тәуелсіз еліміз үшiн адамның денесінің сау болуы үлкен маңыздылыққа 

ие. Елiмiздiң өндірістiк потенциалы мен қорғаныс қызметiне тiкелей керi әсер 

етіп  отырған  жағдай:  елдiң  ертеңгi  болашағы,  жалпы  орта  мектептеріндегі 

оқушылардың денсаулықтарының өте төменгi деңгейде болуы. Әскер қатарына 

қызмет  етуге  шақырылған  жастардың  денсаулық  жағдайларына  байланы-

сты  көпшiлiгi  керi  қайтарылуда.  Мектеп  табалдырығын  аттаған  бiрiншi  сы-

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



513

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

нып оқушылары мен қолына аттестат алғалы тұрған түлектердiң денсаулығын 

салыстырған зерттеушiлер, мектеп түлектерiнiң денсаулығының талап деңгейінен 

4-5 есе төмен екенiн байқады.

Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір 

сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық өмір-

дің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырыған 

ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезеңдегі 

ойындар  мен  денені  шынықтыру  жаттығулары  қарапайым  түрде  болғанымен, 

олардың тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы зор болды.

Дене  тәрбиесінің  басқа  тәрбиелермен  сабақтастығы  мәселесі  Орта 

Азия  және  Ұлы  дала  ғұламалары  еңбектерінде  де  ерекше  аталған.  Солардың 

ішінде ерекше тұлға Әл-Фараби тәрбие мәселесіне бағыт-бағдар бере отырып, 

«Әлеуметтік-этикалық  трактаттар»  атты  еңбегінде  бала  денесін  жетілдіруді, 

оның  бойындағы  абзал  қасиетті  тани  біліп,  мінез-құлқының  жақсы  сипатта-

рын тәрбиелеп, өзін-өзі үнемі дамыту қажеттігіне тоқталады. Жүсіп Баласағұн 

«Құтты білік» дастанында ұлттық психологиямыз бен ұлттық ерекшеліктерімізге 

тоқтала келе, «кемел адам» ұғымын енгізе отырып, кемел адамның бойында мы-

надай  қасиеттер:  жомарттық,  саламаттылық,  білімділік,  ақылдылық,  бір  сөзде 

тұру, ширақтық болу қажет дейді.

Ұлы ағартушы Абай дене тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесі үйлескенде ғана әр 

адам сымбатты болумен қатар, жан-жақты қалыптасқан жан болмақ деген пікірді 

қуаттайды. Ұлы Абай дене күшін, дене мәдениетін қалыптастыру, оның ақыл-

ой тәрбиесіне тікелей байланысын көрсете отырып, «тәрбиелеу керек» деп жай 

ғана сөзбен емес, оны дұрыс жолға қоюды нақты істермен, жолдармен насихат-

тау, тәрбиенің өзегін философиялық, психологиялық арнадан іздеу қажеттілігіне 

тоқталады [3].

Қазақтын  ұлы  ақыны  Мағжан  Жұмабаевтың  «дене  мәдениетіне  жеңіл 

қарауға болмайды, дененiң қанша керегi бар деп ойлау дұрыс емес. Дене – ж 

анның қабы. Қап берiк болса iшiндегi зат та берiк болмақ. Дене – жанның құралы. 

Құрал мықты болса, иесi де мықты» деп пайымдауы өте орынды [4].

«Тұлғаның  дене  шынықтыру  мәдениеті»  ұғымы  –  күрделі  пәнаралық 

ұғым, философия, педагогика, психология, анатомия, биомеханика, тарих және 

әлеуметтану, антропология мен медицинадағы адам жайлы қазіргі ғылыми білім 

деңгейін бейнелейді. 

Мұнда «мәдениет» ұғымы қазіргі ғылымда өте күрделі феномендердің бірі 

болып табылады. Бұл жайлы отандық және шетелдік мәдениет теорияларында 

көптеген анықтамалардың бар екендігі куәландырады.

«Мәдениет» термині қазақ тіліне арабтың «маданиат» – қала, қалалық де-

ген сөзінен енген [5].

ХΙХ ғасырда мәдениет мәселелерімен тығыз айланысқан ғалымдардың бірі 

А.К. ИГИБАЕВА, М.Қ. КЕЛЕМЕДЕНОВА. 2 (66) 2015. Б. 510- 518 

 

 



                ISSN 1683-1667 

514

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Эдурд Бернетт Тейлор (1832-1917): «Мәдениет жөніндегі ғылым – даму үстіндегі 

үрдіс», – деп қарастырады.

Мәдениет  туралы  танымды  едәуір  алға  оздырған  ғалымдардың  бірі  – 

американдық  мәдениеттанушы  Л.  Уайт.  Ол  мәдениетті  біртұтас  жүйе  ретінде 

қарап, оның ішінен үш саланы тартады. Бірінші – технологиялық сала. Екінші 

– әлеуметтік сала. Үшінші – идеологиялық сала. Бұған идея, діни сенім, білім 

нысанының  түрлері,  мифология,  ғылым,  халық  даналығы  т.б.  жатады.  Бұл 

сияқты жүйелеу бойынша, мәдениет дегеніміз – материалдық айғақтар мен сезім 

әрекетінің жиынтығы болып шығады [6].

Талданған бағыттардың ішінде физикалық мәдениет теориясы анықтамасы 

үшін ең оңтайлы төмендегілер: 

– мәдениет – табиғатта жаратылмағандарды адамның жасауы;

– мәдениет – бұл адамның даму мөлшері және тәсілі;

– мәдениет – бұл материалды және рухани құндылықтарды сақтау, меңгеру, 

дамыту және тарату процесі және нәтижесі.

Дене шынықтыру мәдениеті – жалпы адамзаттық мәдениеттің органикалық 

бөлігі,  оның  ерекше  жекеленген  аймағы.  Сонымен  қатар  бұл  спецификалық 

процесс  және  адамзат  іс-әрекетінің  нәтижесі,  тұлғаның  физикалық  жетілуінің 

құралы және тәсілі. 

Дене шынықтыру мәдениеті өзінің негізіне мақсатқа бағытталған қажетті 

шеберлік  пен  дағдыларды,  физикалық  қабілеттерді,  денсаулық  жағдайын 

оңтайлау  және  жұмысқа  қабілеттілікті  тиімді  қалыптастырушы  қозғалыстық 

формадағы физикалық жаттығуларды қамтиды.

Дене шынықтыру мәдениеті және спорт адамзат іс-әрекетінің дербес түрі 

ретінде көрініп, қоғам дамуында көптеген маңыздылыққа ие. 

ҚР «Дене шынықтыру мәдениеті және спорт жайлы» Заңында физикалық 

мәдениет  білім  берудің  гуманитарлық  бөлімінің  міндетті  жағы,  рухани  және 

физикалық  күшті  үйлесімді  етуші,  денсаулық,  физикалық  және  психикалық 

жағымдылықты, физикалық жетілуді қалыптастырушы ретінде белгіленген.

Осыған  орай  физикалық  тәрбиенің  мақсатты  өзекті  мәселесінің  шешімі 

–  оқушылардың  дене  шынықтыру  мәдениетін  қалыптастыру  және  спортқа 

қызығушылықтарын арттыру. 

Сондықтан «тұлғаның дене шынықтыру мәдениеті» ұғымына шығу дене 

шынықтыру мәдениетін меңгеру, тікелей, тура «қолдану» немесе оның теория-

ларын білу арқылы осы іс-әрекет нәтижесін – білімдерді меңгеруде, физикалық 

сапаларды және қозғалыс қабілеттерін дамытуда көрметумен шартталады. Дене 

шынықтыру мәдениеті адамға қозғалыстық және интеллектуалды іс-әрекеттер 

үшін кең мүмкіндіктер беріп, оның физикалық және интеллектуалды күштерін 

жаңа, биік деңгейде көрінуіне, дене шынықтыру мәдениетін таратуға жағдай жа-

сайды.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



515

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

Адамның  дене  шынықтыру  мәдениетін  қалыптастырудағы  нормативтік-

механикалық бағыт ұзақ уақыт бойы біздің елімізде жалғыз бағыт ретінде та-

нылып, қазіргі кездегі балалар мен жастардың дене шынықтыру тәрбиесіндегі 

қарама-қайшылықтарды шарттап келді. Дене шынықтыру мәдениетінің тәрбие-

лік бағыттылығын әлсірету, тәрбиелік міндеттерге екінші ретті, жанама мәнді-

лік  беру  бағыты  балалардың  дене  шынықтыру  мәдениетін  қалыптастырудағы 

жеткілікті оңтайлы деңгейде білім беру және сауықтыру міндеттерін шеше ал-

майды.


Өсіп келе жатқан ұрпақтың дене шынықтыру мәдениеті мәселесіне қатыс-

ты қазіргі ғылыми-теориялық өңдеулер адамның дене шынықтыру мәдениетін 

қалыптастыру  үрдісінде  дене  шынықтыру  мәдениетінің  тәрбиелік  әлеуетін 

күшейтетін тұлғалық-гуманистік бағытқа бағдарлануды ұсынады.

Дене шынықтыру мәдениетіндегі іс-әрекет нәтижесі физикалық даярлық 

және қозғалыс икемділіктері мен дағдыларының жетілуі, өмірлік күштің жоғары 

деңгейі,  спорт  жетістіктері,  адамгершілік,  эстетикалық,  интеллектуалды  даму 

болып табылады.

Дене  шынықтыру  мәдениеті  аспектілері  адамның  жан-жақты  дамуын 

жүзеге  асырады  және  физикалық  жағдайының  оңтайлы  дамуын,  денсаулығын 

нығайтуды, шынықтыруды қамтамасыз ету арқылы оның табиғи мәнін позитивті 

түрде жетілдіруді жүзеге асырады. 

«Тұлғаның дене шынықтыру мәдениеті» ұғымына берілген әр бағыттардағы 

ғылыми анықтамаларды жалпылай келе, олардың ішінен жоғарыда көрсетілген 

тұжырымдамаларды  толықтай  ашатын  және  дене  шынықтыру  мәдениеті  мен 

спорт  және  ғылыми  мектептер  аймағында  айналысатын  мамандар  арасында 

танымалдыққа ие болғандарын ұсынамыз (1-кесте).

«Қызығушылық»  түсінігінің  ғылымның  психологиялық-педагогикалық 

бағытындағы заманауи мәні әрқалай, ол қызығушылықтың өзінің күрделілігімен 

түсіндіріледі.  Қызығушылық  адамның  танымдылығының  және  тәжірибелік 

қызметінің  себепті  түсінігінің  бір  түрі  ретінде,  объективті  және  субъективті 

сипатты  қызығушылығы  ретінде  қарастырылады.  Қызығушылық  нақты  бір 

бағытымен сипатталады. Қызығушылық іс-әрекетті туындатады және маңызды 

аумақтың  қалыптасуы  болып  табылады.  Қызығушылықтың  дамуында  білім 

беруді жетілдірудің бірнеше деңгейлері бар: танымдылық, пәнді оқуға бейімділік, 

білім алуға тұрақты қызығушылық.

Тарихи-педагогикалық  еңбектерге  жасаған  талдау  қызығушылық  мәсе-

лесінің  жан-жақтылығын  және  көп  қырлылығын  дәлелдейді.  Жеке  тұлғаның 

қызығушылығын  қалыптастыру  мәселесі  психологтердің  (С.Л.  Рубинштейн, 

Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, Л.И. Божович және т.б.); педагогтердің (Г.И. Щу-

кина, Н.Г. Морозова, Р.Г. Лемберг, А.П. Сейтешев және т.б.); әлеуметтанушылар-

дың (Л.М. Архангельский [54], Г.А. Логинова [55] және т.б.) еңбектерінде жан-

А.К. ИГИБАЕВА, М.Қ. КЕЛЕМЕДЕНОВА. 2 (66) 2015. Б. 510- 518 

 

 



                ISSN 1683-1667 

516

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

жақты қарастырылған.

1-кесте – «Тұлғаның дене шынықтыру мәдениеті» ұғымының мазмұны

Автор


Ұғым мазмұны

Л.П. Матвеев

(1991) 

Дене шынықтыру мәдениеті адамның өзіндік мәдениетінің негізгі бір 



түрі, ерекшелігі, бұл мәдениет түрі индивидтің физикалық күйі мен 

дамуын  оның  психикалық  дамуымен  өзіндік  қозғалыс  белсенділігін 

басқа  мәдени  құндылықтармен  бірлестікте  рационалды  және  тиімді 

қолдану негізінде оңтайландыруға бағытталған. 

В.М. Выдрин,

Ю.Ф. Курам-

шин (1999, 

2003)


Тұлғаның дене шынықтыру мәдениеті – тәрбие және дене шынықтыру 

мәдениеті  мен  спорт  іс-әрекетінде,  өмір  бейнесі  мәдениетімен, 

руханилық  және  психофизиологиялық  ықпалдасу  нәтижесінде 

қалыптасқан  сапалы,  жүйелі,  динамикалық  күйі,  арнайы  мамандану 

деңгейі,  физикалық  жетілуі,  мотивациялық  құндылық  бағдары  және 

әлеуметтік  рухани  құндылықтарымен  сипатталатын  адамның  жалпы 

мәдениетімен әлеуметтік детерминатталған аймағы. 

П.И. Залетаев, 

В.П. Шеянов, 

Б.И. Загор-

ский (1984)

Тұлғаның  дене  шынықтыру  мәдениеті  ретінде  адамның  физикалық 

жетілуінде қол жеткізген нәтижелерін және меңгерген қозғалыс сапа-

ларын, дағдыларын және арнайы білімдерін күнделікті өмірде қолдану 

дәрежесін айтады

М.Я. Вилен-

ский (1990)

Тұлғаның  дене  шынықтыру  мәдениеті  –  бұл  тұлғаның  сапалы, 

жүйелі  және  динамикалық  құрылымы,  оның  физикалық  дамуы  мен 

білімділігінің  белгілі  деңгейімен  сипатталады,  осы  деңгейге  жетуге 

қажетті  тәсілдерді  саналауы  және  дене  шынықтыру  мәдениеті  мен 

спорт іс-әрекеті және тұтастай өмірлік іс-әрекеттің әртүрлі формала-

рында көрініс береді. 

В.И. Ильинич 

(1999)

Тұлғаның  дене  шынықтыру  мәдениеті  сапалы,  жүйелі  және  дина-



микалық  жаңа  құрылым,  оның  білімділігін,  физикалық  даярлығын, 

жетілуін белсенді дене шынықтыру, спорт іс-әрекеттерінде, саламатты 

өмір салтында түрлері мен формаларында бейнеленуін сипаттайды. 

Р.С. Сафин 

(1991)

Физикалық тәрбие мақсатының ықпалдасқан мақсаты – тұлғаның дене 



шынықтыру  мәдениеті  ретінде  құндылық  бағдардың,  мотивациялық 

қажеттілік  аймақтың,  физикалық  жетілудің  және  практикалық  іс-

әрекеттің органикалық бірлігінің көрінуі 

Т.В. Скобли-

кова (2002)

Тұлғаның  дене  шынықтыру  мәдениеті  –  бұл  тұтас,  көпдеңгейлі, 

көпқұрамды құрылым, өзіне мотивациялық құндылық, операциялық, 

қуаттық,  бағалау  компоненттерін,  сонымен  бірге  мұғалімнің 

педагогикалық  философиясын,  сананың  ішкі  жоспары  ретінде 

әдістемелік тәртіптегі рефлексиялық ойлау іс-әрекетін біріктіреді 

Қазақстандық ғалымдар да қызығушылық, қызығушылықты қалыптасты-

ру мәселесіне баса назар аударған. Н.Д. Хмель, Г.К. Байдильдинова жоғары сы-

нып  оқушыларының  әр  жақты  қызығушылығын  қалыптастыруды  теориялық 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



517

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

тұрғыдан негіздесе, Б.Т. Нәбиева сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың өзара 

байланысы  арқылы  оқушылардың  пәнге,  А.Ж.  Едігенова  бастауыш  сынып 

оқушыларының қазақ халық ертегілеріне, С.Б. Қоянбекова химия пәнін оқытуда 

ойын  арқылы  студенттердің  танымдық  қызығушылығын  қалыптастырудың,  

Н.В. Черкасова орта буын оқушыларының классикалық музыкаға қызығушылы-

ғын қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін, жолдарын ұсынады.

Психолог-педагог  ғалымдардың  бірқатары  қызығушылықты  (Л.А.  Гор-

дон, П.И. Иванов, В.А. Крутецкий, А.Н. Леонтьев, С.Е. Матушкин) тұлғаның 



бағыты; ал келесілері (А.В. Петровский, М.Г. Яролевский) түрткі; үшіншілері 

(С.Л.  Рубинштейн)  эмоционалдық  тұрғыдағы  әсерлі  зейін;  келесі  топтағылар 

(С.Ф. Егоров, В.Г. Иванов, А.Г. Кавалев, С.Е. Матушкин, Н.Г. Морозева, В.Н. Мя-

сищев және т.б.) тұлғаның белгілі бір пәнге қатынасы; (А.П. Сейтешев) кәсіпке 



қатынасы;  тағы  бірі  (Б.И.  Додонов,  В.Н.  Тугаринов)  тұлғаның  қажеттілігі 

тұрғысынан қарастырғанымен, олардың әрбірі қызығушылықта қажеттілік пен 

түрткінің болатындығын және «қызығушылықтың әсерлі, мәнді, мазмұнды затқа, 

құбылысқа, іс-әрекетке зейін қою екендігін» жоққа шығармайды.

Сонымен қызығушылық – адамды бір нәрсені танып-білуге құмарттыратын, 

оның ой-өрісін өсіретін, жан дүниесінің мазмұнын байытатын қозғаушы күш. 

Кең  мағынада  алғанда,  қызығу  –  айналадағы  заттар  мен  құбылыстарды  аса 

белсенділікпен  танып,  терең  білуге  бағытталған  адамның  сезім  дүниесін 

қамтитын  біршама  тұрақты  жеке-дара  ерекшілігі  болса,  дене  шынықтыру 

мәдениеті және спортқа қызығушылық дегеніміз – адамның дене шынықтыру 

мәдениеті  құндылықтарын  бойына  сіңіруге,  оларды  танып-білуге  құмартуы, 

сондай-ақ өз тарапынан да жаңа дүниелер жасауға тырысуы, әрекеттенуі. Дене 

шынықтыру  мәдениетін  спортқа  қызығушылық  негізінде  қалыптастыруға  бо-

лады.  Тұлғаның  дене  шынықтыру  мәдениеті  және  спортқа  қызығушылығын 

қалыптастыру  үшін  оның  сезімін  –  шындық  өмір  құбылыстарын  немесе  дене 

шынықтыру тұрғыдан қабылдау үрдісінде болатын көңіл күй сезімін бағдарлы 

дамыту шарт.

