«Тоқыма өндірісінің технологиясы» кафедрасы тк ttotzhP 3307– «Тігін-трикотаж өндірісінің технологиялық жабдықтары және процессстері»



бет6/22
Дата13.09.2022
өлшемі1,04 Mb.
#38981
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Тех.оборуд. ЛЕКЦИЯ

Бақылау сұрақтары
1. Бұйымдарды моделдеу және конструкциялау процестерін атаңыз, әрқайсысына сипат беріңіз.
2. Моделдеу қандай түрлерін білесіз? Олардың сипаты қандай?
3. Өзгешіліксіз аралық деген не?
4. Лекало жайылмасына қандай талаптар қойылады?


Әдебиет тізімі
1 Крючкова Г.А. Технология швейно-трикотажных изделий. – М.: Издательский центр «Академия», 2009. – 288 с.
2. Полянская Т.В. Особенности технологии обработки трикотажных изделий: учеб. пособие. – М., ИД «ФОРУМ»: ИНФРА–М. 2006. –160 с.: ил. –(Высшее образование)
3. Флерова Л. Н., Голикова Т. В., Золотцева Л. В. Технолия трикотажно- швейного производства. М.:1976
4. Литвинова И.Н., Шахова Я.А. Әйел сырт киімін әзірлеу. Алматы. Ана тілі, 1993. –328 бет.(Аударған Ө. Кесікбаев)
4-ДӘРІС
Тоқыманың пішу технологиясы
Трикотаж іш киімнің түржиыны
Қолданылуына байланысты, кәсіпорында шығарылған іш киім трикотажды, мына топтарға бөледі:
ерлер іш киімі – фуфайка (футболка), дамбал, трусы және т. б.;
әйелдер іш киімі – жейде, ішкөйлек, гарнитур, панталон, трусы, ішкі белдемше, халат және т. б.;
спорттық іш киім – майка, фуфайка (футболка), трусы, сулық денежабым костюмы, велоспортқа арналған жейде және т. б.; ұзын жеңді ерлер жейдесі;
балалар іш киімі – метептегі және мектеп жасына дейінгі ер бала мен қыздарға арналған;
балалар іш киімі – ясли жасындағы (үш жасқа дейін).
Стандартта іш киімдердің сырт сипаты мен сапасына қойылатын негізгі талаптар қарастырылған, сондай-ақ жаймалардың түрі, олардан тігілетін бұйымдар көрсетілген.
Сырт бұйымдар түржиыны
Трикотажды сырт бұйымдар түржиыны сан алуан. Олар көптеген әр түрлі атаулардан тұрады: жекет, жилет (көкірекше), жемпір, пуловер, свитер, рейтуз, спорттық костюм, шалбар, көйлек, әйел жейдесі, белдемше, ерлер мен әйелдер костюмы, пальто, куртеше және т. б.
Өндіру тәсіліне байланысты трикотажды сырт бұйымдары үш түрге бөлінеді:
пішілген, жартылай жүйелі және жүйелі.
Пішілген бұйымдарды әр түрлі өрімді жаймалардан пішіп, бөлшектерден тігеді. Жайма тегіс не суретті және ені мен ұзындығы бойынша мөлшері әр-түрлі болу мүмкін. Пішілген бұйымдар өндірісінің негізгі кемшілігі, жайманы пішкенде қалдықтар проценті (20-25) көп болуы.
Жартылай жүйелі бұйымдарды лекало формасына жақын бөлшектерден тігеді. Бұл – не бөлшектер, машинада формасын тарылту және кеңейту арқылы алған, не купондар.
Жүйелі бұйымдарды бөлшектерден дайындайды, олардың формасы тікелей іліптоқу үдерісінде алынады. Жүйелі бұйымдар өндірісі ең тиімді, себебі осы тәсілді пайдалану кезінде шикізат қалдықтар проценті 3-5 аспайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет