Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Қандай дәндерден жануарлардың улануы мүмкін?



бет37/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
Байланысты:
токсик (копия)

62. Қандай дәндерден жануарлардың улануы мүмкін?
Сасық меңдуана, бөрібұршақ, үштармақты шөп, кәдімгі қылша т. Б
Сасық меңдуана ( Дурман, Datura stramonium) - қара алқа тұқымдастарына жатады. Биіктігі 60 см-ден 1 метрге дейін жетеді. Сабақтары тармақталған, гұлдері үлкен ақшыл түсті, Жағымсыз иісі бар. Жемісі төрт ұялы, іші ұрыққа толы қобдиша. Дәндері бүйрек секілді. ммен аяқталады.
Клиникалық белгілері. Сасық меңдуананы жегеннен кейін бірден байқалады. Аз мөлшерде қарынға түскен шөп немесе дәндердің әсерінен көз қарашығы кеңейеді. Егер сасық меңдуананы көп мөлшерде жеген болса, 4-6 сағаттан кейін төмендегідей белгілер байқалады: қатты қозу, ауыз қуысының кілегей қабығының құрғауы, көрудің нашарлауы, аритмия, тамыр соғуының жиілеуі (минутына 100-120 жылқыда). Ал ірі қара малда тимпания пайда болады, бұлшық ет дірілі, тырысып-бүрісу және салдану белгілері байқалады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Уланған мал жіті түрде уланып, тез арада өлген жағдайда патологиялық-анатомиялық белгілер
байқалмайды. Малдың улануы ұзаққа созылса, қарын мен ішек кілегей қабығы қабынады.
Емі. Зонд арқылы 2-3 литр 0,2%-ды танин ерітіндісін, 5% - ды емен қабығы қайнатпасын ішке береді. Жүрек жұмысын жақсарту үшін кофеин және камфора тері астына егіледі.
Балау. Клиникалық белгілері, анамнездік деректерге және ботаникалық талдау мәліметтеріне сүйене отырып баланады.
Бөрібұршақ (Люпин, Lupinus) - бұршақ тұқымдастарына Fabaceae жататын біржылдық және көп-жылдық шөптесін өсімдік. 200-ге жуық түрі белгілі.
Клиникалық белгілері. Жіті улану кезінде жануарларда қысқа уақытты мазасыздану және қозудан кейін терең күйзеліс пайда болады. Олар бастарын салбыратып, кейде астауға немесе қабырғаға сүйеніп ұзақ тұрады. Уланып күннен бастап жануарлардың тәбеті жойылады. Нәжіс
бөлінуі бұзылады. Алғашында іші қатып, содан кейін іші өтеді. Бірте- бірте жүрек және тыныс алу қызметі бұзылады. Дене температурасы жоғарылайды. Ең негізгі белгісі кілегейлі қабықтардың сарғаюы. Мал арықтайды. Уланудың 2-5-ші күнінде уланған мал асфиксиядан өлімге ұшырайды. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Жануарларды сойғанда ең біріншіден көзге түсетіні кілегейлі қабықтардың және ішкі мүшелердің сарғаюы. Бауыры ұлғайған, солған, майлану және белокты дистрофиясы көрінеді. Созылмалы жағдайда көлемі ұлғайған, тығыз, беті тегіс емес (цироз). Бүйректері және бүйректің беткі қабығы майлану дистрофиясына ұшыраған, жүрек бұлшықеттері солған, өкпесі ошақты ісінген. Ішек-қарын жолдарының және қуықтың кілегейлі қабықтары геморрагиялық қабынған.
Балау - қиындық тудырмайды. Қорытынды балау анамнез, ауру жануарлардың клиникалық белгілері және патологиялық-анатомиялық өзгерістер, зертханалық жағдайда люпин алкалоидтарын табу нәтижелерінде қойылады.
Емі. Қарындағы алкалоидтарды сірке және тұз қышқылының қоспасын беру арқылы ерімейтін тұздарға айналдырады. Сілті ерітінділерін қолдануға болмайды. Іш өткізгіш ретінде үлпілмәлік майын (кастор) қолданады. Жүрек және тыныс алу қызме-тін жақсарту үшін тері астына кофеин натрий - бензоатын, тамырға глюкозаны және 30% натрий тиосульфаты ерітіндісін егеді. Созылмалы улану кезінде рационнан люпинді алып тастап, симптоматикалық ем жүргізген жөн.
Алдын-алу. Құрамында 5% жоғары алкалоиды бар дәндерді себуге жол берілмейді. Шаруашылықта кем дегенде төрт жылда бір рет өсімдіктің сұрыпын жаңарту қажет. Азық рационында люпиннің жасыл массасының 30%-дан жоғары болмағаны абзал.
Үштармақты шөп (Триходесма седая Trichodesma incanum) -
қызыл қызылша тұқымдасына жататын биіктігі 30-80 см, сабағы бұтақтанған, көпжылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары кең таспа тәрізді сүйір, жиі орналасқан, гүлдері ірі көкшіл түсті. Жемісі бір-бірімен жалғанған, қоңыр- сұр түсті, әжімді төрт тұқымнан тұрады.
Клиникалық белгілері. Бұл өсімдікпен улану созылмалы түрде өтеді. Шошқалардың азыққа тәбеті болмай, күйзеліске ұшырап, қозғалысы қиындайды, ішек- қарынның жұмысы бұзылып (іш өтеді, нәжіске қан араласады), дене қызуы көтерілуі мүмкін. Бойы өспей қалады.
Жылқылар мен ірі қараларда улану белгілері ұқсас. Алғашында қозу пайда болып, кейіннен ол әртүрлі салдануларға ұшырайды. Жүрек жұмысы, тыныс алу әлсірейді, жөтеледі, көзден жас, аузынан сілекей ағады. Тыныс алудың бұзылуынан ақыры мал өледі.
Құстарда. Азыққа тәбеті болмай, жұмыртқалану тоқтайды, арықтайды. Жас малдарда буындары қисайып, ақсайды.
Патологиялық - анатомиялық өзгерістер. Ішкі мүшелер мен мидың
қан тамырларының гиперемиялануынан, қан айналым бұзылған, әртүрлі ісінулер байқалады, мүшелер белоктық және майлы дистрофияланған, өлеттену ошақтары көрінеді. Сүйектер остеопорозға ұшыраған.
Балау. Кешенді түрде анамнез мәліметтеріне, клиникалық белгілеріне және патологиялық-анатомиялық өзгерістеріне қарап, азықты және табылған алкалоидтарды патологиялық материал ретінде зерттеу
нәтижесінде қойылады. Жылқылардың триходесмадан улануын нақты дәл балау қою үшін 5-минут жүгіртіп барып қан құрамындағы билирубинді анықтайды.
Емі. Жетілдірілмеген.
Алдын-алу. Жануарларды ластанған жемдермен азықтандыруға болмайды. Өсімдік көп өсетін жайылымдарды мал жаю мақсатында қолдануға да тыйым салынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет