4 – оқу қызметі Тақырыбы: Не қайда орналасқан? «Вагондардың ретін ата» ойыны
Мақсаты:екі кіші саннан тұратын 5 санының құрамымен таныстыру;
5- тің көлемінде есептеу дағдыларын қалыптастыру; қосудың ауыстырымдылық қасиетімен тәжірибе жүзінде танысу.
Көрнекілігі: доп , текшелер
І .Кіріспе бөлім Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ .Негізгі бөлім
«Тап және санап шық » бойжазу ойыны
Мақсаты:жаңа тақырыпты оқып – меңгеру мақсатында бұрын меңгерген санау дағдыларын тексеру ; ойын іс – әрекетіне уәждеу.
Ойын іс – әрекеті: 1-ші ойын: «Автобус» Мақсаты:2-4 сандарының құрамын қайталау; 5 санының құрамы туралы ; қимыл – қозғалыс белсенділігін дамыту.
2-ші ойын: «Қайсысы оңай?» Мақсаты:қосудың ауыстырымдылық қасиетімен тәжірибе жүзінде танысу; 5– тің көлемінде есептеу дағдыларын қалыптастыру; «сол жақ» - «оң жақ» кеңістіктік қатынастарында бағдарлау дағдыларын дамыту..
Тапсырма: 1-тапсырма:5 санының құрамымен жұмыс істеу.
2 – тапсырма:Теңдіктер құру. Қосу мен азайту амалдарының арасындағы өзара байланыс туралы түсініктерін қалыптастыру.