66. Шөптің сапалылығын қандай көрсеткіштер сипаттайды ? Ылғалдыдығы, иісі түсі
67. Фосфорорганикалық қосылыстарды анықтаудың қандай әдістері бар ? Фосфоорганикалық қосылыстар өндірісте сұйық (органикалық ерітінділердегі және судағы ерітінділері) және ұнтақ (дуст) түрінде шығарылып, қолданылады.
Жануарлар ФОҚ-дан ас қорыту және тыныс алу жолдары, тері арқылы уланады. Сонымен қатар, уытты заттармен ластанған азықтарды, мал өнімдерін қолдану, уланудың негізгі көзі.
Өсімдіктерді жүйелі түрде әсер ететін ФОҚ-мен өңдегенде, олар өсімдіктердің тамыры, сабағы және жапырақтары арқылы барлық ұлпаларына тарап, 30 күннен 60 күнге дейін өсімдік құрамында уытты әсерін сақтайды. Өңделген өсімдіктерді осы уақыт ішінде қолдану ауыл шаруашылық малдары мен жәндіктерге аса уытты. Ал жанаса әсер ететін препараттармен өңделген өсімдіктерді 6 күнге дейін қолдануға болмайды. Бұл препараттар жанасу нәтижесінде жәндіктердің хитин және балауыз қабықтары арқылы тез өтіп, жаппай өлімге ұшыратады. ФОҚ жүйке жүйесін салдандырып әсер етеді. Яғни жүйке жүйесі ферменті - холинэстеразаға тікелей, әлсірете әсер етіп, нәтижесінде ағзада ацетилхолин шамадан тыс көп мөлшерде жинақталып, өзінің уытты әсерін көрсетеді. Онымен қатар фосфорорганикалық қосылыстар эстераза, протеаза және пероксидаза секілді басқа да ферменттердің қызметін әлсіретіп, каталазаның белсенділігін күшейтеді. Кейбір ФОҚ тек М-холинореактивті жүйеге әсер етсе, басқалары М-холинреактивті жүйеге ғана емес, Н-холинореактивті жүйеге де әсер етеді.
Жүйке жүйесіне әсер ету ерекшеліктеріне, клиникалық белгілеріне қарай фосфорорганикалық қосылыстарды үш топқа бөледі:
1. Мускарин тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда көрінетін клиникалық белгілер - миоз (көз қарашығының тарылуы), бронхоспазма, сілекей ағу, шектен тыс терлеу, ішектің жиырылуының күшеюі және іш өту секілді белгілерімен сипатталынады.
2. Никотин тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда - уланғанда қаңқа бұлшық етінің треморы, аяқтардың дірілі, қан қысымының жоғарылауы, орталық жүйке жүйесінің қозуы және салдануы сияқты белгілер көрсететіндер.
3. Кураре тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда - қаңқа бұлшық еттерінің, соның ішінде мойын, кеуде бұлшық еттері тонусының әлсіреуі сияқты белгілерімен ерекшелінеді.
Көптеген фосфоорганикалық қосылыстардың өткір, жағымсыз иісі болады. Олар суда нашар, органикалық ерітінділерде (бензол, спирт, эфир т.б.) жақы ериді. Судағы ерітінділерін сулы эмульсия түрінде, белсенді жуғыш заттар ретінде қолданылады.
ФОҚ-ға сезімтал жануарлар: мүйізді ірі қара мал,қой-ешкі, сезімталдығы төмен: жылқы, шошқа, тауықтар және үйректер.