Психологтер  мен  педагогтердің  айтқан  пікірлерінен  біз  қызығушылық 

–  тұлғаның  психикалық  дәрежесі,  оның  ішкі  жай-күйі  екенін  түсінеміз. 

Қызығушылық  жеке  адамның  ең  жақсы  қасиеттерінің  дамуына,  сондай-ақ 

қалыптасуына ықпал етеді. Қызығушылық – белсенді танымдық қатынас немесе 

әсерленушілік, қажеттіліктің эмоциялық көрінісі.

Сонымен  оқушылардың  дене  шынықтыру  мәдениеті  және  спортқа 

қызығушылықтарын қалыптастыру әртүрлілігімен ерекшеленеді: денсаулығын 

нығайту, денесін қалыптастыру, физикалық және психикалық сапаларын артты-

ру (ерік және т.б.). Қыз балалар мен ұл балалардың дене шынықтыру мәдениеті 

және спортқа деген қызығушылықтары да өзіндік ерекшеліктерге ие екенін атап 

өту маңызды: қыздар көбінесе әдемі дене бітімін қалыптастыруды, икемділікті 

А.К. ИГИБАЕВА, М.Қ. КЕЛЕМЕДЕНОВА. 2 (66) 2015. Б. 510- 518 

 

 



                ISSN 1683-1667 

518

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

дамытуды,  қозғалыстың,  жүрістің  жетілуін  қаласа,  ал  ұлдар  әдетте,  күшін, 

табандылығын, шыдамдылығын, жылдамдығын және серпімділікті дамытқысы 

келеді.


Оқушылардың  белсенділігінің  көрінуі  көптеген  факторларға  байланы-

сты:  сабақтың  міндеттерінің  дұрыс  қойылуы,  оң  эмоциялық  реңнің  болуы, 

оқушылардың оптималды деңгейде сабақтағы жүктемесі және т.б. 

Сонымен  оқушылардың  дене  шынықтыру  мәдениетіне  және  спортқа 

қызығушылығын қалыптастыруды қажеттілік негізінде қызығуларын туындату 

арқылы жүзеге асыру қажет. 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.  ҚР  Президентінің  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің 

жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 12.12.2014 ж.

2. ҚР «Білім туралы» Заңы.

3.  Әбділлаев  Ә.К.  Дене  мәдениетінің  ілімі  және  әдістемесі,  I-ші,  II-ші,  III-ші 

бөлімдері / Ә.К. Әбділлаев. – Кентау, 2006.

4. Жұмабаев М. Педагогика / М. Жұмабаев. – Алматы: Рауан, 1993. – 112 б.

5. Философия және мәдениеттану: оқу құралы / Ж. Алтаев [және т.б.]. – Алматы: 

Эверо, 2004. – 272 б.

6. Белик А.А. Культурология: Антропологические теории культур / А.А. Белик. – 

М.: РГГУ, 1999.

REFERENCES

1. QR Prezidentіnіn Qazaqstan-2050 strategijasy qalyptasqan memlekettіn zhana sajasi 

baqyty atty Qazaqstan halqyna Zholdauy. 12.12.2014 (in Kaz).

2. QR Bіlіm turaly Zany (in Kaz).

3.  Abdіllaev  A.K.,  Dene  madenietіnіn  іlіmі  zhane  adіstemesі,  I-shі,  II-shі,  III-shі 

bolіmderі. Kentau, 2006 (in Kaz).

4. Zhumabaev M., Pedagogika. Almaty, Rauan, 112, 1993 (in Kaz).

5. Filosofija zhane madeniettanu, oqu qural. Zh. Altaev, Almaty, Jevero, 272, 2004 (in 

Kaz).

6. Belik A.A. Kul’turologija. Antropologicheskie teorii kul’tur. RGGU, 1999 (in Kaz).

ӘОЖ 316.624



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет