Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Аттрактанттар, афицидтер және репелленттер туралы түсінік



бет34/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
51. Аттрактанттар, афицидтер және репелленттер туралы түсінік.
аттрактанттар- зиянды шыбын-шіркейлерді еліктіргіш заттар.
афицидтер- өсімдік битіне қарсы қолданатын заттар.
репеленттер- жәндіктерді үркітуге арналған заттар.
52. Ларвицидтер, овицидтер және фунгицидтер туралы ұғым.
ларвицидтер – жәндіктер дернәсілдеріне (личинкаларына) өлтіре әсер ететіндер.
овицидтер - шыбын шіркейдің жұмыртқаларын жоятын заттар.
фунгицидтер- әртүрлі зиянды саңырауқұлақтарды жойғыш заттар.
53. Акороцидтер және десиканттар туралы ұғым.
акарицидтер- кенелерге қарсы қолданылатын заттар.
десиканттар- өсімдіктерді құрғататын заттар.
54. Таллий қосылыстарынан улану.
Таллий (Thallum), Tl – көкшіл – сұр металл, ауада металдың сыртқы
қабығы тотығып, тез қараяды. Ол шашыраңқы (рассеянный) элементтер категориясына, сирек кездесетін минералдар қатарына жатады.
Таллий қосылыстары тиол ферменттерінің сульфгидрильді тобының қызметін тежеп, торша биомембранасындағы көмірсу және ақзат алмасуды бұзады.
Сол себепті жас төлдаер ересек малдарға қарағанда өте сезімтал болып келеді.
Таллий- тері және кілегейлі қабықтар арқылы еніп, ағзаға біркелкі тарайды. Ал бүйректе талий мөлшері басқа мүшелерге қарағанда 10 есе көп болады.
Клиникалық белгілері. Малдың жұтынуы қиындайды, жүрек-тамыр соғысы жиілейді, лоқсиды, іші өтеді, әлсірейді, ентігеді. Созылмалы және жіті улануы кезінде қойлардың жүндері түсіп, тақырланып қалады.
Уланудың жітілеу түрінде полиневрит, конъюктивит, бауырдың, бүйректің, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, жануарларда тырысу және салдану секілді белгілер байқалып, қандағы гемоглобин мен эритроциттердің мөлшері азаяды.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Ауыз қуысының және ішек- қарынның кілегейлі қабығының катаралді қабынуымен сипатталады. Бауыры үлкейген, майлы дистрофиясына ұшыраған, кілегейлі қабықтарының беткі жақтарында ұсақ нүктелік қан құюлар байқалады.
Өлексенің немесе лажсыз сойылған малдардың терісінен жүні түскен жерлерді көруге болады.
Емі. Асқазанды 0,5%- натрий тиосульфатының ерітіндісімен, калий хлоридімен жуып шаяды. 10% натрий тиосульфатының ерітіндісін тамырға 1 мл/кг мөлшерінде егеді. «В» тобы витаминдерінің 5%-ды глюкоза ерітіндісін вена тамырын егуге болады. Ал ішке 0,5-5г метионинді береді, несеп айдағыш дәрі- дәрмек қолдануға болады.
Балау. Жүндері тақырланып қалғандықтан ( алапеция) балау өте қиынға соқпайды.
Уланудың алдын алу үшін мал азығындағы, қоршаған ортадағы талий қосындыларының деңгейін қадағалау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет