Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы



бет30/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45
Хлорофос (диптерекс, дилокс, тугон, негувон, рицифон) - ақ түсті, суда және көптеген органикалық ерітінділерде жақсы еритін кристалды ұнтақ. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында кеңінен қолданылатын, уытты әсері төмен препарат. Мақтаның, күнбағыстың, жүгерінің, картоптың, қызылшаның және т.б. дәнді-дақылдардың зиянкестеріне, онымен қатар жануарлардың эктопаразиттеріне, оқыраға (оқалақ) қарсы пестицидтер ретінде қолданылады. Жануарларға өлтіре әсер ететін мөлшері: 300-500 мг/кг, организмде жинақталу дәрежесі (кумулятивтілігі) төмен. Ауыз арқылы енгізілген хлорофос, қанда 1-3 сағаттан кейін байқалып, 3-5 сағаттан кейін несеп арқылы сыртқа бөлінеді. Тері арқылы әсер еткен хлорофостың, ауыз арқылы енгізілген түріне қарағандағы уыттылығы төмен. Ашық жерде (далада) хлорофостың әсері 3-5 күн, бөлме жағдайында 2 аптаға дейін сақталады.
Карбофос (мелатион, фостион, сумитокс) - сұрғылт түсті, органикалық ерітінділерде жақсы еритін, иісі шіріген тұрып (редька) иісі секілді, жағымыз, қоюлау сұйықтық. Сумен нашар әрекеттеседі (еру дәрежесі жобамен 150мг/л). Жануарлар үшін уыттылығы орташа. Кумулятивті әсер етеді, сілтілер әсерінен құрамын бұзады. Малдардың жасына, түріне және жынысына қарай бұл препаратқа сезімталдығы әртүрлі. Мысалы, карбофостың бұзауға уытты мөлшері 10-20мг/кг болса, ірі малдар үшін 50- 100мг/кг. Өлтіре әсер ететін мөлшері мүйізді ірі қара үшін 200мг/кг болса, қойлар үшін 150мг/кг. Карбофостың 100мг/кг мөлшері балапандардың бұлшық еттерін әлсіздендіріп, 3 апталық балапандарға өлтіре әсер етеді. Мөлшері (ЛД50) 200-400 мг/кг, ал ересек құстарға 150-200мг/кг. Препараттың 1%-ды ерітіндісімен бұзауларды бүрку (опрыскивание) оларды өлімге ұшыратса, ал құстарды карбофостың 1,25 % ерітіндісімен немесе 4 % ұнтағымен (дустымен) шомылдырудың ешқандай зияны жоқ. Карбофоспен өңделген шабындықтарда, оның иісі 25 күнге дейін сақталынады.
Карбофос - азықтық заттарды зиянды жәндіктер мен кенелерден, жануарларды әртүрлі эктопаразиттерден қорғауға арналған инсектоакарицид.
Тиофос (паратион)- күңгірт-қоңыр түсті, иісі сарымсақтікі секілді, қою майлы сұйықтық. Сумен жақсы араласып, сарғыш-жасыл түсті эмульия түзеді. Қайнатқан кезде уыттылығы жоғарылайды. Малдар үшін уытты. Өлтіре әер ететін мөлшері 13-25 мг/кг.
Тиофоспен өңделген жайылымдарға малдарды 20-25 күннен ерте шығаруға тиым салынады. Көкөніс зиянкестеріне қарсы қолданылады.
Октометил (сирадан, пестокс-3) - жабысқақ, тұтқыр, күңгірт қоңыр түсті, иіссіз, судағы ерітіндісі (эмульсия) бұзылмай ұзақ сақталатын сұйықтық. Тері арқылы тез сіңіп, малдарға өте уытты , кумулятивті әсер етеді. Өлтіре әсер ететін мөлшері 10-30 мг/кг. Құрамында октометил кездесетін азықтарды, препарат ыдырап кетпейінше ,1-3 айға дейін қолдануға болмайды .
Меркаптофос (диметил 0-2 этилтиофосфат, метасистокс, деметон, внуран) - майлы ,ашық-қоңыр түсті , өткір жағымсыз иісі бар, сумен жеңіл араласып, ашық-сары түсті эмульсия түзетін, өте уытты, кумулятивті сұйық зат. Өлтіре әсер ететін мөлшері 3-10 мл/кг. Меркаптафостың екі изомері бар: тиондық және тиолдық. Тиолды изомері тионды изомеріне қарағанда уытты. Ұзақ уақыт сақтау барысында меркаптофостың уыттылығы артады, яғни тиолды изомерінің саны ұлғаяды. Құрамында 0,35 мг/кг мөлшерінде меркаптофос бар азықтар мен азық-түліктерді қолдануға тиым салынады.
ДДВФ(0,0-диметил–0-2,2-дихлорвинилфосфат,дихлорофос, вапона, нуван) - ацетонда және т.б. органикалық ерітінділерде жақсы, суда нашар еритін түссіз сұйық. Тері арқылы өлімге ұшырататын мөлшері (ЛД50) 23-87 мг/кг. Аралар жиі уланады. Өсімдіктермен жануарларға зиянды әсер ететін жәндіктерге және кенелерге қарсы, сонымен қатар, қора-қопсыларды дезинфекциялау (залалсыздандыру) үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет