«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»



Pdf көрінісі
бет49/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
tehnol pmm umkd 2022-23 kaz platonus

№15 Тәжірибиелік сабақ
Тақырыбы:Ет-сүт өңдеу орындарындағы лас суларды тазарту 
 
Сабақтың мақсаты:Су тазарту станциясында лас суларды тазарту тәртібімен 
танысу 
Лас сулар, ет-сүт өңдеу орындарында технологиялық құрылғыларды, мүліктерді, 
құралдарды, мал ұшасын, ішкі мүшелерді, ішектерді, санитарлық киімді, аяқ киімді, 
автомашинаны және т.б. заттарды жуғанда пайда болады. 
Лас сулардың құрамында көптеген органикалық заттар (қан, нәжіс, асқазан-
ішектегі азықтық массалар және т.б.) болады. Олар тсудағы оттегімен байланысып, 
шіріткіш анаэробты микрофлораның өсіп өнуіне жағдай туғызады. Бұл суларда патогенді 
микрофлораларда болуы мүмкін. Ет комбинаттарындағы тазартылмаған ағын суда 1500 
мг/л-ге жуық өлшенген заттар, 1000мг/л-ден аса майлар, азотқұрамды заттар (белокқа 
есептегенде)-1000мг/л-ге жуық заттар кездеседі. Ағын сулардың оттегіге (ХПК) химиялық 
қажеттілігі – 2000 мг/л-ге дейін болады. Бұндай суларды дұрыс тазартып, 
зарарсыздандырмағанда, олар табиғи және жасанды су қоймаларын ластап, адамдар мен 
жануарларда жұқпалы ауруларды тудырады. Ет өндіру кәсіпорындарында ағын судың 
төрт категориясы болады, олар бір-бірінен бөлек канализациялар арқылы ағады. Олар:
1) құрамында майы бар өндірістік ластанған ағынды су; 
2) құрамында майы жоқ өндірістік ластанған ағынды су; 
3) өндірістік ластанбаған ағынды су; 
4) тұрмыстық ағынды су; 
Құрамында майы бар ластанған өндірістік ағынды суға, малды сою, бөлшектеу
майды, іш құрылысын және ішектерді жууға қолданған сулар жатады. Субөнімдер мен ет 
бөлшектерін қайнатқаннан кейінгі суды ең алдымен центрафуга арқылы майын айырып 
алып, кейін ғана канализацияға жібереді. Май және консерва цехынан шыққан ағын 
суларды, құрамындағы майын жинап алу мақсатында, оларды алдымен цехтық, кейін 
өндірістік май ұстағыштан өткізеді. Канализациялы құбырларда жағымсыз иістің пайда 
болуын және машина аппараттармен, күбінің ішкі бетінде микроорганизмдердің өсіп-
өнуін алдын-алу үшін оларды сифон арқылы канализациялық тормен байланыстырып, 
жалғаймыз. Құрамында майы жоқ ластанған өндірістік ағынды сулурға, жануарларды 
бөлек ұстайтын, изолятордағы және карантиндегі жануарлар тұратын орыннан және басқа 
цехтардан келетін сулар жатады. Ластанбаған ағынды суларға мұздатқыштан, вакуумды 
насостардан, котельная мен конденсатордан ағатын сулар жатады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет