Түркі дүниесі мифологиясына ортақ кейіпкерлер



бет12/20
Дата24.09.2024
өлшемі163,82 Kb.
#145448
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
stud.kz-68700 (копия)

Міне, қазақтың ауыз әдебиетіндегі ертек, әңгімелер ескі замандағы надан жұрттың нанатын әңгімелері"88.
Жоғарыда айтылғандай, жезтырнақтардың өз елі бар деп сенген халық хикаяда жезтырнақтың жұртын бейнелейді...
Бір күні Төлебай батыр бір жолдасын ертіп, тауға аңға шығады. Тау аралап жүріп, олар мал жайып жүрген кісілерді көреді, бірақ олар Төлебайларға жылы жүз көрсетпейді. Осы кезде Төлебай тастан қаланған үйлерді көреді де, соған қарай бет бұрады. Шеткі үйге жақындағанда ішінен жезтырнақ шығып, Төлебайға жылы шыраймен сәлем береді, батырға аттан түсіп, үйге кіріп шай ішіп кетіңіз", – дейді. Төлебай тоқтамай өтіп кетеді де, жанындағы жолдасына "жезтырнақ елінен күні-түні жүріп шығып кетейік!" – дейді89.
Ел түсінігінде жезтырнақ жанұялы болады, отбасының біреуін өлтірген кісімен ол өле-өлгенше өштеседі. Біраз хи­каяда әйелі, я болмаса баласы кісі қолынан қаза тапқан жезтырнақ өмір бойы сол адамды, немесе оның баласын өлтіру ниетінде болады. Мысалы, "Мамай батыр" атты хи­каяда атасы мен әкесін мерт еткен жезтырнақты өлтіріп келген батырға бақсы былай дейді:
"Бұл көк тырнақ адамды ұсатып жібереді және жезтырнақ ерлі-байлы екеу еді. Сенің өлтіргенің дұрыс. Бірақ балтаны алмау керек еді. Енді мұның ері бар. Ол осы балта қайда тұрса, соны іздеп тауып, аулыңмен үгіп кетеді, – деді. Балтаны бекер алдың, бұл үш айда, болмаса, үш жылда қайдан болса да табады. Егер білмей ұйықтап қалсаң, аулыңның шетінен аяғына дейін түгел қырады. Және оның өз балтасы болмаса, өзге нәрсе оның басын кесе алмайды", – деді"90.СҚ
Ш.Уәлихановтың сөзіне қарағанда, қазақтар бұрын жезтырнақ ұрғашы және еркек болады деп ойлаған, ұрғашысын – жезтырнақ, еркегін – сорел деп атаған91. Міне, жоғарғы мысал – осы түсініктің көрінісі.
Алайда, қазақтарда жезтырнақтардың мекені туралы түсінік әртүрлі болған. Мысалы, Шоқан жезтырнақтар орманда тұрады десе, Диваев биік тауды мекендейді дейді. Мұндай тұжырымдарды А.Хорошхин де, А.Вамбери де айтады. Қалай болғанда да, қазақтар ежелде жезтырнақтың елсіз жерде тұратынына сенген: мүлгіген қалың орман да, адам шыға алмас биік тау да, ит мұрыны өтпес ну қамыс та, адам жүрмес жапан дала да, – мұның бәрі тағы аңдар мен құстар мекені. Ондай жерлерге тек аңшылар, мергендер барады, жолаушылар амал жоқ түнейді. Сондықтан хикаялардың бас кейіпкері – батыр, мерген, аңшы болады. Олар өз басынан өткен оқиғаларды ауылға келгенде әңгіме қылып айтады. Ол әңгіме бірден-бірге ай­тылып, жұртшылыққа тараған кезде батырдың кездестіргені кәдімгі аң емес, таңғажайып нәрсе болып шығады. Қазақ арасында осындай әңгімелердің туып, таралуы, өзгеруі тура­лы С.Сейфуллин өте дәлелді етіп айтқан:
"Міне, осы неше түрлі аң мен құстардың тіршілік, тұрмыстарын, сырларын, күйлерін аңдып, көріп бақылаған аңшылар кешке ауылға қайтқанда көрген-білген, естігендерін от басында әңгімелейді. Жаратқан сәйгүлік атқа мінісіп, қолдарына жебелі, шашақты толғамалы найза, шүйделі ай-балта алып, жорықка, жауға аттанған ерлер де көрген, білген, естігендерін әңгімелеген...
Батыр, мерген жортуылшылар түн қатып, түн жамылтып, көктегі бырдай болып құлпырған алтын гаухар жұлдыздардың от шашып ойнаған құбылыстарын, жүрістерін бақылайды. Бұл жортуылшылар да жорықтан қайтқанда көрген, білген, естігендерін от басында әңгімелейді. Және алыс жерге барған жолаушылар қайтқанда да, немесе қонақ келіп қонғанда да, тағы да осындайлар жүздеп ауылға қайтқанда, кешке от басында отырып, айнала отырған қатын-қалаш, кемпір-шал, ауыл адамдарына көрген, білген әңгімелерін әңгіме қылып айтады. Айтқанда өзінің түсінуі бойынша, болған оқиғаны екінші түрде әңгімелеуі мүмкін. Немесе әңгімені дәмдендіріп айтамын деп, немесе серпіп, мақтанып айтып, өтірік қосып айтар болатын.
Міне сол көрген, білгендерін, естігендерін сөйлеген дәмді әңгімелер бірте-бірте ертекте болып кететін..."92.
Жамбыл жырлаған "Өтеген батыр" атты эпосында: Өтеген батыр мен оның жолдастары жер жаннатын іздеп жүріп, небір оқиғаларға тап болады. Соның бірі – жезтырнақпен кездесу93.
Міне, бұл жерде біз жезтырнақ туралы көне хикаяның көркемделіп, эпосқа кірігіп кеткенін көреміз. Бір қызығы – Жамбыл "Өтеген батырды" хикая деп атапты. Атаса атағандай: эпостың мазмұны бірнеше хикаядан тұрады. Әр хи­кая өзінше бір жыр іспетті, өрнектелген, бойына эпос поэтикасын сіңірген.
Ал, біз талдап отырған жезтырнақ туралы хикаяның сюжеті бұл эпоста толық сақталған, сюжеттің барлық элементтері түгел.
1) түн қараңғысында елсіз жерде жолаушьшардың тамақ пісіруі;
2) олардың қасына екі әйелдің келуі;
3) тамақ ішіп болған кезде олардың кетуі
4) жігіттердің өз орнына томарды қойып, үстіне шапан жауып, жезтырнақты андуы;
5) түннің бір уағында екі әйелдің қайтып келіп, томарларға тырнағын салуы;
6) батырдың оларды атып өлтіруі.
Сонымен қоса "Өтеген батырда" қарапайым хикаяда суреттелетін ситуация түгел берілген: мүлгіген қалың орман, қараңғы түн, жезтырнақтың алғашында ашық, кейін ұрланып келуі, жігіттердің үрейі. ( СҚ «Жаназық»)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет