Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Токсикоинфекция туралы жалпы түсінік



бет29/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
45. Токсикоинфекция туралы жалпы түсінік.
Көптеген пестицидтер мал өнімдерінде аз ғана мөлшерде бола тұра, организмнің жеке жүйелеріне уытты әсер етеді. Пестицидтерге кумулятивті қасиет тән. Құамында улы заттар бар ет өнімдері ұзақ уақыт сақталғанда, жоғары және төмен температурада өңделгенде өз бойынан уытты зат бөледі. Амалсыз сойылған уланған жануарлардың ас қорыту жолдарындарынан паративтік бактериялардың қанға және ұлпаларға тез тарап, азықтық 38 интоксикация қалыптастыратын, бұл бактериялардың улардан да қауіпті екенін естен шығармаған жөн. Сондықтан, етті тек морфологиялық және биохимиялық өзгерістеріне, удың шығу тегі, жануардың сойылғанға дейінгі клиникалық жағдайына, қансыздандыру дәрежесіне қарай ветеринариялықсанитарлық баға бермей, сонымен қатар, еттің бактериалдық ластануына да көңіл бөлу керек. Улы заттармен зақымдану барысында жануар организмінің резистенттілігі төмендейді. Улар ішектің ретикулоэндотелиалды барьерін блокадалап, нәтижесінде ішектік микрофлора жануар организмі бойына таралады да, секундарлық (екінші реттік) инфекция пайда болады. Бұл жағдайда ет адамдарда ішектік инфекцияның көзі болып, токсикоинфекция қалыптасады.
46. Уытты заттардың эмбриогенді, тератогенді және концерогенді әсерлері туралы түсінік.
Сонымен бірге улы заттар ағзаға эмбриогенді, тератогенді, мутагенді, канцерогенді және аллергиялық әсер етеді.
1.эмбриогенді әсерде – эмбриондардың өсіп-өнуін тоқтатады.
2.тератогенді әсерде – эмбриондардың өсіп өнуі жойылмағанымен әртүрлі қолайсыз жағдайларға ұщырайды(кемістік).
3.мутагенді әсерде – жыныс мүшелерінің қызметі нашарлап, дұрыс дамып жетілмеген ұрпақтар пайда болады.
4.канцерогенді әсерде – клетка элементтерінің өсуі шектен тыс көбейіп зарарлы ісікке ұшырайды. 5.аллергиялық әсерде - әртүрлі аллергиялық реакциялар пайда болады
47. Фосфорорганикалық қосылыстардың жанасып әсер ететін препараттарына сипаттама.
ФОҚ-дың жанаса әсер ететін препараттары
Дифос (биотион, абат, темефос, нимитокс) - ақ түсті кристалды зат. Суда нашар, толуолда жақсы ериді. Жылы қанды жануарларға уытты әсері әлсіз. ЛД12 тышқандар үшін 2000-2300 мг/кг, қояндарға 970-1930мг/кг. Шыбын- шіркей личинкаларына, әртүрлі жәндіктерге қарсы қолданылады. Өсімдіктердің өсу процессіне зиянын тигізетін жәндіктерге де әері айтарлықтай күшті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет