552
әрине, бұл жерде де С.Н.Ивановтың ізімен кеткен, бірақ бәйіттің
аудармасы да, оған берілген түсінік те дәл емес.
Онда былай
аударылған:
«Ыдыс, таңба, құрал-жабдық, киімін,
Атын берді –
құты өсті үйінің» [1766-бәйіт]. Мұндағы асты сызылған сөздер өз
орнында тұрған жоқ, мысалы, ыдыс емес – «құрметті атақ»; таңба
емес – тамға, құрал-жабдық емес – алтын пластинка; киім емес –
шапан (киім – жалпы атау, шапан – киімнің нақтылы бір түрі). Осы
бәйітке берілген түсінік 1765-бәйіт деп қате берілген, шынында
бұл, С.Н.Ивановтағы сияқты, 1766-бәйіт Айтпақшы,
орысша
«платье» деген де дәл аударма емес. Жоғарыда аталған сөздікте ол
«халат, одежда, предподносимая в качестве приданного или дара»
деп көрсетілген. Осы бәйітке орай ол «халат» (шапан, халат) деп
аударылған, бірақ «сбруя (үстем), чаша (айағ)» деген аудармалар
онша жарасып тұрған жоқ [294-бет].
1748.
Тыңда, мұндай Ыла бектен сөз қалған...
Мұндағы
Ыла
– Түркістандағы бір өзеннің аты (М.Қашқари). Сол сияқты бір
өлкенің де аты болып есептеледі («ДТС», 128). Түпнұсқада
Ыла
бектің айтқан сөзі деп осы еңбектегі бұрын тек бәйіт деп берілген
1678-1679 бәйітгер [төрт таған ретінде] келтірілген. Біз бұл жерде
оны қайталамай, С.Н.Ивановтың
орысша аудармасынан Ыла
бектің сөзі деп берілген төрт тағанды тәржімалап беріп отырмыз
[ 1780-1781-бәйіттер]. Оның есесіне біз аударып беріп отырған
Наманган нұсқасындағы 1749–1752 бәйіттер С.Н.Иванов пен
А.Егеубаевтың аудармаларында жоқ. С.Н.Иванов келтіріп отырған
төрт тағанды А.Егеубаев қос таған ретінде бес рет аударып, 10
жол өлең етіп шығарыпты [ 1780-1781 -бәйіттер].
1752.
...Білімсіз жан бықсыған от сиықты.
Бұл жердегі
сиықты
сөзі
Шығыс Қазақстан аймағында «секілді, тәрізді сияқты» деген
мағына береді (диалектизм) [«Қазақ
тілінің диалектологиялық
сөздігі», 1969, 305].
1781-1782. Бұл төрт таған рубаят ретінде келтірілген,
бірақ
оны айтқан шайыр туралы алдын ала мәлімет беретін бәйіт
түпнұсқада түсіп қалған. Оны біз дастанның орысша аудармасы
(1813-1814-бәйіттер) бойынша тәржімалап беріп отырмыз:
Дәл
осындай бір шайырдың сөзі бар, тыңда соны, кісі болсаң сөз
ұғар.
А.Егеубаевтың аудармасында: «Мұны меңзеп шайыр сөзін
толғапты, Сөз
Достарыңызбен бөлісу: