Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Улы заттардың организмдегі трансформациясы



бет35/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
55. Улы заттардың организмдегі трансформациясы.

56. Жануарлардың құрамында цианогликозидтер бар өсімдіктерден улануы.

57. Мырыш қосылыстарынан улануы.

58. Зооцидтер және родентицидтер туралы түсінік.
Зооцидтер немесе родентицидтер - кеміргіштерге қарсы қолданатын заттар.
Зооцидтер өз алдына родентицидтер - атжалман, көртышқан, саршұнақ секілді өндірістік және далалық кеміргіштерге; авицидтер – зиянды құстарға; ихтиоцидтер – зиянды балықтарға арналған зооцидтер болып бөлінеді. Қазіргі уақытта авицидттер және ихтиоцидтер көп қолданылмайтын болғандықтан, роденцидтерді көбінесе зооцидтер деп атайды. Бұл заттар көбінесе еліктіргіш тұзақтар (қармақжем) түрінде қолданылады. Жануарлардың және ит-мысықтардың зооцидтерден, яғни, роденцидтерден улануы жиі кездеседі.
Зооцидтер химиялық құрамына байланысты органикалық және бейорганикалық болып бөлінеді
1. Органикалық зооцидтерге – зоокумарин, ратиндан, бактокумарин, дикумарин, глифтор және тағы басқалар жатады.
2. Бейорганикалық зооцидтерге – Барий карбонаты, мырыш фосфиді және тағы басқалар жатады.
Олардың ішінде көмірқышқылды барий, зоокумарин, бактокумарин, ратиндан, мырыш фосфиді кеңінен тараған. Олардан улану көбінесе шошқалар мен құстарда жиі кездеседі,, сонымен қатар, ит-мысықтар кеміргіштермен уланған өлекселерді жегенде кездеседі.
Көмірқышқылды барий, барий карбонаты, ВаСО- сумен спиртте нашар еритін, дәмі жоқ және иіссіз ақ түсті ұнтақ. Көмірқышқылды барийдің зооцид ретінде уыттылығы жоғары емес дегенімен, көмірқышқылды барий кей кездерде малдарда улану туғызуы мүмкін.
Оның құстар үшін уытты мөлшері 0,4-0,7 г, ал тышқандар үшін 0,12-0,2г. Көмірқышқылды барийдің тұз қышқылымен әрекеттесуінен пайда болған барий хлориді өте уытты. Ірі қара мал үшін өте уытты мөлшері 15-30г болса, ал қой мен шошқалар үшін 5-15 г.
59. Фенол қосылыстарынан улану.
Химиялық құрамына қарай гербицидтер органикалық және органикалық емес болып бөлінеді. Органикалық гербицидтерге триазин туындылары (атразин, симазин, зинпор, профизин, прометрин), фенол қосылыстары(пентахлорфенол, пентахлорфенолят натрия, нитрофен), карбаматтар (севин, триалан, ялан), ФОҚ, ХОҚ және тағы басқаларды жатқызуға болады. Органикалық емес гербицидтер қатарына көбінесе селективті емес гербицидтер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет