Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет125/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

де сол басты.
С.Н.Ивановтың берген түсініктемесі бойынша, 
ежелгі Шығыс елдерінің медицина ілімі адам баласының 
бойында төрт сұйық элемент бар деп есептейді. Оларға түсі мен 
тегіне қарай қызыл – қан, сары – от, қара ірің және ақ элемент – 
сілекей деп жіктейді. Бұлардын арасындағы тепе-теңдік бұзыла 
қалған жағдайда адам әртүрлі ауруларға ұшырайды. Гиппократ 
адам денесінде төрт түрлі сұйық зат – сол болады деп үйретеді. 
Кісінің мінез-құлығы осы заттарға (қан, сілекей, сары өт, қара өт) 
байланысты қалыптасады деп көрсетеді. 
1050.
Шалиса бер, тарияқтың нәрін бер, Митридус, өгіт, 
чурни – бәрін бер.
Бұл жерде ауырып жатқан Айтолдыға берілетін 
дәрілердің аттары келтірілген. Оларды Қ.Каримов былай 
түсіндіреді:
шалиса –
жан-жақты пайда беретін дәрі; 
тарияқ
(терияк) – әр алуан қоспалардан жасалып у-ға қарсы жұмсалатын 
дәрі;
Митридус –
әртүрлі нәрседен қосылып жасалған дәрі
соны жасаған кісінің атымен аталған;
чурни – 
сүргі дәрі;
өгіт
– зафранға (запранға) қарсы бірнеше нәрселердің күрделі 


549
қоспалары қосылып жасалған дәрі. «Құтадғу біліктің» орысша 
басылымында бұл дәрілердің аттары аталмайды («зелье, травы, 
яды, отрава, смеси-услады» деп беріледі [1064-бәйіт]. Қазақша 
басылымында былай аударылған: «Балыңды бер, жаныңды бер 
– бәрібір, шырыныңды, барыңды бер – бәрібір» [1064–бәйіт]. 
С.Н.Иванов та, А.Егеубаев та арнаулы түсінік бермеген.
1096.
 Шипа тілеп Раббымнан жайды қол. Раббы
деген сөз «1) 
Құдай, билеуші; 2) мырза, тақсыр; 3) ие, қожа; 4) басшы, бастық, 
басқарушы» деген мағына береді (Н.Ондасынов). 1168-1169 
бәйіттер рубаят сияқты өзара ұйқасып келеді. С.Н.Ивановтың 
еңбегінде бұлар екі бәйіт ретінде жеке-жеке аударылған [1182-
1183 бәйіттер]. А.Егеубаев аудармасында да осылай [1182-1183 
бәйіттер]. 
1183.
 Бұл ажалды тияр болса мал-мүлік, Өлмес еді әкім беріп 
мол мүлік.
Араб тілінде
мал
және
мүлік
деген сөздер «байлық, 
дәулет, мал-дүние, ақша, капитал, ақша қоры» деген мағына 
береді (Н.Оңдасынов. Арабша-қазақша сөздік, 2-том, 1989, 120, 
167-беттер). 
1218.
 Бермей егер ажал келсе фазылдан, Со болады пешенеге 
жазылған.
Арабша 
– фазыл
(пазыл) сөзі «адамгершілік; абырой; 
жақсылық ету; артықшылық» деген мағына береді. 
1289.
 Еш адамды қундей көрме, жүр таза, 

 Екеуінен тартар 
адам бір жаза.
Жазасын тартатын жаман қылық бұл жерде екеу 
емес, біреу-ақ, ол – күншіл болу (біреуді күндеу). С.Н.Ивановтың 
аудармасында ондай күнә – екеу, біреуі – кісіні күндеу, екіншісі 
– ішімдік ішу: «Другим не завидуй, хмельного не пей, – Два 
этих порока – источник скорбей» [1302-бәйіт]. А.Егеубаевтың 
аудармасы бойынша: «Көп жеп-ішпе, кісілерді күндеме, Өйтсең 
сұмсың, оранғанмен бүлдеге» [1302-бәйіт]. Бұл бәйіт қазақ тіліне 
үш рет аударылған. Бәйіт құрамындағы екінші жолдың беретін 
мағынасы тіпті де ескерусіз қалған (ілтипатқа алынбаған)... 
Тегінде бұл бәйітті «Болма күншіл, ішпе шарап болып
 тың, Осы 
екеуі әкеледі қайғы-муң»
деп те нақтылап аударуға болады. 
304.
Бол ұстамды қатты келсе қаһарың, Сабыр іздеп келер 
шаттық- баһарың.
Парсы тілінде
 баһар
«көктем» деген мағына 
береді. Көктемнің күні, әрине, қуаныш әкеледі. Бұл сөз ауыспалы 
мағынада қолданылып отыр. 


550
1413. ...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет