Шұлық-ұйық бұйымдарының түржиыны Шұлық-ұйық өндірісі- бұйымдардың әртүрлі түржиының шығаратын трикотаж өнеркәсібінің дамыған саласы. Қолданылуына байланысты шұлық-ұйық бұйымдарының түржиыны топтарға бөлінеді: әйелдер және балалар шұлығы; ерлер, әйелдер және балалар ұйығы; ерлер, әйелдер және балалар қысқа шұлығы; балалар рейтузасы-колготкалар.
Биялай бұйымдары Биялай бұйымдардың түржиыны сан алуан, олар қолдануы, өрімдердің түрі, өндіру тәсілі бойынша бөлінеді. Бүкіл биялай бұйымдардың түржиыны екі топқа бөлінеді – биялай және қолғаптар.
Қолдану және конструкциясы бойынша биялай бұйымдары тағы тұрмыстық және техникалық түріне бөлінеді, олар жалаң не қосарлы болу мүмкін.
Тұрмыстық және техникалық биялай бұйымдары өндіру тәсілі бойынша іліптоқылған, пішілген және қиыстырылған (тысы – іліптоқылған, астары – пішілген) түрлеріне бөлінеді.
Өрімдердің түрі бойынша биялай мен қолғаптар тегіс не суретті болу мүмкін.
Іліптоқылған биялай мен қолғаптарды алу тәсілі бойынша бір-, екі- және үш үдерістіге бөледі.
Жайманы пішуге дайындау.Трикотаж жаймадан алынған іш киімдер трикотаж фабриканың пішу-тігу цехында дайындалады.
Трикотаж жаймасы өңдеуден кейін пішуге дайындау бөлмесіне келіп түседі, қайда келесі операциялар орындалады: жайманы және қосалқы материалдарды қабылдау; жайманы сақтау (демалдыру, тынықтыру), жайманы артикул және ені бойынша іріктеу, жайманы төсемге жинақтау, төсемнің жоғарғы қабатын бормен сызу немесе трафаретті дайындау, қосалқы материалдарды дайындау және оларды пішуге жіберу, әр төсем үшін жайманың пішу картасын есептеу.
Пішуге дайындау бөлме сөрелермен, ақау-өлшеу машиналармен, және жайманы тасымалдау үшін қажетті құралдармен жабдықталады. Жайма пішуге дайындау бөлмеге партионды, яғни артикул, түсі және есептелген ені бойынша, егер ол қажет болса түсі бірдей бірге тоқылған қосалқымен келіп түседі.
Пішуге дайындау бөлмеде жайманың кесектері тексерілу қажет және ені бойынша жинақталады.
Төсемге арналған кесектерді артикул және фактілі ені бойынша іріктейді (кесектердің ені бойынша арасындағы ауытқу шегі 1 см). Төсемге іріктелген жайма қажетті қосалқы материалмен, пішу цехына пішу картасымен және төсемнің жоғарғы қабаты бормен сызылған немесе дайын трафаретпен бірге жеткізіледі.