Алтайлықтардың ұғымында төменгі әлем Ерліктің өкілі Алдачы адамның жанын алуға келеді, кісі өлген соң ол жеті, немесе қырық күн бойы марқұмның үйінің маңында торуылдап жүреді. Осы кезде өлген адамның затын алуға, аруақты мазалауға тыйым салынады. Қырық күн өткен соң бақсы-қам арша тұтатып аластап, Алдачыны қуу шарасын өткізетін көрінеді. (А.Тойшан //Жұлдыз)
Алмыш – Алтайларда Ерлік Ханның қарарындағы кара рухтың бірі;
Алтан Сабарай – Сахаларда қотыр шығаруға себеп болатын рух;
Арсан Долай – сахаларда қара рухтардың қорғаушысы;
Айналар/азалар – Алтайларда жер астында жайсайтын қара рух. Бұлар адамдарға жолықса, түрлі дерт-ауру беріп, адамдар ол дерттен құрбан сою арқылы құтылған. Бұл құрбандыққа шалған малы қара түсті болса, ол ең бір қабыл етілетін болған. Оларды Иертір де те атаған, олар көп тамақ жейді, бірақ тоймайды.
Боурма Лаһай – сахаларда адамдарға жұқпалы дертпен ауыртатын рух;
Жығы – Жығылар жындардың бір тобы; екі халық соғысса жын басым болған жағы жеңіп, жындары қорқып қашқан жағы жеңіліс тапқан.
Чор/чар – Алтайларда шаман сенімдеріне қарай адам денесінің сыртында болады, бірақ адаммен бірге болатын қара рухтың бірі.
Даһталыр/тараһ – сахаларда күнәһарлар қайда болса, сонда болатын үлкен бір рух.
Едимнулар – шумерлерде Хортлак деп аталатын қара рух;
Егелер – ұйғырларда жаһанамда зұлымдық/жауыздық көрсететін қара рух;
Гидим - өлген адамның рухына дa, қара рухтарға да осы есім берілген;
Карачор ( а) – солтүстік түркілері қара рухтарды осылай атайды;
Қара немелер – сахаларда қара рух.
Көкмен – Алтайларда шаман дұғаларындағы қара рухтың бірі; Оның алпыс қойын терісінен тоны, сексен ешкі терісінен бөркі болған;
Көрмөстер – Алтайларда, сахаларда қара рух иесі, Ерліктің жер астындағы көмекшісі. Көрместердің кейбірінің жақсылық жасайтындары да бар. Оларға арнап құрбан сойлады. Көрместер өлген адамның денесінен шығады, ол адам жақсы болса, көрсем те жақсы, жаман болса, жаман рух болады;
Көнчөлөрүме – сахаларда қара рухтардың анасы. Адамдар бұлардан құтылу үшін құрбан шалады;
Өтгерлер – Алтайларда жер асты әлемінде Ерлік Ханның иелігіндегі азап әкелетін қара рух;
Ракшаслар – Алтайларда жындардың бір тобы. Күнә істеген адамдарды жаһанамдағы қазанға тастап, азаптайды;
Сүне – Алтайларда адамдар мен хайуандарда болатын рух. Ол барлық адамдарға көрінбейді. Бірақ шамандар, кейбір киелі адамдарға, иттерге көрінеді. Сүнені көрген адамды Көспекші деп атайды. Егер бұл адамдардан басқа бір адам оны көрсе, ол адам өледі деген. Сүне ол адам өлгеннен кейін жер астына кіреді. Онда оны Ерлік Ханның Иула қарсы алады;
Тажес - .....жынның бір түрі;
Токушла – бүркіт тұмсықты, есек құлақты, жылан шашты бір жын. Адамдарды азаптайтын рух;
Улукки – жамандық жасайтын жындар тобы;
Урумки – Жестенидің хикаясындағы жынның бір түрі;
Иама – буддист ұйғырлардың жамадық және өлім әкелетін рухтың бірі. Жер асты әлемінде жасайды;
Иула - Алтайларда адамныңжәне хайуанда да болатын рух. Иуланы адамдар түсінде көреді. Шамандардың рәсімдері кезінде болады. Шаманлармен бірге көкке, жер астына саяхат жасайды. (Мурат Ураз 119-123 бб)
Қазақ мифологиясында жынның мындай түрлері бар:
Кісікиік негізінен, иен далада, орман-тауларда кездеседі. Бойы адам бойындай. Қос аяғын тік басып жүреді-мыс.
Кесір. Кесір деп – бұрынғылар адамның желкесінде болатын жынды атаған. Аты айтып тұрғандай, оның мақсаты бәріне кесірін тигізу, бүлдіру екен. Үнемі жақсылықтың жолын кеседі. Адамдардың арасына түсіп, отбасыны бұзатын да осы кесір. Сондай-ақ мал-жанның құруына, ауру-індеттің таралуына көп қызмет етеді. Кесір көбіне жан-жануарлар мен заттардың қадірін түсінбеуден, киесіне ұрынудан туындайды екен. Алайда, кесір өз алдына жеке кейіпкер ретінде аз қолданылып жүр;
Елті – қазақ аңыз-әңгімелерінде кездесетін тағы бір тылсым кейіпкер. Ол сиқырлық өнерімен адамдарды өзіне бағындырып алады-мыс. Елті көбіне жоталы әйел ретінде суреттеледі. Шоқан Уәлиханов: «Елті – өзінің сиқырлық өнерімен адамдарды еліту, ұйыту, бар сана-сезімін билеп алушы, өзіне бағындырушы. Елті сөзінің төркіні – қазіргі тіліміздегі еліту» деген. Әйел бақсыны «елті» деп атайтындар бар. Ал Шоқан Уәлиханов жыны бар әйелдерді «елті» депті.
Үббе – өзен иесі, қаскүнем күштердің түрі. Үббе – терең су иірілімдерінде, тұңғиықта, ұйықта тіршілік ететін су перісі. Ол өзенге жақындаған адамның атын атап шақырып, су түбіне тартып әкетеді-міс. Елімізде үббенің барына әлі де сенетіндер бар. Байырғы қазақтар адамдарды суға батырып өлтіретін күш осы үббе деп білген. Түрін де ұзын қап-қара қастары түйілген адамға ұқсас тіршілік деп топшылаған. Үббе туралы әңгімелер көбіне Сыр аймағында көп айтылады. Мынадай бір оқиға болған екен. Бір адам өзенді жағалап келе жатып, су ішінен бір кісінің өзінің атын атап шақырған дауысын естиді. Ол әлгі дауыс иесінің үббе екенін сезеді. Сөйтіп суға жақындамайды. Дәл сол кезде, бөтен бір кісі суға түсуге келе қалады. Мұның «суға түссең, өлесің» деп қарсыласқанына қарамастан, өзеннің арғы бетіне жүзіп кетеді. Енді бергі бетке қарай жүзбек болғанда, суға батады. Әлгі кісі арқан байлап тартып шығарғанша, жүрегі тоқтап қалыпты. Екі аяғы қып-қызыл болып кеткен дейді. Мұны ел ақсақалдары үббенің ұстаған жері деп түсіндіріп, жұртшылықты суға барғанда сақ болуға шақырыпты.
Жік. «Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты». Қазақта осындай бір аталы сөз бар. Осындағы жік дегеннің көне түркі тілінде жікті жын, шайтан мағынасында қолданған. Махмұт Қашқари «Түркі сөздігінде» «иекті», яғни жікті перінің атауы деп түсіндіреді. Жік дегенді тажал, яғни Дәжжал деп түсінетіндер бар. Дәжжал сөзі турасында «суайт» дегенді білдіреді. Қиямет жақындаған кезде, Дәжжал адамдарға өзінің Жаратушы екенін айтып, иманы әлсіз адамдарды иландырады екен. Діни кітаптарда тажалдың жер (Хорасан жақтан деген дерек бар) астынан шығып, асқан жылдамдықпен жүріп отырып, әп-сәтте әлемді жаулап алатыны жайлы айтылады.
Зарап – қазақ мифологиясындағы қара күштердің тағы бірі. Зарапты көбіне құбыжық түріндегі заһарлы аң деп біледі. Аң атаулы зараптан қатты қорқады екен. Себебі, оның заһары у болады. Жақындаған жан-жануарларды сеспей қатырады (Тойшан);
Марту – өзбектер мен қазақтарда бар жынның атауы. Кейде албастыны да осылай атаған.