Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Шөптің сапасының қандай маңызы бар?



бет38/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Байланысты:
токсик (копия)

63. Шөптің сапасының қандай маңызы бар?
Тәжірибе жүргізу техникасы
1-тәжірибе. Орташа үлгі таңдап алу.
Шөптің орташа үлгісін әрбір 25 тонна түктелмеген және 50 тонна
түктелген біркелкі шөптен 5 кг-нан алады. Алынған қабаттар мен үйінділерді төсеніш үстіне қабат –қабатымен жаяды. Өсімдіктерді сындармай, оларды араластырады. Сонан кейін әр жерінен жалпы 500 грамм шөп талдауға алынады.
2-тәжірибе. Шөптің түсін анықтау.
Шөптің түсін мая немесе шөмеле ортасынан таңдап алынған шөп
үлгілерін қарау арқылы анықтайды. Уақытында жиналып, дұрыс сақталған шөптесін өсімдіктердің түсі көкшіл болады, ал бұршақ тектес өсімдік шөбі ашық қоңыр түсті болады. Суармалы шабындық шөбінің түсі ашық көктен қою көкке дейін болады. Жауын астында қалған шөп сұрғылт, ақсары, қара - қоңыр түстеніп, бұзылып кеткені білініп тұрады. Түсі кетіп, сарғайған шөп оның кеш шабылғандығын көрсетеді.
3-тәжірибе. Шөптің иісін анықтау.
Уақытында жиналып, дұрыс сақталған шөп әрқашанда хош иісті болады.
Жауын астында қалып көпенеде, лашықтардада көп жатқан шөп хош иісін, әрі түсін, сапасын жоғалтады. Одан шіріген иіс шығады. Тексеру кезінде шөптің иісін анықтау мүмкін болмаса, оның бір бөлігін стақанға салып үстіне ыстық су құяды да, шынымен жауып 2–3 минуттан кейін иісін анықтайды.
4-тәжірибе. Шөптің шаңдану дәрежесін анықтау.
Маядан алынған бір суырма шөпті сілкілеген кезде одан шыққан шаң
мөлшері оның шаңдану мөлшерін көрсетеді.
5-тәжірибе. Шөптің ылғалдығын анықтау.
Сақтаулы тұрған шөптің ылғалдығын сырттай қарау және бір суырма шөпті бұрап, сығу арқылы анықтауға болады. Кебу шөп (ылғалдылығы 15%- дан төмен) бұрап сыққан кезде сынады. 15-17 % ылғалдылығы бар шөп бұрап сыққанда сынбайды. 20% ылғалдылық болғанда ылғал сыртына шығады. Ең
дұрыс шөптің орташа кебулігі және ылғалдығы 15-17 % болады.
6-тәжірибе. Шөптің ботаникалық құрамын анықтау.
Тексеруге алынған шөп үлгісін құрамындағы өсімдіктерге сәйкес топтарға бөледі: дәнді өсімдіктер, бұршақ тектес өсімдіктер, тағы басқада мал жеуге жарайтын өсімдіктер, улы және зиянды өсімдіктер болмауы керек (анықтау барысында гербарий қолданылады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет