Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Кешке жақын Мұхтарды пәлен мен түген қисайтып кетеді, оны таңертең ана адам барып қайта түзейді»



бет86/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   273
«Кешке жақын Мұхтарды пәлен мен түген қисайтып кетеді, оны таңертең ана адам барып қайта түзейді», – деген қанатты мысқылы соларға арналған.

Бұл үш топ та мемлекеттік жазалау жүйесінің құрамдас ең өнімді, ең сенімді тетігі болып табылды. Соның ішіндегі ең қауіптісі, ең сұрқиясы кеше де болған, бүгін де бар, ертеңгі сықпыты да көмескіленіп көрініп тұрған соңғы топтағы «пәлен мен түгендер». Әсіресе идеологиялық майданда олардың адамдарға кесірі көп тиді. Атын атап тарихта қалдырғымыз келмейді. Бірақ солар араласқан тұсқа екпін бере баяндаймыз. Оларды біз де біліп, көріп жүрдік, қазір де әр кеңсеге бас сұғып жүргендердің сұлбалар солардың сарқыты. Шіркіндер, кез-келген дастарханның шетінен кетпеуші еді. Әлі де кете қойған жоқ. Біздің қатарластарымызда да «оқшантайлы оқпандар» болды, бірақ олардың «оқтаушысы мен дәрісінің» күші кеткен кез еді. Бірақ олар бұл ғадетін енді қара басы мен Абай айтқандай Жамантайдың Тезекбайының кәсібіне айырбастады. Яғни:

Жамантайдың баласы Тезек деген,

Екі үйдің ортсына безектеген.

Досын келіп досына жамандайды,

Шіркіндн ес болсайшы сезед деген!

Демек, оларға әлі де ес кірген жоқ.

Сол «пәленше мен түгеншелер» кейін кешірім өтініп, алдарынан өткен және олардың ұрпақтарының бетіне шіркеу түсіру – шындыққа жаны ашығандық деуге де жатпайды. Уақыт оларға өз үкімін шығарып үлгерді. Ал, әркім оқиға ілігінен «пәленшені» танып жатса ақтап ала алмаймыз. Өйткені бықсық әңгіменің біразы әлі өшкен жоқ. «Түгеншенің» арасынан:

Но ненавистникам Шекспира

Я был лишь только оттого,

что был завистникам Шекспира

И современником его, –

дегендей (Л.Васильева), өзін-өзі жазғырып, мойындаса, талай шындық қалпына келіп, дүние көші ауған теңін түзер еді-ау.

Осыдан жиырма жыл бұрын сол пәленше мен түгеншенің соңғы тұяқтары тірі кезде: «Ол үміт әлі ақталған жоқ. Ақталар ма? Оны, сол «пәленшелер мен түгеншелердің» ар-ұятына тапсырамыз»,– деп жазып ек. Тіл қатпады, қайта алаш ардагерлері ақталған тұста батагөй боп алдан шықты.

Сондықтан да қазақтың екі ой алыбы – Мұхтар мен Сәбиттің бір-біріне деген пейіл-ықыласының кейде риясыз ашық болуы, кейде көлеңке түсіп отыруы заңды. Біздің ойымызша, ол үшін қос дегдардың бірін қаралап, екіншісін ақтаудың реті жоқ. Олардың әр қайсысы өзінің өмірлік мұратын, өнердегі ілхамын қорғады. Қазір: «Мұхтар мен Сәбит үнемі айтысып келді. Олар – бітіспейтін дұшпандар еді»,– дегенді жиі естиміз.

Ал шындығында, Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқанов бітіспейтін ашық та, «құпия да» дұшпандар емес-тін. Олар мінберге қатар шығып, ашық сөйлесті. Өйткені олар заман ағымындағы, уақыт екпініндегі өтпелі жайларды екі түрлі көзқараспен қабылдаған, алайда мақсаттары ортақ халықтық тұлғалар еді. Қысылған сәттерінде қол ұшын беріп, бір-бірін демеп отырған. Сондықтан да Мұхтардың өміріне көлеңке түсіріп, жүрегіне жара салғандардың әрқайсысының атын атап, түрін түстемей-ақ, халқымыздың тауып қойған «пәленше мен түгенше» деген емеуірін есімін пайдаландық. Қисынсыз қазымырлықтан, орынсыз алакөзділіктен арылып, ой желісінен адасып кетпес үшін жинақтап алдық.


2.
Ашығын айтсақ, олар өздерінің қатар өткізген отыз жылғы ғұмырында бір-бірімен тіл табысуға ұмтылыпты. Соның бір кепілі – араларына салқындық түскен кезде өзара жазысқан хаттары. Хат жазушы – Сәбит. Барлық хаты Сәби Мәскеуден жолдаған.

Соның ішіндегі ең маңыздысы – 1932 жылы Мұхтар түрмеден шыққаннан кейінгі Сәбиттің жолдаған достық сәлемі. Өзге-өзге, бұл ізгі тілек Мұхтарды ерекше қуантып, серпілткені анық.

Өйткені, сол кезде Мұхтарға ауыр соққан жайдың бірі – ұзақ жылдар бойы өмірдің ащы-тұщысын татқан достарынан, пікірлестерінен көз жазып қалуы еді. Оның үстіне Ахмет Байтұрсынов сияқты рухани ұстазы, Жүсіпбек пен Мағжан іспетті абзал жандардың орынын кім баса алсын. Дегенмен де, өзге жазушылардың барлығы оны сыртқа тепті десек – шындыққа қайшы келеді. Соның ішінде он жылдай газет беттеріндегі мақалалары арқылы айтысып келген Мұхтар түрмеден шыққаннан кейін оған Сәбит Мұқановтың өзі жәрдем қолын созды.

Сәбит ол кезде Мәскеуде оқуда болатын. Сонда жүріп Мұхтарға хат жазды. Өзге емес, тура Сәбит Мұқановтың достық көңіл бөлуінің маңызы ерекше болатын. Өйткені, Қаз АПП-тың көсемі болған Сәбиттің беделі үлкен және оның пікірімен өкімет те, өнер иелері де санасатын. Әрине, уақыт талабы, өнерге деген көзқарас өзгерді. Мұхтар да, Сәбит те «ет қызуымен» айтылған пікірлерінен қайтып, қателіктерін мойындады. Сәбит, Абайдың қаралаушысынан – насихаттаушысына, зерттеушісіне айналды. Мағжанды да, Мұхтарды да мойындады. Оған 1933 жылы 21-ақпанда Мұхтарға, 1934 жылы қарашаның екісі күні Мағжанға жазған хаттары дәлел. Екі хатта да Сәбит пікір таластыра отырып ойын ашық айтады. Біз осы кездегі саяси және әдеби ортаның жай-күйін толық білдіру мақсатымен хатты қысқартпай, сол қалпында келтіреміз. Және Мұхтарға тағылған айыптардың біразы осында қамтылған. Сондай-ақ, екі алыптың қарым-қатынасы жөнінде орынды-орынсыз, дәлелді-дәлелсіз айтылып жүрген қауесетті анықтау үшін де керек. Сәбит өз өмірінде үш рет Мұхтарға хат жазыпты. Соның ең біріншісі 1933 жылы 21-ақпанда Москвадан жолдаған хат:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет