Бақылау сұрақтары
1. Трикотаж бұйымдарын жобалау кезінде қандай талаптар қойылады?
2. Денебітім өлшемдік белгілердің қандай түрлерін білесіз? Олардың сипаты қандай?
3. Өзгешіліксіз аралық деген не?
4. Лекало жайылмасына қандай талаптар қойылады?
5. Бұйымдарды моделдеу және конструкциялау процестерін атаңыз, әрқайсысына сипат беріңіз.
Әдебиет тізімі
1 Крючкова Г.А. Технология швейно-трикотажных изделий. – М.: Издательский центр «Академия», 2009. – 288 с.
2. Полянская Т.В. Особенности технологии обработки трикотажных изделий: учеб. пособие. – М., ИД «ФОРУМ»: ИНФРА–М. 2006. –160 с.: ил. –(Высшее образование)
3. Флерова Л. Н., Голикова Т. В., Золотцева Л. В. Технолия трикотажно- швейного производства. М.:1976
4. Литвинова И.Н., Шахова Я.А. Әйел сырт киімін әзірлеу. Алматы. Ана тілі, 1993. –328 бет.(Аударған Ө. Кесікбаев)
3-ДӘРІС
Тоқыма бұйымдарын конструкциялау және моделдеу тұралы негізгі мәліметтер.
Киімді моделдеу (үлгілеу), оның ішінде трикотаж бұйымдарын сән- қолданбалы өнер түріне жатқызады, оның мақсаты адамдардың тұрмыстағы заттарын безендіру. «Моделдеу» термині «модель» сөзінен алынған және моделді, үлгіні құру деп білдіреді. «Модель» деген сөз итальян «modelloo» сөзінен алынған, бұл «үлгі» мағынасын көрсетеді.
Өнер ұғымы музыка сонымен байланысты вокал және би, театр, кино, цирк, және де өнердің пластикалық түрлері, яғни кеңістік, заттық түрлерін біріктіреді.
Пластикалық өнер түрлерінің туындылары кеңістікте болып, уақыт барысында өзгермейді және дамымайды. Біз оларды көз арқылы қабылдаймыз. Пластикалық өнер бейнелеу және архитектоникалық – бейнелеусіз түрлеріне бөлінеді. Бізді қоршаған әлемді бейнелеу өнері суретшінің өзгеше түсінігі, санасы арқылы көркемделеді.
Бейнелеу өнеріне мыналар жатады: кескіндеме (живопись), станокты (боямен жазылған картиналар) және монументалді (роспись, фреска, мозаика және т.б.); мүсін өнері, станокты (қоршаған ортадан тәуелсіз) және монументалді (ескерткіштер, монументтер, сәулет әшекейлері және т.б.); графика, станокты (картиналар), қолтаңбалы (маркілер, ашық хат, этикеткалар және т.б.); кітап (мұқабасы, иллюстрациялау және т.б.) және плакат өнері.
Архитектоникалық өнеріне сәулет, сән-қолтаңбалы өнер және дизайын жатады. Архитектоникалық өнердің туындылары тікелей қоршаған әлемді бейнелемейді, тек адамның материалды-заттық тұрғын ортасын құруға қызмет жасайды. Сән-қолтаңбалы өнер жаңа заттық ортасын, тұрмыста жаңа заттарды құру арқылы әлемді көркейтеді.
Қолтаңбалы өнердің туындылары жиһаз, кілемдер, ыдыс, асүй аспаптары, киім және т.б. болу мүмкін, яғни мағыналы пайдалы бұйымдар.
Трикотаждан бұйым жасайтын, суретші-модельер алдында көптеген мақсаттар қойылады. Оның осы кезде творчествалық қызметінің негізгі өзгешілігі, абстракті емес нақты адам және тек осы объектіге тән ерекшілікті ескеру қажет. Костюм адаммен бірге толық көріністі құрайды және онда көрсетілген қызметті орындау үшін иесінің жыныс ерекшелігі, оның жасы, сонымен қатар жекелік ерекшеліктер, сырт пішіні мен мінезін ескеру қажет.
Трикотаждан бұйымды жобалау, жаңа пішінді және композициялық шешімдерді іздеу кезінде суретші, оның қиялы қаншалықты еркін болғанымен, ол әрқашанда адамның пішіні мен бұйымның тағайындалу талаптардың тиімділігіне бағыну қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |